Қ.БЕГМАНОВ ЛИРИКАСЫНДАҒЫ ЖИДЕЛІБАЙСЫН ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ШОҒЫРЛЫ ЖЫРЛАР ЕРЕКШЕЛІГІ

Автор(лар)

  • Сұлтанова Б. М. КазУМО иМЯ им. Абылай хаан

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2025.3.78.040

Кілт сөздер:

Жиделібайсын, шоғырлы жырлар, поэзия, символ, туған жер, метафора, эпитет, тақырып, идея

Аннотация

Бұл мақалада ақын Қ. Бегманов поэзиясындағы шоғырлы жырлар назарға алынды.  Қ. Бегманов – қазіргі қазақ ақыны, оның алғашқы жыр жинағы 1980 жылдардың ортасынан бастап жарық көре бастаған. Ақын Қ. Бегманов шығармашылығы туралы  зерттеу мақалаларының аздығы мақаланың өзектілігін көрсетеді десек болады. Бұл мақаланың ғылыми жаңалығы Қ. Бегманов шығармашылығына жан-жақты талдау жасауымен және оның лирикасындағы циклдену үрдісінің, шоғырлы жырлар ерекшеліктерін қарастырылуына. Бұл жұмыстағы негізгі мақсатымыз – ақын Қ. Бегманов лирикасындағы Жиделібайсын тақырыбы аясында шоғырлы жырлардың ерекшелігін айқындау. Жұмыстағы зерттеу нәтижелерін жоғары оқу орындарында ХХІ ғасырдағы қазақ әдебиетін оқытуға арналған оқу құралдары мен оқулықтарды жазу барысында пайдалануға болатындығы мақаланың практикалық маңыздылығын көрсетеді. Мақаланы жазу барысында  тарихи-әдеби, салыстырмалы әдістер, сонымен қатар мәтінді стильдік және мотивтік талдау әдістері қолданылады.

Бұл еңбекте қазіргі әдебиетіміздегі туған жер тақырыбын жырлауда ақын Қ. Бегманов жырларының маңызы туралы айтылады.

Ақын Қ. Бегмановтың шығар­машылығында Жиделібайсын тақырыбын өзгеше салмақты салаға айналған деуге бо­лады. Жиделібайсын – қазақтың ұлттық танымында, түсінігінде  эпостық, батырлық жырларында, Асан қайғы жайлы аңыздарда, Бұхар жырау толғауларында жиі кездесетін берекелі, ырысты, қасиетті, қастерлі,  құтты, киелі мекен. Атауының өзінде рух бар, ұлттың ой-арманы жасырынған. Қазақ үшін құтты қоныс – өмір, бар болу.

Жиделібайсын –  ұрпақты аман сақтаудың, елдікті сақтаудың, бақытқа жетудің нышаны, символы. Ақын Жиделібайсын арқылы ұлт тағдырын айтады. Ақын  Қ. Бегманов поэзиясындағы Жиделібайсын жайындағы өлеңдерін талдау арқылы ұлтқа тән әр қилы бояулар, ақ пен қара, ел болу мен болмау, бір уыс топырақ болсын қастерлеу тәрізді ұлттық таным сипаттары талданды.

Жүктеулер

Жарияланған

2025-10-01

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles