Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы
Авторларға қойылатын талаптар
- Материалдарды жіберуге қойылатын жалпы талаптар
- Жіберу платформасы: Материалдарды жариялау Open Journal System (OJS) жүйесі арқылы жүзеге асырылады, ол онлайн-жіберуді және рецензиялауды қамтамасыз етеді.
- Тіркеу және авторизация: "Мақаланы қабылдау және жариялау үрдісі" бөлімінде тіркелу немесе жүйеге кіру мүмкіндігі бар: https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/priem-stati
- Мақаланы жіберу: Мақала тек электронды түрде журнал сайтының (OJS) функционалы арқылы жүктеліп ұсынылады.
- Мақаланы дайындау және сүйемелдеу
- Сүйемелдеу хаты: Автор жариялау үшін сүйемелдеу хатын (ЖҮКТЕУ) ұсынуы қажет.
- Авторларды көрсету: Мақалада хат-хабар жүргізуші автордың аты-жөні жұлдызшамен (*) белгіленеді.
- Жүйеде растау: OJS жүйесіндегі сүйемелдеу хатында мақала/қолжазба бұрын жарияланбағанын және мәтінде тиісті сілтемелерсіз алынған дәйексөздер жоқтығын растау қажет.
- Тексерулер және талаптарға сәйкестік
- Плагиат:
- Жариялау com жүйесі арқылы антиплагиат тексерісінен өткеннен кейін ғана жүргізіледі. Қойылған талаптар: КП1 – 30%, КП2 – 5%, дәйексөздер – 10%-дан аспауы тиіс.
- Шекті мәндерден асып кеткен жағдайда мақала қайта өңдеуге жіберіледі немесе (КП1 – 60%, КП2 – 40% болғанда) мүлде қабылданбайды.
- Егер қайта өңделген мақала белгіленген ұқсастық коэффициенттеріне сәйкес келмесе, редакция мақала жариялаудан бас тартуға құқылы.
- Автор антиплагиат тексерісінің нәтижелерімен танысуға құқылы.
- Мәтінді бұрмалауға бағытталған әрекеттерге жол берілмейді: жасырын мәтін, белгілерді алмастыру, қате құрылым, әліпбимен манипуляциялар, әріптерді ауыстыру, интервалдармен және бос орындармен жасалған жасырын мәтіндер.
Жарияланымнан бас тарту себептері:
- Жұмыста плагиат болып саналмайтын дәйексөздер бар, бірақ олардың көлемі шамадан тыс көп. Бұл автордың дербестігі мен мақаланың ғылыми құндылығына күмән тудырады. Автор мақаланы қайта өңдеп, дәйексөздер санын қысқартуы тиіс.
- Жұмыста әдейі жасалған бұрмалаулар немесе плагиат анықталған. Мысалы: басқа адамның мәтінін басқа тілге аударып, өз еңбегі ретінде ұсыну. Мұндай мақалалар жарияланбайды.
- Ғылыми этика:
- Этикалық нормаларды бұзуға жол берілмейді: плагиат, деректерді бұрмалау, қате дәйексөздер, басқа еңбектерді дұрыс түсіндірмеу, қате сілтемелер, жасанды интеллект технологияларын тиісті сілтемесіз пайдалану және т.б. Жарияланымның этикасы
- Басқа еңбекті басқа тілге аударып, өз зерттеу нәтижесі ретінде ұсынуға тыйым салынады.
- Мазмұнға және авторлық құрамға қойылатын талаптар
- Тақырып пен түпнұсқалық:
- Мақала журналдың мақсаты мен тақырыбына сәйкес болуы тиіс.
- Автордың жеке қорытындылары мен нәтижелерін немесе осы тақырып бойынша бұрынғы еңбектерге жүйелі шолу қамтуы қажет.
- Көлем және авторлық:
- Бір шығарылымда бір автордан тек бір ғана мақала жарияланады (жеке немесе қосалқы авторлықпен).
- Бір мақалада авторлардың саны 4 адамнан аспауы тиіс.
- Бір автордың бір жұмысты екі рет қатарынан жариялауына жол берілмейді.
- Жауапкершілік:
- Мақала мазмұнына авторлар жауапты.
- Редакция журналдың этикалық принциптеріне сүйене отырып, мақаланы жариялаудан бас тартуға құқылы.
- Рецензиялау және жариялау рәсімі
- Редакция рецензияға дейін автоматты түрде плагиатқа тексеріс жүргізеді.
- Сәйкестік расталған жағдайда мақала рецензияға жіберіледі.
- Рецензия қорытындысы бойынша редакция мақаланы қайта өңдеуді талап ете алады.
- Қайта өңделген мақала тағы да тексеруден өтеді.
- Қажет болған жағдайда, мақала плагиат шектеріне немесе этикалық талаптарға сәйкес келмесе, қабылданбайды.