«Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы
https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1

«Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы»

Мерзімді басылымдар мен ақпараттық агенттіктерді тіркеу туралы куәлік: № 15194-Ж, 10.04.2015 ж.

Жазылым индексі – 76187

Журнал ISSN орталығында тіркелген:

ISSN 2411-8745 Print

ISSN 2709-9245 Online

DOI 10.48371/PHILS

Мерзімділігі: жылына 4 рет

Негізгі тақырыптық бағыты: шет тілдері, шет тілдерін оқыту әдістемесі, филология, лингвистика, мәдениетаралық қарым-қатынас, когнитивті зерттеу

журнал туралы толығырақ
АО «Казахский университет международных отношений и мировых языков им.Абылай хана»kz-KZ«Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы2411-8745АҒЫЛШЫН, ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫН АУДАРУДЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУЫ
https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2026

Жаһандану және жаңа технология заманында аударма түрлі елдердің арасындағы байланыс пен өзара ықпалдастықтың ең маңызды құралдарының біріне айналды. Бұл әсіресе экология сияқты ғылыми салаларда өзекті, себебі мұнда арнайы терминологияны дәл әрі нақты жеткізу өте маңызды. Зерттеудің мақсаты – экологиялық терминологияны аудару кезінде лексикалық, стильдік және концептуалды аспектілерді ескере отырып, аударма кезіндегі қиыншылықтарды анықтау. Сондай-ақ, экологиялық терминологияның ғылыми-ақпараттық жанрларда экологиялық терминологияның қалыптасуына әсер ететін экстралингвистикалық факторларды анықтауда, құрылымдық семантикалық талдау мен пәнаралық байланыстарды анықтауда тіл білімінің дамуына үлес қосатыны дәлелденді.

Бұл жұмыста лингвистикалық, мәдени және прагматикалық факторлардың аударма үдерісіне әсері Э. Найда, К. Норд, Х. Вермеер сынды ғалымдардың теорияларына сүйене отырып, көрсетілген. Зерттеуде контент-талдау, салыстырмалы талдау, лингвистикалық талдау сияқты әдістемелік тәсілдер қолданылды. Бұл жұмыста аударманың функционалдық және прагматикалық аспектілері, сондай-ақ мәдени бейімделу ерекше атап өтілді.

Талдау барысында экология саласындағы көптеген терминдердің интернационализм қатарына кіретінін ашып көрсетіп, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде бірдей қолданылатыны анықталды. Бұл терминдер көбінесе грек, латын, француз және неміс тілдерінен енген және графика әрі мағыналары жағынан бір-біріне ұқсас деп атап өтілген. Сонымен қатар, ғылыми ұғымдарды жеткізуде толық және жартылай калькалау мысалдары қарастырылды. Экологиялық терминологияны дұрыс аудару тек тілдік дәлдікті ғана емес, сонымен қатар мәдени контексті, коммуникация мақсатын және мақсатты аудиторияның ерекшеліктерін ескеруді талап ететіні анықталды. Аталмыш жұмыстың теориялық маңыздылығы аударма үдерісінің тіларалық әрі мәдениетаралық күрделілігін терең түсінумен айқындалады. Практикалық маңыздылығы – алынған мәліметтерді сөздіктер мен оқу құралдарын дайындауда, сондай-ақ Қазақстандағы көптілді кеңістікте аудармашыларды дайындауда оқу-әдістемелік құрал қолдануға болады.
Куанышбаева А.Н. Алдабергенова А.А.
Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы
2026-07-012026-07-0181210.48371/PHILS.2026.2.81.035ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ТІЛДЕРІНДЕГІ ҚАЗІРГІ АРАБИЗМДЕРДІҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ МЕН ҚОЛДАНЫС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2135

Қазіргі түркі тілдерінде жаңа діни атауларға қатысты мәселе өзекті, зерттеуді қажет ететін тақырыптардың бірі. Себебі жаңа діни атаулардың тілімізде қолданыс аясы күннен күнге қарқынды түрде дамып келеді және олар төл сөздерімізді тілдік қолданыстан ығыстырып шығаруда. Бұл зерттеудің мақсаты – қазақ және түрік тілдеріндегі жаңа діни атаулардың пайда болуы мен таралу себептерін анықтау, олардың мағыналық және функционалдық ерекшеліктерін талдау. Мақалада қазіргі қазақ және түрік тілдерінде актив қолданыста жүрген діни атаулар талданады. Діни атаулардың қарқынды түрде аталған тілдерде қолданысқа ену себептері сауалнама алынуы арқылы анықталады. Мақаланың зерттеу нысаны – қазақ және түрік тілдеріндегі жаңа діни атаулар – сауалнамаға қатысқан респонденттер жауабының негізінде жинақталды, ал олардың мағыналарына талдау жасауда Р.С.Мухитдиновтың «Діни терминдер сөздігі» қолданылды. Жаңа діни атауларды зерттеу барысында тілімізге ерте кезеңде енген қазақ және түрік тілдеріндегі діни атаулармен қазіргі жаңа діни атаулар салыстырмалы тұрғыда қарастырылып, айырмашылықтары нақты дәлелдермен айқындалды. Аталған тілдердігі жаңа діни атаулардың тілдік қолданысқа белсенді ену себебі еліміздегі ислам дінінің ықпалымен тікелей байланысты деген тұжырым жасауға болады. Бұл осы мақсатта жүргізілген сауалнама нәтижелерінен анық байқалды. Зерттеу барысында ғалымдардың еңбектеріне шолу жасалып, практикалық материалдармен байланыстырылды. Қазақ және түрік тілдерінде жаңа діни атаулардың қалыптасуына қатысты факторлар жан-жақты зерттелді, тұжырымдар жасалды. Талдау негізінде жаңа терминдердің негізгі лексикалық-семантикалық ерекшеліктері айқындалады. Алдағы уақытта басқа түркі тілдеріндегі діни лексикаға салыстырмалы түрде кеңірек талдау жүргізіп, оның жастар сленгіне және медиа дискурсқа әсерін зерттеу ұсынылады.
Карагулова Б.С.Қайрат А.Мухтарова С.С.
Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы
2026-07-012026-07-0181210.48371/PHILS.2026.2.81.014ТІЛДІ МОДЕЛДЕУ: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ПЕН ТАБИҒИ ТІЛДІҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕР
https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2179

Цифрлану дәуірі әлемге үлкен өзгерістер әкелді. Бұл ғылым саласының дамуында елеулі екені белгілі. Лингвистика саласында да цифрландыру үдерісінің әкелген жаңалығы мол және ықпалы зор. Цифрландырудың жемісі саналатын жасанды интеллекті әлемнің, ғылымның үлкен жаңалығы ретінде танылып, бұл технологиялар жиынтығын қолдану адам өмірінің тиімділігін арттыруға бағытталды. Жасанды интеллект ұсынған мәтіндердің лингвистикалық өзгешеліктерінің түрлі тетіктерін ашу, адам интеллектісі мен жасанды интеллектінің жазу мен сөйлеудегі ерекшеліктерін жүйелеу тіл ғылымы үшін өзекті. Жасанды интеллект дайындаған мәтіндерге ғылыми филологиялық зерттеулер мен сараптама жасау ұлттық тіл үшін өте маңызды. Адам тілі мен жасанды интеллект тілінің құрылымында едәуір айырмашылықтар бар. Жасанды интеллектінің күнделікті өмірге, коммуникацияға тез ену үдерісі тілге де елеулі өзгерістер әкеліп жатыр. Зерттеуіміздің басты мақсаты: Тілдің моделдену сипаты мен құрылымдық айырмашылықтарды тану, семантикалық мағынаның өзгерістерін ашу.

Бұл мақалада нейрожелілердің және тілдің даму кезеңдері, өзгеруі зерделенеді. СhatGPT дайындаған мәтіндер мен табиғи тілде жасалған мәтіндердің айырмашылықтары, ерекшеліктері сараланады. Жасанды интеллектінің семантикалық мәнді түсіну қабілеті мен морфологиялық құрылымдарды тани алу мүмкіндігі айқындалады.

Зерттеу барысында тіл эволюциясына қатысты, машиналық оқытуға байланысты теориялық тұжырымдар негізге алынды. Мақаланың әдіснамалық бөлімінде ғылыми пайымдаулар, салыстырулар, модельдеу, талдау әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижесінде семантикалық мағынаны мысалдар арқылы талдап, тілді моделдеудің шектеулері мен қиындықтары анықталып, нейрожелілерді моделдеудегі этикалық қарама-қайшылықтардың себептері нақтыланды.

Зерттеуіміздің құндылығы ЖИ тілін зерттеп қана қоймай, ұлттық тіліміздің бояуын, ерекшелігін сақтауды цифрландыру үдерісінде басшылыққа алуды негіздедік. Жұмыстың практикалық маңыздылығы мақаланы жоғары оқу орындарында оқытылатын «Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы», «Қазіргі қазақ тілі морфологиясы» пәндеріне материал ретінде қолдануға болады.
Шенгелбай М.К.Алкебаева Д.А.
Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы
2026-07-012026-07-0181210.48371/PHILS.2026.2.81.032ҒЫЛЫМИ ФАНТАСТИКА ӘЛЕУМЕТТІК-ТАРИХИ КОНТЕКСТТЕ: РОБОТ КОНЦЕПТТІҢ ТРАНСФОРМАЦИЯ АЛАҢЫ
https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2193

Мақалада ХХ–ХХІ ғасырлардағы ғылыми-фантастикалық әдебиеттегі РОБОТ концептісінің эволюциясы қарастырылады. Зерттеу К. Чапектің R.U.R. (1921), А. Азимовтың I, Robot (1950) және К. Исигуроның Klara and the Sun (2021) туындылары негізінде жүргізілді. Бұл шығармалар робот концептінің әртүрлі кезеңдерін бейнелейді: Чапекте робот – еңбектің механикалануының, жаттануының және көтеріліс қаупінің символы; Азимовта – рационалды, этикалық бағдарламаланған көмекші; Исигурода – эмоциялық серік, ол шынайылық, эмоциялық алмастыру және қоғамның дегуманизациясы сияқты мәселелерді қозғайды.

Зерттеуде тематикалық талдау, салыстырмалы әдеби талдау, жанрлық талдау және интерпретациялық әдістер қолданылды. Бұл тәсілдер қайталанатын тақырыптарды, нарративтік стратегияларды және авторлық ұстанымдарды анықтауға мүмкіндік береді, олар РОБОТ концептінің әдеби бейнесін қалыптастырады. Нәтижелер көрсеткендей, әр кезең алдыңғы кезеңнің кейбір мәселелерін шешкенімен, адамның болмысы, автономиясы және адам мен технология арасындағы шекаралар сияқты жаңа, жиі философиялық сипаттағы қиындықтарды тудырады. Ғылыми фантастика адам мен технологияның өзара байланысын зерттейтін мәдени зертхана ретінде көрініп, РОБОТ концепті әр дәуірдің құндылықтары мен алаңдаушылықтарын бейнелейтін динамикалық конструкт болып қала береді.

Теориялық тұрғыдан алғанда, бұл зерттеу когнитивтік лингвистикаға, әдебиеттануға және мәдени дискурс талдауға үлес қосады, өйткені онда РОБОТ концепті тарихи контекст, нарративтік фрейминг және авторлық интерпретация арқылы қалыптасатын динамикалық когнитивтік категория ретінде көрсетіледі. Бұл әдебиеттегі концепт эволюциясын кеңірек мәдени парадигмалардың көрінісі ретінде түсінуді кеңейтеді.
Муратқызы А.Жумагулова Б.С.
Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы
2026-07-012026-07-0181210.48371/PHILS.2026.2.81.017ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ «ӘКЕ» КОНЦЕПТІСІ: КОНТЕНТ ТАЛДАУ (М.ӘУЕЗОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ НЕГІЗІНДЕ)
https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2239

Мақала қазақ прозасындағы «әке» концептісін контент талдау тұрғысында зерттеуге арналған. Зерттеудің мақсаты қазақ прозасындағы «әке» концептісін талдау арқылы ұлттық дүниетаным көріністері мен авторлық концептосфераны анықтау. Гиперконцепт ретінде «әке» концептісінің қазақ прозасында сомдалуы статистикалық тұрғыда нақтылауды қажет етеді. Контент талдау әдісі зерттеу нысаны ретінде алынып отырған М.Әуезов шығармашылығындағы «әке» концептісінің семантикалық, символдық аспектілерін анықтауға мүмкіндік береді. Қаламгердің поэтикалық әлем бейнесінде концептілерді айқындаудың маңызы зор. Автордың поэтикалық әлем бейнесін концептілер құрайды. Осыған сәйкес М.Әуезов шығармасындағы «әке» концептісі контент талдау әдісімен талданып, гиперконцепт ретінде қарастырылды. Гиперконцепт – ментальды құрылымдағы бірнеше концептілердің жүйесі. Зерттеу барысында «әке» гиперконцептісіндегі концептілер жүйесі анықталды. Контент талдау нәтижесінде «әке» концептісінің негізгі категориялары айқындалып, нәтижесі берілді. Мақалада «әке» концептісінің қазақы дүниетанымдағы көрінісі мен автордың поэтикалық әлем бейнесіндегі көрінісі салыстырылды. Автордың поэтикалық әлем бейнесі көркем мәтіннің когнитивті табиғатын анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге суреткерлік шеберлігі мен танымдық әрекеті көркем мәтінде көрініс табатындықтан поэтикалық әлем бейнесі мәтіндегі концептілерді тану нәтижесінде анықталады. Осылайша М.Әуезов шығармашылығындағы «әке» концептісі қаламгердің авторлық рефлексиясы мен суреткерлік шеберлігінің ұлттық дүниетаныммен үйлесімінде танылады. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей «әке» концептісі ұлттық дүниетанымның маңызды бірлігі және авторлық дүниетанымның нәтижесі.

Зерттеудің практикалық маңызы алынған нәтижелердің когнитивті әдебиеттану, қазіргі қазақ прозасы салаларында пайда болуында. Зерттеу нәтижелері «әке» концептісін контент талдау призмасында анықтауға, талдауға және автордың поэтикалық әлем бейнесінде айқындауға мүмкіндік береді.
Толеуконыр Ж.К.
Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы
2026-07-012026-07-0181210.48371/PHILS.2026.2.81.028Т.ӘСЕМҚҰЛОВТЫҢ «АТАЙЫ» ӘҢГІМЕСІНДЕГІ ФАНТАСМАГОРИЯ ЖӘНЕ АВТОР ПОЗИЦИЯСЫНЫҢ ДЕКОНСТРУКЦИЯСЫ
https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2297

Мақалада постмодернистік әдебиеттану аясында берілетін фантасмагориялық, интермәтінділік, «автор өлімі» әдістердің қолданылуы сөз болады. Алдымен психологиялық, әдебиеттану тұрғысынан теориялық негіздемесі қарастырылып, «бірегейлік», «ұлттық сана», «халықтық таным» түсініктері зерделенеді. Осы мақсатта қазіргі қазақ әдебиетіндегі аталған бағытты берік ұстанған жазушы Т.Әсемқұловтің «Атайы» әңгімесі зерттеу нысанына алынып, оның «аллегориялық әңгіме» жанрында жазылған шығармасы кеңінен талданады. Әдебиеттану тұрғысынан салыстырмалы-тарихи, символдық-архетиптік, интермәтінділік, концептуалдық, герменевтикалық талдаулар негізінде контенттік, сапалық-сандық зерттеулер жүргізіледі. Мақаладағы жанрлық трансформация, абсурдтық идея, авторлық концепция мен симуляция, «автор өлімі» ұғымдарына семиотикалық бағытта түсінік беріледі. Әңгімедегі постирония, архетип, мифореставрация, мифтік таным, аллегориялық тәсіл, этиологиялық нышан постмодерннің басты талабы ретінде алына отырып, неоромантикалық, неофантастикалық бағыттағы утопиялық мәніне сәйкес келетін идея талқыланады және ұлттық код тұрғысынан қарастырылады.

Әдебиеттегі аллегория жанры – жануарлар жайын ғана емес, жалпыадамзаттық мәселелерді астыртын жеткізудің тәсілі. Осыған сәйкес аллегориялық әңгіме жанры мақаланың теориялық және практикалық маңызын көрсетеді. Зерттеу ғылыми маңызы – қазіргі қазақ прозасындағы аллегориялық әңгіме жанрының жалпыадамзаттық, ұлттық тақырыптарды айқындалуымен байланысты. Зерттеудің практикалық маңызы – алынған нәтижелерді қазіргі қазақ әдебиеті, қазіргі қазақ прозасы туралы курстарда, ХХІ ғасырдағы әдеби үдерісті талдау мен оқытуда қолдануға арналған. Адамзаттың болмысын сатиралау фантасмагория әдісі арқылы жүзеге асқан «Атайы» әңгімесі – бірнеше құрылымда, бағытта, сипатта анықталатын аллегориялық әңгіме. Бұл мақала қазіргі қазақ әдебиеті, қазіргі қазақ прозасы саласында айтулы үлесін қосып, бүгінгі әдеби тенденциядағы құбылыстар, терминдер туралы түсініктерімізді кеңейтеді.
Абдуллина А.Б.
Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы
2026-07-012026-07-0181210.48371/PHILS.2026.2.81.041ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ӘРЕКЕТТІҢ АЯҚТАЛУ АСПЕКТУАЛДІЛІГІ КАТЕГОРИЯСЫН КОГНИТИВТІ-ДИСКУРСТЫҚ ТАЛДАУ
https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2315

Бұл мақалада қазақ тіліндегі әрекеттің аяқталуын білдіретін -ып таста / -ып қал / -ып сал / -ып біт аналитикалық форманттарының қызметі когнитивті-дискурстық тұрғыда талданады. Әрекеттің аяқталу аспектуалділік категориясы сөйлеушінің таным әрекетімен, коммуникативтік жағдаятпен және сол жағдаяттың дискурстағы тілдік көрінісімен жүйелі байланыста жүзеге асатын күрделі концепт ретінде қарастырылады.

Зерттеудің мақсаты – әрекеттің аяқталу аспектуалділігі концептісін жеткізетін аналитикалық форманттардың семантикалық ерекшеліктерін айқындау.

Зерттеу міндеттеріне қазақ тіліндегі аспектуалділік категориясын сипаттайтын ғылыми теорияларды талдау; әрекеттің аяқталуы аспектуалділігін бейнелейтін аналитикалық форманттардың семантикалық айырмашылықтарын когнитивті-дискурстық талдау негізінде жіктеу енеді.

Зерттеуде фреймдік-семантикалық, дискурстық талдау, сипаттау, компонентті талдау әдістері қолданылды. Зерттеудің ғылыми-практикалық маңызы қазақ тіл білімінде когнитивті грамматиканы дамытудан, қазақ тілін оқытудың лингводидактикасын жаңа тілдік мәліметтермен толықтыруынан көрінеді. Аналитикалық форманттар қызметі синтаксистік тұтастықта алынып, әрекеттің аяқталу аспектуалділігі концептуалды құрылымы субъект, әрекет, уақыт, орын, себеп, психологиялық қалып, мақсат және оқиға динамикасы сынды фреймдерге жіктелді. Әр аналитикалық форманттың тілдік қолданысына фреймдік-семантикалық, дискурстық талдау жасалды.

Зерттеудің негізгі нәтижелері мен қорытындылары: әрекеттің аяқталу аспектуалділігінің әртүрлі сипатын анықтайтын фактор – дискурс екені нақтыланды. Зерттеу нәтижесі оқиғалар арасындағы себеп-салдарлық байланыстар, субъектінің эмоциялық-психологиялық күйі, оның бағалауы, оқиғаның даму қарқыны формант түрін, оның мағыналық ерекшелігін сипаттайтын маңызды факторлар екенін айқындады. Әрекеттің аяқталу, үзілу, кенет жүзеге асу немесе әрекеттің толық бітпеуі тәрізді аспектуалді реңктердің семантикалық құрылымына фреймдік талдау жасалды.

Зерттеу құндылығы: когнитивті-дискурстық талдау қазақ тіліндегі әрекеттің аяқталу аспектуалділігінің күрделі концептуалдық табиғатын, оның дискурстық және когнитивтік негіздерін тереңірек ашуға мүмкіндік береді.

Зерттеудің практикалық маңызы қазақ тіл білімінде аспектуалділік категориясы туралы қалыптасқан түсінікті функционалды-семантикалық, когнитивті-прагматикалық тұрғыдан кеңейтеді. Когнитивті-дискурстық талдау әдісін қолдану тәжірибесі қазақ тіл білімінің теориялық әдіснамасын байытады.
Ерназарова З. Ш. Ерназарова Г. Ш.
Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы
2026-07-012026-07-0181210.48371/PHILS.2026.2.81.008СТУДЕНТТЕРДІ ТІЛДІК ОҚЫТУДАҒЫ МӘДЕНИ ЭМПАТИЯ: АНА ТІЛІНЕН ЖАҺАНДЫҚ ТІЛДЕСІМГЕ
https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2325

Жаһандану жағдайында тілдік оқыту грамматика мен лексика туралы білім беру шеңберінен шығып, жаңа функцияларды да орындауға көшеді. Бұл тұрғыда мәдени эмпатияның маңызы – дүниетанымдық мағыналарды тасымалдаушы тіл арқылы өзге мәдениеттің құндылықтарын қабылдау және түсіну қабілеттері артады. Қазақстанның полиэтникалық қоғамы үшін аталмыш мәселе үлкен өзектілікке ие, өйткені тілдік оқыту мәдениетаралық қатысымға қатысты міндеттермен қатар, этномәдени бірегейлікті сақтауды да қамтиды. Зерттеудің мақсаты – ана тілінен жаһандық тілдесімге көшу құралы ретінде орыс тілін оқыту үдерісіндегі Қазақстан Республикасы ЖОО студенттерінде мәдени эмпатияны қалыптастыру ерекшеліктерін анықтау. Аталмыш мақсат мынадай міндеттерді шешуді көздейді: «мәдени эмпатия» ұғымына анықтама беру; қазақ мәдениетіндегі «қандас» («қан бойынша отандас») деген нақты концептке қатысты осындай зерттеулер жүргізілмегенін айқындай отырып, мәдени эмпатия теориясына қатысты негізгі концепцияларды анықтау; қазақстандық жоғары білім беру жағдайындағы мәдениетаралық қатысым құралы ретінде орыс тілін оқыту үдерісіндегі мәдени эмпатияның рөлін айқындау; білім алушылардың мәдени бірегейлігін қалыптастыруда осы термин қандай рөл атқаратынын талдау. Көзделген міндеттер зерттеу аясын кеңейте түседі, өйткені лингвистикалық мәселе шеңберінен шығып, «педагогикалық міндетке» ұласады. Себебі мәдени эмпатия ұғымын сипаттаумен шектелмей, оны білім беру практикасына, атап айтқанда, техникалық ЖОО студенттерін оқыту практикасына қалай енгізуге болатыны жайлы сөз қозғалады. Бұл ретте зерттеу нысаны – студенттер, ал мәдени эмпатия педагогикалық ресурс ретінде қарастырылады. Зерттеу лингводидактика, мәдениеттану және әлеуметтік лингвистика салаларын қамтитын болғандықтан пәнаралық сипатқа ие. Өйткені, интеграцияның әдістемелік қағидаттары мен шарттары лингводидактика саласында, өзге адамның мәдени кодтарды түсінуі мен эмпатиялық қабылдауы мәдениеттану саласында, эмпатияны талап ететін тілдік жағдаят пен қостілділік/көптілік контекст әлеуметтік лингвистика саласында қарастырылады. Мәдени эмпатия когнитивтік қана емес, сонымен қатар мәдениетаралық іс-қимыл үйлесімін қамтамасыз ететін құндылықтық-эмоционалдық механизм екені анықталды. «Қандас» концепті арқылы этникалық туыстық және мәдени бірлік идеясы көрініс табады. Бұл терминді оқу үдерісіне енгізу студенттерде мәдениетаралық жанашырлық дағдыларын қалыптастыруға, ана тіліне деген құрметті дамытуға және жаһандық деңгейде диалог құруға дайындық жасауға ықпал етеді.
Нұрахынова А.С. Баяндина С.Ж. Чернозёмова Е.Н.
Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы
2026-07-012026-07-0181210.48371/PHILS.2026.2.81.020БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫНДАҒЫ АУДАРМА САПАСЫН БАҒАЛАУ
https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2338

Бұл зерттеу ресми баспасөз мәслихаттарындағы, жергілікті және шетелдік БАҚ арқылы ақпарат тарату үшін өте маңызды коммуникативті жағдаят барысындағы ілеспе аударманың сапасын бағалауға арналған. Зерттеудің мақсаты - баспасөз мәслихаттары контекстінде ілеспе аударманы бағалаудың ұсынылған Ву моделінің қолданылуын анықтау және оның сапасына әсер ететін факторларды талдау. Қазақстандағы президенттік баспасөз мәслихаттарының лингвистикалық және дискурсивті ерекшеліктерін анықтау үшін Фэрклоның 3D дискурс-анализі қолданылады. Зерттеудің эксперименттік бөлігіне арналған деректерді алу үшін әртүрлі дереккөздердегі аударма тіліндегі мәтіннің салыстырмалы талдауы қолданылады. Зерттеу эксперименті зерттеуге қатысушылардың бағалау парақтарынан жиналған деректерді талдауға негізделген. Нәтижелер аудармашының негізгі қабілеттері мен аудиторияның қабылдауы арасындағы сәйкессіздіктерді, сондай-ақ есту қабылдау диапазоны мен тілдердің синтаксистік айырмашылықтары әсер ететін аудару жылдамдығындағы мәселелерді көрсетеді. Зерттеу аудармашылардың сапасын бағалаудың жоқтығы бағалау критерийлерінің стандарттарын әзірлеу қажеттігін көрсетеді. Зерттеудің құндылығы аударма теориясы мен практикасы арасындағы алшақтықты жоюға үлес қосады. Практикалық маңыздылығы жоғары қысым жағдайлардағы негізгі проблемаларды көрсету арқылы жоғары сапалы аударманы қамтамасыз ету үшін кәсіби стандарттардың қажеттілігін атап өтумен анықталады.
Жумалиева Ж.К.Ислам А.И.
Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы
2026-07-012026-07-0181210.48371/PHILS.2026.2.81.038ГЕНДЕРЛІК ДИСКУРСТЫҢ TED TALKS БАЯНДАМАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ ЗЕРТТЕЛУІ
https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2347

Гендерлік лингвистика қазіргі тіл ғылымының маңызды бағыттарының бірі ретінде қалыптасып отыр, әрі оның зерттеулері дерлік барлық қазіргі жазба тілдерге негізделеді. Қазіргі таңда тіл және гендер мәселелерін зерттеу дискурсты тереңірек талдауға негізделген кешенді бағытқа айналды. Мақалада тіл біліміндегі гендерлік дискурс мәселелері жан-жақты талданады. Гендерлік дискурс ұғымының теориялық негіздері, оның лингвистикалық, прагматикалық және мәдени қырлары қарастырылады. Зерттеу жұмысының мақсаты – гендерлік дискуртың тілдік, прагматикалық және интерактивтік ерекшеліктерін анықтап, оны медиадискурстың дербес түрі ретінде сипаттау және адресант пен адресаттар арасындағы дискурс құраушы параметрлерін анықтау. Зерттеу міндеттері – гендерлік дискурстың теориялық негіздерін айқындау, оның тілдік, прагматикалық және интерактивтік ерекшеліктерін талдау, медиадискурс жүйесіндегі орнын анықтау және адресант пен адресат арасындағы дискурс құраушы параметрлерді жүйелеу. Зерттеу әдістері ретінде контент талдау, дискурстық талдау, прагматикалық интерпретация әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижесінде TED Talks баяндамасының жиырма эпизоды төрт тақырыптық бағытқа топтастырылды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен құндылығы отандық тіл білімінде гендерлік лингвистиканың қалыптасу сипаты айқындалып, алғаш рет TED Talks баяндамалары негізінде талдау, оның лингвистикалық және эксталингвистикалық қырын ашумен анықталады. Зерттеу жұмысының теориялық маңыздылығы – подкаст дискурсын медиа-лингвистикалық және прагмалингвистикалық тұрғыдан зерттеу арқылы заманауи коммуникациядағы жаңа тілдік формалардың табиғатын түсіндірумен айқындалады. Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы – зерттеу нәтижелерін «Медиадискурс», «Гендерлік лингвистика» секілді пәндер аясында оқу материалдары ретінде қолдануға болады. Сонымен қатар, практикалық сабақтарда TED Talks материалдарын тіл үйрету, медиа сауаттылық пен коммуникация мәдениетін қалыптастыруда тиімді құрал ретінде қолдану мүмкіндіктерімен негізделеді. Қорытындыда зерттеу нысаны болған гендерлік дискурс қазіргі таңда отандық лингвистикада қарқынды дамып келе жатқан тіл білімінің саласы екендігі дәлелденді. Зерттеу нәтижелері гендерлік дискурсты одан әрі қарастыруға теориялық негіз бола алады.
Қозыхан Г.М. Ахатова Б.А.
Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы
2026-07-012026-07-0181210.48371/PHILS.2026.2.81.016ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІНДЕГІ АУДИОВИЗУАЛДЫ АУДАРМА: ЖАҢА КӨКЖИЕКТЕР МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАР
https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2353

Мақалада аудиовизуалды аударманың цифрлық трансформация жағдайында дамуының ерекшеліктері қарастырылады. Машиналық аударманың, сөйлеуді тану және синтездеудің автоматтандырылған құралдарының аудиовизуалды шығармаларды дәстүрлі дубляждау үдерісіне әсерін зерттеуге ерекше назар аударылады. Зерттеудің мақсаты – «Арыстан патша» анимациялық фильміне орыс және қазақ тілдеріне дубляж жасауда жасанды интеллектінің қолданылу тиімділігін талдау.

Зерттеу барысында аталған фильмнің диалогтары мен әндерінің фрагменттеріне кешенді талдау жүргізіліп, дубляжда жасанды интеллект технологиялары ішінара пайдаланылды. Атап айтқанда, салыстырмалы әдісті қолдану дәстүрлі және автоматтандырылған дубляж арасындағы айырмашылықтарды анықтауға, сондай-ақ орыс және қазақ тілдеріне аудару стратегияларын таңдаудың ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік берді. Семантикалық талдау дубляждалған аудармаларда түпнұсқа мазмұнын толық жеткізу дәрежесін бағалау үшін қолданылды. Лингвопрагматикалық талдау аударманың коммуникативтік әсерін және оның мақсатты аудиторияға сәйкестігін анықтау үшін пайдаланылды. Мультимодальды дискурс-талдау кейіпкерлердің ерін қозғалысымен сөздің синхронизация дәрежесін анықтауға, дубляждалған аудиовизуалды материалдың уақыттық параметрлері мен интонациялық сипаттамаларын бағалауға бағытталды. Сонымен қатар, үздіксіз іріктеу әдісі арқылы зерттелетін фильмнің әртүрлі көріністерінен эмпирикалық материал іріктелді. Осыған сәйкес, «Арыстан патша» анимациялық фильміне орыс және қазақ тілдерінде автоматтандырылған дубляж жасауды кешенді талдау түпнұсқаның мазмұнын, авторлық стилін, эмоционалдық көркемдігін, мәдени ерекшеліктерін және оның аудио және бейне тізбекпен синхронизациясын екі аударма нұсқасында жеткізу ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік берді.

Зерттеу нәтижелері жасанды интеллекттің алдын ала сөйлеу синхронизациясы, дыбысты өңдеу және уақыттық және артикуляциялық шектеулерді ескере отырып лексикалық бірліктерді таңдау сияқты техникалық тапсырмаларды орындауда ең тиімді екенін көрсетті. Сонымен қатар, жасанды интеллект технологиялары аударманың авторлық ойды жеткізу, эмоционалдық әсер ету және мақсатты аудиторияға аудиовизуалды материалды мәдени бейімдеу сияқты шығармашылық аспектілерінде адамды толық алмастыра алмайтыны анықталды. Зерттеудің практикалық маңызы – алынған қорытындылар аудармашыларға, оқытушыларға, зерттеушілерге және аудиовизуалды индустрия өкілдеріне жасанды интеллект технологияларын тиімді және этикалық тұрғыдан жауапты пайдалану үшін пайдалы болуы мүмкін.
Тухтарова А.С.Жетесова Ж.А.Сапарғалиева Д.Д.
Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы
2026-07-012026-07-0181210.48371/PHILS.2026.2.81.036АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ “ҚАРА СӨЗДЕРІНДЕГІ” ИДИОМАЛАРДЫ АУДАРУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ: ТҮРІК, ОРЫС ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ ТУРА ЖӘНЕ САТЫЛЫ АУДАРМА ТӘСІЛДЕРІ
https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2362

Бұл мақалада Абай Құнанбаевтың Қара сөздерінің түрік, орыс және ағылшын тілдеріндегі аудармаларында мәдени құндылықтарды бейнелейтін жануар бейнесіне негізделген және бейнелі идиоматикалық сөз тіркестерінің аудармасының кешенді талдауы ұсынылған. Бұл зерттеудің өзектілігі фразеологиялық бірліктердің тек белгілі бір семантиканы білдіру үшін ғана емес, сонымен қатар ұлттың ұлттық дүниетанымының, мәдени кодының және құндылықтар жүйесінің тасымалдаушысы ретінде де қызмет ететіндігінде. Оларды аудару семантикалық дәлдікті және сонымен бірге стильдік экспрессивтілікті сақтау үшін күрделі жұмысты қажет етеді, бұл әсіресе мәтіннің көркемдік және философиялық мазмұнын жеткізу кезінде маңызды.

Зерттеудің негізгі мақсаты - түпнұсқа идиомалардың семантикалық, прагматикалық және экспрессивті ерекшеліктерін анықтау және салыстырмалы талдау негізінде тікелей аудармада (түрік және орыс тілдерінде) және сатылы аудармада (ағылшын тілінде) аударма стратегияларының үлгілері мен принциптерін анықтау. Зерттеу семантикалық трансформациялардың, стилистикалық өзгерістердің және мәдени бейімделудің егжей-тегжейлі талдауын қамтиды, бұл бізге нақты аударма стратегиясын таңдауға тілдік және мәдени жақындықтың әсерін анықтауға мүмкіндік береді. Жұмыстың негізгі тезисі - аударма стратегиясын таңдау тек тілдердің генеалогиялық туыстық байланысымен ғана емес, сонымен қатар мәдени жақындығымен, сондай-ақ аударманың тікелей немесе сатылы сипатымен де анықталады.

Зерттеудің әдіснамалық негізі - Мария Лабарта Постиго ұсынған идиомаларды аудару стратегияларын салыстырмалы талдау мен жіктеуге негізделеді. Түпнұсқа және аударылған мәтіндер семантикалық, құрылымдық және стилистикалық деңгейде зерттеледі, бұл идиомаларды аударудың ерекшеліктерін анықтауға және қолданылған стратегиялардың тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

Зерттеу нәтижелері түрік, орыс және ағылшын аудармаларында «эксплицитті мағына» стратегиясының басым қолданылатынын көрсетеді, ал «жартылай баламалылық» стратегиясы негізінен түрік және орыс нұсқаларында байқалады. Ал «толық баламалылық» және «түсіріп қалдыру» стратегиялары талданған мысалдардың ешқайсысында кездеспейді. Жұмыстың ғылыми маңыздылығы идиомаларды аударудың мәдени және прагматикалық аспектілерін нақтылау мен жүйелеуде, ал практикалық маңыздылығы көркемдік ауысу кезінде ұлттық сипатты, экспрессивтілікті және стилистикалық экспрессивтілікті сақтауға бағытталған әдіснамалық ұсыныстарды әзірлеуде көрінеді, бұл қолданбалы лингвистика және аударма саласындағы аудармашылар, мұғалімдер және зерттеушілер үшін пайдалы болуы мүмкін.
Шайманов А.С.Кулели М.Мирзоева Л. Ю.
Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы
2026-07-012026-07-0181210.48371/PHILS.2026.2.81.037ҚАЗІРГІ АМЕРИКАЛЫҚ САЯСИ ДИСКУРСТАҒЫ «БАТЫР» АРХЕТИПІНІҢ КӨРІНІСІ (З. МАМДАНИДІҢ ЖЕҢІСКЕ ОРАЙ АЙТЫЛҒАН СӨЗІНІҢ МЫСАЛЫНДА)
https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2369

Саяси дискурс билік қатынастарын жүзеге асыратын алаң ретінде әрекет етіп, тұлғалар мен оқиғаларға берілетін сипат пен бағаны қалыптастырып, оларды өзгертіп отырады, сондай-ақ дискурс қатысушыларына дайын мағыналар мен пікірлерлі ұсынады. Бұл ретте саяси дискурс адам психикасының терең құрылымының бір бөлігі болып табылатын, қазіргі заманнан әлдеқайда бұрын қалыптасқан архетиптерге сүйенеді. Осылайша, саяси қайраткерлер өз аудиториясымен әрекеттесудің белгілі бір векторын таңдап, бірқатар когнитивтік механизмдерді іске қосады. Аталған мақаланың мақсаты — заманауи америкалық саяси дискурстағы «батыр» архетипінің көрініс табуын анықтау. Ғылыми зерттеудің негізгі бағыты — архетиптің психологиялық құрылым бола тұра, саяси дискурстың даму векторын айқындайтын белгілі бір мазмұнмен толығатын когнитивтік құрылым екендігімен айқындалады. Зерттеудің ғылыми және практикалық маңыздылығы саяси дискурсты талдау барысында психологиялық және лингвистикалық бағыттарды біріктіретін пәнаралық тәсілде көрініс табады. Бұл тәсіл дискурстағы идеологиялық құрамдасты айқындап қана қоймай, архетип ұғымын когнитивтік лингвистика аясында қарастыруға мүмкіндік береді. Мақала шеңберіндегі зерттеу әдіснамасы саяси дискурсты талдауға негізделіп, ондағы «батыр» архетипіне қатысты фреймнің слоттары — субъект (біз), әрекет (күресу) және объект (бөгделер) арқылы репрезентацияланады. Аталған слоттар концептуалдау мен категориялау тетіктерін көрсететін концептуалдық метафоралар арқылы көрініс табады. Зерттеу барысында менталдық кеңістіктердің концептуалдық интеграциясын талдау әдісі қолданылып, метафоралардың мағыналық өрістеуі жүзеге асырылды. Зерттеу нәтижесінде К.Г. Юнг пен оның ізбасарлары сипаттаған универсалды архетиптік сценарийлерге когнитивтік құрылымдар арқылы жету механизмдері айқындалды. Бұл ретте өткелден өту және күресу метафоралары бастамалау мен дәуірлердің ауысуын білдіретін архетиптік сценарийді бейнелейді. Мақалада ұжымдық бейсаналық үдеріс пен адамның когнитивтік құрылымдары арасындағы байланысты көрсетуге талпыныс жасалады, бұл қазіргі тілтанымның антропоцентристік парадигмасы аясында өзектілікке ие.
Карибаева Б.Е.Тәжібаева Д.С.
Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы
2026-07-012026-07-0181210.48371/PHILS.2026.2.81.015ДӘСТҮРЛІ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІНДЕГІ «ЖОЛ» КОНЦЕПТІНІҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ
https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2375

Когнитивтік лингвистика тілдік бірліктер арқылы ұлттың когнициясы мен дүниетанымын көруге мүмкіндік береді. Осы тұрғыдан алғанда, «жол» тек физикалық кеңістік қана емес, сонымен қатар мифопоэтикалық және когнитивтік мағынаға ие күрделі құрылым. Бұл зерттеудің мақсаты - дәстүрлі және қазіргі қазақ ертегілеріндегі «жол» ұғымы сабақтастығы мен трансформациясын анықтау және когнитивтік әдістерді қолдана отырып ұлттық кодтың сақталу деңгейін сипаттау. Зерттеудің негізгі бағыттары ұлттың дүниетанымын, мифопоэтикалық қызметін және «жол» концептінің ұлттық құрылымдарын анықтауға бағытталған.

Зерттеудің нысанында дәстүрлі қазақ ертегілерінен төрт ертегі («Ер Төстік», «Керқұла атты Кендебай», «Алтын сақа», «Аяз би») және қазіргі қазақ ертегілерінен бес ертегі («Жиһанкез Тити», «Робот пен Алтын сақа», «Смартфонға түсіп кеткен қыз», «Күннің тоғыз баласы», «Томирис пен Нарқызыл») іріктеліп алынады. Әдіснамалық негіз ретінде ертегілік дискурстағы жолдың қалай сипатталатынын анықтау үшін сценарийлік талдау мен фреймдік талдау қолданылады. Жол концепті бастау, кеңістік, кедергі, көмекші және мақсат сияқты тұрақты слоттары бар фреймдер, сондай-ақ бастау – кедергі – көмекші – межеге жету – мақсат кезеңдерінен тұратын сценарийлер арқылы сипатталады.

Зерттеу нәтижелері «жол» концептінің көпқабатты трансформацияға ұшырағанын көрсетеді. Физикалық деңгейде «жол» кейіпкердің қозғалыс кеңістігі, тәжірибе алаңы болса, когнитивтік деңгейде «жол» тек физикалық кеңістік пен рухани сынақ қана емес, жеке тұлғаның ішкі дамуы мен әлеуметтік тәжірибесін модельдейтін сценарийлік құрылым ретінде көрініс табады. Мифопоэтикалық деңгейде «жол» сакралды кеңістік, халықтың ұжымдық жады мен көшпелі тағдырының шифры.

Зерттеудің қорытындысы қазақ халық ертегілеріндегі «жол» ұғымының тарихи сәйкестігін және оның қазіргі замандағы дамуын анықтап, мәдениеттің сабақтастығындағы рөлін көрсетеді. «Жол» концептін когнитивтік және мифопоэтикалық тұрғыдан жүйелі түрде сипаттау зерттеудің құндылығын арттырады. Алынған нәтижелер когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттану және фольклортану салаларындағы теориялық зерттеулерді толықтырып, корпустық талдаудың әдіснамалық негізін қалыптастыруға үлес қосады.
Жамансариева Е.А.Отарбекова Ж.К.
Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы
2026-07-012026-07-0181210.48371/PHILS.2026.2.81.010ОРТАҒАСЫРЛЫҚ «ТӨРЕ БІТІГІ» ЗАҢНАМАЛАР ЖИНАҒЫ -ТҮРКІЛЕРДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰҚЫҒЫ
https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2391

Қазіргі тіл білімінде заң мәтіндерін, құқықтық дискурсты және заңнама лингвистикасын зерттеу өзекті бағыттардың бірі болып табылады. Ұлттық құқықтық терминологияның қалыптасу көздерін тарихи жазба ескерткіштер негізінде қарастыру – заң тілі мен құқықтық нормалардың өзара байланысын айқындауға мүмкіндік береді. Осы тұрғыдан алғанда, ортағасырлық армян-қыпшақ жазба ескерткіші «Төре бітігі» тіліндегі заң ұғымдарын талдау түркі халықтарының құқықтық санасы мен ойлау жүйесінің қалыптасуын анықтауда аса маңызды.

Зерттеудің мақсаты – ортағасырлық армян-қыпшақ «Төре бітігі» жазба ескерткіші мәтініндегі құқықтық терминдер мен заң ұғымдарын лингвистикалық тұрғыдан талдау, түркі халықтарының құқықтық дәстүрі мен ұлттық заңнамалық ойлау жүйесінің эволюциясын айқындау және қазіргі қазақ құқықтық терминологиясының тарихи негіздерін көрсету.

Мақаланың өзектілігі ұлттық заңнама лингвистикасының тарихи негіздерін айқындап, қазіргі құқықтық терминжасам мәселелерін зерделеуге теориялық әрі практикалық үлес қосуымен өзекті болып табылады.

Зерттеу барысында жиналған материалдарды сұрыптап талдау, фактілер барысында теориялық тұжырымдар жасау, тарихи - салыстырмалы, жинақтау, баяндау әдістері кешенді түрде қолданылды.

Мақаланың ғылыми құндылығы келесі нәтижелермен сипатталады: армян-қыпшақ тіліндегі ортағасырлық заң мәтіндері алғаш рет заңнама лингвистикасы тұрғысынан кешенді зерттелді. «Төре бітігі» ескерткішіндегі құқықтық терминдер мен олардың тұрақты тіркестерде берілу ерекшеліктері айқындалды, түркі халықтарының құқықтық дәстүрі мен ұлттық заңнамалық ойлау жүйесінің сабақтастығы дәлелденді; сонымен қатар қазіргі қазақ құқықтық терминологиясының тарихи негіздері нақты көрсетілді.

Зерттеу нәтижелерінде «Төре бітігі» заңнамасының құрылымы мен мазмұны анықталып, онда қолданылған құқықтық ұғымдарының семантикалық ерекшеліктері айқындалды. «Төре» ұғымының көне түркі дәуірінен бастау алатын мемлекеттік-құқықтық мәні ашылып, оның түркі қоғамындағы алғашқы заң нысандарының бірі болғаны дәлелденді, сондай-ақ «жарғы», «бұйрық» ұғымдарымен мағыналық-семантикалық сабақтастығы айқындалды. Ортағасырлық түркілердің басқару жүйесі, құқықтық қатынастары мен саяси құрылымы туралы құнды деректер жүйеленді.

Зерттеу түркі халықтарына ортақ құқықтық мұраның қазіргі кезеңдегі маңыздылығын айқындап, ұлттық заңнама лингвистикасын дамытуға негіз бола алатын ғылыми нәтижелер ұсынды.
Бошан Н.Нартай A.Боранбаев С.Р.
Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы
2026-07-012026-07-0181210.48371/PHILS.2026.2.81.007АБАЙ ҚАРА СӨЗДЕРІН ҚЫТАЙ ТІЛІНЕ АУДАРУДАҒЫ ҰЛТТЫҚ-МӘДЕНИ КОНЦЕПТІЛЕРДІҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ
https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2401

Мақалада Абай Құнанбайұлы қарасөздерінің қытай тіліне аудару барысында ұлттық-мәдени концептілердің трансформациялану үдерісі лингвомәдени және аударматанымдық тұрғыдан жан-жақты қарастырылады. Абай мұрасының көркемдік-эстетикалық табиғаты мен дүниетанымдық-философиялық тереңдігі қазақ халқының рухани-этикалық құндылықтарымен, тарихи-мәдени тәжірибесімен және ұлттық болмысымен өзара тығыз байланысты. Сол себепті ақын қарасөздерін қытай тіліне аудару тек тілдік сәйкестікті қамтамасыз ету міндетімен шектелмей, түпнұсқадағы мәдени-символдық мазмұнды мүмкіндігінше дәл әрі көркем жеткізуді талап етеді.

Зерттеудің мақсаты – ұлттық-мәдени концептілердің трансформациялану тетігін түсіндіру және түпнұсқадағы мәдени-символдық мәндердің аудармада қалай сақталатынын, қысқаратынын немесе қайта құрылатынын көрсету.

Осы мақсатта «ұлттық-мәдени концепт» ұғымының теориялық негіздері айқындалып, Абай қарасөздеріндегі негізгі мәдени кодтардың қытай тіліндегі аудармаларда қандай өзгеріске ұшырайтыны нақты мәтіндік деректер негізінде талданады.

Эмпирикалық база ретінде Абайдың қарасөздері мен олардың қытай тіліндегі аудармалары алынып, прагматикалық шешімдердің мәтінді қабылдауға, эстетикалық әсерге және мәдени мағыналардың сақталуына ықпалы қарастырылады.

Автор эквиваленттік аударма, мәдени реалияларды түсіндірмелі интерпретациялау, транслитерация және мәдени бейімдеу сияқты аударматанымдық әдістердің тиімділігі мен шектеулерін жүйелі түрде талдайды. Аудармашылардың прагматикалық шешімдері мен қолданған стратегияларының мәтіннің қабылдануына, эстетикалық әсеріне және мәдени мағыналардың сақталуына ықпалы талданады.

Зерттеудің ғылыми нәтижесі – Абайдың қарасөздеріндегі ұлттық-мәдени мазмұнды дәл әрі мағыналық тұрғыдан толық жеткізу қытай оқырманының мәтінді терең түсінуіне жағдай жасайды, ал түпнұсқаның көркемдік болмысын сақтау аударманы ғылыми негізделген бейімдеу тәсілдерімен қамтамасыз етуді қажет етеді. Қытай тіліндегі нұсқаларға сүйенген мәтіндік талдаулар ұлттық-мәдени концептілердің трансформациясы мәдени дистанция, ұғымдық сәйкессіздік және семантикалық астардың көмескіленуі не қайта құрылуы сияқты факторлармен тікелей байланысты екенін айқын көрсетті.

Ғылыми маңыздылығы – ұлттық-мәдени мазмұнның аудармадағы өзгерісін лингвомәдени және аударматанымдық тұрғыдан жүйелі моделдеуі.

Практикалық құндылығы - аудармашыларға мәдени реалияларды беру, түсіндірме беру ауқымын таңдау, аударма сапасын көтеруге және Абай мәтіндерінің эстетикалық тұтастығын сақтауға нақты әдістемелік негіз береді.

Ершат А.Рамазанов Т.Есенбай А.
Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы
2026-07-012026-07-0181210.48371/PHILS.2026.2.81.034ҚАЗАҚ–ОРЫС–АҒЫЛШЫН БИЛИНГВТЕРІНІҢ СӨЙЛЕУ ТӘЖІРИБЕСІНДЕГІ ТРАНСЛИНГВИНГ: КОГНИТИВТІК, ПРАГМАТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ СОЦИОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР
https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2409

Бұл ғылыми мақалада қазақ–орыс–ағылшын билингвтерінің сөйлеу тәжірибесіндегі транслингвинг құбылысы когнитивтік, прагматикалық және социолингвистикалық қырларынан қарастырылады. Транслингвинг пен көптілді құзыреттілікке қатысты заманауи теорияларға сүйене отырып, зерттеу тілдерді бір-бірінен оқшау, дербес жүйелер ретінде қарастыратын билингвизмнің дәстүрлі көзқарастарына сын көзбен қарайды.

Зерттеуде филологиялық экспериментті, дискурс-талдауды және көптілді сөйлеу деректерінің жиілік талдауын біріктіретін аралас әдістемелік тәсіл қолданылады. Эксперименттік дизайн когнитивтік, прагматикалық және социолингвистикалық тапсырмаларды қамтиды және транслингвингтің табиғи көріністерін анықтау мақсатында тілдік шектеулерсіз орындауға мүмкіндік береді. Зерттеу корпусы 72 билингв қатысушының аудиожазбаға түсірілген және транскрипцияланған сөйлеу материалдарынан тұрады.

Зерттеу нәтижелері транслингвингтің кездейсоқ тіл араластыру емес, жүйелі әрі мақсатты коммуникативтік тәжірибе екенін дәлелдейді. Нәтижелер билингв сөйлеушілердің когнитивтік талаптарға, коммуникативтік мақсаттарға және социолингвистикалық контекске сәйкес біріктірілген көптілді репертуарды белсенді түрде қолданатынын көрсетеді. Транслингвинг лексикалық бірліктерді оңай меңгеруге және сөйлеу еркіндігін арттыруға ықпал ететін когнитивтік стратегия, өзара әрекеттестік тиімділігін күшейтетін прагматикалық ресурс, сондай-ақ тілдік сәйкестікті қалыптастыру мен келісу үдерісінің социолингвистикалық тетігі ретінде қызмет атқарады. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің функционалдық бөлінісі қарым-қатынас саласына, адресатқа және тілдік идеологияға байланысты айқын мамандану үлгілерін көрсетеді. Бұл зерттеу транслингвингті зерттеу саласына жеткілікті зерттелмеген үштілді контексттен алынған эмпирикалық деректер ұсыну арқылы үлес қосады. Зерттеу бинарлы тілдік модельдер шеңберінен тыс транслингвинг тәжірибелерінің күрделілігін айқындап, қолданыстағы теориялық негіздерді кеңейтеді және социолингвистика, қолданбалы лингвистика мен көптілді білім беру салалары үшін алынған нәтижелердің маңыздылығын көрсетеді.
Хусаинова Г.Ж.Базарбеков Б.М.Бекназарова Р.К.
Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы
2026-07-012026-07-0181210.48371/PHILS.2026.2.81.031МО ЯННЫҢ «ӨМІР МЕН ӨЛІМ АЗАБЫ» РОМАНЫНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ ТІЛДІҢ КӨРКЕМДІК ҚЫЗМЕТІ: МӘДЕНИ-ТАНЫМДЫҚ ЖӘНЕ АУДАРМАЛЫҚ ТАЛДАУ
https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2429

Қытайдың көрнекті жазушысы Мо Ян шығармашылығы, әсіресе «Өмір мен өлім азабы» романы қытай қоғамындағы тарихи-әлеуметтік өзгерістердің көпқабатты сипатын және ауылдық кеңістіктің күрделі болмысын ұлттық-тілдік дүниетаным арқылы көркем бейнелеуімен ерекшеленеді. Роман композициясында көрінетін аллегориялық қайта туу, буддистік және мифологиялық таным элементтері, сондай-ақ халықтық тілдік материалдардың мол қамтылуы мәтіннің көркемдік құрылымын тереңдетіп, оны философиялық-антропологиялық деңгейге көтереді. Қайта туу идеясы кейіпкер тағдырын бір ғана уақыт шеңберінде тұйықтамай, ұрпақ ауысуы мен тарихи кезеңдердің сабақтастығын, кінә-жаза, өмір-өлім, әділет-қиянат тәрізді іргелі бинарлық оппозициялардың үздіксіз қозғалысын көрсетуге мүмкіндік береді. Романдағы диалект сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты тіркестер, тұрмыстық-экспрессивті лексика, сондай-ақ халықтық өлең-жыр үлгілері шығарманың ұлттық болмысын танытатын негізгі тілдік-мәдени тетіктер ретінде арнайы талдауды қажет етеді.

Зерттеудің мақсаты – шығармадағы жергілікті ауызекі тіл бірліктерінің (диалект сөздер, идиомалар мен тұрақты тіркестер, эмоционалды-экспрессивті лексемалар, халықтық жырлар) мәдени-танымдық қызметін анықтау және олардың қазақша аудармадағы ерекшелігін салыстырмалы тұрғыда сипаттау. Бұл мақсатқа сәйкес жұмыста мәтіндегі тілдік бірліктердің семантикалық құрылымы, бағалауыш-экспрессивтік реңкі, контекстік қызметі және мәдени ишаралық мазмұны айқындалып, түпнұсқа мен аударма арасындағы мағыналық сәйкестігі қарастырылады.

Зерттеу жұмысында бірнеше әдістер қолданылды: концептуалды талдау (мәдени-танымдық ұғымдар мен концепт өрістерін айқындау), семантикалық талдау (мағына компоненттерін және контекстік түрленулерін сипаттау), компаративтік талдау (түпнұсқа-аударма сәйкестігін салыстыру).

Зерттеу нәтижелері ұлттық-мәдени мазмұны қанық бірліктерді аударуда қандай тәсілдердің ұтымды екенін, қай жағдайда мағыналық, көркем мәтіннің тілдік колоритін сақтауда, қандай функционалды баламалар тиімді екенін айқындауға көмектеседі.
Дәнкей Б.Талғатқызы Г. Джельдыбаева Р.Б.
Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы
2026-07-012026-07-0181210.48371/PHILS.2026.2.81.033ҚОҒАМДЫҚ ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТУРАЛЫ БЕЛГІСІЗДІКТІ КӨРСЕТУ: ЖҰМСАҚТАУ ҚҰРАЛДАРЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ӘСЕРДЕРДІ ТАЛДАУ
https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2443

Жасанды интеллект (ЖИ) әлеуметтану сияқты әлеуметтік ғылымдарды қоса алғанда, көптеген пәндердің ажырамас бөлігіне айналып келе жатқандықтан, зерттеушілер оның рөлі мен әсерін бағалау кезінде жиі сақтықты білдіретін тілдік құралдарға сүйенеді. Бұл зерттеу әлеуметтік ғылым мен білім саласына ЖИ-ді енгізу туралы соңғы зерттеу мақалаларында осы белгісіздік қалай тілдік сақтық құралдары арқылы көрсетілетінін қарастырады.Салагер-Мейер ұсынған хедждер таксономиясына және Херст пен Джонстонның әлеуметтік ықпал тұжырымдамасына берілген анықтамалық тәсіліне сүйене отырып, бұл зерттеу 2025 жылы жетекші батыс ғылыми журналдарында жарияланған он ғылыми мақаланың қорытынды бөлімдерін талдайды. Сапалық, интерпретациялық тәсілді пайдалана отырып, бұл зерттеу тілдік сақтық құралдарының түрін, жиілігін және контекстегі табиғатын талқылайды, әсіресе әлеуметтік әсерді көрсететін фразалармен бірге қолданылуына ерекше мән береді. Нәтижелер көрсеткендей, тілдік сақтық осы зерттеу дискурсының үнемі қолданылатын ерекшелігі болып табылады, ол көбінесе модальды етістіктер, ықтималдық көрсеткіштері, күрделі сақтық конструкциялары және жанама қорғау құралдары арқылы көрініс табады. Әлеуметтік әсерге қатысты тіркестермен бірге, осы сақтандыру құрылымдары осы саладағы ЖИ-ды әлі де контекстке тәуелді әлеуметтік маңызды құбылыс ретінде көрсету үшін қолданылады. Бұл зерттеу академиялық дискурсқа қатысты жүргізіліп жатқан зерттеулерге үлес қосады, өйткені ол дамып келе жатқан технологиялардың әлеуметтік ғылымдар мен білім беру сияқты салаларда бағалау сипатындағы тілдің қалыптасуына қалай әсер ететінін көрсетеді. Сонымен қатар, бұл зерттеу академиялық жазуды оқытуға және дискурс талдауының теориялық негіздерін қолдана отырып, жасанды интеллектке бағытталған басқа да зерттеулерге пайдалы тұжырымдар ұсынады.
Қазыбекова Ұ.M.
Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы
2026-07-012026-07-0181210.48371/PHILS.2026.2.81.013ҚАЗІРГІ МЕДИАКЕҢІСТІКТЕГІ ГОНЗО-РЕПОРТАЖ
https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2458

Қазіргі медиакеңістікте журналистиканың дәстүрлі баяндау үлгілері трансформацияға ұшырап, авторлық субъективтілікке негізделген жаңа жанрлар қалыптасуда. Осындай бағыттардың бірі – гонзо-журналистика, ол ақпаратты бейтарап жеткізуден гөрі автордың жеке тәжірибесі мен эмоциялық қабылдауына сүйенетін баяндау моделі ретінде ерекшеленеді. Бұл жанрда журналист оқиғаға сырттай бақылаушы емес, тікелей қатысушы әрі интерпретатор ретінде көрінеді. Осыған байланысты гонзо-журналистиканы теориялық және қолданбалы тұрғыдан зерттеу өзекті болып табылады.

Зерттеудің мақсаты – гонзо-журналистиканы қазіргі медиакеңістіктегі дербес жанр ретінде сипаттап, оның қалыптасу алғышарттарын, тілдік-стильдік ерекшеліктерін және қазақстандық медиамәдениеттегі көрінісін айқындау. Зерттеу барысында лингвостилистикалық және салыстырмалы-сипаттамалы әдістер қолданылып, Х. С. Томпсон шығармалары негізінде репрезентативті мәтіндер корпусына талдау жасалды. Сонымен қатар гонзо-журналистика дәстүрлі репортаж үлгілерімен салыстырылып, оның дискурстық және прагматикалық ерекшеліктері анықталды.

Зерттеу барысында гонзо-журналистиканың жанрлық табиғаты, тілдік-стильдік ерекшеліктері және қазіргі медиакеңістіктегі қызметі талданды. Негізгі міндеттер ретінде гонзо-журналистиканың қалыптасу алғышарттарын айқындау, оның дәстүрлі репортаждан айырмашылығын анықтау, гонзо мәтіндеріне тән тілдік және дискурстық белгілерді жүйелеу, сондай-ақ қазақстандық медиадағы гонзо элементтерінің көрінісін сипаттау қарастырылды.

Зерттеу нәтижесінде гонзо мәтіндерге тән негізгі белгілер ретінде бірінші жақтағы баяндау, авторлық субъективтіліктің басымдығы, экспрессивті лексика, гипербола мен иронияның белсенді қолданылуы, сондай-ақ синтаксистік еркіндік пен ауызекі сөйлеу элементтері айқындалды. Талдау көрсеткендей, гонзо-журналистика ақпаратты жеткізудің ғана емес, авторлық тәжірибені интерпретациялаудың ерекше дискурстық формасы болып табылады. Сонымен бірге қазақстандық медиакеңістікте гонзо элементтерінің фрагментарлы түрде көрініс табатыны анықталды, бұл оның әлі толық қалыптаспағанын көрсетеді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы гонзо-журналистиканың жанрлық табиғатын лингвостилистикалық тұрғыдан жүйелеуінде және оны қазіргі медиадискурстың трансформациялық құбылысы ретінде негіздеуінде көрінеді. Зерттеудің теориялық маңызы – журналистикадағы субъективті баяндау моделін түсіндіруде, ал практикалық маңызы – алынған нәтижелерді медиамәтіндерді талдау, аударматану және медиабілім беру үдерісінде қолдану мүмкіндігінде.
Әбенова П.М.Кожбаева Г.К.
Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы
2026-07-012026-07-0181210.48371/PHILS.2026.2.81.006КӨПТІЛДІ УНИВЕРСИТЕТ АУДИТОРИЯСЫНДАҒЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ДИСКУРСТА КОД-АУЫСУДЫҢ ПРАГМАТИКАЛЫҚ ФУНКЦИЯЛАРЫ
https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2480

Бұл зерттеу көптілді университет аудиториясындағы академиялық дискурста код-ауысудың атқаратын қызметін қарастыруға арналған. Мұндай ортада тіл таңдау алдын ала бекітілген жүйе бойынша емес, өзара әрекет барысында біртіндеп қалыптасып отырады. Зерттеу бір семестр бойы бірінші курс студенттерінің қатысуымен өткен сабақтарды бақылау негізінде жүргізілді. Алғашқы кезеңдерде ағылшын тіліндегі талқылауларға қатысу көбіне кідірістермен, толық аяқталмаған ойлармен, кей жағдайда басқа тілге ауысумен қатар жүрді.

Зерттеудің негізгі мақсаты – код-ауысудың нақты аудиториялық қарым-қатынаста қалай көрініс табатынын және тілдік белгісіздік жағдайында өзара әрекетті сақтаудағы рөлін анықтау. Әдіснамалық тұрғыдан жұмыс сапалық талдауға сүйенеді: жүйелі бақылау, оқытушының жазбалары және студенттердің пікірталас жазбалары қарастырылды. Зерттеу барысында тіл ауысудың жиілігіне емес, оның пайда болатын нақты коммуникативтік жағдайларына назар аударылды.

Алынған нәтижелер код-ауысудың тек лексикалық қиындықтарды өтеу құралы емес екенін көрсетеді. Ол көбіне мағынаны нақтылау, ойды дәл жеткізу немесе пікір алмасу кезінде пайда болып, уақыт өте келе өзара әрекеттің табиғи бөлігіне айналады. Кейбір жағдайларда тіл ауысу бір тіл шеңберінде жеткізу қиын болған кезде ой ағымын үзбей жалғастыруға мүмкіндік берді.

Зерттеу нәтижелері осылайша,код-ауысуды академиялық нормадан ауытқу ретінде қарастыру жеткіліксіз екенін көрсетеді. Керісінше, ол мағына құруды, қатысуды және өзара әрекетті қолдайтын икемді коммуникативтік тәсіл ретінде көрінеді. Бұл зерттеу көптілді ортада тілдік ресурстардың қалай қолданылатынын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді және академиялық қарым-қатынастың тек тілдік біліммен ғана емес, сонымен қатар жағдайлық және өзара әрекеттік факторлармен де анықталатынын көрсетеді.
Бескемпирова Г. К.Елтаева Ж.К.Бердаулетова Ш. Ж.
Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы
2026-07-012026-07-0181210.48371/PHILS.2026.2.81.039ФРАНЦУЗ ЖӘНЕ ӨЗБЕК ТІЛДЕРІНІҢ ФОНЕТИКАЛЫҚ-ФОНОЛОГИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРІН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ
https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2590

Француз және өзбек тілдерінің фонетикалық-фонологиялық жүйелерін салыстырмалы талдаудың негізгі мақсаты – осы екі тілдің дыбыстық жүйелерін ғылыми тұрғыдан салыстыру, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау. Бұл мақаланың зерттеу нысаны – француз және өзбек тілдерінің фонетикалық-фонологиялық жүйелері, яғни екі тілдің дыбыстық жүйесі (дауысты және дауыссыз фонемалар), екпін, интонация, буын құрылымы және фонологиялық заңдылықтары. Зерттеудің жаңалығы – француз және өзбек тілдерінің фонетикалық-фонологиялық жүйелерін салыстырмалы түрде жүйелі зерттеу, екі тілдің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын заманауи лингвистикалық тәсілге сүйене отырып талдау, француз тіліндегі дауысты дыбыстарды және өзбек тіліндегі фонетикалық құбылыстарды салыстыру және жаңа ғылыми қорытындылар жасау. Теориялық тұрғыдан алғанда, бұл зерттеу салыстырмалы лингвистика, фонетика және фонология салаларын жаңа ғылыми көзқарастармен байытуға қызмет етеді. Атап айтқанда, француз және өзбек тілдерінің фонетикалық-фонологиялық жүйелерін салыстырмалы зерттеу арқылы екі тілдің дыбыс жүйесінің, фонема құрамының, екпіннің, интонацияның және фонологиялық қарама-қайшылықтарының ерекше және ортақ аспектілері анықталады. Тәжірибелік маңыздылығы тұрғысынан зерттеу нәтижелері шетел тілдерін оқыту әдіснамасын жетілдіруде үлкен маңызға ие. Атап айтқанда, олар өзбек аудиториясына француз тілін оқытуда кездесетін фонетикалық қиындықтарды анықтауға және оларды жоюдың тиімді әдістерін әзірлеуге қызмет етеді. Екі тілдің фонетикалық жүйелерін салыстыру үшін салыстырмалы-талдау әдісі, ал тілдердің фонетикалық қасиеттерін сипаттау үшін сипаттамалық әдістер қолданылды. Зерттеу нәтижесінде француз және өзбек тілдерінің фонетикалық жүйелерінің негізгі ұқсастықтары мен айырмашылықтары анықталды, француз тіліндегі дауысты дыбыстардың айтылуы мен өзбек тіліндегі дауысты дыбыстар арасындағы айырмашылықтардың бар-жоғы анықталды және негізгі айырмашылықтар талданды.
Эшмуродова З. Р.Норкузиева Д. Ш.
Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы
2026-07-012026-07-0181210.48371/PHILS.2026.2.81.009ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ РЕПРЕЗЕНТТЕЛУІ (М.ШАХАНОВ ШЫҒАРМАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ)
https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2069

Мақала құндылықтар теориясының шығу тегі, даму жолы және олардың жіктеліміне арналады. Ұлттық құндылықтардың репрезентациялануы қазақ әдебиетінің сыршыл ақыны М.Шаханов шығармалары негізінде ұсынылады.

Мақалада шетел ғалымдарымен бірге отандық ғалымдардың осы бағытта жазылған монографияларына, мақалаларына шолу жасалды. Құндылықтар теориясының даму жолында философиядан бастау алатын аталмыш теория аксиология ғылымы ретінде жеке бөлініп шығып, лингвистика саласымен пәнаралық байланыс орнатылғандығы жайында баяндалады. Ұлттық құндылықтарды лингвистикада Б.С. Ерасовтың жіктеліміне сәйкес тіршілік; әлеуметтік; саяси; моральдық; діни; эстетикалық деген түрлерге бөліп қарастырамыз. Әр этнос өкілдерінің өмірлік ұстанымына, ділдік, тәрбиелік ерекшеліктерінің бағалануына қарай құндылықтар жүйесі әртүрлі болатындығы мақалада кеңінен сөз болады.

Зерттеудің мақсаты – қазақ ұлты өкілдері үшін «ар» құндылығы барлық құндылықтардың бастауында тұратындығын, М.Шаханов поэзиясындағы өлең жолдарында кездесетін «ар» концептісін құрушы ассоциативті өрістердің репрезенттелуі арқылы дәйектеу.

Мақала авторлары зерттеу нәтижесінде қазақ халқының ұлттық құндылықтарын «мал – жан – ар» үштік танымында қарастырып, Б.С.Ерасовтың классификациясына орай, «мал» ұғымын әлеуметтік категорияға, «жан» ұғымын тіршілік категориясына, «ар» ұғымын моральдық категорияға жатқызады. Сонымен бірге авторлар осы көрсетілген құндылықтар М.Шаханов шығармашылығында лексикалық, грамматикалық бірліктер және синтаксистік құрылымдар арқылы репрезенттелетініне көз жеткізді.

Зерттеудің ғылыми мaңыздылығы: мақалада келтірілген тұжырымдaр аксиология, когнитология, лингвомәдениеттану ғылым салаларын түсінуге жол ашады. Зерттеудің теoриялық қoрытындылaры тіл мен oйлaу, тіл мен cөйлеудің өзaрa қaрым-қaтынacын, ұлттық құндылықтар қызметін түcінуге үлеc қocaды.
Турикбенбаева Н.Т.Дюсембина Г.Е.
Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы
2026-07-012026-07-0181210.48371/PHILS.2026.2.81.029А.П. ЧЕХОВТЫҢ «СИРЕНА» ӘҢГІМЕСІНІҢ ГАСТИКАЛЫҚ КЕҢІСТІГІНІҢ КОГНИТИВТІ МОДЕЛІ
https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2162

Бұл мақалада А.П. Чеховтың «Сирена» әңгімесінің когнитивті-лингвистикалық талдауы ұсынылады, онда тағам бейнелерінің әдеби мағынаны жасаудағы рөліне баса назар аударылады. Бұл зерттеудің өзектілігі қазіргі заманғы лингвистикада әдеби мәтінге когнитивтік құрылым ретіндегі қызығушылықтың артуынан және гастрономиялық бейнелердің көркем әдебиеттің тұжырымдамалық және коммуникативтік кеңістігін қалай қалыптастыратынын нақтылау қажеттілігінен туындайды. Зерттеудің мақсаты - «Сиренадағы» гастрономиялық кеңістіктің когнитивтік моделін құру және вербалданған тағам тәжірибелерінің кейіпкерлерге, сюжет динамикасына және вербалды өзара әрекеттесуге әсер ету механизмдерін сипаттау. Зерттеу когнитивті-лингвистикалық және әдеби аналитикалық тәсілдерді біріктіреді. Әдістемелік негіз гастрономиялық бірліктерді үздіксіз іріктеуге, тағам мен сусынға қатысты сөздік қорын семантикалық жіктеуге және топтастыруға, ең айқын семантикалық кластерлерді анықтауға бағытталған сандық лексикалық талдаудың жеке элементтеріне, контекстік және интерпретациялық талдауға, диалогтық фрагменттердің дискурстық талдауына және төрт компонент: субъект, әрекет, объект және атрибут айналасында құрылымдалған когнитивті модельдеуге негізделген. Көпсенсорлық қабылдауды (дәм, иіс, есту және дене сезімдері) белсендіретін когнитивтік механизм ретінде қиялға ерекше назар аударылады. Нәтижелер «Сирендегі» тамақтану кеңістігінің көмекші сипаттамалық қабат емес, әңгіменің көркемдік әлемін ұйымдастыратын негізгі когнитивті-семантикалық құрылым екенін көрсетеді. Тамақ бейнелері кейіпкерлердің физикалық жағдайын, әлеуметтік көзқарастарын және эмоционалдық жағдайын ашады, ал гастрономиялық метафоралар мен сенсорлық белгілер күлкілі әсер тудырады және ашкөздіктің, ерік-жігердің жоқтығының және жауапсыздықтың сатиралық сын-пікірлерін күшейтеді. Мақаланың ғылыми үлесі когнитивті әдеби талдау мүмкіндіктерін кеңейтуде және тамақ бейнелерінің тұжырымдамалық және прагматикалық маңызы бар басқа мәтіндерге қолданылатын модельді ұсынуда жатыр. Оның практикалық маңыздылығы зерттеу нәтижелерін когнитивті лингвистика, әдеби интерпретация, стилистика және дискурс талдауы курстарында қолдану мүмкіндігінде жатыр.
Мусабекова A.А.Жумагулова Б.С.Нуржакып Е.Е.
Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы
2026-07-012026-07-0181210.48371/phils.2026.2.81.018ФИТОНИМДЕРДІҢ ЭТНОМӘДЕНИ КОДЫ: ЫРЫМ-ТЫЙЫМДАР МЕН НАНЫМ-СЕНІМ ЖҮЙЕСІНДЕГІ РӨЛІ
https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2185

Мақалада қазақ халқының тілдік дүниетанымында маңызды орын алатын фитонимдердің этномәдени коды, олардың ырым-тыйымдар мен наным-сенім жүйесіндегі рөлі қарастырылады. Фитонимдер тек номинативтік мағынамен шектелмей, халықтың экологиялық, сакралдық және дүниетанымдық ұстанымдарын бейнелейтін мәдени таңбалар ретінде сараланады. Қазақ этнолингвистикасында өсімдіктерге қатысты қалыптасқан таным түрлері ұлттық болмыс пен рухани кеңістіктің ажырамас бөлігі саналады. Мақалада жусан, адыраспан, арша, тары, сексеуіл, тобылғы сияқты фитонимдерге этнолингвистикалық, семиотикалық және мәдени-когнитивтік талдау жасалып, олардың дәстүрлі танымдағы орны мен қызметі жан-жақты сипатталады. Сонымен қатар, бұл өсімдіктердің фольклордағы, мақал-мәтелдердегі және діни жоралғылардағы көріністері де зерттеледі.

Мақаланың мақсаты – фитонимдердің этномәдени кодын зерттеу арқылы олардың қазақ халқының наным-сенімдері, ырымы-тыйымдары мен мәдени дәстүрлерінде атқаратын рөлін анықтау. Сонымен қатар, фитонимдер арқылы халықтың дүниетанымын, табиғатқа, өсімдіктерге деген көзқарасын, халықтық сенімдердің қалыптасу ерекшеліктерін зерттеу.

Жұмыстың ғылыми маңыздылығы фитонимдердің этномәдени кодын зерттеу арқылы қазақ халқының дәстүрлері мен наным-сенімдерінің терең негіздерін ашып көрсету. Зерттеу әдіснамасы этнолингвистикалық, семиотикалық және мәдени-анализдік тәсілдерге негізделген. Фитонимдер жүйесі мен олардың қазақ мәдениетіндегі рөлі терең талданып, олардың символикалық мағынасы мен тілдік құрылымдағы орнына ерекше көңіл бөлінді.

Бұл әдіснамалық тәсілдер арқылы фитонимдердің этномәдени кодын анықтау, олардың ырым-тыйымдар мен наным-сенім жүйесіндегі орнын зерттеу мақсатында салыстырмалы талдау әдісі қолданылды. Сонымен қатар, дәстүрлі тіл мен мәдениет арасындағы байланысты анықтау үшін тарихи-компаративтік әдіс те пайдаланылды.Мақала нәтижелері тіл, мәдениет және таным бірлігін зерттеуге бағытталған этнолингвистикалық ізденістерді тереңдетуге негіз болады.
Нурсултанкызы Ж.Снасапова Г.Ж.Байдаулетова А.Ө.Боранбай Б.Е.
Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы
2026-07-012026-07-0181210.48371/PHILS.2026.2.81.022КӨРКЕМ МӘТІНДЕГІ АВТОР ДАУЫСЫ МЕН НАРРАТОР БЕЙНЕСІ: ЖАҢА ӘДІСНАМАЛЫҚ ҚАДАМДАР
https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2223

. Қазіргі әдебиеттану ғылымында көркем мәтіндегі автор дауысы мен нарратор бейнесін ажырату мәселесі маңызды теориялық және әдіснамалық бағыттардың біріне айналып отыр. Қазақ әдебиетінде, әсіресе прозалық шығармаларда, баяндау жүйесінің күрделенуі, авторлық ұстанымның тікелей емес, жанама әрі көпқабатты түрде берілуі бұл мәселені жаңа қырынан қарастыруды қажет етеді. Осы зерттеудің мақсаты – көркем мәтіндегі автор бейнесі мен нарратор тұлғасының арақатынасын анықтау, олардың көркемдік-функционалдық қызметін нақтылау және заманауи әдеби-теориялық әдіснамалар негізінде талдау жасау. Зерттеудің негізгі идеясы авторды тек биографиялық тұлға ретінде шектеуге болмайтынын, оның мәтінде имплицитті түрде, нарратор арқылы көрінетін күрделі категория екенін дәлелдеу болып табылады. Зерттеу барысында постструктуралистік бағыттағы теориялық тұжырымдар, соның ішінде деконструкция әдісі, когнитивтік нарратология және дискурсивтік талдау тәсілдері қолданылды. Бұл әдістер көркем мәтіндегі баяндау дауыстарының құрылымын, көзқарастар жүйесін және авторлық ұстанымның жасырын формаларын айқындауға мүмкіндік берді. Зерттеу нәтижесінде автор мен нарратор бейнесінің ара жігі нақтыланып, нарратордың автор идеяларын тікелей емес, жанама түрде жеткізетін дербес әрі күрделі көркем тұлға екені анықталды. Автор бейнесі бір ғана баяндау дауысына телінбейді, ол мәтін құрылымы арқылы көпқырлы сипатта көрініс табады деген қорытынды жасалды. Зерттеу қазақ әдебиеттануындағы нарратологиялық талдауларды жүйелеуге, ұғымдық-терминологиялық аппаратты нақтылауға және ұлттық прозаның стильдік, идеялық ерекшеліктерін тереңірек түсінуге үлес қосады. Зерттеу нәтижелерін жоғары оқу орындарында әдебиет теориясын оқытуда, қазақ прозасын кешенді талдауға арналған оқу-әдістемелік құралдар дайындауда, сондай-ақ мектеп пен ЖОО деңгейіндегі мәтіндік талдау тәжірибесінде тиімді қолдануға болады.
Жорашова А.М.Баймыш Л.Қ.
Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы
2026-07-012026-07-0181210.48371/PHILS.2026.2.81.043ТҮРКІТІЛДЕС СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАЗБА ДИСКУРСЫНДАҒЫ КОГЕЗИЯ МЕН КОГЕРЕНТТІЛІККЕ ГРАММАТИКАЛЫҚ ИНТЕРФЕРЕНЦИЯНЫҢ ЫҚПАЛЫ
https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2295

Мақалада қазақ тілін шет тілі ретінде үйреніп жүрген түрікмен студенттердің жазба дискурсындағы грамматикалық интерференция мәселесі және аталған интерференциялық ауытқулардың туындауына негіз болатын себептер қарастырылады. Түркітілдес аудиторияға арналған оқыту әдістемесінің жеткіліксіздігі мақала тақырыбының өзектілігін айқындайды. Зерттеу жұмысы интерференцияның инофондардың жазба мәтіндеріндегі когезия мен когеренттілік көрсеткіштеріне тигізетін ықпалын анықтауға бағытталған.

Зерттеудің мақсаты – түрікмен студенттердің қазақ тіліндегі жазба жұмыстарында кездесетін грамматикалық интерференцияның мәтіннің құрылымдық және мағыналық тұтастығына әсерін айқындау және оны азайтудың тиімді әдістемелік жолдарын ұсыну. Мақаланың басты идеясы білім алушылардың ана тілі (L1) ресурстарын екінші тілді (L2) меңгеруге кедергі ретінде емес, керісінше, саналы әрі мақсатты түрде пайдаланылатын тірек ретінде қарастыруға негізделеді.

Зерттеу жұмысының әдіснамалық негізі интерлингвистикалық, дискурстық және лингводидактикалық тәсілдердің үйлесімінен тұрады. Зерттеу барысында салғастырмалы-салыстырмалы әдіс, қателерді талдау, сапалық стилистикалық талдау және педагогикалық эксперимент қолданылды. Зерттеу материалы ретінде қазақ тілін А2 деңгейінде үйреніп жүрген түрікмен студенттердің мазмұндама жанрындағы жазбаша жұмыстары пайдаланылды.

Зерттеу нәтижелері түрікмен студенттердің жазба дискурсында морфологиялық интерференцияның тұрақты әрі жүйелі сипатта көрінетінін көрсетті. Қосымшалардың алломорфтарын дұрыс қолданбау, ана тіліндегі грамматикалық үлгілерді қазақ тіліне механикалық көшіру және мәтін түзу дағдыларының жеткіліксіз қалыптасуы когезия мен когеренттілікті әлсірететін негізгі факторлар ретінде айқындалды.

Зерттеу жұмысының құндылығы грамматикалық интерференцияның жазба мәтіннің микродеңгейлік (когезия) және макродеңгейлік (когеренттілік) құрылымына бір мезгілде әсер ететінін дәлелдеуімен ерекшеленеді. Бұл түркітілдес студенттердің академиялық жазылым дағдыларын дамытуға бағытталған теориялық тұжырымдарды тереңдетеді.

Зерттеудің ғылыми маңыздылығы грамматикалық интерференцияны «жалаң» қателер жиынтығы ретінде емес, когнитивтік және дискурстық деңгейлерде көрінетін күрделі құбылыс ретінде сипаттауымен айқындалады. Алынған нәтижелер қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту теориясын түркітілдес аудитория контексінде толықтырып, когезия мен когеренттілік ұғымдарының оқыту процесіндегі рөлін нақтылайды.

Зерттеу нәтижелері, практикалық тұрғыдан қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіруге және арнайы оқу материалдарын әзірлеуге негіз болады. Берілген тәсілдер студенттердің жазба жұмыстарындағы грамматикалық дәлдікті, логикалық жүйелілікті және стильдік бірізділікті арттыруға, интерференциялық қателерді жүйелі түрде азайтуға мүмкіндік береді.
Омурзакова А.К.Оданова С.А. Сатинбекова М.М.
Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы
2026-07-012026-07-0181210.48371/PHILS.2026.2.81.040ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ ВАРИАТИВТІЛІК ҚОЛДАНЫСЫНЫҢ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ МАҢЫЗЫ
https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2307

Қазіргі тіл білімінде терминологиялық жүйенің тұрақтылығы мен бірізділігі ғылыми коммуникация сапасының негізгі көрсеткіштерінің бірі болып саналады. Соған қарамастан, бір ұғымның бірнеше атаумен берілуі – терминологиялық вариативтілік – ғылыми дискурста кең таралған құбылыс ретінде көрінеді. Вариативтілік ғылыми терминологияның тарихи дамуына, әртүрлі ғылыми мектептердің өзара әрекеттесуіне, тіларалық байланыстарға, сондай-ақ кірме терминдер қабылдау және оларды бейімдеу процестеріне байланысты құбылыс. Терминологиялық вариативтілікті зерттеу – ғылыми терминологияның даму ерекшеліктерін қарастыруға, әртүрлі терминологиялық нұсқалардың пайда болу себептерін анықтауға және олардың ғылыми білім жүйесіндегі рөлін айқындауға мүмкіндік береді.

Зерттеудің мақсаты – қазақ тіл біліміндегі терминологиялық вариативтіліктің табиғатын, қалыптасу себептерін және ғылыми қолданыстағы маңызын айқындау. Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды: терминологиялық вариативтілікті зерттеудің теориялық негіздемелерін анықтау; терминологиялық вариативтілік үдерісінің лингвистика саласындағы рөлін айқындау; әртүрлі ғылыми дискурста кездесетін терминологиялық вариативтілікке толық талдау жасау; ғылыми басылымдарда терминологиялық вариативтіліктің ұтымды қолданысы бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Зерттеудің негізгі бағыттары терминологиялық нұсқалардың пайда болу факторларын (әлеуметтік, мәдени, когнитивтік, пәнаралық ықпал), олардың ғылыми мәтіндегі қызметін және тілдік нормаға әсерін талдауға негізделді.

Зерттеу әдістемесін таңдау жұмыстың мақсатына тікелей байланысты. Терминологиялық вариативтілік терминдердің семантикалық, құрылымдық және функционалдық сипаттамаларымен байланысты күрделі лингвистикалық құбылыс болғандықтан, оны зерттеу кешенді тәсілдерді қолдануды және лингвистикалық талдаудың әртүрлі әдістерін қолдануды талап етеді. Әдіснамалық тұрғыдан сипаттамалық талдау, салыстырмалы әдіс, контекстік талдау, функционалды-стилистикалық тәсілдер және ғылыми мәтіндерге кешенді лингвистикалық сараптама қолданылды. Сонымен қатар қазақ тіліндегі және әлемдік ғылыми мақалалардағы термин нұсқалары салыстырылып, олардың семантикалық, құрылымдық және қолданыстық ерекшеліктері анықталды.

Зерттеу нәтижесінде терминологиялық вариативтіліктің ғылыми ойдың дамуы мен пәнаралық ықпалдастықтың табиғи салдары екендігі дәлелденді. Вариативтілік бір жағынан ұғымды нақтылауға, ғылыми пікірталасты дамытуға мүмкіндік берсе, екінші жағынан терминологиялық жүйенің тұрақсыздығына және түсінбеушілікке әкелуі мүмкін екені айқындалды. Қорытындылай келе, терминологиялық вариативтілікті реттеу мен жүйелеудің ғылыми негізделген қағидаттарын қалыптастырудың маңызы көрсетілді.

Зерттеудің ғылыми маңыздылығы терминологиялық вариативтіліктің табиғаты туралы теориялық идеяларды кеңейту, оның ғылыми терминология жүйесіндегі рөлін анықтау және лингвистикалық ғылыми дискурстың қалыптасуы мен жұмсалым процестерін ғылыми түсінуді тереңдету болып табылады. Зерттеудің ғылыми құндылығы – қазақ терминологиясындағы вариативтілік мәселесін кешенді талдауында, ал практикалық маңызы – ғылыми мәтіндерді стандарттау, терминдерді біріздендіру және оқу үдерісінде тиімді қолдану бойынша ұсыныстар беруінде.
Айдарбек Қ. Ж.Бейсеғұл Д. Т. IITUБактиярова Р.М. TemirbekovaАккузова А.А.
Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы
2026-07-012026-07-0181210.48371/PHILS.2026.2.81.002АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНДАҒЫ КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІ ТУРАЛЫ НАРРАТИВТЕРГЕ ЭКОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2322

Бұл мақалада қазіргі ағылшын тілді медиадағы климаттың өзгеруі туралы нарративтерге эколингвистикалық талдау жасалып, экологиялық мәселелерді қоғам қабылдауында тілдік құралдардың маңызды рөлі атап көрсетіледі. Дискурс талдауы, когнитивтік лингвистика және эколингвистикалық теорияға сүйене отырып, зерттеу климаттың өзгеруін түсіндіретін белгілі бір лексикалық, метафоралық және бағалау үлгілерінің қалай қалыптасатынын және экологиялық жауапкершілікке қатысты қоғамның ұжымдық ұстанымына қалай әсер ететінін қарастырады. Талдау 2020–2024 жылдар аралығында жасалған медиаматериалдардың кең ауқымын қамтиды: жаңалықтар, цифрлық медиа контенттері және жетекші ағылшын тілді басылымдардың пікір мақалалары.

Зерттеу нәтижелері медиадискурста жиі қайталанатын үш негізгі нарративтік фреймді анықтайды.Дабыл қағушы фрейм дағдарыс, шұғылдық және апаттық салдарларды алға тартып, климаттық қауіптердің маңыздылығын көрсететін эмоциялық бояуы күшті тілдік бірліктерді жиі қолданады.Шешімге бағытталған фрейм инновацияларды, саяси шараларды және қауымдастық бастамаларын алға шығарып, климаттың өзгеруін жаһандық үйлестірілген әрекеттер арқылы шешуге болатын мәселе ретінде көрсетеді.
Саяси поляризацияланған фрейм климаттың өзгеруі мәселесін идеологиялық қақтығыс аясында қарастырып, қоғамдағы кең ауқымды бөліністерді көрсетеді және аудиторияның түсіндіруін саяси ұстанымдар тұрғысынан қалыптастырады.

Фреймдеуден бөлек, зерттеу метафоралардың жүйелі қолданылуын анықтайды — әсіресе соғысқа, медицинаға және табиғи апаттарға байланысты метафоралар, олар эмоционалдық әсерді күшейтіп, экологиялық ақпаратты когнитивтік өңдеуге ықпал етеді. Бағалауыш тіркестер мен агенттілікті белгілеу тәсілдері жауапкершілік, кінә және ықтимал шешімдер туралы пайымдауларды одан әрі қалыптастырады.

Жалпы алғанда, зерттеу медиадискурстың экологиялық идеологияларды қалыптастырудағы орталық рөлін көрсетеді. Экологиялық тұрғыдан пайдалы немесе зиянды дүниетанымдарды қалыптастыруға ықпал ететін тілдік тетіктерді ашу арқылы жұмыс климаттың өзгеруі туралы хабарламаларда неғұрлым конструктивті, теңгерімді және тұрақтылыққа бағытталған коммуникациялық практикалардың қажеттілігін айқындайды.
Жолдасова М.А.Бердешова А.О.Алихан И.М.Бакирова Ш.А.
Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы
2026-07-012026-07-0181210.48371/PHILS.2026.2.81.011ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ ЭТНОМӘДЕНИ КЕҢІСТІК: МИФОТОПОНИМДЕРДІ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ
https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2327

Мақалада қазақ және ағылшын тілдеріндегі мифотопонимдердің лингвомәдени және когнитивтік ерекшеліктері салыстырмалы-лингвистикалық тұрғыда талданады. Зерттеу нысаны ретінде екі халықтың ұлттық мәдениеті мен танымдық санасында маңызды орын алатын жер-су атаулары алынған. Қазақ және ағылшын топонимдері – белгілі бір тарихи, әлеуметтік, табиғи-географиялық факторлармен тығыз байланысты, сол себепті олардың семантикалық ерекшеліктері әртүрлі мәдени кодтармен айқындалады. Ғылыми зерттеудің мақсаты – қазақ және ағылшын тілдеріндегі мифотопонимдерді салыстырмалы талдау арқылы олардың этномәдени танымдық жүйесіндегі ерекшеліктерін айқындау. Зерттеу мифотопонимдердің тілдік дерек ретіндегі маңызын, сондай-ақ олардың мифологиялық сана мен этномәдени дүниетаныммен байланысын айқындауға бағытталған. Зерттеу идеясы – мифотопонимдердің белгілі бір этностың тарихи жадын, рухани құндылықтарын және мәдени кодын сақтаушы әрі жеткізуші тілдік феномен екендігін дәлелдеу.

Зерттеудің өзектілігі цифрлық дәуірде мәдениетаралық байланыстардың белсенді дамуына және соған сәйкес өзге халықтардың мәдениетіне, тарихына, дүниетанымына деген қызығушылықтың артуына байланысты айқындалады. Осындай рухани-мәдени құндылықтардың маңызды құрамдас бөлігі болып саналатын мифотопонимдерде халықтың тарихи тұрғыдан қалыптасқан рухани мұрасы, көне наным-сенімдері, аңыздары мен мифологиялық түсініктері көрініс табады.

Зерттеу барысында мифотопонимдік деректер жүйеленіп, салыстырмалы, сипаттамалы, семантикалық, когнитивтік және лингвомәдени талдау әдістері қолданылады. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мифотопонимдерді салыстырмалы талдау қазақ және ағылшын халықтарының тарихи жадындағы, рухани құндылықтарындағы, мәдени кодтарындағы, сондай-ақ этномәдени және тарихи-мәдени ерекшеліктеріндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды тереңірек айқындауға мүмкіндік берді.

Зерттеудің жаңалығы – қазақ және ағылшын тілдеріндегі этномәдени кеңістік ұғымын мифотопонимдер негізінде салыстырмалы талдау. Жұмыс қазақ және ағылшын тілдеріндегі мифотопонимдердің семантикалық, мәдени-когнитивтік ерекшеліктерін салыстыра отырып, олардың этномәдени кеңістікті бейнелеу тәсілдерін анықтайды. Зерттеу нәтижесінде қазақ және ағылшын мифотопонимдерін когнитивтік тұрғыдан салыстырмалы талдау арқылы екі халықтың ұлттық дүниетанымдық ерекшеліктері айқындалып, жаңа ғылыми пайымдар ұсынылады.

Зерттеудің ғылыми маңызы – ағылшын және қазақ тілдеріндегі мифотопонимдерді салыстырмалы талдау олардың танымдық-семантикалық құрылымын айқындауға және лингвистикалық білімді кеңейтуге үлес қосады. Зерттеудің практикалық құндылығы – зерттеу нәтижелерін салыстырмалы тіл білімі, мәдениеттану, ономастика мен лингвокогнитивтік зерттеулерде қолдануға болады.
Сматова А.Е.Емкулова З.А.Морозова В.Ю.
Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы
2026-07-012026-07-0181210.48371/PHILS.2026.2.81.025The ҚАЗАҚ, ОРЫС ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІ КОНТЕКСТІНДЕ ҚОС ТІЛДІЛІК ПЕН КӨПТІЛДІЛІКТІҢ ӘРТҮРЛІ ФОРМАЛАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІН ЗЕРТТЕУ
https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2341

Мақалада қазақ, орыс, ағылшын тілдерін қамтитын билингвизм мен көптілділіктің күрделі динамикасы қарастырылған. Билингвизм трансференттік және эндогендік түрлерге жіктеледі, соңғысы ең жоғары деңгейді білдіреді. Мұндай жағдайларда жеке адамдар орыс тілін өздерінің негізгі ойлау тәсілі ретінде сақтайды, ал олардың ішкі және сыртқы дискурсы екі тіл арасындағы үйлесімді тепе-теңдікті көрсетеді. Тілдік аударма қажеттілігі азаяды, өйткені лингвистикалық шеберлік интуитивті және дәйекті бола бастайды. Жеке адамдар массив пен стилистикалық ресурстарды тілдерде, олардың лингвистикалық таңдауын контекстке сәйкес қолдана біледі. Керісінше, билингвизмнің басқа түрлері, мысалы, монолингвизм және екінші тілді қолдану, икемділік пен практикалықтықтың төмендеуін көрсетеді. Бұл формалар лингвистикалық даму траекториясына байланысты. Билингвизмнің күрделі табиғаты ұлттың лингвистикалық тәжірибесімен терең байланысты және ұлттық тілдер дамып, өзгерген сайын орыс тілінің мәртебесі де өзгереді.

Лингвистикалық тұрғыдан алуан түрлі қоғамда ана тілін меңгеру, сонымен бірге танылған тілді меңгеру әлеуметтік, мәдени және лингвистикалық іс-шараларға толық қатысу үшін өте маңызды. Бұл орта тілдік құбылыстарды теориялық және практикалық түсінуді де, байыта түсті. Бұл құбылыстардың күрделілігі мен жан-жақты сипаты екі тілділік пен көптілділік туралы әр түрлі, кейде қарама-қайшы дискурстардың дамуын едәуір қалыптастырды.

Қосымша тілдерді меңгерудегі вариациялар айқын қарама-қайшылықтар мен түсінудің нәзік нюанстарын көрсетеді. Бұл айырмашылықтар түрлі пәндердегі сарапшылардың айырмашылықтарынан ерекшеленеді, олардың әрқайсысы екі тілділік пен көптілділікті зерттеудің әдістемелері мен тұжырымдамалық негіздері арқылы нақты аспектілерді талдайды. Сонымен қатар, бұл талдаулар идеологиялық перспективалар мен бағдарларды қалыптастырады.

Саурбаев Р.Ж.Жетписбай А.К.Кульбаева Б.Т.Мусабекова Г.З.
Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы
2026-07-012026-07-0181210.48371/PHILS.2026.2.81.024АМЕРИКАЛЫҚ БАСПАСӨЗ ПРИЗМАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН
https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2352

Мақалада 2020-2025 жж. кезеңде халықаралық медиадискурстың трансформациясы мен геосаяси бәсекелестіктің күшеюі контексінде америкалық баспасөздегі Қазақстанның репрезентативтік ерекшеліктері қарастырылады. Америкалық БАҚ Қазақстанның жаһандық саясат жағдайында Орталық Азиядағы рөлінің, сонымен қатар, халықаралық аренадағы ел позициясының өзгеруіне ықпал еткен ішкі және сыртқы үдерістерге айрықша назар аударады. Бұл үдерістердің медиада жариялануы Қазақстанның шетелдік аудиториядағы бейнесін айқындайтын тұрақты интерпретациялық модельдерді қалыптастырады.

Зерттеу мақсаты – аталған кезең ішінде америкалық басылымдардың Қазақстан бейнесін қалыптастыруына әсер еткен басты дискурсивтік фреймдер мен нарративтік стратегияларды анықтау. Медиабейненің динамикасын, тақырыптық және бағалауыштық акценттердің ығысуын талдауға, сондай-ақ, БАҚ-тың редакциялық және идеологиялық саясатына негізделген интерпретациялық айырмашылықтарды айқындауға баса назар аударылады.

Зерттеудің әдіснамалық негізін корпустық контент-талдау, тақырыптық-дискурстық талдау және сыни лингвистика элементтері құрайды. Эмпирикалық база хронологиялық репрезентация мен тақырыптық алуан түрлілікті ескере отырып таңдалған жетекші америкалық медианың (The New York Times, CNN, Reuters, The Washington Post, Foreign Policy және т.б.) 25 жарияланымын қамтиды. Материалды өңдеу барысында AntConc бағдарламалық жасақтамасы пайдаланылып, ол жиіліктік лексемаларды, негізгі концептілер мен коллокацияларды анықтауға мүмкіндік берді.

Зерттеу нәтижесінде Қазақстанның медиапрезентациясы дағдарыстық-наразылық фреймінен реформациялық, дипломатиялық және прагматикалық пайымдау модельдеріне ауысуы арқылы сипатталатыны айқындалды. Сыни және прагматикалық интерпретациялардың қатар қолданысы жағдайында бағалауыштық теңгерім қалыптастыратын дискурсивтік амбиваленттілік анықталды. Жұмыстың ғылыми құндылығы америкалық медиадискурстағы Қазақстан туралы фреймдік құрылымды жүйелеу және оның халықаралық бейнесін қалыптастыратын тетіктерді анықтауға байланысты. Нәтижелердің практикалық құндылығы оларды медидискурстық, саяси дипломатия мен стратегиялық коммуникациялық зерттеулерде пайдалану мүмкіндігіне негізделеді.
Аймағамбетова М.М.Халел Г.Қ.
Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы
2026-07-012026-07-0181210.48371/PHILS.2026.2.81.003СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МОНОЛИНГВ ЖӘНЕ БИЛИНГВ БАЛАЛАРДЫҢ УӘЖДЕЛГЕН ҚАЗАҚ ЛЕКСИКАСЫН ТҮСІНУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ
https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2356

Мақалада лексикалық уәждеме теориясы аясында балалардың сөйлеу тілін психолингвистикалық эксперименттік зерттеу тәжірибесі сипатталады. Қазақстанның солтүстік өңірінде тұратын 5 жастан 10 жас аралығындағы қазақ монолингв және қазақ-орыс билингв балалардың қазақ тілінің уәжделген лексикасын түсіну стратегиялары басты назарға алынды.

Жұмыстың өзектілігі сөздің дыбыстық формасы мен оның мағынасы арасындағы байланысты орнату қабілеті ретінде түсінілетін балалардың уәждемелік рефлексиясын зерттеу қажеттілігімен анықталады. Балалардың бұл қабілеті лингвокогнитивті ойлау, танымдық белсенділік, коммуникативтік құзыреттілікті және оқу іс-әрекетінің сәттілігін дамытудың маңызды факторы ретінде қарастырылады.

Зерттеудің мақсаты – психолингвистикалық эксперимент деректері негізінде қазақ тілінің лексикалық бірліктерін түсіну стратегияларын анықтау және сипаттау, сондай-ақ балалардың жас ерекшеліктерін және олардың монолингв немесе билингв (қазақ/қазақ және орыс тілдері) тілдік тәжірибесінің сипатын ескере отырып, осы стратегияларды қолданылуына салыстырмалы талдау.

Зерттеу сұрақтары моно- және билингвалды респонденттердің қазақ тілінің лексикалық бірліктерін түсіну стратегиясын анықтау; стратегияларды сипаттау; балалардың жас ерекшелігіне және тілдік тәжірибесінің сиипатына қарай қолданатын стратегияларын саралау; стратегияларға салыстырмалы-статистикалық талдау жасау.

Зерттеудің эмпирикалық қоры ретінде сөздің уәжділігін танытатын 893 баланың вербалды реакциялары болып табылатын метасөйленімдері алынды. Жұмыста психолингвистикалық, сипаттамалық, статистикалық және салыстырмалы-уәждемелік әдістер кешені қолданылды.

Талдау нәтижесінде балалардың сөйлеу тіліндегі уәжделген сөздерді қабылдау, түсіндіру және семантикалық қайта құру ерекшеліктерін көрсететін 12 стратегиясы анықталды және сипатталды. Монолингв мен билингв респонденттердің стратегияларды іске асырудың жалпы заңдылықтары да, өзіндік ерекшеліктері де анықталды.

Жалпылық 5-6, 7-8 және 9-10 жастағы балалардағы уәждемелік рефлексиясының жас динамикасында көрінеді, бұл тілдік бағдарлау стратегияларының жиілігінің өсуімен расталады.

Анықталған айырмашылықтар монолингв балалардың жалғыз дұрыс интерпретацияға бағытталған өнімді және вариативті жауаптарды жиі қолданатынын көрсетеді, ал билингвтер әртүрлі стратегияларға жүгінеді, көбінесе сөздің ішкі формасын түрлі сегменттері арқылы түсінеді, екі тілдің элементтерін салыстырады және окказионалдық мағыналарды қалыптастырады. Зерттеудің ғылыми-тәжірибелік маңызы – психолингвистикалық экспериментте қол жеткізген нәтижелер балалардың сөйлеу тілінің дамуы туралы түсініктерді кеңейтеді және моно- және билингвалды ортада қазақ тілін оқытудың ғылыми зерттеулері мен практикасында пайдаланылу мүмкіндігін туғызады.
Жумагулова О.А.Тлеубердина Г.Т.Темирова Ж.Г.Каирбекова И.С.
Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы
2026-07-012026-07-0181210.48371/PHILS.2026.2.81.012СОЦИОЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ОРЫС ТІЛІНДЕГІ ЛЕКСИКАЛЫҚ ӨНІМДІЛІКТІҢ БИЛИНГВАЛ ЖӘНЕ МОНОЛИНГВАЛ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ: ПСИХОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕЛУІ
https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2364

Мақала бастауыш сынып оқушылары-қос тілді және монолингвистердегі орыс тіліндегі сөйлеудің лексикалық өнімділігін бағалауға бағытталған психолингвистикалық эксперименттің нәтижелерін талдауға арналған. Қазақстанның бірегей тілдік ландшафты қос тілділікті зерттеуге деген қызығушылықтың артуын шарттайды. Зерттеудің өзектілігі екі тілді оқушылардың тілдік дамуына әлеуметтік-Жас факторларының әсерін зерттеу болып табылады. Зерттеудің ғылыми жаңалығы бастауыш сынып оқушыларының-Солтүстік Қазақстанның қос тілді және монолингваларының лексикалық өнімділігін кешенді эмпирикалық талдаудан тұрады. Зерттеуге Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары мектептерінің 1-4 сыныптарының 153 оқушысы қатысты, оның ішінде 75 орыс-қазақ қос тілді және 78 орыс тілді монолингвалар. Жұмыстың мақсаты-орыс тіліндегі зат есімдер мен етістіктердің лексикалық номинациясының процестерін талдау негізінде балалардың тілдік санасының ерекшеліктерін анықтау, сонымен қатар әлеуметтік-Жас факторларының лексикалық өндіріс пен лексикалық өнімділік параметрлеріне әсерін анықтау. Зерттеудің жетекші әдісі-эмпирикалық деңгей әдісі-психолингвистикалық эксперимент. Алғаш рет тілдік құзыреттіліктің салыстырмалы деңгейінде екі тілді балалар орыс тіліндегі лексикалық номинацияның дәлдігі мен жылдамдығында монолингвалды құрдастарынан кем түспейтіні көрсетілген. Лексикалық өнімділік параметрлеріне бірқатар әлеуметтік –Жас факторларының–ең алдымен оқыту тілінің, ата-аналардың жасының және білім деңгейінің статистикалық маңызды әсері анықталды. Алынған нәтижелер қазақстандық билингвизмнің өңірлік ерекшелігін көрсетеді және көптілді білім беру жағдайында тілдік сананы қалыптастыру тетіктерін түсінуге үлес қосады. Зерттеудің теориялық маңыздылығы-балалардың қос тілділігі туралы идеяларды дамыту. Практикалық маңыздылығы алынған мәліметтерді екі тілді оқушылардың лексикалық өнімділігін дамытуға ықпал ететін оқыту әдістерін әзірлеу кезінде қолдану мүмкіндігімен анықталады.
Әбишева И.М.Жақупова А.Д.Анищенко О.А.Фаткиева Г.Т.
Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы
2026-07-012026-07-0181210.48371/PHILS.2026.2.81.001ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ГЕНЕРАТИВТІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ МӘТІНДЕРІНІҢ ТІЛДІК-СТИЛЬДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (OPENAI ЖӘНЕ ОТАНДЫҚ ПЛАТФОРМА НЕГІЗІНДЕ)
https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2373

Бұл мақалада генеративті жасанды интеллект (ЖИ) платформаларының қазақ тіліндегі мәтіндерге тән тілдік және стильдік ерекшеліктері салыстырмалы талдау арқылы зерттеледі. Генеративті модельдердің тілдік сапасын бағалау – қазіргі лингвистика мен цифрлық технологиялардың тоғысындағы өзекті мәселе. Зерттеу нысаны ретінде OpenAI ұсынған ChatGPT моделі мен отандық ЖИ платформасы таңдалып, олардың қазақ тіліндегі мәтіндерді генерациялау қабілеті бес негізгі критерий бойынша бағаланды: промт талабын орындау, әдеби тіл нормаларына сәйкестік, калька мен кірме құрылымдардың ықпалы, стильдік регистрдің сақталуы және лексикалық байлық. Бағалау процесінде 0–2 баллдық шкала қолданылып, әр жауаптың сапалық көрсеткіштері нақты сандармен сипатталды. Талдау нәтижелері OpenAI платформасының мәтіндері мазмұн тереңдігі, стильдік байлық, аргументациялық логика мен бейнелілік тұрғысынан анағұрлым жоғары деңгейде екенін көрсетті. Сонымен қатар, оның көркем-публицистикалық стиль талаптарын орынды қолданатыны байқалды. Ал отандық платформа мәтіндері қысқа, құрылымы жиі қайталанатын, кейде калька үлгілері мен грамматикалық қателерге толы болып шықты. Мұндай айырмашылықтар көбіне платформаларда қолданылған тілдік корпустардың құрамымен, ресми-іскерлік стильге бағдарланған материалдардың басымдығымен байланысты. Мәтіндердегі мәдени-ұлттық мазмұнның көрініс табуы да зерттеудің маңызды бағыты болды. Нәтижелер қазақ тіліндегі образдылық, мақал-мәтел мен теңеу секілді көркемдік құралдардың генеративті жүйелер арқылы жеткізілуінде шектеулер бар екенін көрсетті. Бұл зерттеу қазақ тілінде сапалы генеративті ЖИ моделін дамыту үшін тілдік нормалар мен стиль үйлесімін ескеру қажеттігін дәлелдейді. Сонымен қатар, зерттеу барысында ЖИ платформаларының мәтін құраудағы прагматикалық сәйкестік пен контексті түсіну деңгейі де жанама түрде қарастырылды. Бұл аспектілер қазақ тілінің семантикалық және дискурстық ерекшеліктерін меңгерудің генеративті модельдер үшін күрделі екендігін аңғартады. Алынған нәтижелер болашақта қазақ тіліне бейімделген ЖИ жүйелерін жасау мен тілдік деректер қорын сапалы қалыптастыруда әдістемелік негіз бола алады.
Тәшпенова Қ.Е.Садирова К.К.
Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы
2026-07-012026-07-0181210.48371/PHILS.2026.2.81.026С. ЖҮНІСОВТІҢ «ЗАМАНАЙ МЕН АМАНАЙ» ПОВЕСІНДЕГІ «УАҚЫТ» КОНЦЕПТІСІН РЕПРЕЗЕНТАЦИЯЛАУ
https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2376

Универсалды концептілер белгілі бір этностың санасында қалыптасқан философиялық, ұлттық-мәдени және психологиялық қырларды бейнелейді және олар тілдік құралдар арқылы көрініс табады. Лингвокогнитология лингвистиканың жаңа бағыты ретінде аталған қырларды фразеологизмдер, шағын фольклорлық жанрлар мен көркем шығармалар материалдары негізінде зерттейді. Мақаланың өзектілігі тарихи повестердегі этностың мәдени құндылықтарын ғылыми талдау арқылы жеткізунін қажаттелігін айқындайды. Бұл еңбектің мақсаты – С. Жүнісовтің «Заманай мен Аманай» повесінде көрініс тапқан қазақ халқының тілдік дүниетанымындағы «уақыт» концептісінің өзіндік ерекшеліктерін айқындау. Зерттеу барысында семантикалық модельдерді жіктеу әдісі, сондай-ақ мәдени-тарихи, сипаттамалы әдістер және пәнаралық синтез әдісі қолданылды. Мақалада «уақыт» концептісінің денотативтік және коннотативтік реңктері талданады. Көркем шығармада айқын коннотативтік мәнге ие этномаркерленген «заман» лексемасы ерекше қызығушылық тудырады. Авторлар повестегі «уақыт» концептісінің семантикалық модельдерін жіктеп, С.Жүнісовтің концептіге қатысты өзіндік пайымын анықтады. Мақаланың ғылыми жаңалығы С. Жүнісов шығармасындағы «уақыт» концептісінің жүйелі түрде зерттелуімен және оны қазақ халқының болмыс жағдайларымен айқындалатын ұлттық-мәдени кодты көрсететін ментальді бірлік ретіндегі лингвокогнитивтік зерттеулердің жалпы арнасына енгізуімен сипатталады. Зерттеудің теориялық маңызы – «уақыт» концептісі теориясын тереңдетуінде, бұл болашақта универсалды концептілерді зерттеуге негіз бола алады. Практикалық маңызы – мақаланың негізгі тұжырымдарын лингвистика, этнолингвистика, социолингвистика, қазақ тілі, Қазақстан тарихы, философия, саясаттану, мәдениеттану және басқа да пәндерді оқыту барысында қолдану мүмкіндігінде. «Уақыт» концептісін қазақ халқының болмысы мен санасының универсалиясы ретінде кешенді зерттеу нәтижелері қазақ концептосферасын зерделеуге өз үлесін қосады.
Ускенбаева С.Т.Жумаханова А.Ж.Искакова Ш.Г.
Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы
2026-07-012026-07-0181210.48371/PHILS.2026.2.81.030Т. ӘСЕМҚҰЛОВТЫҢ «ТАЛТҮС» РОМАНЫНДАҒЫ ЖЕТІМ БАЛАНЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫ
https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2400

Т. Әсемқұловтың «Талтүс» романы – жетім бала психологиясын, дүниетанымын аша алған шығарма. Прозалық шығармадағы жетім бала бейнесі арқылы жеке адамның тағдырын ғана емес, жалпыадамзаттық болмысты тануға болады. Романда атасы әке-шешенің жоқтығын білдірмеуге тырысып, жасырып-жасқаса да бала бойында метафизикалық сағыныш менмұндалайды. Өгей шешеден теперіш көрген баланың ішкі қорқыныштары мен күрескерлік қасиеті шебер суреттеледі. Сондықтан болар, бас кейіпкер өзін кітаптардан, домбыра пернесінен, дастархан басындағы тағылымды әңгімелерден құрап алуға тырысады.

Мақаланың негізгі мақсаты – автордың «Талтүс» романындағы жетім бала Әжігерейдің ішкі әлемін суреттеу және экзистенциалдық жалғыздық мәселесіне үңілу. Бұл мақалада жетім баланың жан-дүниесіне жан-жақты барлау жасалып, рухани жалғыздық мәселесі философиялық және психологиялық тұрғыдан зерделенеді. Негізгі идеясы – жаны жараланған кейіпкерді суреттеудегі автордың қолданған көркемдік тәсілдерін талдау. Тамырсыздық, белгісіздік мәселелерінің кейіпкер санасына әсер етуі арқылы рухани аш жетім баланың өзіндік «менін» іздеу жолындағы сапарын сипаттау. Зерттеуде көркем-әдеби талдау әдісі, психологиялық талдау әдісі, когнитивтік талдау әдісі, экзистенциалдық-философиялық әдіс және болжамдық әдіс қолданылады.

Зерттеу нәтижесінде, автордың «Талтүс» романы – күйшілік өнерден сыр шерту ғана емес, күй арқылы өзін табуға тырысқан жетім баланың талпысы, тұлға ретінде қалыптасу жолы, символика арқылы берілген сана түкпіріндегі қорқыныштары зерттелген шығарма екені анықталады. Сонымен қатар, жетімнің ішкі күйі мен тартқан күйіндегі байланыс тұжырымдалады. «Талтүс» романының негізгі тақырыптарының бірі күй өнерінің дамуы ғана емес, жетім баланың ішкі күйіне үңілу екені анықталады. Автордың бас кейіпкерді жетім бала ретінде алу себептері зерттеліп, тиісті қорытындылар жасалады. Бас кейіпкердің жетімдіктен алған жарақаттарын күй өнері, яғни музыкалық терапия арқылы емдеуге тырысқаны да зерделенеді. Зерттеу жетім бейнесін әдеби-теориялық тұрғыда талдауға негіз болып, алынған нәтижелерді оқу және ғылыми тәжірибелерде қолдануға ұсынылады.
Айдарбекова А. А.
Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы
2026-07-012026-07-0181210.48371/PHILS.2026.2.81.042ҚАРАТАУ ӨҢІРІ ТОПОНИМДЕРІНІҢ СЕМИОТИКАЛЫҚ ТАБИҒАТЫ
https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2404

Мақала аймақтық топонимиканы зерттеуге және Қаратау өңірінің жер-су атауларының семиотикалық ерекшеліктерін анықтауға бағытталған. Зерттеу барысында аймақтың географиялық атауларының қалыптасу негіздері, олардың табиғи орта, тарихи оқиғалар және халықтың дүниетанымымен байланысы талданады. Сондай-ақ топонимдердің этномәдени ақпаратты сақтаушы тілдік бірлік ретіндегі қызметі айқындалады. Зерттеу жұмысының мақсаты – Қаратау өңірі топонимдерінің семиотикалық табиғатын анықтау, олардың таңбалық жүйесін, мағыналық құрылымын ашу.

Зерттеудің негізгі идеясы – жер-су атауларын тек географиялық атаулар ретінде емес, тарихи-мәдени ақпарат пен ұлттық дүниетанымды бейнелейтін таңбалық жүйе ретінде қарастыру. Зерттеу аясында топонимдердің семиотикалық табиғаты табиғи-географиялық және этномәдени факторлармен байланыста айқындалады.

Ғылыми жаңалығы – Қаратау өңірі топонимдерін семиотикалық, тарихи-мәдени және танымдық тұрғыдан кешенді қарастыру арқылы олардың күрделі таңбалық табиғатын айқындап, қазақ топонимикасына жаңа зерттеу бағытын ұсыну.

Зерттеу барысында Қаратау өңірі топонимдерінің семиотикалық ерекшелігін анықтау мақсатында кешенді әдіснамалық тәсілдер қолданылды. Зерттеу барысында Қаратау өңірі топонимдерін жинақтау, жүйелеу, сипаттамалы әдістер, семантикалық және этимологиялық талдаулар қолданылды. Зерттеу нәтижесінде Қаратау өңірі топонимдерінің басым бөлігінің табиғи-географиялық ерекшеліктермен, этномәдени таныммен және тарихи оқиғалармен тығыз байланысты екені анықталды. Топонимдер арқылы өңір халқының дүниетанымы, тұрмыс-тіршілігі, рухани құндылықтары мен тарихи жады көрініс табатыны айқындалды. Зерттеу қорытындылары қазақ топонимикасының теориялық мәселелерін толықтыруға, тілдік деректерді жүйелеуге және семиотикалық талдаудың әдіснамалық мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді. Зерттеудің практикалық маңызы алынған тұжырымдардың лингвистика, мәдениеттану, өлкетану салаларында, сондай-ақ жоғары оқу орындарында ономастика пәндерін оқыту барысында пайдаланылуымен анықталады. Сонымен қатар зерттеу нәтижелері өңірлік жер-су атауларын жүйелеу, топонимиялық сөздіктер мен картографиялық материалдар әзірлеу, тарихи-мәдени мұраны сақтау және насихаттау ісінде қолдануға болады.
Тлеубердиев Б.М.Ағабеков О.М.Ибрагимов Ж.Б.Бияров Б.Н.
Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы
2026-07-012026-07-0181210.48371/PHILS.2026.2.81.027«ОРЫС ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ОНОМАСТИКАСЫ» КУРСЫНА ЛЕКСИКОГРАФИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2422

Мақала қазақстандық ономаст-ғалым, филология ғылымдарының докторы В.Н. Попованың ғылыми зерттеулер нәтижелерін жоғары оқу орнының оқу үдерісіне енгізуге арналған. Ғалымның зерттеу стратегиялары мен әдіснамалық ұстанымдары туған өңірдің тарихи-мәдени контекстін терең түсінуге елеулі үлес қосады. Тақырыптың өзектілігі қазіргі Қазақстанның ономастикалық мұрасын білім беру кеңістігіне енгізудің қажеттілігімен айқындалады. Бұл интеграция 6В01705 «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау» білім беру бағдарламасының студенттеріне оқытылатын «Орыс және қазақ ономастикасы» атты элективті пән арқылы жүзеге асырылады.

Зерттеудің мақсаты: студенттердің өңір топонимиясы жөніндегі ономастикалық білімдерін қалыптастырудың негізі ретінде қазақ және орыс географиялық атауларын талдау. Мақсатқа сәйкес келесі міндеттер айқындалды: географиялық атаулардың номинация принциптерін негіздеу; органолептикалық топонимдерді сипаттау; түстік компоненті бар топонимдердің ерекшеліктерін айқындау. Зерттеудің деректік негізін географиялық атаулар сөздіктерінен, ономастика мен топонимика бойынша анықтамалықтардан алынған лексикографиялық деректер, сондай-ақ В.Н. Попованың мұрағаттық материалдары құрайды. Зерттеудің жаңалығы топонимдерді лингвомәдени тұрғыдан сипаттаумен, олардың құрамындағы метафоризация мен символизм құбылыстарын анықтаумен байланысты. Функционалдық-типологиялық әдіс атаулардың номинативтік және дескриптивтік қызметтерін ашуға, олардың семантикасын, типологиясын, этимологиясын айқындауға, сондай-ақ қолданылу ареалын ескере отырып, топонимдік мазмұнды құрылымдауға мүмкіндік береді. Эмпирикалық материалды кешенді сипаттау тарихи, лингвистикалық, статистикалық және социологиялық әдістердің қолданылуы арқылы қамтамасыз етіледі.

Авторлар географиялық нысандардың номинация үдерістерінің теориялық маңыздылығына және олардың мәдени-тарихи контекстегі рөліне назар аударады, сондай-ақ ұсынылып отырған материалды білім беру үдерісіне енгізудің өзектілігін айқындайды. Мақалада этнолингвистика саласындағы кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға, зерттеу дағдыларын дамытуға, далалық эксперименттер жүргізу, картотека құрастыру, топонимдерді салыстырмалы-салғастырмалы тұрғыдан сауатты сипаттау сияқты кәсіби құзыреттерді жетілдіруге бағытталған күтілетін оқу нәтижелері тұжырымдалады. Зерттеудің практикалық маңыздылығы кейс-стади форматындағы материалдардан бастап ғылыми жобаларға дейінгі әдістемелік құралдарды әзірлеумен байланысты болуы мүмкін. Бұл ономастика ғылымының мазмұндық қырын ғана емес, сонымен бірге оның өңірлік бағдарланған және ғылыми тұрғыдан негізделген сипатын айқындайды.
Нарожная В.Д.Кадеева М.И.Орынбетова Э.А.
Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы
2026-07-012026-07-0181210.48371/PHILS.2026.2.81.019ҚАЗАҚ ТОПОНИМДЕРІНІҢ ЭТИМОЛОГИЯСЫ ТУРАЛЫ ЖАЗЫЛҒАН ҒЫЛЫМИ ТҰЖЫРЫМДАР: ПІКІР АЛШАҚТЫҒЫ МЕН СӘЙКЕСТІГІ
https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2440

Мақалада қазақ топонимдерінің этимологиясына қатысты ғылыми әдебиеттерде ұсынылған тұжырымдар жүйеленіп, олардың өзара сабақтастығы мен қайшылықтары теориялық және әдіснамалық тұрғыдан сараланады. Қазақ топонимикасы тарихи-мәдени деректерді, этникалық құрам мен көші-қон үдерістерін, табиғи-географиялық белгілерді және көне тілдік қабаттарды сақтап, көпқабатты семиотикалық жүйе құрайтыны дәлелденеді. Осы негізде жекелеген атаулардың шығу тегін түсіндіруде қалыптасқан ғылыми бағыттар талданып, баламалы этимологиялық нұсқалар салыстырылады. Зерттеудің мақсаты – әртүрлі интерпретацияларды кешенді талдау арқылы олардың ғылыми уәжділігін, фонетикалық сәйкестігін, семантикалық негізін айқындап, қазақ ономастикасындағы теориялық тұтастықты нақтылау.

Зерттеу нысаны ретінде Абыралы, Азғыр, Ақсу, Алатай, Бұқтырма, Бақанас, Аягөз, Үржар тәрізді гидронимдер мен орографиялық атаулар алынды. Талдау барысында антропонимдік, этнотопонимдік, зоотопонимдік, орографиялық және субстраттық түсіндіру үлгілері өзара салыстырылып, халықтық және ғылыми этимология арасындағы ұстанымдық айырмашылықтар айқындалады. Әдіснамалық негіз ретінде салыстырмалы-тарихи талдау, фонетикалық реконструкция, морфемдік жіктеу, семантикалық уәжділік, лингвомәдени және когнитивтік талдау тәсілдері кешенді түрде қолданылады.

Талдау нәтижесінде қазақ топонимдерінің қалыптасуында көне түркілік негіздермен қатар моңғол және араб-парсы қабаттарының ықпалы, мағыналық қабаттасу құбылысы, транстопонимизация үдерісі мен тарихи дыбыстық өзгерістердің шешуші рөл атқаратыны дәлелденеді. Бір атаудың бірнеше тарихи-семантикалық қабатты қамтуы және әр кезеңде қайта интерпретациялануы топонимдердің динамикалық табиғатын көрсетеді. Зерттеу этимологиялық пайымдарды жүйелеп, әдіснамалық айқындық енгізеді және қазақ топонимдерін кешенді талдау моделін ұсынады. Нәтижелер топонимикалық сөздіктерді жетілдіруде, ономастика курстарын жаңартуда және тарихи-лингвистикалық зерттеулерді дамытуда қолдануға негіз болады.
Амантай М.А.Каленбекова А.Е.
Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы
2026-07-012026-07-0181210.48371/PHILS.2026.2.81.005TED TALKS-ТА ЕЛДІҢ БЕЙНЕЛЕНУІН СЫНИ ДИСКУРС ТАЛДАУЫНА АРНАЛҒАН КОРПУСТЫҚ ТӘСІЛ
https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2450

Бұл зерттеу Қазақстанның жаһандық медиа дискурста, атап айтқанда TED Talks транскрипттерін корпустық талдау арқылы қалай ұсынылатынын қарастырады. Зерттеудің өзектілігі халықаралық медиа платформалардың Қазақстанның дискурсивтік бейнесін қалай қалыптастыратынын зерттеуде көрінеді. Зерттеудің мақсаты – Қазақстан аталған контексттерде қалай айтылатынын талдау және оның репрезентациясының дискурсивтік үлгілерін анықтау. Зерттеу деректері TED Corpus Search Engine құралын пайдалану арқылы жиналған, ал талдау сыни дискурс-талдаудың (СДТ) аралас тәсілі аясында жүргізілген. Зерттеудің жаңалығы корпустық талдауды осы зерттеу үшін арнайы әзірленген сыни дискурс-талдау тәсілімен ұштастыруында жатыр. Бұл тәсіл арнайы осы зерттеу үшін әзірленіп, Н. Ферклоудың үшөлшемді моделі, Т. ван Дейктің әлеуметтік-когнитивтік моделі және Р. Водактің дискурсивті-тарихи тәсілінің жекелеген аспектілеріне негізделген. Ол Қазақстанға қатысты әртүрлі контексттерді талдау үшін қолданылған. Мұндай әдістемелік тәсіл бізге 2007–2022 жылдар аралығында жарияланған материалдар іріктемесіндегі лексикалық таңдауларға, субъектіліктің ұсынылуына және жасырын идеологияларға назар аударуға мүмкіндік берді. Нәтижелер көрсеткендей, TED дискурсінде Қазақстан бірнеше қайталанатын тақырыптар арқылы жиі бейнеленеді. Елдің осы платформадағы дискурсивтік бейнесі даму идеяларын, ұлттық бірегейлік мәселелерін және табиғи ресурстарды пайдалану тақырыптарын көрсетеді. Зерттеудің теориялық құндылығы жаһандық медиа нарративтерді зерттеуде корпустық әдістер мен дискурс-талдауды біріктіру мүмкіндіктерін көрсетуінде. Практикалық құндылығы Қазақстанның халықаралық коммуникациялық платформаларда қалай репрезентацияланатынын түсінуді кеңейтуде көрінеді. Зерттеудің шектеулері ретінде ағылшын тіліндегі транскрипттерге шоғырлануы, деректер жиынтығының аздығы және материалдардың стилі мен ұзындығы бойынша ерекшеленбеуі атап өтілсе де, бұл зерттеу корпусқа негізделген тәсілдердің құндылығын көрсете отырып, дискурс-талдау зерттеулеріне елеулі үлес қосады.
Акишев Т.Б.
Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы
2026-07-012026-07-0181210.48371/PHILS.2026.2.81.004 ЖАРНАМАЛЫҚ ДИСКУРСТЕГІ ИМПЛИЦИТТІ ПРАГМАТИКАЛЫҚ МАҒЫНА: ИНТЕНЦИОНАЛДЫЛЫҚТЫҢ, ПРЕСУППОЗИЦИЯ МЕН ИНТЕРПРЕТАЦИЯНЫҢ КОГНИТИВТІК-ПОЭТИКАЛЫҚ МЕХАНИЗМДЕРІ
https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2473

Мақалада имплицитті прагматикалық мағына қазіргі жарнамалық дискурстың тілдік, когнитивтік және мультимодальды құралдар арқылы адресатқа жасырын ықпал ететін негізгі механизмдерінің бірі ретінде қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі жарнамадағы жанама коммуникацияның рөлінің күшеюімен айқындалады, мұнда мағына тікелей хабарлама жазықтығында емес, адресаттың интерпретациялық үдерісі барысында қалыптасады. Жұмыстың мақсаты – жарнамалық дискурста имплицитті прагматикалық мағынаны құрастыру механизмдерін айқындау және жүйелі сипаттау, сондай-ақ оны прагматика, когнитивтік поэтика және мультимодальды зерттеулер тоғысындағы интегративті талдау моделін әзірлеу. Зерттеудің әдіснамалық негізін прагмалингвистикалық, когнитивтік-поэтикалық және мультимодальды тәсілдер құрады. Жұмыста сапалық дискурстық талдау, жарнамалық слогандар мен мультимодальды жарнамалық хабарламаларды интерпретативті талдау, сондай-ақ семантикалық-прагматикалық және когнитивтік талдау элементтері қолданылды. Зерттеу материалы ретінде халықаралық брендтердің заманауи жарнамалық слогандары мен мультимодальды жарнамалық кейстері алынды.

Зерттеу нәтижесінде жарнамадағы имплицитті прагматикалық мағына пресуппозициялар, импликатуралар, бағалау-экспрессивтік құралдар, брендтің интенционалдық ұстанымдары және интерпретацияның когнитивтік-поэтикалық механизмдері жүйесі арқылы қалыптасатыны анықталды. Жарнамалық слоган адресатқа әрекет ету, бағалау және тәжірибені қабылдау тәсілін бағдарлайтын прагматикалық тұрғыдан жоғары жүктемелі бірлік ретінде қызмет ететіні айқындалды. Мультимодальды жарнамада жасырын мағына бір-бірін қайталамайтын, керісінше мағына жасауда өзара толықтыратын вербалды және визуалды компоненттердің функционалдық өзара әрекеттесуі нәтижесінде туындайтыны көрсетілді. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы жарнамалық дискурсқа қатысты имплицитті прагматикалық мағына ұғымын нақтылауда және оны талдаудың интегративті тәсілін негіздеуде көрінеді. Жұмыстың үлесі жарнамадағы жасырын ықпалдың тілдік, когнитивтік және визуалды механизмдерін жүйелеуден тұрады. Нәтижелердің практикалық маңыздылығы оларды жарнамалық мәтіндерді лингвистикалық талдауда, жарнамалық стратегияларды әзірлеуде, мультимодальды науқандарды сарапшылық бағалауда, сондай-ақ прагмалингвистика, медиалингвистика және дискурсты талдау пәндерін оқытуда қолдану мүмкіндігімен айқындалады.
Нурбаева А. М.Байсыдык И. Б.Сопиева Б. А. Алдабергенқызы Л.
Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы
2026-07-012026-07-0181210.48371/PHILS.2026.2.81.021БІРІККЕН КОРОЛЬДІКТІҢ ГАЗЕТ ДИСКУРСЫНДАҒЫ БРИТАН ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІГІНІҢ 2025–2026 ЖЖ. ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ («SOVEREIGNTY» КОНЦЕПТІСІ НЕГІЗІНДЕ)
https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2574

Аталған мақала 2025-2026 жылдар кезеңіндегі Ұлыбритания газет дискурсындағы британдық ұлттық бірегейліктің трансформациясын «sovereignty» концептісі негізінде зерттеуге арналған. Зерттеудің басты назарында постбрекзиттік кезеңдегі қарама-қайшы әлеуметтік-саяси және мәдени үдерістерді бейнелейтін ұлттық бірегейліктің бір мезгілде егеменді әрі дағдарыстық категория ретінде дискурстық тұрғыдан құрылу процесі қарастырылады.

Зерттеудің мақсаты – 2025-2026 жылдардағы Ұлыбритания газет дискурсындағы британдық ұлттық бірегейліктің репрезентациясы мен трансформациясының ерекшеліктерін «sovereignty» концептісі негізінде анықтау, сондай-ақ постбрекзиттік әлеуметтік-саяси шындық жағдайында қазіргі «британдықтық» бейнесін қалыптастыру үдерісіндегі оның когнитивтік-дискурстық функцияларын айқындау.

Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы жұмыстың медиалингвистика, лингвокогнитивтік зерттеулер және сыни дискурс-талдау салаларының дамуына қосқан үлесімен айқындалады. Зерттеу қазіргі британ медиакеңістігіндегі ұлттық бірегейлікті дискурстық тұрғыдан құрастыру механизмдері туралы түсініктерді кеңейтіп, «sovereignty» концептісінің постбрекзиттік газет дискурсындағы негізгі идеологема ретіндегі рөлін нақтылайды. Зерттеу материалдарын оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеуде, сондай-ақ британ медиадискурсы, ұлттық бірегейлік мәселелері және ағылшынтілді бұқаралық ақпарат құралдарындағы әлеуметтік-саяси үдерістердің тілдік репрезентациясына арналған болашақ ғылыми еңбектерде қолдануға болады. Алынған нәтижелер қоғамның саяси және мәдени трансформациясы жағдайындағы тіл, медиа және ұлттық сана арасындағы өзара байланысты одан әрі зерттеуге мүмкіндік береді.

Зерттеу материалы ретінде Біріккен Корольдіктің төрт еліндегі жетекші британдық газеттердің – The Guardian, The Scotsman, Wales Online және Belfast Telegraph мәтіндері алынды. Бұл басылымдарда ішкі және сыртқы тұрақсыздық жағдайындағы «британдықтықты» репрезентациялаудың тұрақты нарративтік стратегиялары айқындалады. Әдіснамалық негіз ретінде ұлттық бірегейлік бейнесін құрылымдайтын негізгі идеологемалар мен концептуалдық метафораларды анықтауға мүмкіндік беретін сыни дискурс-талдау, лингвокогнитивтік тәсіл және корпустық талдау элементтері қолданылды.

Талдау барысында қазіргі медиадискурста британдық бірегейліктің екіжақты оппозиция арқылы құрылатыны анықталды: бір жағынан, Ұлыбританияның егемендігі, тарихи сабақтастығы және саяси субъектілігі идеясы айқын көрсетілсе, екінші жағынан, фрагментация, белгісіздік және бірліктің жоғалуы метафоралары арқылы көрінетін дағдарыс дискурсы өзектілендіріледі.
Сарсенова Ж.Б.Ким О.Я.
Авторлық құқық (c) 2026 «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы
2026-07-012026-07-0181210.48371/PHILS.2026.2.81.023