ҚАЗАҚ ТІЛІ ЭКСПРЕССИВТІК СТИЛИСТИКАСЫ: ЛОГИКА-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ПАРАДИГМАЛАРДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ӨЗЕКТІЛІГІ

Автор(лар)

  • Қоянбекова С.Б. КазНИТУ имени Сатбаева К.И.
  • Нұрмұхаметова Қ.Т.
  • Джамамбетова А.У.
  • Ракимкулова А.А.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2025.2.77.010

Кілт сөздер:

қазақ тілі, экспрессивтік стилистика, логика-философиялық парадигма, философиялық негіздер, синергетикалық модель, функционалды стилистика, эмоционалды-экспрессивтік сөйлеу, парадигма

Аннотация

Ғылыми мақалада қазіргі қазақ тіліндегі экспрессивтік стилистиканың пәнаралық байланыстарын қамтитын лингвотеориялық мәселелерді синергетикалық бағытта зерделеу, нәтижесін лингвоқолданбалық парадигмалармен сабақтастыру қарастырылады. 

Отандық және шетел ғалымдарының тіл біліміндегі еңбектеріне талдау жасау барысында қазақ тілінің экспрессивтік стилистикасын логика-философиялық парадигмалар негізінде зерттеудің өзектілігі айқындалады. Зерттеудің құндылығы қазақ тілінің ұлттық дүниетаным мен көркем, эмоционалды-экспрессивтік мүмкіндіктерін логика-философиялық парадигмалар тұрғысынан анықтаудан тұрады. Қазақ тілі экспрессивтік стилистикасындағы қалыптасқан логика-философиялық парадигмаларды тереңнен қарастыру барысында әлемдік лингвистикадағы ғылыми зерттеулерге шолу жасалып, талдау, салыстыру негізінде теориялық пайымдаулар ұсынылады.

Философия ғылымындағы адамзаттың тіл арқылы ойлау дүниетанымы, болмыс-бітімі анықталып, экспрессивтік стилистикалық құралдар арқылы сипатталады. Тілдің танымдық қызметі философия және логика ғылымдарының басты нысаны ретінде зерделенеді. Қазақ тілінің экспрессивтік құралдарының ұлттық ойлау жүйесіндегі когнитивтік мәдени ерекшеліктері айқындалып, табиғи тілді логикалық сараптау нәтижесінде арнайы формалдық тіл негізіндегі логикамен тілдің өзара байланысын танытуға мүмкіндік беретіні дәйектеледі. Мақаланың ғылыми маңыздылығында ұлт болмысындағы мазмұны кең тілдің логикалық, философиялық табиғатының теориялық маңыздылығы практикамен кіріктіріле дәлелденеді.

Қазақ тілі философиясы, тіл және ойлау, тіл мен сөйлеу, тілдің танымдық сипаты, ұлттық таным, діл, тіл мәдениеті ұштастырылып, логика-философиялық, психолингвистикалық, лингвостилистикалық, жүйелік-құрылымдық және ғылыми лингвистикалық парадигмалар  тұжырымдалады. Заманауи зерттеулерге негіз болатын ұлт болмысының  экспрессивтік-стилистикалық парадигмалары логика-философиялық сабақтастықта ұлттық танымның сөз мәдениетімен ықпалдасуы синергетикалық модельдеуде жүйеленеді. Ұлттық тілдің танымдық ақыл-ой өрісін, даналық ойларын жеткізетін қазақ тілінің көркемдік ерекшеліктері бағамдалады. Қоғамдағы ұлттық әлеуметтік қарым-қатынасты сипаттайтын логикалық-философиялық тетіктердің когнитивтік тұрғыдан экспрессивтік стилистикалық құрылымдармен астасуы тұжырымдалады.

Жүктеулер

Жарияланған

2025-06-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles