ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМИ БІЛІМ ПАРАДИГМАСЫНДАҒЫ ҚАЗІРГІ ТІЛ БІЛІМІ ӘДІСНАМАСЫ: ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕНІ ТАЛДАУ

Автор(лар)

  • Бакытжанова А.К. Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева
  • Жанжигитов С.Ж.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2025.3.78.002

Кілт сөздер:

әдіснама, тіл білімі, лингвистика, гуманитарлық ғылымдар, жарияланымдарды талдау, статистикалық талдау, көпсалалылық, интеграция

Аннотация

Мақала қазіргі заманғы тіл білімінің әдіснамалық аспектілері проблемасын талдауға бағытталған. Бұл проблеманың өзектілігін 1973-2023 жж. аралығында Scopus дерекқорындағы жарияланымдар санының өсуі дәлелдеді. Тақырыптың өзектілігі көпсалалылық пен ғылыми зерттеулерді цифрландыру жағдайындағы тіл білімінің әдіснамасына деген қызығушылықтың артуына да байланысты.

Мақаланың мақсаты «әдіснама» және «лингвистика» кілт сөздері бойынша табылған 844 ғылыми жарияланымды талдау негізінде тіл білімі әдіснамасын зерттеудің негізгі үрдістері мен бағыттарын анықтау болып табылады. Зерттеу әдіснамасы SPSS бағдарламасын және ақпараттың ауқымды көлемін талдау үшін басқа да цифрлық құралдарды пайдалана отырып, статистикалық деректерді зерделеуді қолдануды қамтиды. Бұл ұстаным осы проблемаға деген ғылыми қызығушылықтың өсуінің сандық көрсеткіштерін анықтауға да мүмкіндік берді.

Бұл мақаланың теориялық маңызы осы проблемалық саладағы зерттеулердің көпсалалы сипатын тереңірек түсінуге ықпал ете отырып, лингвистика әдіснамасы туралы білімді жүйелеуде жатыр. Практикалық маңызы жаңа зерттеу әдістерін әзірлеуге және әртүрлі ғылыми салалардың өзара академиялық байланыстарын жақсарту үшін алынған нәтижелерді қолдану мүмкіндігімен анықталады.

Зерттеу нәтижелері 2000 жылдардың басынан бастап ғылыми жарияланымдар белсенділігінің айтарлықтай өскенін көрсетті және халықаралық аренадағы ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін көрсететін зерттеулердің жаһандық сипатына баса назар аударды. Алынған қорытындылар ғылыми диалогты нығайту және гуманитарлық ғылымдарды зерттеуге цифрлық технологияларды енгізіп қолдану үшін лингвистика саласындағы әдіснамалық тәсілдерді зерделеуді жалғастыру қажеттігін көрсетеді.

Жүктеулер

Жарияланған

2025-10-01

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles