Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы
Журналдың редакциялық саясаты
«Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Хабаршысы», «Филология ғылымдар» сериясы
«Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Хабаршысы», «Филология ғылымдар» сериясы Алматы қаласында орналасқан «Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» акционерлік қоғамымен шығарылады.
Журналдың мақсаты – Филология ғылымдар саласында Қазақстан мен шетелдік зерттеушілер мен практиктердің пікір алмасуын, тәжірибе жинақтауын және пәнаралық талқылауларын бастамалау.
Журнал саясаты адалдықты, ғылыми әділдікті, жарияланымдардың сапасын қамтамасыз етуге және филология ғылымдар саласындағы халықаралық ғылыми ынтымақтастықты қолдауға бағытталған.
Журналдың редакциялық саясаты:
Заңнамалар мен нормативтерге сәйкестік.
Журнал Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыс істейді:
- «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» (1999 жылғы 23 шілдедегі № 451-I);
- «Білім туралы» (2007 жылғы 27 шілде);
- сондай-ақ ғылыми басылымдарды ұсынылатын тізімге енгізу талаптарын реттейтін ҚР БҒМ-нің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 20 бұйрығына сәйкес.
Жарияланымдардың этикалық стандарттары.
Журнал ғылыми жарияланымдар этикасы комитетінің (COPE) принциптерін, сондай-ақ ұлттық және халықаралық ғылыми зерттеулердің этика кодекстерін ұстанады. Бұл мыналарды қамтиды:
- плагиатпен және деректерді бұрмалаумен күрес;
- мүдделер қақтығысын ашып көрсету кезіндегі ашықтық;
- авторларға, рецензенттерге және оқырмандарға қатысты құпиялылық пен әділдікті қамтамасыз ету.
Сапа мен ғылыми маңыздылық.
Журналда тек түпнұсқа, бұрын жарияланбаған, тақырыпқа сәйкес зерттеулер жарияланады. Олар қосарлы соқыр рецензиялау рәсімінен өтеді, бұл ғылыми және әдіснамалық сапаның жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.
Пәнаралық тәсіл және ғылыми диалогты дамыту.
Журнал педагогика саласында қазақстандық және шетелдік ғалымдар мен практиктер арасында пәнаралық пікірталастар мен тәжірибе алмасуға ықпал етеді.
Тілдік және аумақтық қолжетімділік.
Журнал қазақ, орыс, ағылшын, неміс, араб, қытай және түрік тілдерінде материалдар жариялайды және оларды Қазақстан Республикасында да, шетелде де (ТМД елдері, алыс шетел) таратады.
Ашықтық пен жариялылық.
Журнал авторлар мен оқырмандарды жарияланым критерийлері, редакциялық процесс туралы хабардар етеді және өзінің қызметінде ашықтық қағидаттарын ұстанады.
Журнал мынадай оқырмандар мен мамандарға арналған:
- Филология ғылымы саласындағы ғалымдар мен зерттеушілерге;
- Филология факультеттерінің оқытушыларына, докторанттарына, магистранттары мен студенттеріне;
- Аудармашыларға, әдебиеттанушыларға және лингвистерге;
- Тіл мен әдебиетті зерттеудегі заманауи үрдістерге қызығушылық танытқан барлық жандарға арналған.
Негізгі тақырыптық бағыттар:
- шет тілдері;
- шет тілдерін оқыту әдістемесі;
- филология;
- лингвистика;
- мәдениетаралық қарым-қатынас;
- когнитивті зерттеу.