КОСМОНИМДІК АТАУЛАР - ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ МӘДЕНИЕТІ АРНАСЫНДА

Автор(лар)

  • Снабекова M.М. Kazakh National Women's Teacher Training University
  • Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
  • Нуртаева А.Б. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті https://orcid.org/0000-0001-5000-7874

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2025.4.79.025

Кілт сөздер:

космоним, қазақтың дәстүрлі мәдениеті, маусымдық жайылымдар, қазақтың киіз үйі, қазақ халқы, космонимдердің халықтық атауы, фразеологиялық бірліктер, мақал-мәтелдер, ономастикалық кеңістік

Аннотация

Тіл мен мәдениеттің өзара әрекеттесуіне байланысты, әсіресе ономастикалық контекстке қызығушылықтың артуы зерттеудің өзектілігін айқындайды. Тілдің космонимдік жүйесінің қалыптасуына қазақ халқының көшпелі мәдениетінің әсерін зерттеу жұмыстың жаңашылдығы болып табылады. Зерттеу қазақ халық космонимдерінің көшпелі мал шаруашылығындағы тарихи қолданысы мен маңызына назар аудара отырып, олардың тілдік және мәдени мәнін зерттеуді мақсат етеді. Міндеттері: қазақтың көшпелі өміріндегі космонимдердің мәдени маңызын зерттеу; фразеологиялық бірліктердің, мақал-мәтелдердің, аңыздардың жасалуындағы космонимдердің рөлін айқындау. Зерттеудің негізгі қорытындысы: Қазақ космонимдері жай ғана аспан денелерін білдіріп қана қоймайды, сонымен қатар қазақ халқының көшпелі өмір салтын, табиғаттын терең меңгеруі мен астрономиялық бақылауларын бейнелеу қызметін атқарады. Олар топонимикамен тығыз байланысты, фразеологиялық бірліктер мен мақал-мәтелдерді құрайды және қазақ мәдениетінің бір бөлігі болып саналады. Зерттеу әдістері ретінде этимологиялық, семантикалық, құрылымдық және лингвомәдени талдаулар қолданылды. Зерттеудің теориялық маңыздылығы қазақ космонимдерінің дамуындағы тіл мен мәдениеттің байланысын тереңдете түседі. Қазақ этнолингвистикасы мен мәдениетін зерттеуде, сөздіктер мен энциклопедияларды құрастыруда алынған нәтижелерді пайдалану мүмкіндігі зерттеудің тәжірибелік маңызын көрсетеді.

Жүктеулер

Жарияланған

2025-12-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles