ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ СИНЕРГИЯЛЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАР
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2025.3.78.024Кілт сөздер:
синергетика, лингвистика, тілдік жүйе, лингвосинергетика, диссипация, бифуркация, генерация, трансформацияАннотация
Қазіргі кезде синергетика термині қоғамның әртүрлі саласында, түрлі сипаттағы күрделі жүйелі процестерді зерттеу, құрылымын анықтау әдістемесі ретінде белсенді қолданылып келеді. Түрлі әлеуметтік процестерге, мәдениетке, ғылымға, өнерге, экономикаға және білімге де синергия, синергетикалық тәсіл деп аталатын ұғым қарқынды түрде еніп, зерттеу жұмыстарының өзегіне айналды. Қазіргі тіл білімінде де жаңа аспектілер пайда бола бастады, тіл жүйесін талдаудың синергетикалық тәсілі көптеген зерттеулердің нысаны ретінде қарастырылуда, себебі тіл үнемі дамып, өзгеріп отыратын құбылыс, оның дамуы күрделі де кешенді процестерден тұрады.
Мақалада қазіргі синергетика іліміндегі диссипация, генерация, трансформация, бифуркация сияқты негізгі құбылыстарға талдау жасалады. Аталған құбылыстар әсерінен тіл жүйесі өзгеріске ұшырайды, нәтижесінде сөз мағынасы өзгереді, тарылады, көмескіленеді, жаңарады, кеңейеді, тілде жаңа лексика пайда болады. Бұл құбылыстарды түсіну тілдік жүйеде орын алатын өзгерістерді түсінуге, кейбір сөздер мен сөз тікестерінің жойылу алдындағы бұзылу процестерін, олардың пайда болуының бастапқы кезеңінде анықтауға көмектеседі. Тіл жүйесіндегі синергиялық құбылыс тілдің іштей дамуының өзін-өзі ұйымдастыру мен өзін-өзі реттеушілік тетігін зерттеуге арналған ілім ретінде басымдыққа ие.