https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/issue/feed «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы 2026-09-30T18:41:19+06:00 Бас редактор/Главный редактор/Editor-in-Chief philology.bulletin@ablaikhan.kz Open Journal Systems
«Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы»

Мерзімді басылымдар мен ақпараттық агенттіктерді тіркеу туралы куәлік: № 15194-Ж, 10.04.2015 ж.

Жазылым индексі – 76187

Журнал ISSN орталығында тіркелген:

ISSN 2411-8745 Print

ISSN 2709-9245 Online

DOI 10.48371/PHILS

Мерзімділігі: жылына 4 рет

Негізгі тақырыптық бағыты: шет тілдері, шет тілдерін оқыту әдістемесі, филология, лингвистика, мәдениетаралық қарым-қатынас, когнитивті зерттеу

журнал туралы толығырақ
https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/1973 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АУДИОВИЗУАЛДЫ АУДАРМА САЛАСЫ МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ 2026-05-21T16:40:46+06:00 Тастенова К.Н. kamilla.yerezhepova@gmail.com
Медиа-технологияның жедел дамуы мен мәдени алмасудың өсу тенденциясының арқасында жоғары сапалы аудиовизуалды аудармаға деген қажеттілік айтарлықтай артты. Бұл зерттеудің мақсаты – Қазақстандағы аудиовизуалды аударманы оқытудың қазіргі жағдайын зерделеу, негізгі проблемаларды анықтау және аудиовизуалды аудармашылардың біліктілігін арттыру бойынша кейбір ұсыныстарды ұсыну. Біздің зерттеуіміз аудиовизуалды мазмұндағы аудармашыларды дайындауға арналған мамандандырылған білім беру бағдарламаларын енгізудің өзектілігіне, заманауи аударма технологияларының салалық стандарттарға сәйкес келетін мамандардың дамуына қалай әсер ететініне бағытталған.

Зерттеуде қолданыстағы білім беру бағдарламаларының мазмұнын талдау және аудиовизуалды аударманы оқыту саласындағы озық халықаралық тәжірибенің салыстырмалы талдауы қолданылады. Қазақстандағы аудиовизуалды аударма бойынша білім берудің қазіргі жағдайын бағалау үшін университет курстарынан, кәсіби дайындық курстарынан және салалық есептерден алынған деректер жиналды.

Нәтижелерқазақстандықжоғары оқуорындарындамамандандырылған курстардың жоқтығын көрсетеді, өйткені олардың көпшілігі негізінен жалпы аударма курстарын ұсынады. Жеке курстар, өз кезегінде, бағдарламалардың толық спектрін қамтамасыз етеді. Зерттеу аудиовизуалды аударма бойынша курстарды құру және енгізудің өзекті қажеттілігін көрсетеді.

Мақала сонымен қатар БАҚ пен аударма секторларының өзгермелі қажеттіліктерін қанағаттандыратын арнайы жасалған білім беру бағдарламаларының қажеттілігін көрсету арқылы осы салаға өз үлесін қосады. Бұл жұмыстың практикалық құндылығы – ол Қазақстанның салалық мүдделі тараптарына біліктіліктегі кемшіліктерді жою және аудиовизуалды аударманың сапасын жақсарту бойынша ұсыныстарды ұсынады.
2026-09-30T00:00:00+06:00 Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2152 ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ПОЛЯК ҰЛТТАРЫНЫҢ ТІЛДІК САНАСЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕР: ТУЫСТЫҚ АТАУЛАРҒА БЕРІЛГЕН РЕАКЦИЯЛАР НӘТИЖЕЛЕРІ НЕГІЗІНДЕГІ ІЗДЕНІС 2026-09-13T16:18:20+06:00 Назарова А. Ж. Aliya.nazarova.87@inbox.ru Фазылжан А. М. yamangozhayeva@iitu.edu.kz Асабаева А. М. yamangozhayeva@iitu.edu.kz
Мақала тілдік сана ұғымын ұлттық санамен өзара тығыз байланыста қарастырып, қазақ және поляк ұлттары өкілдерінің туыстық және гендерлік концепттерді қабылдау ерекшеліктерін айқындауға арналған. Зерттеудің негізгі мақсаты – әртүрлі лингвомәдени қауымдастықтарға тән дүниетанымдық ерекшеліктердің тілдік санада қалай көрініс табатынын еркін ассоциативті эксперимент әдісі арқылы анықтау және салғастырмалы тұрғыда талдау. Зерттеу барысында тілдік сана теориясына қатысты ғылыми еңбектерге сүйенген теориялық талдау, еркін ассоциативті эксперимент, сондай-ақ алынған нәтижелерді интерпретациялау мен салғастырмалы-талдамалық әдістер қолданылды. Экспериментке қазақ және поляк ұлтының өкілдері қатыстырылып, «ата», «әже», «ана», «әке», «аға», «әпке», «әйел», «еркек» сияқты базалық түрткісөздерге (ассоциативті эксперименттегі стимул-сөздерге) берілген ассоциативті реакциялар салыстырылды. Зерттеу нәтижелері қазақ тілдік санасында туыстық атаулардың көбіне отбасы, тәрбиелік құндылықтар, дәстүр мен ұрпақ жалғастығы ұғымдарымен байланысатынын, ал поляк тілдік санасында жеке тұлға, дербестік, өзіндік әрекет және индивидуалдық қасиеттерге қатысты ассоциациялардың басым екенін көрсетті. Гендерлік концепттерді талдау қазақ тілінде әйел бейнесінің аналық мейіріммен, отбасының ұйытқысы ретіндегі рөлімен, ал еркек бейнесінің күш, қорғаушы және жауапкершілік ұғымдарымен сабақтасатынын анықтады, ал поляк тілдік санасында әйел бейнесі тәуелсіздік, сұлулық және өзін-өзі дамытатын жеке тұлға ретінде концептуалданатыны байқалды. Зерттеу нәтижелері тіл мен мәдениет, тілдік сана мен ұлттық құндылықтар арасындағы өзара байланысты нақты тілдік деректер негізінде дәлелдеп, мәдениетаралық коммуникация үдерістерін терең түсінуге мүмкіндік береді. Мақаланың ғылыми маңыздылығы тілдік сана мен концептология мәселелерін салғастырмалы аспектіде дамытуымен айқындалса, практикалық маңыздылығы алынған тұжырымдарды лингвомәдениеттану, когнитивті лингвистика, шет тілін оқыту және мәдениетаралық қарым-қатынас салаларында қолдану мүмкіндігімен сипатталады.
2026-09-30T00:00:00+06:00 Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2216 АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ АС-СУ КОМПОНЕНТТІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ САЛҒАСТЫРМАЛЫ СИПАТЫ 2026-06-01T08:25:23+06:00 Абдукалимова А.Н. aliyanurzatovna@gmail.com Калыбаева К.С. yamangozhayeva@iitu.edu.kz Мысекеева А. yamangozhayeva@iitu.edu.kz
Қарастырылып отырған мақала ағылшын және қазақ тілдеріндегі ас-су компонентті фразеологиялық тіркестердің сипаты, ерекшеліктері мен семантикалық және тақырыптық талдауына арналған. Ғылыми зерттеудің мақсаты туыс емес екі тілдегі ас-су компонентті фразеологизмдердің ұқсас және айырым белгілерін анықтау, лингвомәдени сипатын жеткізу. Зерттеу міндеттері ас-су компоненті бар фразеологизмдердің жіктемесін қарастыру, ағылшын және қазақ тілдеріндегі осындай тұрақты тіркестердің ерекшеліктерін беру, бірқатар мысалдар негізінде талдау.

Фразеология саласы, жалпы фразеологиялық талдаулар ағылшын және қазақ тілінде көп зерттелген, көп қарастырылған тақырыптардың бірі бола тұра, нақты ас-су компонентті фразеологизмдерді зерттеген қомақты зерттеулер жоқтың қасы. Берілген мақалада авторлар екі тілдегі осындай фразеологизмдердің құрамында жиі кездесетін ас-су компоненттерін анықтап, олардың лингвомәдени көрінісін, берілу жиілігін нақтылап, екі лингвомәдениетке тән ерекшеліктерін талдайды.

Зерттеуде семантикалық, тақырыптық, құрылымдық және салғастырмалы лингвистикалық талдаулар жасалынды, екі тілдегі ас-су компонентті фразеологизмдерді сөздіктерден теріп алып, олардың мағынасы, жасалу жолдары мен когнитивтік, лингвомәдени сипаты қарастырылды. Сонымен қатар, ағылшын және қазақ тілдеріндегі жиі қолданылып жасалған негізгі тағам атауларының лингвомәдени, когнитивтік фразеологиялық концептік сипаты анықталды.

Зерттеудің нәтижесіне сай ағылшын және қазақ тілдеріндегі ас-су компоненттері қатыстырылып жасалған фразеологизмдер саны көп емес, мағынасы бойынша көбінесе адамның мінез-құлқы, іс-әрекеті мен мал табу, ақша табу мағынасында қолданылуы басым, ағылшын тілінде олардың қолданылуы ағылшындардың күнделікті өмірде ішіп жейтін ас-су түрлеріне байланысты жасалса, қазақ тілінде олардың терең мағынасы мен тарихи маңызы бар екені анықталды. Зерттеуде талдауға берілген ас-су компонентті фразеологизмдерді екі тілде сөздіктер құрастыруға, салғастырмалы лексикология, фразеология бойынша арнайы дәрістер оқуға пайдалануға болады.
2026-09-30T00:00:00+06:00 Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2262 АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ СТЕНДАП-КОМЕДИЯДАҒЫ КОМИКАЛЫҚ ӘСЕРДІ ТУДЫРУДЫҢ ПРАГМАТИКАЛЫҚ СТРАТЕГИЯЛАРЫ (ДЭЙВ ШАППЕЛЛ МЕН ТҰРСЫНБЕК ҚАБАТОВТЫҢ ӨНЕРІ НЕГІЗІНДЕ) 2026-03-11T22:47:11+06:00 Наманаева Г. Е. namanayeva.g@gmail.com Жумабекова Б. К. beibitnur@mail.ru
Бұл мақалада Дэйв Шаппел мен Тұрсынбек Қабатовтың стендап-комедияларындағы комикалық әсерді тудырудың прагматикалық стратегиялары қарастырылады. Тақырыптың өзектілігі – юморлық дискурсты әлеуметтік, мәдени және когнитивтік үдерістерді бейнелейтін ерекше тілдік өзара әрекет түрі ретінде зерттеуге деген қызығушылықтың артуымен айқындалады. Зерттеудің мақсаты – П. Грайстың кооперация максималарын (сапа, саны, уақтылылық және айқындық) әдейі бұзу арқылы комикалық әсердің қалыптасу тетіктерін ашу. Бұл бұзушылықтар импликатураларды тудырудың және аудиторияның когнитивтік белсенділігін арттырудың негізгі механизмі ретінде қарастырылады. Эмпирикалық негіз ретінде стендап-комедиялардың бейнежазбалары алынып, олар транскрипцияланып, сапалық сипаттамалық талдаудан өтті.

Нәтижесінде Дэйв Шаппелдің гипербола, сарказм, интертекстуалды аллюзиялар мен обсцендік лексиканы жиі қолданатыны, әлеуметтік және нәсілдік қайшылықтарды айқындайтыны анықталды. Ал Тұрсынбек Қабатов сөйлеу артықшылығы, плеоназмдер, тақырыптық ауытқулар мен өзге тілдік элеметтерді қолдану арқылы тұрмыстық ирония мен мәдени жақындық атмосферасын қалыптастырады. Кооперация максималарының әдейі бұзылуы коммуникацияны бұзбай, керісінше, тыңдаушыларды интерпретация үдерісіне тарту арқылы комикалық әсерді күшейтетіні дәлелденді.

Зерттеудің ғылыми құндылығы – П. Грайстың кооперация принципінің юморлық дискурстағы әмбебаптығын және оны бұзудың ұлттық-ерекше тәсілдерін көрсетуінде, бұл комиктердің жеке стилін айқындайды. Практикалық маңызы – алынған нәтижелерді прагматика, социолингвистика және мәдениетаралық коммуникация пәндерін оқыту мен талдауда қолдануға болатындығында. Осылайша, стендап-комедия тек ойын-сауық жанрды ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік-мәдени рефлексия құралы ретінде көрініс табады.
2026-09-30T00:00:00+06:00 Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2287 ҚАРА ӨЛЕҢДЕРДЕГІ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ КОГНИТИВТІК-ФОЛЬКОРЛЫҚ 2026-06-05T23:26:13+06:00 Испандиярова А.Т. Ispandyarovaa@mail.ru Досова А.Т. yamangozhayeva@iitu.edu.kz
Мақалада қара өлеңдердегі рухани құндылықтардың когнитивтік-фольлорлық бейнесі қарастырылған. Талдау нысанына Бабалар сөзі жүзтомдығына енген Қара өлеңдер жинағы алынды. Білім, ақыл, ақ, өнер, домбыра сөздеріне Қазақ тілінің түсіндірмелі сөздіктерінен түсініктемелер беріліп, мән-мағынасы ашылды. Қара өлеңдердегі тілдік бірліктердің мазмұны мен тәрбиелік мәні концептуалдық талдау жүргізу кезінде ашылды. Білім, ақыл, ақ, өнер, домбыра ұғымдарының мазмұнын ашатын фреймдік құрылымдар зерделенді. Фольклорлық мәтіндердегі тілдік бірліктердің когнитивтік сипатын ашу халықтың ақиқат дүние туралы көзқарасын, мәдени танымы мен тұрмысын айқындайтын тілдік деректерді тануға мүмкіндік береді.

Жұмыстың мақсаты – қара өлеңдерде көрініс тапқан білім, ақыл, ақ, өнер, домбыра ұғымдарының мәнін ашу, олардың мәдени-танымдық сипатын айқындау және тілдік-мәдени жадтағы орнын анықтау.

Мақаланың өзектілігі когнитивтік лингвистика саласындағы зерттеулердің ұлттық танымды, тіл мен шындық болмыстың өзара байланысын айқындауға бағытталуымен айқындалады. Зерттеу лингвомәдениеттану, фольклортану, әдебиеттану бағыттары аясында жүргізілген.

Зерттеу барысында талдау және жинақтау, сипаттау, салыстырмалы, тұжырымдау, концептілік талдау әдістері қолданылды. Нәтижесінде қазақ халық лирикасының тілін мұқият талдау барысында фольклорлық шығармалардағы халық санасындағы рухани құндылықтарды айқындайтын тілдік бірліктер мен лексемалардың мән-мағынасын ашатын фреймдер, ойсурет, сценарийлік және схемалық құрылымдар жинақталып, оларға талдау жүргізілді. Алынған нәтижелер когнитивтік лингвистиканың дамуына үлес қосады.

Зерттеудің ғылыми құндылығы зерттеу нәтижелерін бағалау теория-сын одан әрі тереңдетілген талдауға белгілі бір үлес қоса алатындығымен айқындалады.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттаным, этнолингвистика сияқты тіл білімінің жаңа бағыттарына қосылған үлес болып табылады деген ойдамыз. Сондай-ақ зерттеу нәтижелерін көркем мәтін лингвистикасы, фольклортану,әдебиеттану пәндері бойынша оқылатын дәрістер мен арнайы курстарда пайдалануға болады.
2026-09-30T00:00:00+06:00 Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2317 ГЕНДЕРЛІК АСИММЕТРИЯНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ КӨРІНІСІ (2020-2025 жж. БАҚ материалы бойынша) 2026-07-03T21:04:42+06:00 Нурмаганбетова Г.Б. guljainaok@mail.ru Шоқым Г.Т. shokum@mail.ru
Мақалада БАҚ-тағы гендерлік асимметрияның лингвомәдени аспектісі қарастырылған. ХХІ ғасырдағы медиакеңістікте бұқаралық ақпарат құралдарындағы гендерлік асимметрия ұлттық-мәдени ерекшеліктермен сипатталады. Мақаланың негізгі нысаны – 2020-2025 жж. қазақ тілді БАҚ материалдары. Зерттеу барысында қазақ медиадискурсындағы ер мен әйел репрезентациясына талдау жүргізілді.

Зерттеудің мақсаты – медиадискурстағы гендерлік асимметрия көріністерін анықтау. Осыған сәйкес 2020-2025 жылдар аралығындағы БАҚ-та жарияланған мақалалар негізге алынып, лингвомәдени аспектісі талданды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы – гендерлік асимметрия құбылысы БАҚ материалдары негізінде талданып, тілдік қолданыстардың әлеуметтік, лингвомәдени мәні айқындалуымен байланысты. Мәдени контекстегі гендерлік асимметрия ұлттық таным мен құндылықтар жүйесінде қалыптасқан таптаурын түсініктердің жиынтығын құрайды.

БАҚ қоғамдағы қалыптасқан гендерлік стереотиптерді бейнелеуде айрықша маңызға ие. Осыған сәйкес мәдени контексте гендерлік рөлдердің дәстүрлі таным мен ұлттық құндылықтар жүйесінде анықталатынын көреміз. Ұлттық санада гендерге байланысты қалыптасқан таптаурындар гендерлік асимметрияның негізін құрайды. Зерттеудің барысында БАҚ-тағы гендерлік асимметрияның лингвомәдени көріністері қоғамдық қатынастардағы ер мен әйел бейнесіндегі ұлттық түсініктерді көрсетті. Мақалада гендерлік рөлдердің қалыптасу, даму динамикасы және салыстырмалы көзқарастар берілген. Зерттеу нәтижелері БАҚ-та қалыптасқан ерлер мен әйелдер бейнесіндегі гендерлік асимметрияның ерекшеліктерін және оның қоғамдық пікірлердегі лингвомәдени кодтардың айқын белгілерін түсінуге ықпал етеді. Нәтижесінде ерлер бейнесі көшбасшылық, шешім қабылдау, билік, кәсіби біліктілікпен байланысты, әйелдер бейнесі эмоциялық, тұрмыстық контексте анықталады. Қазақ медиадискурсында әлі де гендерлік стереотиптердің сақталып отырғаны көрінеді. БАҚ гендерлік рөлдердің өзгеруіне, феминдік, маскулиндік үлгілердің кеңеюін көрсетеді.
2026-09-30T00:00:00+06:00 Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2344 ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ДИАЛОГИЗМ КӨРІНІСТЕРІ (БАХТИН КОНЦЕПЦИЯСЫ АЯСЫНДА) 2026-07-01T22:58:04+06:00 Sisenbay A.Zh. aray.zhailau@gmail.com Аяпова Г.Б. alitok@mail.ru
Асқар Алтай мен Дулат Исабеков прозасындағы диалогизм құбылысы М.М. Бахтин концепциясы аясында қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – екі автор мәтіндерінде мағынаның қалай жасалатынын, яғни әртүрлі дауыстардың өзара қатынасы арқылы диалогизмнің қандай тұрақты формалары көрінетінін анықтау. Материал ретінде Асқар Алтай мен Дулат Исабековтің қазіргі қазақ прозасына жататын шығармаларынан іріктелген диалогтық эпизодтар, авторлық баяндау араласқан тұстар, ішкі монолог фрагменттері және дайын тілдік формулалар (мақалға жақын тіркестер, дәстүрлі-діни сөз орамдары, қоғамдық-тарихи атаулар) алынды. Әдіснамада бахтиндік диалогтық талдау қолданылып, мәтіндегі дауыс қатынастары төрт бағыт бойынша жүйеленді: автор сөзі мен кейіпкер сөзінің қабаттасуы (екі дауыстылық), “бөтен сөздің” кірігуі, гетероглоссия (әлеуметтік тіл қабаттарының қатар жүруі), ішкі диалог пен сана диалогы. Нәтижелер Исабеков прозасында авторлық дистанция, жасырын бағалау, ирония арқылы екі қабатты мағынаның жиі туатынын, ал Алтай мәтіндерінде шешуші сәттердегі репликалар мен ішкі диалогтың психологиялық және моральдық тартысты күшейтетінін көрсетті. Екі авторда да “бөтен сөз” мәдени және қоғамдық дауыстарды енгізіп, кейіпкер тілін жеке сөйлеу деңгейінен шығарады, ал гетероглоссия түрлі әлеуметтік тілдердің қатар жүруі арқылы құндылықтар қақтығысын айқындайды. Қорытындыда Бахтин ұғымдары қазіргі қазақ прозасын талдауда тиімді әдістемелік құрал екені және диалогизмнің мәтіндік мағына құраудағы жетекші рөлі дәлелденеді.
2026-09-30T00:00:00+06:00 Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2351 ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІНДЕГІ МИФОЛОГИЯЛЫҚ КЕЙІПКЕРЛЕРДІҢ АРХЕТИПТІК БЕЙНЕСІ 2026-05-05T05:49:19+06:00 Сакымзада А.М. sakhimzadinova@mail.ru Жусипов Н.К. nartai1970@mail.ru
Бұл мақалада қазақ қиял-ғажайып ертегілеріндегі мифологиялық кейіпкерлердің архетиптік бейнесі К.Г. Юнгтің ұжымдық бейсаналық және архетип теориясы аясында талданады. Зерттеу нысаны ретінде Жалмауыз кемпір/Мыстан кемпір, Жезтырнақ, Дию (дәу) және Ер Төстік образдары алынып, олардың ертегі құрылымындағы қызметі мен мәдени-танымдық мазмұны жүйеленеді. Әдіснама архетиптік интерпретация, типологиялық салыстыру және құрылымдық-функционалдық талдауды біріктіреді: кейіпкердің мәтіндегі рөлі, қарсыласу үлгісі, табалдырықтан өткізу, азғыру, қорқыныш тудыру және қайта жаңғыру мотивтері қарастырылады. Нәтижесінде Жалмауыз/Мыстан бейнесі «Қорқынышты Ана» және «Көлеңке» архетиптерімен, Жезтырнақ образы қауіпті «Анима» әрі азғырушы сынақ қоюшы үлгімен, Дию бейнесі хаос пен дүлей күшті білдіретін «Айдаһар» типіндегі архетиппен сабақтас екені дәлелденеді. Ер Төстік кейіпкері «Қаһарман» архетипінің толық моделін көрсетіп, ғажайып туу, сапарға шығу, төменгі әлемге түсу, жауды жеңу және қауымға қайта оралу кезеңдерін біріктіреді. Мақалада кейіпкерлердің архетиптік типологиясы кесте түрінде ұсынылып, «архетип – функция – сюжеттік нәтиже» байланысы нақтыланады. Сонымен қатар отандық зерттеулерде мифологиялық бейнелердің психоархетиптік қыры жүйелі матрица ретінде аз қамтылғаны көрсетіліп, бұл тәсілдің ертегі мәтінін интерпретациялаудағы ғылыми әлеуеті негізделеді. Зерттеу қорытындылары қазақ ертегілерінің әмбебап символдық табиғатын ашып, ұлттық дүниетанымдағы қорқыныш, тыйым, тәрбие және ерлік кодтарының архетиптік деңгейде тұрақтануын түсіндіруге мүмкіндік береді. Талқылау бөлімінде алынған типтер түркі әлеміндегі ұқсас персонаждармен салыстырылып, ортақ мотивтердің тарихи-мәдени себептері қысқаша сипатталады. Архетиптердің тұрақтылығы ертегі оқиғаларының тәрбиелік қызметін күшейтіп, бала санасында «жақсылық–жамандық» оппозициясын, қауіптен сақтану моделін және мақсатқа табандылықпен жету идеясын қалыптастыратыны көрсетіледі. Практикалық тұрғыдан ұсынылған жіктеу фольклор мәтіндерін оқытуда, әдеби талдау жасауда және мәдени кодтарды сипаттауда қолдануға икемді. Болашақта корпус кеңейтіліп, аймақтық нұсқалар мен вариативті сюжеттердің архетиптік өзгерісі арнайы зерттеуді қажет етеді. Осы бағыт ұлттық фольклортанудың әдіснамасын айқын әрі жаңғыртады
2026-09-30T00:00:00+06:00 Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2403 М.ӘУЕЗОВ ЖӘНЕ ОРЫС ӘДЕБИЕТІ: ИДЕЯЛЫҚ ЖӘНЕ АРХЕТИПТІК АСПЕКТІЛЕР 2026-05-28T08:39:09+06:00 Болсынбаева А.Ж. zauresh.59@mail.ru Ханкей Е. yamangozhayeva@iitu.edu.kz
Мақалада Мұхтар Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы» повесіндегі Бақтығұл бейнесі Лев Толстойдың «Қажымұрат» повесімен салыстырмалы-типологиялық тұрғыда талданып, батыр, құрбан және еркін адам архетиптерінің көрінісі айқындалады. Зерттеудің өзектілігі – Бақтығұл тұлғасын тек тарихи-әлеуметтік шындықтың өкілі ретінде емес, әлемдік мәдениеттегі әмбебап қаһармандық модельдердің бірі ретінде қарастыру қажеттілігінде. Қазақ және орыс әдебиеттеріндегі қаһарман архетиптерінің үндестігін саралау арқылы ұлттық образдың жалпыадамзаттық мазмұнын ашу – қазіргі салыстырмалы әдебиеттану ғылымы үшін маңызды мәселелердің бірі.

Зерттеудің мақсаты – Бақтығұл бейнесінің архетиптік негіздерін анықтап, оны орыс әдебиетіндегі параллель кейіпкерлермен, соның ішінде Қажымұрат тұлғасымен идеялық-психологиялық тұрғыда салыстыру.

Зерттеу барысында салыстырмалы әдебиеттану, типологиялық талдау әдістері қолданылды. Талдау нәтижесінде Бақтығұлдың әділет жолындағы күрескерлігі, әлеуметтік қыспаққа түскен халық өкілі ретіндегі гуманистік болмысы және жүйелі әділетсіздікке қарсы тұрған тұлғаның ішкі драмасы Қажымұрат бейнесімен сабақтастықта зерделенді. Бұл салыстыру Бақтығұл тұлғасының ұлттық әдеби дәстүр аясымен шектелмей, әлем әдебиетіндегі көркем тұлғалар қатарынан да өзіндік орын алатынын көрсетуге мүмкіндік береді.

Зерттеудің теориялық маңызы – қазақ әдебиетіндегі қаһарман концепциясын әлемдік әдеби үдеріс контексінде пайымдауға жол ашуында. Практикалық маңызы – нәтижелерін жоғары оқу орындарының әдебиеттану курстарында, арнайы семинарлар мен салыстырмалы әдебиет пәндерінде қолдануға болатындығында. Қорытындысында Бақтығұл бейнесі әлеуметтік әділетсіздікке қарсы тұрған, қоғамдық мұратты жеке мүддеден

жоғары қоятын рухани биік әмбебап қаһарман ретінде тұжырымдалады. Мұхтар Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы» повесі қазақ әдебиетінде әлеуметтік әділетсіздік пен жеке тұлға еркіндігі проблематикасын жүйелі әрі көркемдік-идеялық деңгейде алғаш пайымдаған туындылардың бірі ретінде бағаланады. Шығармадағы Бақтығұл образы ұлттық әдеби контекст аясымен шектелмей, орыс әдебиетінде қалыптасқан архетиптік модельдермен типологиялық параллельдер түзетін күрделі көркемдік тұлға ретінде танылады.
2026-09-30T00:00:00+06:00 Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2413 ОРХАН ПАМУК ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ОҚЫРМАНЫ: «МЕНІҢ АТЫМ ҚЫРМЫЗЫ» РОМАНЫНЫҢ РЕЦЕПЦИЯСЫ 2026-08-03T11:14:06+06:00 Жумабеккызы А. sarieva_azh@mail.ru Далелбеккызы А. dalelbek84@mail.ru Адилбекова Ж. Б. zhanara-snowy@mail.ru
Бұл мақалада Орхан Памуктың Менің атым Қырмызы романының тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ тілді оқырман кеңістігіндегі қабылдануы рецепция теориясы аясында талданады. Зерттеудің өзектілігі Қазақстанда әлем әдебиетін аударма арқылы оқу тәжірибесінің кеңеюімен, түрік әдебиетіне қызығушылықтың артуымен және әлеуметтік желілердегі оқырман қауымдастықтарының қалыптасуымен байланысты. Роман көпдауыстылыққа құрылған күрделі нарративімен, Осман дәуірінің мәдени-тарихи кодтарын, миниатюра эстетикасын және Шығыс пен Батыс дүниетанымдарының қақтығысын көркем модельге айналдыруымен ерекшеленеді. Сондықтан мәтіннің мәні әр оқырманның күту көкжиегіне, мәдени тәжірибесіне және оқу стратегиясына қарай әртүрлі іске қосылады.

Зерттеудің мақсаты қазақ оқырманы романды қалай қабылдайтынын, қандай эмоциялық және эстетикалық реакциялар басым екенін, түсіну мен бағалау қай факторларға тәуелді болатынын анықтау болды. Материал ретінде әлеуметтік желілер мен пікір алаңдарында жарияланған қазақ тіліндегі оқырман пікірлері алынып, контент-талдау, тематикалық және семантикалық талдау тәсілдері қолданылды. Талдау нәтижелері романды қабылдаудың полярланатынын көрсетті: бір топ оқырман мәтінді ауыр, түсінуге қиын, оқуды тоқтатуға мәжбүр ететін шығарма ретінде бағаласа, екінші топ оны ерекше стильге ие, әсерлі, интеллектуал ләззат сыйлайтын туынды ретінде қабылдайды. Қиын қабылдаудың негізгі себептері ретінде көпдауыстылық пен баяндау күрделілігі, мәдени-тарихи контексттің қабаттылығы және аудармаға қатысты қанағаттанбаушылық аталады. Оң қабылдау романдағы эстетикалық жаңалықты, өнер дискурсын, атмосфера мен сюжеттік тартымдылықты жоғары бағалаумен, сондай-ақ мәтінді қайта оқып, түсінікті тереңдетуге ұмтылумен сипатталады. Қорытындыда романның қазақ оқырманы арасындағы рецепциясы қазақ-түрік әдеби байланысының оқырмандық деңгейде нығаюын көрсететін маңызды көрсеткіш екені дәлелденеді және болашақта аударма сапасы мен кәсіби сын дискурсын қатар қарастыра зерттеу қажеттілігі ұсынылады.
2026-09-30T00:00:00+06:00 Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2421 ОРЫС МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНДЕГІ АЙЫРУ СЕМАНТИКАСЫНЫҢ КАУЗАТОРЛАРЫ 2026-06-14T09:50:34+06:00 Боханова А.С. a.bokhanova@iuth.edu.kz Әзизова А.О. a.azizova@iuth.edu.kz Байтуова А.Н. baituaigul@mail.ru Абдуллаева М. С. makhinur.abdullaeva@iuth.edu.kz
Мақалада орыс мақал-мәтелдерінде көрсетілген айыру семантикасын қалыптастыруға қатысатын семантикалық себептер талданады.

Зерттеудің мақсаты- мақал-мәтелдердегі айрықша семантиканы анықтайтын семантикалық себептердің түрлерін анықтау және сипаттау, сондай-ақ мәтіннің беткі және терең құрылымында олардың экспликациясының сипатын анықтау. Жұмыстың ғылыми маңыздылығы орыс тілінің семантикалық категориялары жүйесіндегі айыру категориясының мәртебесін нақтылау және материалдық және рухани игіліктердің жоғалуын көрсететін мақал-мәтелдерді себеп-салдарлық түсіндіру механизмдері туралы түсініктерді кеңейту болып табылады.

Зерттеудің ғылыми  маңыздылығы-семантикалық тәсіл мен тұжырымдамалық талдаудың ережелері болды; жұмыс барысында құрылымдық-семантикалық талдау, бақылау, тілдік талдау әдістері, сондай-ақ герменевтикалық интерпретация әдістері қолданылды. Нәтижелердің сенімділігі кең нақты материалды — әртүрлі тақырыптағы орыс мақал-мәтелдерін тарту арқылы қамтамасыз етіледі, онда айыру әрекеті нақты немесе жасырын түрде беріледі.

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, денотативті және ситуациялық деп түсіндірілетін семантикалық себептер орыс мақал-мәтелдерінде айыру семантикасын қалыптастыруда басым рөл атқарады. Олар адамның әртүрлі игіліктерді қажетсіз жоғалтуына әкелетін ықтимал жағымсыз жағдайлар мен әрекеттерді жазып, белсенді сипатқа ие. Айыру себептерінің себеп-салдарлық компоненті негізінен эксплицитті түрде көрсетілетіні анықталды, ал себептердің аз бөлігі жасырын түрде ұсынылған және терең синтаксис деңгейінде анықталған.
2026-09-30T00:00:00+06:00 Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2447 ТІЛДІК БІРЕГЕЙЛІКТІҢ ЖОЙЫЛУЫ 2026-04-30T20:39:33+06:00 Унембаева А.Н. dinara_torebekova@mail.ru Торебек Д.О. yamangozhayeva@iitu.edu.kz Байымбетова Г.М. yamangozhayeva@iitu.edu.kz
Бұл зерттеу Қазақстандағы көптілді студенттерге назар аудара отырып, цифрлық коммуникация жағдайындағы тілдік бірегейліктің трансформациясын қарастырады. Зерттеудің мақсаты – жаһандану мен цифрлық ортаның, әсіресе онлайн ойын қауымдастықтарының тілдік қолданысқа әсерін және тілдік өзіндік ерекшеліктің әлсіреуіне ықпалын талдау. Зерттеудің ғылыми жаңалығы – көптілді ортада социолингвистикалық талдауды, эксперименттік әдістерді және цифрлық дискурс зерттеуін біріктіретін кешенді тәсілді қолдануында. Зерттеу барысында аралас әдіснама қолданылып, корпус талдауы, сауалнама, эксперименттік тапсырмалар және дискурс талдауы жүргізілді.

Зерттеу нәтижелері студенттердің тілдік тәжірибесінде код-ауысудың жоғары деңгейін, ағылшын тілінен енген сөздердің кең қолданылуын және гибридті тілдік формалардың қалыптасуын көрсетті. Сонымен қатар, ойын ортасына белсенді қатысатын студенттерде тілдік гибридтілік деңгейі ойынға қатыспайтындарға қарағанда әлдеқайда жоғары екені анықталды. Сонымен бірге, ұлттық лексиканың қолданылу аясы тарылғанымен, бұл үдерістер жаһанданған цифрлық кеңістікте бейімделу стратегиясы ретінде қызмет атқарады.

Зерттеу тілдік бірегейліктің динамикалық және контекстке тәуелді құбылыс екенін, оның жаһандық және жергілікті факторлардың ықпалымен қалыптасатынын дәлелдейді. Сондай-ақ, цифрлық орта тек тілдік эрозияға әкеліп қана қоймай, жаңа тілдік қолданыс формаларын қалыптастыратыны атап өтіледі. Зерттеу нәтижелері тілдік әртүрлілікті сақтау және қазіргі қоғамда тиімді коммуникацияны қамтамасыз ету үшін теңгерімді тіл саясатын әзірлеудің маңыздылығын көрсетеді
2026-09-30T00:00:00+06:00 Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2465 ҚАЗАҚ ОРФОГРАФИЯСЫНДА ЕМЛЕ ЕРЕЖЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ БАСТЫ ҰСТАНЫМДАРЫ 2026-05-11T22:16:19+06:00 Сейсенбек Н.Б. s.nureke.b@mail.ru Рамазанова Ш.Ә. shaigul69@mail.ru
Бұл зерттеу қазақ орфографиясындағы орфографиялық нормаларды қалыптастырудың фонологиялық негізделген жүйелік моделін ұсынады. Қазіргі жазу тәжірибесінде фонологиялық құрылым, морфологиялық тұтастық және тарихи қалыптасқан дәстүрлі қағидалар арасындағы сәйкестік үнемі сақтала бермейтіні көрсетіліп, осыған байланысты орфографиялық реттеуді принциптік тұрғыдан қайта қарастыру қажеттігі негізделеді.

Зерттеудің мақсаты – қазақ тіліндегі орфографиялық ережелерді қалыптастырудың негізгі қағидаларын анықтау және оларды тілдің фонологиялық және морфонологиялық табиғаты негізінде жүйелеу.

Талдау әліпби құрамының фонемалық жүйемен сәйкестігіне, -i (-и) және -u (-у) таңбаларының фонологиялық статусына, буын құрылымы мен дауыссыз дыбыстар тіркесінің шектеулеріне, кірме сөздерді игеру механизмдеріне, сондай-ақ күрделі лексикалық бірліктердің бірге және бөлек жазылуын айқындайтын құрылымдық өлшемдерге бағытталған. Қазақ тілінің жалғамалы табиғаты мен үндестік заңы орфографиялық тұрақтылықты модельдеудің негізгі параметрлері ретінде қарастырылады. Сонымен қатар кірме лексиканы бейімдеу үдерісін жүйелі түрде айқындайтын фонетикалық құбылыстар – эпентеза, эпитеза және апокопа – мен фонетикалық шектеулердің орфографиялық реттеудегі рөліне ерекше назар аударылады.

Зерттеу әдіснамасы салыстырмалы-талдамалы, сипаттамалық және жүйелік модельдеу тәсілдеріне негізделген. Нормативтік құжаттар, орфографиялық сөздіктер және фонетикаға қатысты ғылыми еңбектер талданып, кодификацияланған емле нормаларының тілдің ішкі фонологиялық ұйымдасуымен сәйкестік деңгейі бағаланды.

Зерттеу нәтижелері қазақ орфографиясын фонологиялық және морфонологиялық қағидаларға негізделген ішкі жүйелі модель ретінде қайта пайымдау қажеттігін дәлелдейді. Орфографиялық реформаның теориялық негізі ретінде «тілді емлеге икемдеу» емес, «емлені тілге икемдеу» қағидасын басымдыққа алу ұсынылады. Алынған қорытындылар орфографиялық сөздіктерді жаңарту, әліпби нұсқаларын ғылыми саралау және нормативтік стандарттарды жетілдіру үдерісінде қолданылуы мүмкін.
2026-09-30T00:00:00+06:00 Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2475 Е.ОМАРҰЛЫНЫҢ «ПІШІНДЕМЕ» ОҚУЛЫҒЫНДАҒЫ ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ТЕРМИНДЕРДІҢ КОГНИТИВТІК НЕГІЗДЕРІ 2026-07-09T20:39:58+06:00 Туркбенбаева М.Ж. mturkbenbayevaa@gmail.com Досмаилова А.Н. yamangozhayeva@iitu.edu.kz
ХХ ғасыр – қазақ ғылыми дискурсының қалыптасу кезеңіндегі ұлттық таным мен еуропалық ғылыми білімнің тоғысқан тұсы. Сол кезеңде Алаш зиялыларының мемлекеттік тілді ғылым саласында қалыптастыру жолындағы ізденістері қазіргі қазақ тіл білімі үшін стратегиялық маңызға ие. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ ғылымының терминологиясын қалыптастырудағы іргелі еңбектің бірі – Е. Омарұлының «Пішіндеме» оқулығы геометриялық терминдер жүйесін жасаудағы қазақ тілінің когнитивтік әлеуетін көрсететін бірден-бір еңбек. Геометриялық абстрактілі ұғымдарды халықтың дүниетанымына сай күнделікті тұрмыстық тәжірибесіндегі бейнелермен сабақтастыру жалаң аударма емес, ғылыми танымды ұлттық кодқа көшірудің процесі. Зерттеудің мақсаты – «Пішіндеме» оқулығындағы геометриялық терминдердің когнитивтік мағыналық құрылымын зерделей отырып, табиғатын, ұлттық уәжділігін және олардың жасалуындағы лингвистикалық тетіктерін айқындау. Зерттеу материалы ретінде Е. Омарұлының «Пішіндеме» (1928) оқулығындағы терминдер алынып, оларды талдауда кешенді лингвистикалық тәсілдер қолданылды. А. Байтұрсынұлының термин жасаудағы 4 қағидатын басшылыққа ала отырып, терминдер сөзжасамның 3 негізгі тәсілі (синтетикалық, аналитикалық, лексика-семантикалық) арқылы жіктеліп, номинативтік уәжділігі талданды. Сонымен қатар терминдердің номинативтік уәжділігі мен мазмұнын айқындау мақсатында когнитивтік талдау, лингвомәдени интерпретация және дефинициялық пен семантикалық модельдеу әдістері қолданылды. Зерттеу барысында автордың құрылымдық сипаттағы абстрактілі геометриялық ұғымдарды ұлттық дүниетаныммен сабақтастыру концепциясы басты назарға алынды. Талдау нәтижесінде бірнеше геометриялық терминдердің, атап айтқанда, «берне», «кіндік», «өріс», «жарма», «керме», «қыйма», «теңқиық», «қостабан» секілді терминдердің геометриялық қызметін ашатын бейнелілік сипаты дәлелденді. Е. Омарұлының шеттілдік терминдерді қазақ тілінің фонетикалық заңдарына бейімдеу (сійнүс, сәнтійметір) және көне түркілік қабаттарды (үшкіл, төрткіл) қайта жандандыру тәжірибесі ғылыми тұрғыдан жүйеленді. Зерттеудің құндылығы Алаш қайраткерлерінің терминологиялық бірізділік пен қолданбалы бағытты ұштастыра білгендігін жаңа парадигма аясында дәлелдеуімен айқындалады. Қорытындылар ұлттық терминжасамды жаңғыртуда, терминологиялық сөздіктерді жетілдіруде және мемлекеттік тілдің ғылыми-интеллектуалдық кеңістігін нығайтуда практикалық маңызға ие.
2026-09-30T00:00:00+06:00 Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2489 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТІЛДІК ОТАРСЫЗДАНДЫРУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ 2026-08-16T22:11:21+06:00 Абасилов А.М. meirambekovna.02@gmail.com Асанбаева С.А. yamangozhayeva@iitu.edu.kz Мейрамбеккызы Д. yamangozhayeva@iitu.edu.kz
Мақалада Қазақстандағы тілдік ахуал тілдік отарсызданудың алғышарттары, негізгі аспектілері мен проблемалары аясында әлеуметтік лингвистикалық тұрғыдан қарастырылады. Тіл ұлттық сана мен мәдени кодтың тасымалдаушысы ретінде сипатталып, осы тұрғыдан мемлекеттік тілдің қызметтік аясын кеңейту және қоғамдық сананы отарсыздандыру үдерістерін зерттеудің өзектілігі айқындалады.

Зерттеудің мақсаты – тілдік отарсызданудың әлеуметтік лингвистикалық аспектілерін айқындау, оның қоғамдық сана мен тіл саясатына ықпалын анықтау және отарсызданған тілдік ортаны қалыптастырудың ғылыми негіздерін ұсыну.

Зерттеу әдіснамасы теориялық талдау, дискурстық талдау, статистикалық әдістер және сандық әлеуметтанулық сауалнама тәсілдерінің кешенді қолданылуына негізделеді. Эмпирикалық база ретінде Қазақстан Республикасының тіл саясатына қатысты ресми құжаттар, 2021 жылғы ұлттық халық санағының деректері, сондай-ақ әртүрлі әлеуметтік топтар арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері алынды.

Зерттеу нәтижелері қазақ тілінің қызметтік аясын кеңейту үдерісіне қарамастан, оның толыққанды доминанттылығына бірқатар әлеуметтік лингвистикалық кедергілердің әсер ететінін көрсетеді. Олардың қатарында тілдік ұстанымдар, институционалдық тәжірибелер және қостілділіктің ықпалы бар. Сонымен қатар талдау қоғамда біртілділік, қостілділік және көптілділік модельдерінің қатар өмір сүретінін көрсетіп, қазіргі тілдік кеңістіктің күрделілігін айқындайды.

Зерттеудің ғылыми маңыздылығы тілдік отарсыздану үдерістерін кешенді әлеуметтік лингвистикалық тұрғыдан түсіндіруімен және оны қазақстандық контексте деколониалды лингвистиканың дамуына қосқан үлесімен сипатталады. Зерттеудің жаңалығы теориялық пайымдауларды, медиа дискурсты талдауды және эмпирикалық деректерді ұштастыратын кешенді тәсіл арқылы тілдік үдерістерді көпқырлы бағалауға мүмкіндік беруімен анықталады.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы мемлекеттік тілдің әлеуметтік мәртебесін арттыруға, тіл саясатын жетілдіруге және тілдік отарсыздану стратегияларын тиімді жүзеге асыруға бағытталған ғылыми негізделген ұсыныстар әзірлеумен байланысты.
2026-09-30T00:00:00+06:00 Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2517 ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ІЗДЕНІСТЕРІ: ҚАНАТ ӘБІЛҚАЙЫРДЫҢ «ЖЫНДЫ» ХИКАЯТЫ НЕГІЗІНДЕ 2026-08-16T23:02:19+06:00 Мухамадиев Д.Б. dauren--77@mail.ru Базилжан М.А. yamangozhayeva@iitu.edu.kz Сатемирова Д.А. yamangozhayeva@iitu.edu.kz Сыздыков С.К. yamangozhayeva@iitu.edu.kz
Бұл мақалада қазіргі қазақ прозасының белгілі өкілдерінің бірі Қанат Әбілқайырдың прозасы тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиетінің жаңаруүдерісіментығызбайланыстақарастырылады.Мәтінқұрылымындағы әлеуметтік-психологиялық талдау мен фрагментарлық баяндау тәсілдерінің қолданысы сараланады. Зерттеудің мақсаты – Қ.Әбілқайырдың «Жынды» хикаятындағы тақырыптық-идеялық бағдарларды, нарративтік құрылымды, психологиялық баяндауды, хронотоптық ұйымдасуды, көркемдік деталь мен мистикалық элементтердің қызметін анықтау және олардың қазіргі қазақ прозасындағы көркемдік ізденістермен сабақтастығын бағамдау. Зерттеуде герменевтикалық, нарратологиялық, дискурстық және құрылымдық-семиотикалық талдау әдістері қолданылып, олардың әрқайсысы нақты мәтіндік үзінділер арқылы тұжырымдалады. Талдау нәтижесінде «Жынды» хикаятында қорқыныш, жалғыздық, белгісіздік және өлім мотивтері кейіпкердің психологиялық әлемін ғана емес, баяндау құрылымы мен кеңістіктік ұйымдасуды да қалыптастыратыны анықталды. Нарративтік фокализация кейіпкердің субъективті қабылдауын алдыңғы қатарға шығарып, шынайылық пен елес арасындағы шекараны көмескілейді. Осы белгілер ХХІ ғасырдағы қазақ прозасына тән антропоцентристік, психологиялық және поэтикалық көркемдік ізденістердің бір көрінісі ретінде бағаланады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы – «Жынды» хикаятындағы реалистік, психологиялық және мистикалық поэтиканың өзара сабақтастығын, кейіпкер санасының фрагментарлық берілуін және көркемдік детальдардың семиотикалық жүктемесін кешенді түрде айқындауында. Нарратологиялық талдау баяндау фокусы мен субъективті қабылдаудың ұйымдасуын, герменевтикалық талдау кейіпкердің ішкі әлемі мен өмір-өлім мәселесінің астарлы мағынасын, дискурстық талдау диалог пен дыбыстық қайталаулардың қызметін, құрылымдық-семиотикалық талдау деталь мен кеңістік белгілерінің көркемдік мәнін ашуға мүмкіндік берді.

Зерттеу нәтижесінде «Жынды» хикаятында қорқыныш, жалғыздық, белгісіздік және өлім тақырыптары кейіпкердің психологиялық әлемін ғана емес, шығарманың баяндау құрылымы мен кеңістіктік ұйымдасуын да айқындайтыны анықталды. Реалистік әлеуметтік-психологиялық баяндау елес,Елес-қыз,белгісіздыбыстәріздімистикалықэлементтерменсабақтасып, мәтіндегі шынайылық пен субъективті елестің шекарасын көмескілейді. Бұл белгілер ХХІ ғасырдағы қазақ прозасына тән антропоцентристік және психологиялық көркемдік ізденістердің бір көрінісі ретінде бағаланады.

Жұмыстың тұжырымдарын «Қазіргі қазақ әдебиеті», «Әдебиет теориясы» тәрізді арнайы пәндерде, курстар, семинарларда, әдеби талдау, ғылыми зерттеу жұмыстарында пайдалануға болады.
2026-09-30T00:00:00+06:00 Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2548 ЦИФРЛЫҚ ЖАҺАНДАНУ ДӘУІРІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-МЕМДЕРДІҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ҚЫЗМЕТТЕРІ: ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУІ 2026-08-18T18:13:20+06:00 Суюбердиева А.А. gauhar.110178@mail.ru Серкебаева Г. yamangozhayeva@iitu.edu.kz
Аталған зерттеу цифрлық жаһандану жағдайында интернет-мемдердің лингвомәдени қызметтерін қазақ және ағылшын цифрлық дискурсын салыстырмалы талдау негізінде қарастыруға арналған. Сапалық зерттеу тәсіліне сүйене отырып, жұмыста әлеуметтік желі платформаларынан жинақталған 80 мемнен тұратын корпус мультимодалды, лингвомәдени және прагматикалық талдау әдістері арқылы зерттеледі.

Зерттеу нәтижелері мемдердің визуалды, мәтіндік және контекстуалдық элементтердің өзара әрекеттесуі арқылы мағына қалыптастыратын мультимодалды семиотикалық құрылымдар ретінде қызмет ететінін көрсетеді. Ортақ жаһандық форматтардың қолданылуына қарамастан, қазақ және ағылшын мемдері мазмұны мен құрылымында айқын мәдени спецификасымен ерекшеленеді. Ағылшын тіліндегі мемдер визуалды басымдылығымен, мағынаның жасырындылығымен және өзін-өзі сілтемелейтін әзілімен сипатталып, жеке тұлғаға бағытталған коммуникация үлгілерін бейнелейді. Ал қазақ мемдері мәтіндік кеңейтілгендігімен, мәдени контекстуалдануымен және ұжымдық бірегейліктің репрезентациясымен ерекшеленеді.

Зерттеу нәтижелері мемдердің әзіл, әлеуметтік комментарий, бірегейлікті қалыптастыру және эмоцияларды білдіру сияқты бірқатар прагматикалық функцияларды атқаратынын көрсетеді. Сонымен қатар, екі корпус та тілдік креативтіліктің жоғары деңгейін танытады, ол грамматикалық ауытқулар, фонетикалық орфография және, әсіресе, қазақ мемдеріндегі тілдердің аралас қолданылуы арқылы көрініс табады.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы цифрлық дискурсты зерттеудегі лингвомәдени және мультимодалды тәсілдердің дамуына қосқан үлесінде, сондай-ақ ағылшын тіліне жатпайтын және көптілді мемдік тәжірибелерді зерттеудің аясын кеңейтуінде көрініс табады. Алынған нәтижелер цифрлық коммуникация теорияларын толықтыра отырып, жаһандық семиотикалық ресурстардың нақты мәдени контексттер аясында қалай бейімделетінін айқындайды.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы оның нәтижелерін тілдерді оқыту, мәдениетаралық коммуникация және медиа сауаттылық салаларында қолдану мүмкіндігімен байланысты. Қорытындылар цифрлық ортадағы қазіргі тілдік қолданысты тереңірек түсінуге, оқу материалдарын әзірлеуге

және онлайн байланыстағы мәдени ерекшеліктер туралы ақпаратты арттыруға ықпал етеді.
2026-09-30T00:00:00+06:00 Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2570 ҚАЗІРГІ АМЕРИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЕУРОПАЛЫҚ ПЕРФОРМАНС ӨНЕРІ ЭСТЕТИКАСЫНДАҒЫ МӘТІН 2026-08-12T21:51:16+06:00 Лобанова А.О. ioanna-alena@mail.ru Буханцева В.В. yamangozhayeva@iitu.edu.kz
Бұл мақалада пәнаралық құбылыс болып табылатын американдық және еуропалық перформанс құрылымындағы мәтіннің лингвистикалық және эстетикалық ерекшеліктері қарастырылады. Осы зерттеу аясында мәтін ұғымы дәстүрлі лингвистикалық шеңберден шығып, мәтінді мәдени-семиотикалық құбылыс ретінде түсінеді. Филологиялық тұрғыдан перформанстың жеткіліксіз зерттелуі лингвистикалық ғылымда зерттеу алшақтығын тудырады, бұл осы зерттеудің өзектілігін анықтайды. Мәтіннің категориясын және оны талдау әдістерін интермедиализм жағдайында қайта қарау қажеттілігі туындайды. Бұл зерттеудің мақсаты-заманауи перформансқа енгізілген мәтінді талдау, сонымен қатар арнайы лингво-эстетикалық сипаттамаларды анықтау.

Теориялық негізгісі Ю. М. Лотман, М. М. Бахтин, Ю. Кристева, М. Маклюэнның еңбектеріне сүйене отырып, семиотика, лингвоэстетика және медиалогиялық теория саласындағы зерттеулер болды. Зерттеу материалы негізінен мәтіндік (ауызша және визуалды) компоненті бар американдық және еуропалық перформерлердің қойылымдары болды. Өнер туындылары мәтіннің рөлін екі позициядан анықтау мақсатында талданды: мәтін перформанс құрылымындағы семиотикалық және эстетикалық элемент ретінде. Бұл зерттеу үшін негізгі теориялық және эмпирикалық әдістер, деконструкция әдісі, сондай-ақ семиоткалық және лингво-эстетикалық тәсілдер қолданылды.

Зерттеу нәтижелері перформанстағы мәтіндердің 4 негізгі түрін бөліп көрсете отырып, типологияны қалыптастыруға мүмкіндік берді: директивті, түсіндірмелі, визуалды-мәтіндік, коммуникативті, сондай-ақ олардың кіші түрлері. Перформанстағы мәтін құрылымдық және семантикалық функцияны орындайтыны анықталды. Ол перформер, орындаушы және көрермен арасындағы өзара әрекеттесуді қалыптастыратын Нұсқаулық, түсініктеме, визуалды белгі немесе байланыс түрі ретінде әрекет ете алады. Перформанстағы мәтін басқа медиамен өзара әрекеттесу арқылы мағынаны қалыптастыруға ықпал ететін көп деңгейлі семиотикалық жүйе ретінде жұмыс істейді, сонымен қатар аудиторияның мағыналарды түсіндіруге қатысуының маңыздылығына баса назар аударылады деген қорытынды жасалды. Зерттеу динамикалық, процессуалдық және медиальды шартты құбылыс ретінде текстуалдылық туралы жаңа түсініктерді ұсына отырып, қазіргі филологияның дамуына ықпал етеді. Жұмыс гуманитарлық ғылымдардағы мәтінді талдау шекараларын кеңейте отырып, медиатеория, интертекстуалдық және диалогизм идеяларын біріктіреді. Алынған нәтижелер қазіргі заманғы өнердің лингвостетикасы саласындағы филологиялық зерттеулерге пайдалы болуы мүмкін.
2026-09-30T00:00:00+06:00 Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2576 «МУНИЕТ УЛ-ГУЗАТ» ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШІНДЕГІ ЖЫЛҚЫ ЖАБДЫҚТАРЫ ЛЕКСИКАСЫ: ТАРИХИ-ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ 2026-08-25T22:07:47+06:00 Байменова С. bkamshat27@gmail.com Батырбекова К. yamangozhayeva@iitu.edu.kz Тоқтағұл Б. yamangozhayeva@iitu.edu.kz
Мақалада ортағасырлық мәмлүк-қыпшақ тілінде жазылған «Мүниет ул-гузат» жазба ескерткішінде кездесетін ат әбзелдеріне қатысты тілдік бірліктерге кешенді тарихи-лингвистикалық талдау жүргізіледі. Зерттеудің өзектілігі түркі жазба ескерткіштерінің лексикалық қорын түркі халықтарының материалдық мәдениеті, дүниетанымы мен тіл тарихы туралы маңызды дереккөз ретінде жан-жақты зерттеу қажеттілігімен айқындалады. Зерттеудің мақсаты – ат әбзелдеріне қатысты терминдердің тарихи-лингвистикалық табиғатын анықтау, сондай-ақ аталған лексикалық бірліктердің қазіргі қазақ тіліндегі қолданыс ерекшеліктерін айқындау. Зерттеу нысаны – «Мүниет ул-гузат» жазба ескерткішінің тілі, ал зерттеу пәні – ат әбзелдері атауларының лексика-семантикалық және құрылымдық ерекшеліктері.

Зерттеу барысында тарихи-салыстырмалы, семантикалық, салғастырмалы, этимологиялық және тарихи-фонетикалық талдау әдістері қолданылды. Бұл әдістер зерттеліп отырған лексиканың диахрондық тұрғыдан дамуын жан-жақты қарастыруға мүмкіндік берді. Түркітану ғылымында алғаш рет «Мүниет ул-гузат» ескерткішінде тіркелген ат әбзелдері терминдерінің семантикалық ерекшеліктері мен тілдік эволюциясы жүйелі түрде талданды. Терминдердің шығу төркініне, сөзжасамдық құрылымына, фонетикалық өзгерістеріне және қазіргі қазақ тілінде сақталу дәрежесіне ерекше назар аударылды. Зерттеу нәтижесінде қарастырылған лексемалардың едәуір бөлігінің семантикалық негізін сақтап, қазіргі қазақ тілдік қолданысында белсенді түрде жұмсалатыны анықталды. Бұл түркі халықтарының тілдік және мәдени дәстүрлерінің сабақтастығын көрсетеді.

Зерттеу нәтижелері ат әбзелдері атауларының түркі халықтарының шаруашылық қызметін, тұрмыс-тіршілігін, әскери өнерін және рухани мәдениетін бейнелейтін маңызды лингвомәдени лексика қабатын құрайтынын дәлелдейді. Зерттеу барысында алынған ғылыми тұжырымдар тарихи лексикология, түркітану, этнолингвистика және тарихи семасиология салаларының дамуына үлес қосып, ортағасырлық түркі қоғамдарының тілдік дүниетанымы туралы түсініктерді кеңейтеді.

2026-09-30T00:00:00+06:00 Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2602 КӨРКЕМ МӘТІНДЕГІ СТИГМАТИЗАЦИЯНЫ БЕЙНЕЛЕУДІҢ ТІЛДІК ҚҰРАЛДАРЫ (Ф.М. ДОСТОЕВСКИЙ ШЫҒАРМАЛАРЫ МАТЕРИАЛЫНДА) 2026-08-12T22:07:53+06:00 Тойшыбаева Г.Қ. gulzhantoyishibaeva@gmail.com Сыздықбаев Н.А. siznur@mail.ru Абжанова Т.А. dabzhanova@gmail.com
Мақалада стигматизацияның әлеуметтік құбылыс ретіндегі тілдік репрезентация құралдары қарастырылады. Стигматизация белгілі бір белгісі бойынша қауымдастықтан ерекшеленетін жеке тұлғаны немесе адамдар тобын таңбалау (маркерлеу) және қоғамнан физикалық немесе моральдық шеттетуі үдерісі ретінде түсіндіріледі.

Зерттеудің мақсаты – көркем мәтіндегі стигматизацияға ұшыраған кейіпкер бейнесін жасауда қолданылатын лексикалық-фразеологиялық, синтаксистік және стилистикалық құралдарды анықтау, оның автор ұсынған әлемнің көркем бейнесін ашудағы рөлін айқындау, сондай-ақ автордың тілдік ерекшеліктерін сипаттау.

Зерттеу міндеттері: талдауға қажетті материалды жинақтау және жүйелеу, оны қолданылған тілдік құралдар тұрғысынан қарастыру, стигматизацияланған кейіпкердің шығарманың идеялық-эстетикалық мазмұнын ашудағы рөлін анықтау, сондай-ақ стигматизация жағдайларын бейнелеудегі авторлық ұстанымның ерекшелігін айқындау.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы мен маңыздылығы Достоевский шығармашылығындағы стигматизация феноменін тілдік жүзеге асуы тұрғысынан қарастыруда, сондай-ақ стигматизацияны дискурстық практика ретінде зерттеуде көрінеді.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы оның нәтижелерін мектеп пен жоғары оқу орындарында Достоевский шығармашылығын оқытуда, сондай-ақ коммуникацияның әртүрлі салаларындағы стигматизацияның тілдік құралдарын дискурстық практика ретінде талдауда қолдану мүмкіндігімен айқындалады.

Мақалада материалды тұтас іріктеу, сипаттау және жіктеу, сондай-ақ дискурс-талдау әдістері қолданылды.

Зерттеу материалы ретінде Ф.М. Достоевскийдің 1860–1870 жылдардағы романдарының мәтіндері алынды. Талдау барысында стигматизацияланған кейіпкерлер қатарына жатқызуға болатын тұлғалар анықталды (Соня Мармеладова, князь Мышкин, Настасья Филипповна, Илюша Снегирев және т.б.). Мұндай кейіпкерлерді бейнелеуде автор белгілі бір лексикалық топтарды («күлкі», «қауесет», «эмоциялық реакция» және т.б.), фразеологиялық құралдарды («сары билет»), стилистикалық тұрғыдан төмендетілген лексиканы, айқын имплицитті мазмұны бар синтаксистік құрылымдарды және басқа да тілдік тәсілдерді қолданады. Стигматизацияланған кейіпкерлердің тілдік бейнеленуі олардың ішкі әлемін ашуға ықпал етеді, ал бұл өз кезегінде Достоевский шығармаларының психологиялық тереңдігін қамтамасыз етеді. Жалпы алғанда, кейіпкер образын жасаудың мұндай қыры автордың дара көркемдік тәсілі ретінде қарастырылуы мүмкін.

Зерттеу нәтижелерін лингвопоэтикаға, дискурстық практикалар теориясына және коммуникативистикаға қосылған белгілі бір үлес ретінде бағалауға болады. Ғылыми жұмыстың негізгі қағидалары қоғамдағы коммуникацияның әртүрлі салаларындағы стигматизация көріністерін талдау тәжірибесінде қолданылуы мүмкін.
2026-09-30T00:00:00+06:00 Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2607 М.ӘУЕЗОВТІҢ «ЖЕТІМ» ӘҢГІМЕСІНДЕГІ ЛИНГВОМӘДЕНИ БІРЛІКТЕРДІҢ КОГНИТИВТІК МЕХАНИЗМДЕРІ: «ЖАЛҒЫЗДЫҚ» КОНЦЕПТІ 2026-09-02T22:51:27+06:00 Кущанова А.Н. amangaisha007@gmail.com Төлегенова Г.Ғ. yamangozhayeva@iitu.edu.kz Турлан Ж.С. yamangozhayeva@iitu.edu.kz
Бұл мақалада М. Әуезовтің «Жетім» әңгімесіндегі «жалғыздық» концепті және оның қалыптасуының когнитивтік механизмдері қарастырылады. Мақаланың негізгі мақсаты – «жалғыздық» концептінің концептуалды-мағыналық құрылымын және оның көркем мәтіндегі көрініс беру ерекшеліктерін анықтау. Зерттеу когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттану және әдебиеттану ғылымдарының тоғысында жүргізілді.

Автор концепт ұғымының көпқырлы табиғатын зерттеудің теориялық негізі ретінде ала отырып, «жалғыздық» ұғымының мәнін ұлттық дүниетаным мен мәдени кодтар аясында ашуды мақсат етеді. Зерттеудің әдіснамалық негізін концептуалды талдау, дефинициялық әдіс және интерпретациялық талдау әдістері құрайды. Бұл әдістер М. Әуезовтің «Жетім» әңгімесіндегі «жалғыздық» концептінің концептуалды өрісінің мағыналық құрылымдарын, концептінің семантикалық өзегін және перифериялық аймақтарын қарастыруға, олардың ішкі мағыналық құрылымы мен мәдени мәнін ашуға мүмкіндік берді.

«Жалғыздық» концептін кешенді талдау жазушының көркемдік әлемі мен авторлық ұстанымын тереңірек сипаттауға жол ашты. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, М. Әуезовтің «Жетім» әңгімесінде «жалғыздық» концепті әлеуметтік әділетсіздікті, жетімдікті, жалғыздық пен дәрменсіздікті бастан кешкен жасөспірімнің ішкі рухани әлемі арқылы репрезентацияланады. Қасым кейіпкерінің тағдыры арқылы «жалғыздық» концепті ұлттық дүниетаныммен, дәстүрлермен және тарихи-мәдени құндылықтармен өзара байланыста көркемдік тұрғыдан бейнеленеді.

Көркем мәтінді концептуалды талдау тіл, мәдениет және әдебиет арасындағы өзара байланысты тереңірек түсінуге мүмкіндік береді, сондай-ақ көркем образдар арқылы ұлттық руханият пен дүниетанымды зерттеудің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Жұмыстың ғылыми және практикалық маңызы концепт ұғымын лингвомәдениеттанымдық аспектіде қарастыру арқылы әдебиеттанудағы концептуалды бағыттың дамуына қосқан үлесімен айқындалады.
2026-09-30T00:00:00+06:00 Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2657 ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫНЫҢ ТІЛДІК САНАСЫНДАҒЫ АНГЛИЦИЗМДЕР: БЕЙІМДЕЛУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ЛИНГВОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАУАШАЛАР (АССОЦИАТИВТІК СӨЗДІК ДЕРЕКТЕРІ БОЙЫНША) 2026-08-23T21:58:00+06:00 Абаева М.Қ. a.a.khabiyeva@bk.ru Хабиева А.А. yamangozhayeva@iitu.edu.kz Исалиева А.А. yamangozhayeva@iitu.edu.kz
Цифрландыру мен үштілділік саясаты жағдайында ағылшын-қазақ тілдік байланысының қарқын алуы англицизмдердің тек қолданыста ғана емес, тілдік санада қаншалықты орныққанын анықтауды өзекті етеді. Зерттеудің мақсаты – қазақ тілді жастардың менталды лексиконындағы ағылшын тілінен бастау алатын кірме сөздердің (англицизмдердің) көлемін, игерілу жолдарын және лингвоэкологиялық тауашаларын анықтау. Жұмыстың ғылыми маңызы кірме сөздердің бейімделуін талдауды мәтіндік материалдан ассоциативтік-вербалды желіге көшіруінде; практикалық маңызы нәтижелердің терминологиялық жоспарлау мен тіл саясатында қолданылу мүмкіндігінде. Материал ретінде қазақ ассоциативтік сөздігі алынды (1 000 стимул, 556 543 реакция; респонденттер – 17–25 жастағы студенттер). Әдіснама сөзді түпкі шығу тегі бойынша (аралық тілге қарамастан) анықтауды, реакциялар жиілігін санауды, тақырыптық салалар мен ену уақыты бойынша бөлуді және кірме сөз бен қазақ атауының бәсекесін талдауды қамтиды. Барлығы 766 англицизм анықталды; олар респонденттердің жауаптарында 5 952 рет қолданылған, бұл барлық реакциялардың 1,06%-ы. Екі жазу тәсілінің қарама-қарсы құрылымы анықталды: латын графикасындағы қабат әртүрлі сөздердің 83%-ын қамтығанмен, қолданыстардың тек 15%-ын береді; кириллицадағы қабат – керісінше. Орныққан қабаттың 71,7%-ы үш жаңғыру доменінде шоғырланған; стимулдардың 34,3%-ы англицизмдерден мүлдем таза. Бәсекелес жұптарда (ғаламтор – интернет, кәсіпкер – бизнес) жоспарлы термин ассоциативтік тұрғыда кірме сөзге сүйенетіні көрсетілді. Зерттеудің үлесі – англицизмнің тілдік санада игерілуінің екі сатылы моделі және лингвоэкологиялық тауаша ұғымына өлшенетін анықтама беру. Нәтижелер терминографияда, тілдік жоспарлауда және лингводидактикада қолданылады.
2026-09-30T00:00:00+06:00 Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2063 ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ЛИРИКАЛЫҚ КЕЙІПКЕР ЖӘНЕ ОНЫҢ ПСИХОЛОГИЗМДІК ИНТЕРПРЕТАЦИЯСЫ 2026-05-11T21:50:29+06:00 Отемис А.С. otemis_aigul@mail.ru Ержанова С.Б. yamangozhayeva@iitu.edu.kz Калиев С.А. yamangozhayeva@iitu.edu.kz
Бұл зерттеу қазіргі қазақ поэзиясындағы лирикалық кейіпкер феномені және оның психологиялық интерпретациясына арналған. Зерттеу бүгінгі қазақ поэзиясының белгілі өкілі, ақын Е.Жүністің шығармалары негізінде жүргізілді. Ғылыми зерттеу мақаласының кіріспесінде лирикалық поэзияның мәніне қатысты, өлеңдегі психологизмдік мазмұнның көріну тәсілдеріне негізделген зерттеу еңбектеріне шолу жасалынады.

Ғылыми зерттеудің мақсаты – қазіргі қазақ поэзиясындағы лирикалық кейіпкердің психологизмдік мәнінің көріну деңгейін анықтау, оның ішкі әлемін, эмоциялық түйсігін және көркемдік тәсілдер арқылы көрінуін талдау. Зерттеудің негізгі бағыттары ретінде лирикалық кейіпкердің эмоционалдық-психологиялық бейнесін зерттеу, автордың поэтикалық стратегиялары мен тілдік құралдары арқылы психологиялық интерпретация жасау қарастырылды.

Зерттеу әдіснамасы салыстырмалы, контекстік, талдау тәсілдері мен психологизмдік теориялық негіздеріне сүйенеді, сонымен қатар мәтінді семиотикалық және психоәдістемелік тұрғыдан талдау әдістерін қолдандық. Негізгі нәтижелер көрсеткендей, Е.Жүніс поэзиясында лирикалық кейіпкер күрделі психологиялық құрылымға ие: кейде ішкі диалог арқылы, кейде символдық және метафоралық тәсілдер арқылы автордың эмоционалды әлемін, әлеуметтік уайымдарын және адамгершілік ізденістерін бейнелейді. Лирикалық кейіпкердің ішкі психологиялық динамикасы шығарманың жалпы эмоционалды бояуына ықпал етеді. Зерттеу қорытындысында қазіргі қазақ поэзиясындағы лирикалық кейіпкердің психологиялық интерпретациясының әдеби теория мен сын тұрғысынан маңыздылығы, сондай-ақ автордың шығармашылық ерекшелігін ашудағы

рөлі атап көрсетілді.

Зерттеу құндылығы – қазақ поэзиясындағы лирикалық психологияны ғылыми тұрғыдан талдаудың жаңа бағыттарын ұсынуы және заманауи әдеби үдеріске психологиялық анализ тәсілін енгізуі.

Зерттеу нысанымызға байланысты Отандық әдебиеттанушы ғалымдарымыз З.Ахметов «Поэзия шыңы – даналық», С.Мақпырұлы

«Адамтану», Т.Шапайдың «Ой түбінде жатқан сөз», т.б., сондай-ақ әлемдік зерттеу еңбектерінен Л.Я.Гинзбург «О лирике», Б.О. Корман «Теория

литературы», С.Н. Бройтман «Лирический субъект», т.б. ғалымдардың тұжырымдарын зерттеуімізге арқау еттік. Зерттеу барысында эмоциялық тон ұғымы, лириканың субьективті қыры, өлеңдегі символдардың психологизмдік мәнмен ассоциацияға ұшырайтын тұстары талданды.
2026-09-30T00:00:00+06:00 Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2154 КӘСІБИ МӘТІНДІ АУДАРУ КЕЗІНДЕГІ ТЕРМИНДЕРДІ ПРАГМАТИКАЛЫҚ БЕЙДЕТУ 2026-08-23T22:05:00+06:00 Искакбаева А.А. iskakbayeva@inbox.ru
Мақалада ғылыми-көпшілік мәтіндер кең аудитория үшін когнитивтік байлық пен қолжетімділікті біріктіретін ерекше функционалдық стилі бар мамандандырылған дискурстың түрі ретінде қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – мақсатты аудиторияның фондық білімі мен оқылатын тілдің коммуникативтік нормаларын ескере отырып, арнайы саладағы ғылыми-көпшілік мәтіндерді аудару кезінде терминдерді прагматикалық бейімдеу қажеттілігін анықтау.

Зерттеудің негізгі бағыттары мен идеялары ғылыми-көпшілік мәтінді және оның аудармасын талдау, терминдерді жеткізудегі типтік қиындықтарды анықтау, прагматикалық бейімдеу әдістерін (отырмау, нақтылау, сипаттамалық аударма) зерттеу, сонымен қатар аударманы қабылдауға оқырманның фондық білімі мен лингвистикалық құзыреттілігінің әсерін анықтауды қамтиды. Жұмыстың ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы арнайы мәтіндердегі терминдердің прагматикалық бейімделуін кешенді түрде зерттеу бұрын жүргізілмегендігінде. Жұмыс ғылыми-көпшілік дискурсты аударудың ерекшеліктері туралы түсінікті кеңейтеді және оқу және аударма мақсатында пайдалануға болады. Зерттеу әдістемесіне түпнұсқа және аударма мәтіндерге сапалы талдау, корпустық талдау, лексика-семантикалық трансформацияларды талдау, сонымен қатар мақсатты аудиторияның терминдерді қабылдау деңгейін анықтауға бағытталған әлеуметтік лингвистикалық сауалнама (n=64) кіреді. Зерттеу барысында кейбір геологиялық терминдердің орыс тілінде бекітілген баламалары жоқ екені анықталды, бұл прагматикалық бейімделуді қажет етеді. Көп мағыналы терминдердің сөзбе-сөз қайталануынан туындаған аударма қателері тіркелді. Қорытындылар ғылыми-көпшілік мәтіндерді тиімді аудару тек лексикалық дәлдікті ғана емес, мәтіннің прагматикалық бағытын да ескеруді қажет ететінін растайды.

Зерттеудің құндылығы – авторлар геология саласындағы ғылыми-көпшілік мәтіндердің аудармасын когнитивтік-прагматикалық көзқарас призмасы арқылы алғаш рет жүйелі түрде қарастырды. Арнайы терминдердің прагматикалық эквивалент және аудармалық бейімделу теориясының дамуына үлес қосылды. Жұмыстың практикалық маңыздылығы нәтижелерді аудармашыларды даярлау тәжірибесінде қолдану мүмкіндігінде, ғылыми-көпшілік мәтіндерді аударуға арналған әдістемелік құралдарды әзірлеуде және терминологиялық бейімдеу саласында аударма стратегияларын жетілдіруде.
2026-09-30T00:00:00+06:00 Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2247 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРМИНОЛОГИЯ «ЭКОНОМИКА» БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНДА ҚАЗҰУ (ҚР) ЖӘНЕ ЦИНХУА УНИВЕРСИТЕТІНДЕ (ҚХР): ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ТӘСІЛ 2026-07-21T07:01:24+06:00 Лай Чуньлань lchunlan23@gmail.com Туманова А. Б. a.tumanova@inbox.ru
Бұл мақалада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қытайдың Цинхуа университеті мысалында Қазақстан мен Қытайдағы экономика пәндерін оқыту үдерісіндегі экономикалық терминологияның орны, ерекшеліктері мен жіктелуі қарастырылады. Зерттеудің мақсаты әртүрлі саяси-экономикалық және білім беру жүйелері жағдайында экономикалық терминдердің қалыптасу заңдылықтарын, семантикалық сипаттарын және оларды оқыту ерекшеліктерін анықтау болып табылады. Зерттеу материалы ретінде Қазақстан мен Қытай жоғары оқу орындарының оқу бағдарламалары, оқулықтары және экономикалық терминологиялық сөздіктері алынды. Зерттеудің әдіснамалық негізі талдау мен синтез, жалпылау және жіктеу, салыстырмалы-салғастырмалы, құрылымдық-семантикалық және сипаттамалық әдістерді қолдануға негізделген. Зерттеу нәтижелері Қазақстан мен Қытайдағы экономикалық терминологияның сипаттамалары мен жіктелуіндегі айырмашылықтар білім беру жүйелерінің ерекшеліктерімен және кәсіби бағытталған тілдік оқытуды ұйымдастырудың әртүрлі тәсілдерімен байланысты екенін көрсетті. Қазақстандық жоғары оқу орындарында үштілді білім беруді дамытуға және цифрлық терминологиялық ресурстарды пайдалануға басымдық берілсе, Қытайда терминдерді контекст арқылы меңгеруге, кәсіби мәтіндерді талдауға және экономикалық дамудың динамикалық жағдайында студенттердің практикалық терминологиялық құзыреттілігін қалыптастыруға ерекше назар аударылады. Зерттеудің ғылыми құндылығы оның экономикалық пәндердің терминологиялық жүйесін Қазақстан мен Қытай жоғары оқу орындарында мәдениетаралық және пәнаралық тұрғыдан жүйелі талдауында жатыр, бұл жоғары оқу орындарында экономикалық терминологияны оқыту әдістемесін дамытуға ықпал етеді. Практикалық маңыздылығы – зерттеу нәтижелерін оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік материалдарды және экономикалық мамандықтарға арналған терминологиялық сөздіктерді әзірлеуде, сондай-ақ экономикалық терминология курсын жүргізетін оқытушылардың біліктілігін арттыруда қолдану мүмкіндігі.
2026-09-30T00:00:00+06:00 Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2280 ҚАЗАҚСТАННЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ОРТАСЫНДАҒЫ ГЕНДЕРЛІК ПРАГМАТИКАЛЫҚ СТРАТЕГИЯЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ (ҚАЛАЛЫҚ РЕСПОНДЕНТТЕР МАТЕРИАЛДАРЫ НЕГІЗІНДЕ) 2026-07-01T23:53:35+06:00 Бисембаева С.Д. sbissembayeva@zhubanov.edu.kz Сансызбаева С.К. sksansyzbaeva@gmail.com
Зерттеудің өзектілігі жаһандану жағдайында мәдениетаралық байланыстардың кеңеюімен және әртүрлі коммуникативтік контекстердегі сөйлеу мінез-құлқының әлеуметтік-мәдени және прагматикалық ерекшеліктерін зерттеу қажеттілігінің артуымен айқындалады. Әсіресе гендерлік фактордың тілдік құралдарды таңдауға және коммуникативтік стратегияларды жүзеге асыруға ықпалын талдау ерекше маңызға ие. Зерттеудің мақсаты – қазақтілді және орыстілді орта өкілдерінің сөйлеуінде прагматикалық стратегияларды қолдану ерекшеліктерін анықтау, сондай-ақ коммуникативтік мінез-құлыққа әсер ететін әлеуметтік және мәдени факторларды талдау. Зерттеудің әдіснамалық негізін кешенді талдау, салыстырмалы-салғастырмалы әдіс және қазақ және орыс тілдерінің тасымалдаушылары арасында сауалнама жүргізу арқылы жүзеге асырылған эмпирикалық зерттеу құрады. Жұмыста әртүрлі қарым-қатынас жағдайларындағы сөйлеу актілерінің жүзеге асу ерекшеліктері, прагматикалық маркерлерді қолдану және коммуникативтік стратегиялардың көрінісі қарастырылады. Зерттеу нәтижелері зерттелген іріктемеде жекелеген тілдік құралдар мен прагматикалық стратегияларды таңдауда айырмашылықтардың бар екенін көрсетті. Анықталған ерекшеліктер, ең алдымен, сыпайылықты білдіру, жанама коммуникация тәсілдерін қолдану және директивті сөйлеу актілерін жүзеге асыру салаларында байқалды. Коммуникативтік стратегияларды таңдау гендерлік аспектіні, тілдік контексті, коммуникацияға қатысушылардың әлеуметтік сипаттамаларын және мәдени ортаның ерекшеліктерін қамтитын факторлар жиынтығымен анықталатыны белгіленді. Зерттелген қазақтілді топта сөйлеу құрметінің формалары мен айтылымды жұмсарту стратегияларын жиірек қолдану үрдісі байқалса, орыстілді топта коммуникацияның туралығы мен экспрессивтілік деңгейінің анағұрлым жоғары вариативтілігі анықталды. Зерттеу нәтижесінде мәдениетаралық коммуникацияны талдау кезінде сөйлеу мінез-құлқының әлеуметтік-мәдени және гендерлік ерекшеліктерін ескеру қажеттілігі туралы қорытынды жасалды. Алынған нәтижелер Қазақстанның көпмәдениетті ортасындағы сөйлеу өзара әрекеттестігінің тетіктері туралы түсініктерді кеңейтуге ықпал етеді және оларды социолингвистика, прагмалингвистика және мәдениетаралық коммуникация салаларындағы кейінгі зерттеулерде пайдалануға болады.
2026-09-30T00:00:00+06:00 Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2298 «ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНДЕГІ ШӘКӘРІМГЕ ҚАТЫСТЫ МАТЕРИАЛДАР НЕГІЗІНДЕ АЛҒАШҚЫ ҚАЗАҚ ӘЛІПБИЛЕРІНЕ ШОЛУ, ЕМЛЕ ТАЛДАУЛАРЫ 2026-07-24T09:33:05+06:00 Мамынова Б.Қ. momynova_b@mail.ru
Мақала жазудағы мақсат – Шәкәрім Құдайбердіұлының шежіре кітабы туралы жазылған «Қазақ» (1913-1918) газетіндегі сын мақала, басқа да материалдар негізінде газеттегі емле ерекшеліктеріне талдау жасау. Мақалада төте жазумен жазылған мәтіндердің дұрыс оқылуына барынша көмектесу міндеті алға қойылды. Төтені дұрыс оқудың маңызы зор, яғни әріптік-дыбыстық әліпбидің, біздің жағдайымызда ескі арабграфикалы қадым жазуынан реформаланған А. Байтұрсынұлы әліпбиінің алғашқы пайдаланған кезеңіндегі, жалпыұлттық «Қазақ» газетінде қолданылуына байланысты нақты мәліметтерді жеткізу, қадым мен төтенің айырмашылықтарын тану керек. Бұл мәселелер мәтінтану үшін де, қазақ жазуының тарихын зерттеу үшін де қажетті. Әсіресе түбірлердің жазылуындағы дауысты дыбыстардың таңбаланбауының себептері айтылады, оған қосымшалардың жалғануындағы ерекшеліктер, жекелеген таңбалардың белгіленуіндегі қиындықтарды қосуға болады. Мақалада осы мәселелер жай сөзбен айтыла салмайды, мәтінтану критерийлеріне сәйкес нақты деректер арқылы көрсетіледі. Мақалада сонымен бірге қадым жазуындағы әріпасты, әріпүсті диакритикалық таңбалар мен консонанттық әліпбидің негізгі ерешелігі туралы жан-жақты түсінік беріледі. Диакритикалық таңбалар туралы, олардың түрлеріне және функциясына байланысты мақалада кеңінен сөз болып, тілдік факітілер келтірілді. Кірме сөздердің, төл сөздердің, жалқы есімдердің және ономастикалық атаулардың газетте жазылуына көңіл бөлініп, ерекшеліктері айтылды, жазудағы қиындықтары туралы екіұшты ой қалыптаспас үшін нақты мысалдар берілді. Қазақ жазуы тарихында тек усул-қадым, А. Байтұрсынұлының усул-төте жазуы ғана емес, одан бөлек, сол кезеңдегі басқа да қазақ зиялылары ұсынған, кейбірі белгілі бір дәрежеде қолданыс тапқан алғашқы жәдігер әліпбилер жөнінде мәліметтер, алғашқы әліпбилердің құрылымы туралы деректер келтірілді. Мақаланы жазу барысында қарастырылып отырған мәселеге қатысты ғылыми әдебиеттер пайдаланылды.
2026-09-30T00:00:00+06:00 Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2333 ИРЛАНД ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТТЕРІНДЕГІ FAMILY/ ОТБАСЫ КОНЦЕПТІСІ АЯСЫНДАҒЫ «ӘКЕ», «АНА» МИКРОКОНЦЕПТТЕРІНІҢ КОГНИТИВТІК СИПАТЫ 2026-07-01T23:05:50+06:00 Тортай Ш.А. tortay.sh@mail.ru Розиева Д.С. yamangozhayeva@iitu.edu.kz Абдуллаева Г.Т. yamangozhayeva@iitu.edu.kz
Мақала ирланд және қазақ мәдениеттеріндегі Family/ Отбасы концептісінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырылатын әке және ана микроконцепттерінің көркем мәтіндегі репрезентациясын салыстырмалы-когнитивтік тұрғыда талдауға арналған. Зерттеу көркем әдебиетті ұлттық дүниетаным мен мәдени жадтың концептуалдық көрінісі ретінде қарастыруға негізделеді.

Зерттеу нысаны ретінде Н. Уильямстың «History of the Rain» романы (әке микроконцептісі) және Ш. Мұртазаның «Ай мен Айша» романы (ана микроконцептісі) алынды. Зерттеу барысында концептуалдық-когнитивтік талдау, көркем мәтінді интерпретациялық талдау және салғастырмалы әдіс қолданылды.

Зерттеудің мақсаты – ирланд және қазақ көркем шығармалары материалында «әке» және «ана» микроконцепттерінің когнитивтік құрылымын, мағыналық өзегін және Family/Отбасы концептісіндегі қызметін айқындау. Зерттеудің міндеттері: Н. Уильямстың «History of the Rain» романындағы әке микроконцептісін және Ш. Мұртазаның «Ай мен Айша» романындағы ана микроконцептісін талдау; олардың мағыналық, когнитивтік және символдық белгілерін айқындау; екі мәдениеттегі әке және ана бейнелерінің FAMILY/ОТБАСЫ концептісін қалыптастырудағы рөлін анықтау; алынған нәтижелер негізінде ирланд және қазақ мәдениеттеріндегі отбасы концептісінің ұлттық-мәдени ерекшеліктерін тұжырымдау.

Талдау нәтижелері ирланд көркем мәтінінде әке микроконцептісінің интеллектуалдық мұра, мәдени-рухани жад және тұлғалық өзін-өзі танудың негізгі өзегі ретінде репрезентацияланатынын көрсетті. Әке бейнесі кітап, білім, тарих, өзен сияқты символдық құрылымдармен байланыста концептуалданады. Ал, қазақ көркем мәтініндегі ана микроконцептісі тіршілікті сақтау, рухани беріктік, тұрмыстық тұрақтылық пен ұрпақ сабақтастығын қамтамасыз ететін аксиологиялық өзек ретінде танылады. Ана бейнесі жылылық, төзім, қамқорлық пен мәдени жадты жалғастыру функцияларымен сипатталады.

Зерттеу қорытындылары әке және ана микроконцепттерінің екі мәдениетте Family/Отбасы концептісінің мағыналық өзегін құрағанымен,

олардың функционалдық және символдық басымдығы әртүрлі екенін дәлелдейді: ирланд мәдениетінде рухани-интеллектуалдық ось ретінде әке моделі алға шықса, қазақ мәдениетінде бұл рөлді ана бейнесі атқарады.

Зерттеудің ғылыми құндылығы Family/Отбасы концептісінің мәдени-когнитивтік табиғатын микроконцепттер деңгейінде нақтылап, көркем мәтін арқылы мәдени айырмашылықтарды жүйелі түрде сипаттауында көрінеді. Мақаланың практикалық маңызы нәтижелерді когнитивтік лингвистика, әдебиеттану және лингвомәдениеттану курстарында пайдалануға мүмкіндік беруімен анықталады.
2026-09-30T00:00:00+06:00 Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2350 ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН МӘДЕНИЕТТЕРІНДЕГІ БЕЛГІЛЕР МАҒЫНАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ГЕНДЕРЛІК ТАБУЛАР МЕН ЭВФЕМИЗМДЕРДІҢ КОНТЕКСТІК РӨЛІ 2026-06-11T21:43:24+06:00 Бауыржан Н.Б. elmira.burankulova82@gmail.com Буранкулова Э.Т. yamangozhayeva@iitu.edu.kz Садыкова С.А. yamangozhayeva@iitu.edu.kz
Бұл мақалада қазақ және ағылшын лингвомәдениеттеріндегі гендерлік табулар мен эвфемизмдердің семиотикалық және коммуникативтік табиғаты салыстырмалы аспектіде қарастырылады. Зерттеу барысында эвфемизмдердің контекстке тәуелді мағына жасаушы семиотикалық механизм екендігі негізделген. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі эвфемизмдердің мағыналық құрылымы олардың қолданылған мәдени-әлеуметтік контекстінде айқындалады. Салыстырмалы талдау нәтижесінде қазақ тіліндегі эвфемизмдер ұжымдық моральды сақтауға, ал ағылшын тілінде жеке автономияны қорғауға бағытталатыны анықталды.

Зерттеудің өзектілігі жаһандану қарқынының артуымен, гендерлік нормалардың трансформациялануымен және мәдениетаралық коммуникациядағы эвфемизмдерді қате интерпретациялау қаупімен түсіндіріледі. Зерттеудің негізгі ғылыми мәселесі эвфемизмдер мен табулардың мағынасы сөздің ішкі семантикасында емес, олардың қолданылатын мәдени-әлеуметтік контекстінде қалыптасу заңдылықтарын және осы үдерістегі гендерлік фактордың рөлін айқындау болып табылады. Зерттеудің мақсаты қазақ және ағылшын лингвомәдениеттеріндегі табу мен эвфемизмдердің семиотикалық негіздерін анықтап, оларды салыстырмалы түрде талдау болып табылады. Зерттеудің теориялық негізі ретінде халықаралық ғылыми дискурста қалыптасқан семиотикалық және гендерлік-лингвистикалық тұжырымдамалар алынады. Бұл тұжырымдамалар гендерлік тілдік тәжірибені әлеуметтік-мәдени құбылыс ретінде қарастыратын қазақ лингвомәдени дәстүрімен байланыстырылады.

Әдіснамалық тұрғыдан зерттеу сапалы салыстырмалы талдауға негізделеді. Зерттеу барысында қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологизмдерге, эвфемизмдерге және мәтіндерге семиотикалық, лингвомәдени және дискурстық талдау жасалады. Осы талдау нәтижесінде қазақ тілінде эвфемизмдер ұжымдық мораль мен әлеуметтік иерархияны сақтауға, ал ағылшын тілінде жеке автономия мен коммуникативтік жайлылықты қорғауға бағытталатыны анықталды. Зерттеу эвфемизмді гендерлік қатынастарды кодтайтын динамикалық семиотикалық жүйе ретінде қарастыруды ұсынады.

Зерттеу нәтижелері семиотика мен гендерлік лингвистика салаларының тоғысында тыйым сөздер мен эвфемизмдерді моральдық тәртіпті реттейтін және әртүрлі мәдениеттердегі гендерлік қатынастарды құрылымдайтын динамикалық белгілер жүйесі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
2026-09-30T00:00:00+06:00 Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2395 «ТОРҒАЙ» ГАЗЕТІНДЕГІ ҚАЗАҚ АҢЫЗДАРЫ 2026-06-14T09:30:50+06:00 Макатова А.А. makatovaayagoz.99@mail.ru Абсадык А.А. yamangozhayeva@iitu.edu.kz Тасмагамбетова З.Ж. yamangozhayeva@iitu.edu.kz
Тургайская газета («Торғай» газеті) - қазақ халқының фольклорлық мұрасын орыс тілінде тұрақты түрде жариялаған алғашқы басылымдардың бірі. Басылым халық шығармашылығының аңыз-әңгімелеріне де ерекше ден қойды. ХІХ ғасырдың орта шенінен бастап патшалық Ресейдің академиялық ортасы империя құрамына кірген қазақ халқының тарихын ел аузындағы аңыз-әңгімелер арқылы тануға ұмтылды.

Зерттеу мақсаты – «Торғай» газетінде жарыққа шыққан қазақ аңыздарын талдау және талданған аңыздардың қазақ фольклортану ғылымында алатын орнын зерделеу.

Негізгі бағыты мен идеялары - «Торғай» газетінің 1895-1896 жылдары, яғни басылымның алғашқы жылдарында жарыққа шыққан аңыздардың тарихы мен жанрлық табиғатына талдау жүргізіп, олардың өзіне тән ерекшеліктерін анықтау.

Зерттеу міндеттеріне сәйкес жалпы ғылыми әдістер (салыстыру, талдау және синтез) және арнайы талдау әдістері (жанрлық талдау мен лексикалық талдау) әдістері қолданылды. Аңыз теориясы мен оның тақырыптық зерттелу деңгейін саралау мақсатында отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектеріне шолу жасалынды.

Зерттеу құндылығы – «Торғай» газетінде жарияланған аңыздық мәтіндердің басым көпшілігі жанрлық тұрғыда тарихи аңыздар мен топонимикалық аңыздар қатарынан орын алады. Бұл мәтіндер отарлаушы елге қазақ халқының тарихын және игерілетін жаңа жерлердің жер-су атауларын танып білуге қызмет жасады.

Практикалық маңызы - басылым бетінде жарияланған аңыздарға авторлық позиция тұрғысынан тақырыптық-идеялық талдау жүргізілді. Жазба дереккөз ретінде «Торғай» газетінің қазақ фольклор жанрының бірі аңыздарды жинақтау мен зерттеудегі орны айқындалды. Газет бетінде жарияланған фольклор үлгілері, соның ішінде аңыздар қазақтың тарихы мен этнографиясын, фольклорын, халықтың болмысы мен дүниетанымы жайында маңызды ақпараттар жинайды.

Негізгі нәтижелері мен қорытындылары – «Торғай» газетінен теріп алынған мәтіндер тарихи аңыздар мен топонимикалық аңыздар топтарына жіктелінді. Торғай газетінен 4 аңыз мәтіні, соның ішінде 2 тарихи аңыз бен 2 топонимикалық аңыз үлгілері және аңыздың құрылымы мен мазмұны талданған 1 мақала мәтіні қарастырылды. Сонымен қоса, аңыздарды жариялаушы яки жинақтаушы авторлардың есімдері жинақталды. Мақалада талданатын фольклорлық аңыз үлгілері – фольклортану ғылымы саласының дамуына үлес қосатын зерттеулердің бірі.
2026-09-30T00:00:00+06:00 Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2412 ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ФОЛЬКЛОРИЗМ: ҰҒЫМ, ТАРИХНАМА ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК ИГЕРУ МОДЕЛЬДЕРІ 2026-05-18T08:34:44+06:00 Обаева Г.С. gso72@mail.ru Султангалиева Ж.С. yamangozhayeva@iitu.edu.kz Танирбергенова Г.К. yamangozhayeva@iitu.edu.kz Мухан А.Ж. yamangozhayeva@iitu.edu.kz
Бұл мақалада қазіргі қазақ әдебиетіндегі фольклорлық дәстүрдің көркем мәтінде игерілу ерекшеліктері фольклоризм ұғымы аясында кешенді түрде қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – тәуелсіздік кезеңіндегі әдеби үдерісте фольклордың көркемдік қызметін айқындап, оны авторлық поэтикамен сабақтастыра талдау арқылы фольклорды шығармашылықпен игерудің негізгі модельдерін анықтау. Мақалада фольклоризм құбылысы тарихи-теориялық тұрғыдан зерделеніп, батыс, орыс және қазақ әдебиеттануындағы ғылыми тұжырымдар жүйеленеді.

Зерттеу барысында мәдени жад теориясы, архетиптік интерпретация және нарратологиялық талдау тәсілдеріне сүйенген кешенді әдіснама қолданылды. Осы әдіснамалық ұстанымдар негізінде көркем мәтіндегі фольклорлық мотивтер мен бейнелердің символдық қызметі, сондай-ақ халықтық баяндау поэтикасының авторлық нарратив жүйесіне бейімделу тетіктері сараланды.

Талдау нәтижесінде қазіргі қазақ прозасында фольклоризмнің екі негізгі көркемдік игеру моделі айқындалды. Біріншісі – архетиптік-символдық модель, онда фольклорлық дүниетаным мен мифологиялық кодтар көркем мәтіннің философиялық және бейнелік құрылымын қалыптастыратын ішкі өзекке айналады. Екіншісі – нарративтік-стильдік модель, мұнда фольклорлық дәстүр халықтық әңгімелеу интонациясы, тілдік-стильдік өрнек және тұрмыстық ситуациялар арқылы көркемдік сипат алады.

Зерттеу қорытындылары фольклоризмнің этнографиялық немесе дайын көркем материал ретінде ғана қолданылмай, қазіргі әдеби үдерісте ұлттық дүниетаным мен мәдени жадты бейнелеудің маңызды көркемдік тетігіне айналғанын дәлелдейді. Мақаланың ғылыми жаңалығы – қазіргі қазақ әдебиетіндегі фольклоризмді көпмодельді көркемдік құбылыс ретінде негіздеп, оның архетиптік-символдық және нарративтік-стильдік жүзеге асу жолдарын айқындауында. Алынған нәтижелер әдебиеттану курстарында, фольклор мен көркем әдебиет байланысын зерттеуде және қазіргі қазақ прозасының поэтикасын талдауда пайдалануға мүмкіндік береді.
2026-09-30T00:00:00+06:00 Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2414 ОТБАСЫ ҒҰРЫП ФОЛЬКЛОРЫНДАҒЫ СОМАТИКАЛЫҚ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР: СЕМАНТИКАСЫ МЕН ҒҰРЫПТЫҚ ҚЫЗМЕТІ 2026-05-28T08:44:07+06:00 Мұратқызы М. muratkyzymira434@gmail.com Алтыбаева А.Б. yamangozhayeva@iitu.edu.kz Акдаулетова Ж.А. yamangozhayeva@iitu.edu.kz
Зерттеу жұмысында қазақ отбасы ғұрып фольклорындағы соматикалық фразеологизмдердің семантикалық және функционалдық сипаты кешенді түрде қарастырылады. Зерттеу нысаны ретінде адамның дене мүшелеріне қатысты атауларға негізделген тұрақты тіркестердің әлпештеу фольклоры, үйлену ғұрып фольклоры және азалау ғұрып фольклорындағы қолданысы алынды. Отбасы ғұрып фольклоры адамның өмірлік жолын реттейтін дәстүрлі рәсімдермен тығыз байланысты болғандықтан, соматикалық фразеологизмдер мұнда жеке эмоцияны ғана емес, қауымдық санаға ортақ психологиялық күйді, әлеуметтік қатынастарды және тағдырлық түсініктерді бейнелейтін тілдік құрал ретінде көрінеді. Зерттеу барысында соматизмдердің (құлақ, бас, қабырға, жүрек, қол, көз, қабақ, маңдай) ғұрыптық контекске қарай сан түрлі семантикалық жүк арқалайтыны анықталды. Әлпештеу фольклорында жүрек пен көз соматизмдері өмірдің басталуына байланысты қуаныш, мейірім, алаңдаушылық сияқты бастапқы эмоциялық күйлерді білдірсе, үйлену ғұрпында қол, қабақ, құлақ, бас, маңдай соматизмдері әлеуметтік мәртебенің ауысуын, иерархияны, тәртіп пен жауапкершілікті бекітеді. Ал азалау ғұрып фольклорында көз, жүрек, қабырға, бас, маңдай соматизмдері қайғының терең психологиялық сипатын, тағдырдың қайтымсыздығын және рухани күйзелісті бейнелейді. Мақалада соматикалық фразеологизмдердің мағынасы ғұрыптық ситуацияға тәуелді түрде түрленіп, бір фразеологиялық бірліктің әртүрлі эмоциялық және символдық қызмет атқара алатыны дәлелденеді. Бұл құбылыс А. ван Геннеп ұсынған өтпелі ғұрыптар теориясымен сабақтастырыла отырып талданады. Соған сәйкес, соматикалық фразеологизмдер қазақ фольклорында өмірлік циклдің (туу – ер жету – өлу) шекаралық кезеңдерін белгілеуші семиотикалық тетік ретінде қызмет атқарады. Зерттеу нәтижелері соматикалық фразеологизмдердің қазақ отбасы ғұрып фольклорында ұлттық дүниетанымның маңызды тілдік репрезентанттары екенін айқындайды.
2026-09-30T00:00:00+06:00 Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2431 «LANGUAGE POETRY» ҮЛГІСІНДЕГІ ӘДЕБИ АУДАРМАДАҒЫ МӘДЕНИ ТРАНСФЕРДІҢ СЕМИОТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 2026-07-01T23:11:13+06:00 Джайлганова Д.А. damelya9999@gmail.com
Мақалада әдеби аударма мәдени трансфердің семиотикалық үдерісі ретінде қарастырылады, мұнда поэтикалық аудармада мәдени кодтардың қалайша түрленетініне ерекше назар аударылады. Осы тәсіл аясында аударма тек лингвистикалық процедура ретінде ғана емес, өзге семиосферада қызмет ететін қосалқы мәтінді жасау үдерісі ретінде түсіндіріледі. Ерекше назар аудармашының мәдени медиатор ретіндегі рөліне аударылады, ол қабылдаушы мәдениеттің нормалары мен күтулеріне сәйкес эмоционалдық, символдық және эстетикалық мағыналарды қайта жаңғыртады.

Әдіснамалық тұрғыдан зерттеу әдеби аудармадағы мәдени трансфер үдерістерін талдауға мүмкіндік беретін салыстырмалы-салғастырмалы мәтіндік талдауды, семиотикалық және құрылымдық талдауды, лингвомәдениеттанымдық әдістерді және герменевтикалық интерпретацияны біріктіретін пәнаралық сапалық тәсілге негізделеді. Талдау материалы ретінде «Language Poetry» мектебі аясында қарастырылатын Боб Перельманның «China» (1981) өлеңі мен оның В. В. Фещенко орындаған орысша аудармасы алынды. Зерттеуде сандық және космологиялық сілтемелерді, күнделікті прагматикалық формулаларды, технологиялық және урбанистік бейнелілікті, материалдық мәдениет элементтері мен саяси символиканы қоса алғанда, бірқатар семиотикалық кодтар айқындалады, сондай-ақ бұл кодтардың аудармада қалай сақталатыны, түрленетіні немесе қайта пайымдалатыны талданады.

Зерттеунәтижелеріпоэтикалықаударманыңмәдениқайтапайымдаудың күрделі үдерістерін қамтитынын көрсетеді: кейбір семиотикалық құрылымдар салыстырмалы түрде тұрақты болып қалса, ал басқалары аударылатын тілдің мәдени конвенцияларына сәйкес күшейтіледі немесе қайта құрылымдалады. Жұмыста аударма символдық реконструкцияның бір формасы әрі жаңа мәдени мағыналар қалыптасатын мәдениетаралық диалогтың кеңістігі ретінде қызмет атқарады деген қорытынды жасалады. Кеңірек тұрғыда алынған нәтижелер аударманы шығармашылық және интерпретативтік практика ретінде қарастыратын семиотикалық тәсілдің маңыздылығын айқындап, аударматану, поэтикалық мәтінді талдау және мәдениетаралық коммуникация салаларындағы заманауи ғылыми пікірталастарға үлес қосады.
2026-09-30T00:00:00+06:00 Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2457 ТҮРКІ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ «КӨК» ПЕН «ЖАСЫЛ» ТҮСТЕРІНІҢ ТІЛДІК РЕПРЕЗЕНТАЦИЯСЫ (ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ТІЛДЕРІ НЕГІЗІНДЕ) 2026-06-15T22:24:11+06:00 Буркитбаева Ш.Д. burkitbaeva.1975@mail.ru Токсейтова А.Е. yamangozhayeva@iitu.edu.kz Тогыс Ж.М. yamangozhayeva@iitu.edu.kz
Мақалада қазақ және түрік тілдеріндегі «көк» (kok) және «жасыл» (jasyl) түс концептілерінің лингвомәдени бейнеленуіне кешенді салыстырмалы талдау жасалған. Зерттеудің өзектілігі түркі халықтарының тарихи жадын, мифологиялық санасы мен рухани құндылықтарын бейнелейтін ұлттық мәдени кодтың базалық компоненті ретіндегі түс символикасын жүйелі түрде ашу қажеттілігімен айқындалады. Зерттеудің мақсаты – қазақ және түрік тілдеріндегі колоративті тілдік бірліктердің семантикалық, концептуалдық және этномәдени ерекшеліктерін салыстырмалы тұрғысынан, негізінен фразeологизмдер, мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестер материалдары негізінде анықтау. Зерттеудің әдіснамалық негізі ретінде қазақ және түрік лексикографиясы мен паремиологиясының мәліметтерін талдауға арналған салыстырмалы-аналитикалық, семантикалық, лингвомәдениеттанымдық, контекстік және этимологиялық әдістерді қамтитын жүйелі тәсіл қолданылды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, ортақ көне түркілік негізде – kok сөзі аспан мен өсімдіктердің реңктерін қатар қамтитын синкретті термин қызметін атқарғанымен – екі тілдің қазіргі функционалды-прагматикалық бағыттары айтарлықтай ажырап кеткен. Түрік дәстүрінде бұл концепт аспан әлемінің қасиеттілігімен байланысты жоғары метафоралық біртектілікті көрсетеді; бұл өріс қазіргі түрік тілінде бедел мен экологиялық сапаны білдіретін mavi лексикалық маркері арқылы белсенді түрде дамып келеді. Керісінше, қазақ паремиологиясы кеңірек полисемантикалық диапазонды байқатады, түс символикасы үш концептуалды өлшемге тең бөлінген: табиғи жаңару, жағымсыз психоэмоционалды белгілер (қырсықтық пен ашу-ыза) және тотемдік зооморфтық кодтар (Көк Бөрі). Қорытындылай келе, түс концептілері тілдік әлем бейнесін қалыптастыруда маңызды когнитивтік құрал ретінде қызмет ететіні дәлелденді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы түркі колоративтерінің ерекше ұлттық прагматикалық модельдерін айқындай отырып, тереңдетілген салыстырмалы сипаттама берілуінде, ал практикалық маңыздылығы нәтижелерді этнолингвистика, когнитивті лингвистика және мәдениетаралық коммуникация салаларында қолдану мүмкіндігімен анықталады.
2026-09-30T00:00:00+06:00 Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2472 АУДАРМА САПАСЫН БАҒАЛАУДЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ: ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ ӘЗІРЛЕУ ТӘЖІРИБЕСІНЕН 2026-08-12T20:19:36+06:00 Жумабекова А.К. aigzhum@mail.ru Шенгелбаева Н.Р. yamangozhayeva@iitu.edu.kz Мухитов А.З. yamangozhayeva@iitu.edu.kz
Қазақстанда соңғы жылдары аударма теориясы мен практикасы түрлі жанрдағы аударылатын әдебиеттер көлемінің айтарлықтай артуына байланысты дамудың жаңа кезеңіне қадам басты.  Осы тұрғыдан алар болсақ, негізінен қазақ тілінен тікелей шет тілдеріне, сондай-ақ шет тілдерінен қазақ тіліне  жасалатын аудармалар саны артып келеді. Өкінішке орай, аударылған мәтіндердің сапасы  оқырман қауым тарапынан қызу талқылана бермейді. Сондай-ақ  еліміздің жоғары оқу орындарында бірінші курстан бітіуші курсқа дейін аударма сапасын бағалауға қатысты жүйелі түрде жүргізілетін арнайы курстар қарастырылмаған.

Аталған мақалада авторлар аударма сапасын бағалауды оқытудың тәсілдерін қарастырып, оқу-әдістемелік  құралын әзірлеудегі өзіндік тәжірибесімен бөліседі.

Зерттеудің негізгі мақсаты – жоғары оқу орындары студенттерінде аударма сапасын бағалау дағдыларын қалыптастыру жолдарын айқындау.  Өйткені бұл дағдылар мен кәсіби машықтар болашақ аудармашылардың кәсіби құзыреттілігінің ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады.

Шетелдік және қазақстандық зерттеулерді талдау нәтижесінде аударма сапасын бағалаудың әртүрлі бағыттары мен қырлары анықталды; жүйелі әдіснамалық тәсіл стратегиясы әзірленді (жалпығылыми әдістер – талдау, синтез, жинақтау, сондай-ақ лингвистикалық, дидактикалық және аудармашылық зерттеу әдістері қолданылды). Осы негізде алғаш рет аударма сапасының нормативтік-бағалау санаттары сипатталды.

Зерттеу материалы ретінде «Ұлттық аударма бюросы» қорында жарық көрген  лингвистика саласы  бойынша үш түпнұсқа мен олардың аударма  нұсқаларының мәтіндері лингвистикалық тұрғыдан талданды. Мақалада аударма сапасын ішкі және сыртқы бағалау рәсімдері, аударма қателерінің типологиясы, аударма стратегиясын таңдау, сондай-ақ аударма алдындағы және одан кейінгі талдау үлгілері (модельдері) ұсынылған. Болашақ аудармашылардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың тиімділігін арттыруға арналған оқу-әдістемелік құралға енгізілген тапсырмалар мен жаттығулардың мысалдары келтірілген.

Ұсынылған әдістеме авторлар тарапынан оқу үдерісінде сынақтан өткізіліп, отандық аударма дидактикасының дамуына үлес қосып, өзінің тиімділігін көрсетті.
2026-09-30T00:00:00+06:00 Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2477 СИГНАЛ МӘНДІ ЗАТ ЕСІМДЕРДІҢ БАҚ ТІЛІНДЕГІ ДИСКУРСТЫҚ ҚЫЗМЕТІ: ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ КОРПУС ТАЛДАУЫ НЕГІЗІНДЕ 2026-05-28T08:29:19+06:00 Сарсеке Г.А. sarseke_ga@enu.kz Калиева С.Е. yamangozhayeva@iitu.edu.kz
Мақалада қазақ тіліндегі сигнал мәнді зат есімдердің бұқаралық ақпарат құралдары дискурсында қолданылу ерекшеліктері Қазақ тілінің академиялық корпусы деректері негізінде  талданды. Зерттеудің әдіснамалық негізі корпус лингвистикасы мен функционалдық-прагматикалық талдау ұстанымдарына сүйенеді. Зерттеу медиамәтіндерде жиі кездесетін сигнал мәнді зат есімдердің жиілік көрсеткіштерін, контекст аясында таралу ерекшеліктерін және дискурсты ұйымдастырудағы қызметін анықтауға бағытталды. Сигнал мәнді зат есімдер мәтін ішіндегі ақпараттық блоктарды байланыстырып, алдыңғы және кейінгі ойды сабақтастырушы тілдік тетік ретінде қарастырылды.

Зерттеудің негізгі мақсаты – медиадискурста белсенді қолданысқа ие сигнал мәнді зат есімдердің семантикалық, функционалдық және прагматикалық қырларын айқындау, сондай-ақ олардың мәтін құрылымын ұйымдастырудағы рөлін сипаттау.

Зерттеу барысында сигнал мәнді зат есімдердің жиілік көрсеткіштерін анықтау үшін сандық-корпус талдау, ал олардың семантикалық және дискурстық қызметтерін айқындау мақсатында сапалық контекстік талдау әдістері қолданылды.

Зерттеу нәтижесінде сигнал мәнді зат есімдердің медиамәтіндерде ақпаратты құрылымдау, мәтіннің тұтастығы мен байланыстылығын  қамтамасыз ету, тақырыптық өзек қалыптастыру, мағыналық акцентті күшейту және авторлық бағалауыштық ұстанымды білдіру қызметтері анықталды. Сонымен қатар олардың оқырман назарын бағыттау, аргументті күшейту және мәтіннің прагматикалық әсерін арттырудағы рөлі дәлелденді. Зерттеу барысында жиілік, контекстік қолданыс және жанрлық ерекшеліктер ескеріліп, медиадискурсқа тән тілдік үрдістер айқындалды.

Зерттеу нәтижелері қазақ тіл біліміндегі корпус лингвистикасы, функционалдық грамматика және медиалингвистика салалары үшін теориялық әрі практикалық маңызға ие. Зерттеу қорытындылары қазақ тілінің қазіргі қолданысындағы тілдік бірліктердің динамикасын сипаттауға және Қазақ тілінің академиялық корпус деректерін медиатіл зерттеулерінде тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
2026-09-30T00:00:00+06:00 Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2503 ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЭПОСТАРЫНДАҒЫ ТҮР-ТҮС ТОПОНИМДЕРІНІҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 2026-08-03T12:08:25+06:00 Кенбаева А.З. aliya.ulykpanova71@mail.ru Умарова Г.С. pan.abat@mail.ru Тукешова Н.М. ksaryarka@inbox.ru
Бұл мақалада түркі эпосының топонимдерінде кездесетін түс белгілеулерінің ұлттық және мәдени ерекшелігі қарастырылады. Фольклор топонимиясы халықтардың ежелгі мәдени мұрасын, идеологиялық сенімдерін және рухани құндылықтарын зерттеудің маңызды көзі болып табылады. Түс компоненттерін қамтитын топонимдерді талдау түстің символикалық қабылдауын және оның түркі халықтарының ұлттық және мәдени дүниетанымын қалыптастырудағы рөлін көрсетеді.

Бұл зерттеудің мақсаты – түркі халықтарының эпостарындағы түс компоненттерін талдау, олардың семантикалық ерекшеліктерін анықтау, түс белгілеулерін қолданудағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтау және олардың ортақ идеологиялық сенімдер мен рухани құндылықтарды көрсетудегі рөлін анықтау. Зерттеу әзірбайжан, якут, қырғыз және қазақ эпикалық фольклорының топонимиясындағы түс компоненттерін салыстыруға бағытталған. Зерттеуде тілдік бірліктердің семантикалық құрылымын анықтау үшін компоненттік талдау, колоронимдерді қолдану контексттерін зерттеудің үлестірімді әдісі және түркі тілдеріндегі колороним топонимдерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау үшін контрасттық және салыстырмалы-тарихи әдістер қолданылды. Фактілік материал түркі мифтері мен эпостарының үздіксіз үлгісін пайдаланып жиналды, содан кейін ежелгі түркі сөздігі мен заманауи онлайн сөздіктерді пайдалана отырып, олардың семантикасы мен этимологиясын талдау жүргізілді.

Зерттеуде колороним компоненті бар топонимдер әртүрлі географиялық атауларда: ойконимдерде, гидронимдерде, оронимдерде және жеке жағдайда дримонимдерде белсенді қолданылатыны анықталды. Түс белгілерін қолданудың символикалық сипаты ашылып, олардың жиілігі туралы сандық деректер келтірілген. Жүргізілген талдау түркі халықтарының мифтері мен эпостарындағы түске байланысты топонимдердің семантикасындағы айтарлықтай ұқсастықтарды анықтады, бұл тығыз тарихи, мәдени және тілдік байланыстарды және ортақ лингвомәдени кеңістіктің қалыптасуын көрсетеді. Бұл жұмыстың ғылыми маңыздылығы түркі тілдерінің лингвомәдени ерекшеліктерін түсінуімізді кеңейтуде және эпикалық мәтіндердің топонимиясындағы түс белгілерінің символизмін анықтауда жатыр. Бұл зерттеудің практикалық маңыздылығы оның нәтижелерін лингвистикада, фольклортануда, мәдениеттануда, салыстырмалы лингвистикада және түркі мифтерін салыстырмалы зерттеуде қолдану мүмкіндігінде жатыр. Бұл зерттеу нәтижелері түркі топонимикасы, лингвомәдениеттану және мифопоэтика салаларындағы зерттеулердің дамуына үлес қосады.
2026-09-30T00:00:00+06:00 Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2523 ГЕНДЕРЛІК ЛИНГВИСТИКА АУДАРМАТАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫ БАҒЫТЫ РЕТІНДЕ 2026-08-30T21:28:34+06:00 Садуакасова А.Б. aida_9464@list.ru Коныратбаева Ж.М. aida_9464@list.ru
Соңғы онжылдықтарда гендерлік лингвистика гуманитарлық ғылымдарды зерттеудің ең қарқынды дамып келе жатқан салаларының біріне айналып, қазіргі аударма зерттеулеріне айтарлықтай әсер етті. Тақырыптың өзектілігі тілдегі гендерлік мәселелерге көбірек назар аударудан, дәстүрлі нормативтік модельдерді қайта қараудан және аудармашының мәдени және әлеуметтік құндылықтарының делдалы ретіндегі рөлін қайта қарастырудан туындайды. Жаһандану және мәдениетаралық коммуникацияның кеңеюі жағдайында аударма тек мазмұнды беру үшін ғана емес, сонымен қатар гендерлік рөлдер, жеке бас және теңдік туралы қоғамдық түсініктерді

қалыптастыру құралы ретінде де қызмет етеді. Гендерлік бағытталған аударма талдауының әдіснамалық негіздерінің жеткіліксіз дамуы бұл зерттеудің ғылыми маңыздылығын анықтайды.

Бұл мақаланың мақсаты - гендерлік лингвистиканың теориялық және практикалық негіздерін аударма зерттеулерінің маңызды саласы ретінде анықтау және оның аударма стратегияларына әсерін сипаттау. Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттер ұсынылады: гендерлік лингвистикадағы негізгі ұғымдарды талдау; қазақ және ағылшын тілдеріндегі гендерлік өкілдіктің ерекшеліктерін қарастыру; гендерлік таңбаланған бірліктерді берумен байланысты аударма трансформацияларын анықтау; және аудармашының гендерлік мағынаны құрудағы рөлін бағалау.

Зерттеудің әдіснамалық негізі лингвистикалық талдауға, салыстырмалы және дискурстық талдауға және аудармаға сыни көзқарас элементтеріне негізделген. Материалда гендерлік мағыналардың берілуіндегі айырмашылықтарды көрсететін әдеби мәтіндердің мысалдары келтірілген.

Зерттеу гендерлік лингвистика аударманың жасырын идеологиялық және әлеуметтік-мәдени аспектілеріне назар аудару арқылы аударма зерттеулерінің дәстүрлі шеңберін айтарлықтай кеңейтетінін көрсетті. Аударма стратегияларын таңдау қабылдаушы мәдениеттегі гендерлік стереотиптердің қайталануына немесе трансформациясына әсер ететіні көрсетілген. Гендерлік талдауды аударма теориясы мен практикасына жүйелі түрде интеграциялау тіларалық қарым-қатынастың барабарлығын, этикасын және мәдени сезімталдығын қамтамасыз ету үшін өте маңызды деген қорытындыға келді.
2026-09-30T00:00:00+06:00 Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2558 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ РИТУАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ НОМИНАЦИЯЛАР НЕГІЗІНДЕ ЭРГОНИМДЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ 2026-09-02T10:10:48+06:00 Канафина З.Т. zarinakanafina100@gmail.com Шайбакова Д.Д. damina1shaibakova@gmail.com
Мақалада ритуалдық қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін ұйым атаулары негізінде Қазақстан эргонимдерінің құрылымдық-семантикалық сипаттамалары қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі қазіргі қалалық кеңістіктің тілдік, мәдени және әлеуметтік-коммуникативтік ерекшеліктерін бейнелейтін эргонимдік лексиканың жоғары динамикалығымен, сондай-ақ ритуалдық саладағы номинация мәселесінің жеткіліксіз зерттелуімен айқындалады.

Зерттеудің мақсаты ритуалдық қызмет көрсету саласындағы эргонимдердің құрылымдық-семантикалық ерекшеліктерін анықтау және оларды тілдік және тілден тыс факторларды ескере отырып жіктеу болып табылады. Негізгі назар атаулардың жасалу модельдерін, олардың тілдердегі көрінісін және мағыналық ұйымдасуын талдауға аударылады.

Зерттеудің ғылыми маңыздылығы қазіргі материал негізінде эргонимдердің формасы мен мағынасын кешенді тұрғыдан зерттеумен байланысты, бұл Қазақстанның ономастикалық кеңістігінің ерекшеліктерін нақтылауға мүмкіндік береді. Практикалық маңыздылығы зерттеу нәтижелерін әрі қарайғы ғылыми және білім беру тәжірибесінде, соның ішінде елдегі ономастикалық үдеріс пен тілдік жағдаятты мониторингілеуде пайдалану мүмкіндігімен айқындалады.

Әдіснамалық негізін сипаттамалық, салыстырмалы және статистикалық әдістер, сондай-ақ негізгі семантикалық компоненттерді бөліп көрсетуге мүмкіндік берген компоненттік талдау құрайды.

135 эргонимді талдау нәтижесінде біркомпонентті және орыс тіліндегі атаулардың басымдығы анықталды, сонымен қатар ұлттық (қазақ) неймингке басымдық беретін көптілді модельдердің бар екені байқалды. Негізгі семантикалық үрдістер айқындалды, атап айтқанда, «жарық – қараңғы» оппозициясының жүзеге асуы және символдық әрі мәдени тұрғыдан таңбаланған бейнелер арқылы эвфемизацияға ұмтылу байқалады. Жұмыстың құндылығы ритуалдық сала контекстінде қоғамдық сананың ерекшеліктері мен лингвокреативтілік белгілерін бейнелейтін номинация заңдылықтарын анықтауда, бұл ономастика мен социолингвомәдениеттанудың дамуына үлес қосады.
2026-09-30T00:00:00+06:00 Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2573 ЖИ ҚОЛДАУЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙДАҒЫ КӨПТІЛДІ УНИВЕРСИТЕТТІК АУДИТОРИЯЛАРДАҒЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ СӨЙЛЕУ ЕРКІНДІГІ МЕН КОГНИТИВТІК ТҰРАҚСЫЗДЫҚ 2026-08-03T11:57:07+06:00 Калибекова Г. К. kerimzhan_a@mail.ru Керимжанова А.С. Laura_29@mail.ru Шакиева А.М. shakiyeva.aida@mail.ru
Соңғы жылдары цифрлық мәтін генерациялау технологияларының жоғары білім беру кеңістігінде кең таралуы тек ақпарат іздеу тәсілдеріне ғана емес, көптілді аудиториялардағы академиялық өзара әрекет сипатына да ықпал ете бастады. алгоритмдік мәтін өндіру жүйелерінің көмегімен дайындалған жауаптар көбіне еркін, құрылымды әрі академиялық тұрғыдан сенімді болып көрінеді. Алайда олардың астарындағы концептуалдық тұтастық пен мазмұндық тұрақтылық барлық жағдайда бірдей сақтала бермейді. Осы қарама-қайшылық ұсынылып отырған зерттеудің негізгі себептерінің біріне айналды.

Ұсынылып отырғын мақалада көптілді университеттік аудиториялардағы спонтанды өзара әрекет барысында академиялық дискурстың сыртқы еркіндігі мен когнитивтік тұрақтылық арасындағы байланысты қарастыруға бағытталды. Жұмыс «Мәдениет және өнер» факультетінің бірінші курс студенттері арасында В1 деңгейіндегі ағылшын тілі сабақтары барысында жеті апта көлемінде жүргізілді. Зерттеуге қазақ,

орыс және түрікмен тілді академиялық топтар қатысты. Әдіснамалық негіз ретінде аудиториялық бақылау, дискурс талдауы және интеракциялық талдау қолданылды. ЖИ құралдарын пайдалануға тек сабақтың жаңа тақырыппен танысу және ақпарат іздеу кезеңінде ғана рұқсат берілді.

Аудиториялық бақылау нәтижелері автоматтандырылған тілдік құралдардың көмегімен жүргізілген алдын ала дайындық бастапқы жауаптардың құрылымдық ұйымдасуын күшейтіп, сөздік қорды қолдану сенімділігін арттырғанын көрсетті. Дегенмен түсіндіру, нақтылау және аргументативті талқылау спонтанды сипат ала бастаған сәттерде когнитивтік тұрақтылықтың біркелкі сақталмайтыны байқалды. Кідіріс белгілері, өзін-өзі түзету әрекеттері, үнсіз паузалар мен тілдер арасындағы ауысулар әсіресе дербес концептуалдық түсіндіру қажет болған жағдайда жиірек көрінді. Кейбір эпизодтарда тілдік ауысулар академиялық дискурстан ауытқу емес, керісінше, концептуалдық қысым жағдайында мағынаны сақтап қалуға мүмкіндік беретін уақытша когнитивтік тірек ретінде байқалды.

Бұл ғылыми ізденістің ғылыми жаңалығы генеративті платформалар арқылы қалыптасқан академиялық еркіндікті тек тілдік жетістік ретінде емес, спонтанды академиялық өзара әрекет кезінде когнитивтік тұрақсыздықты уақытша жасыра алатын құбылыс ретінде қайта қарастыруымен байланысты.
2026-09-30T00:00:00+06:00 Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2583 БРИТАНИЯЛЫҚ ОНЛАЙН ЖАҢАЛЫҚ МЕДИАДИСКУРСЫНДАҒЫ ШОКТЕЙМЕНТТІҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ПРАГМАТИКАЛЫҚ СТРАТЕГИЯЛАРЫ 2026-07-01T23:03:31+06:00 Федорова М.А. mariya.fedorova.phd@gmail.com
Мақала қазіргі британдық онлайн жаңалық медиадискурсындағы шоктейменттің лингвистикалық және прагматикалық стратегияларын зерттеуге арналған. Зерттеуде эмоциялық әсерді күшейтуге, аудиторияның қызығушылығын арттыруға және медианазарды күшейтуге бағытталған жаңалық оқиғаларының тілдік және дискурстық репрезентация тәсілдері қарастырылады. Мақаланың мақсаты – 2026 жылы жарияланған Wales Online, Daily Record және Belfast Live британдық аймақтық онлайн-басылымдарының 300 жаңалық материалы негізінде шоктейменттің лингвистикалық және прагматикалық механизмдерін анықтау және жүйелеу. Зерттеудің міндеттері – британдық аймақтық онлайн жаңалық дискурсындағы шоктейменттің негізгі лингвистикалық және прагматикалық стратегияларын айқындау, олардың қолданылу жиілігін анықтау, сондай-ақ аудиторияның оқиғаларды қабылдауы мен эмоциялық қатысуын қалыптастырудағы коммуникативтік және прагматикалық қызметтерін талдау болып табылады.
Аймақтық медиадискурсқа жүгіну шоктейментті зерттеулерде негізінен ұлттық баспасөзге басымдық берілуімен және аймақтық медиаэкожүйелердің жеткілікті деңгейде зерттелмеуімен түсіндіріледі. Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізін медиалингвистика, дискурс талдау және прагматика құрайды. Жұмыста медиамәтінді талдаудың лингвистикалық, когнитивті-дискурсивтік, контекстуалдық және лингвомәдени тәсілдері қолданылады. Ерекше назар эмоциялық бояуы бар лексикаға, бағалауыш номинацияларға, метафоризацияға, драматизацияға және аудиторияны тартудың прагматикалық стратегияларына аударылды.
Зерттеу нәтижелері шоктейменттің тұрақты лингвистикалық және прагматикалық стратегиялар жүйесі арқылы жүзеге асырылатынын көрсетті. Эмоциялық бояуы бар лексика негізгі ықпал ету құралдарының бірі болып табылады. Тақырыпаттар метафоралық құрылымдар мен бағалауыш тіл арқылы драматизацияны жүзеге асырады. Саяси оқиғалар көбінесе бейтарап ақпараттық баяндаудан алыстап, конфликтілік нарративтер ретінде ұсынылады. Прагматикалық деңгейде бұл стратегиялар аудиторияның эмоциялық қатысуын күшейтіп, бәсекелі цифрлық медиакеңістікте пайдаланушылардың өзара әрекетін ынталандырады. Талдау шоктейменттің негізгі құралдарын: эмоциялық бояуы бар тақырыпаттарды, экспрессивті лексиканы, риторикалық құрылымдарды, метафоралық модельдерді және конфликтілік фреймдеуді анықтайды.
2026-09-30T00:00:00+06:00 Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2603 ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ӨЛЕҢДЕРДЕГІ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНА ҚАТЫСТЫ СӨЗ ОРАЛЫМДАРЫНЫҢ ЖІКТЕЛУІ МЕН ТАЛДАНУЫ 2026-09-02T22:42:41+06:00 Юджел Д. babajan.anar@gmail.com Бабжанова А. dyucel58@gmail.com
Бұл зерттеуде түрік, қырғыз, қазақ, татар, әзербайжан, түрікмен және өзбек тілдеріндегі өлеңдер жинақтары, сөздіктер мен

ашық дереккөздер сараланып, түркі халықтары мен түркілік тақырыбына арналған өлеңдер жүйеленді. Әртүрлі тарихи кезеңдерде өмір сүрген және қазіргі заман ақындарының шығармаларынан іріктелген бұл өлеңдердің тек мадақтау мен дәріптеумен шектелмейтіні анықталды. Олар тарихи тұлғалар мен оқиғаларды, табиғи апаттарды, географиялық кеңістікті, әйел сұлулығын, сондай-ақ бірлік пен бауырластық сезімдерін қамтитын кең тақырыптық ауқымды қамтиды. Сонымен қатар, түркі халықтарының бір-бірі туралы да өлеңдер жазғаны және осы тақырыптағы жаңа туындылардың ең көп саны қазақ тілінде кездесетіні анықталды.

Зерттеудің мақсаты – әртүрлі түркі халықтарының әдебиеттерінде өз халқы, басқа түркі тайпалары және жалпы түркілік ұғымы туралы жазылған өлеңдерді анықтау, оларды тақырыптық ерекшеліктеріне қарай жіктеу және бұл тақырыптың өткеннен бүгінге дейін қалай көрініс тапқанын көрсету. Осы мақсатта құжаттарды талдау әдісі қолданылып, өлеңдер жинақтарындағы, сөздіктердегі және ашық дереккөздердегі жазбаша мәтіндер зерттелді. Жиналған өлеңдер белгілі бір жүйе мен ғылыми қағидалар негізінде топтастырылды. Сондай-ақ салыстырмалы аударма әдісі арқылы өзге түркі тілдеріндегі өлеңдер түрік тіліне аударылды. Зерттеу нәтижелері қарастырылған өлеңдердің тек өз халқын мадақтайтын біржақты шығармалар емес екенін көрсетті. Олардың мазмұны тарихи тұлғалар мен оқиғаларды, табиғи апаттарды, түркі әлемінің географиясын, түркі халқы мен әйелдерінің сұлулығын, сондай-ақ бірлік, ынтымақ және туыстық сезімдерін қамтитын кең тақырыптық әртүрлілікпен ерекшеленеді. Зерттеудің теориялық маңызы түркілік пен тайпалық тақырыптардың тек өткен кезеңдерге ғана тән емес екенін, олардың қазіргі ақындар шығармашылығында да жалғасын тауып отырған өзекті әрі динамикалық тақырып екенін дәлелдеуінде жатыр. Сонымен қатар, ұлттық және эпикалық поэзияның тек «өз халқын мадақтау» ұғымымен шектелмейтінін, табиғи апаттар, география және әйел сұлулығы сияқты тақырыптардың да ұлттық сезіммен астасып жатқанын көрсету арқылы ғылыми әдебиетке жаңа көзқарас ұсынады. Бұдан бөлек, зерттеу түркі халықтарының өзара әдеби байланыста болып, бір-бірі туралы өлеңдер жазу арқылы мәдени және әдеби ықпалдастық орнатқанын айқындайды. Практикалық тұрғыдан алғанда, әртүрлі түркі тілдерінен жинақталып,түрік тіліне аударылған бұл өлеңдер мәдени көпір қызметін атқарады. Өзге түркі тілдеріндегі әдеби мұраны түрік тіліне аудару олардың Түркиядағы оқырмандар мен зерттеушілер тарапынан тікелей қабылдануы мен түсінілуін жеңілдетеді. Сонымен қатар, зерттеу қазіргі таңда бұл тақырыпқа ерекше назар аударып отырған халықтың қазақтар екенін, яғни жаңа өлеңдердің ең көп бөлігі қазақ тілінде жазылғанын нақты дерек ретінде көрсетеді.
2026-09-30T00:00:00+06:00 Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2611 ӨЗЕКТІ ФИЛОЛОГИЯЛЫҚ ПАРАДИГМАЛАР МЕН ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРДЫ ДЕКОНСТРУКЦИЯЛАУ ТӘЖІРИБЕСІ 2026-08-25T09:37:55+06:00 Гиздатов Г.Г. gizdatovgazinur@gmail.com
Мақалада соңғы жылдардағы гуманитарлық зерттеулердің негізін айқындайтын өзекті филологиялық парадигмалар мен тұжырымдамалар ұсынылған. Мақаланың мақсаты — Еуропадағы жетекші филологиялық білім парадигмаларының тенденцияларын көрсету. Олардың кейбір қазақстандық ғылыми жұмыстарға тигізген әсерін анықтау. Ғылыми зерттеудің негізгі бағыттары үш парадигмаға сараптамалық шолу жасауды қамтиды. Олар: Алейда Ассманның мәдени жады тұжырымдамасы, Рут Водактың сыни дискурс-талдауы (КДА) және Юрий Мурашовтың медиалогиялық зерттеулері. Жұмыстың ғылыми маңыздылығы өзекті филологиялық парадигмаларды қазақстандық зерттеу тәжірибесімен байланыстыра отырып деконструкциялауда жатыр. Осы материалды отандық ғылыми дискурсқа енгізу көзделген. Мақаланың практикалық маңыздылығы магистратура мен докторантурадағы теориялық лингвистикалық және әдебиеттану курстарының әдістемелік негіздері үшін маңызды. Зерттеу әдістемесі қазіргі еуропалық ғылыми дискурстағы бағыттардың тұжырымдамалық ережелері мен проблемалық тұстарын анықтауға негізделген. Мақаланың негізгі нәтижелері өзекті филологиялық тұжырымдамалардың нақты идеяларын айқындауға саяды. Сондай-ақ оларды қазақстандық диссертациялық зерттеулерге енгізу қажеттілігі негізделген. Осы жұмыста алынған қорытындылар Тіл және әдебиет білім беру бағдарламасы бойынша іргелі және қолданбалы жұмыстар үшін маңызды. Сонымен қатар авторлық филологиялық, мәдениеттанушылық және әлеуметтанушылық зерттеулер үшін маңызы зор.
2026-09-30T00:00:00+06:00 Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы