РЭЙ БРЭДБЕРИДІҢ «САРЫШӨП ШАРАБЫ» РОМАНЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ МОТИВІНІҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ АСПЕКТІСІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.1.80.38Кілт сөздер:
мотив, әңгіме, әдеби мәтін, құндылықтық доминанттар, семантикалық жүктеме, символизм, адамдар арасындағы кездесулер, баяндау құрылымыАннотация
Бұл мақалада қазіргі әдебиеттанудағы мотивтерге қатысты өзекті мәселелер, атап айтқанда семантикасы, эстетикалық маңызы мен онтологиялық мәні қарастырылады. Жұмыстың жаңашылдығы – Р. Брэдберидің шығармашылығына арналған әдеби-тілдік зерттеулер саны біршама көп болғанына қарамастан, дәл осы көркем шығармадағы кездесу мотивін анықтауға бағытталған ғылыми еңбектердің болмауы арқылы дәлелденеді. Мақала мақсаты – Рэй Брэдберидің «Сарышөп шарабы» романындағы кездесу мотивінің семантикалық аспектісін анықтау және бұл мотивтің шығармадағы құндылықтық мәнге қалай ие болатынын көрсету. Зерттеудің пәні – шығарманың кездесу мотивінің семантикалық аспектісі, оның негізгі құндылықтары мен аксиологиялық бағдарлануы. Зерттеу нысаны – шығармадағы кездесу мотиві. Зерттеу материалы ретінде Рэй Брэдберидің «Сарышөп шарабы» романы алынды. Жеке ғылыми әдістер қатарында көркем герменевтика, интертекстуалдық талдау, сондай-ақ тұтас, концептуалдық, компоненттік және контекстуалдық талдау әдістері қолданылды. Бұл әдістер Брэдберидің авторлық бейнелеу стилінің ерекшеліктерін және оның дүниетанымдық бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, «Сарышөп шарабындағы» кездесу мотивінің семантикалық аспектісі басты кейіпкердің өмірді түсінуінің дамуын бейнелейді, адамның жеке тұлғасының қалыптасуында және уақытты қабылдауында адамаралық байланыстардың маңызын айқындайды. Жұмыстың практикалық маңызы – мақалада келтірілген материалдар заманауи шетел әдебиетін, ХХ ғасыр әлем әдебиетін, қазіргі америкалық әдебиетті оқытуға арналған семинарлар мен дәрістерде пайдалануға болады. Қорытындылай келе, Рэй Брэдберидің «Сарышөп шарабы» романындағы кездесу мотивінің семантикалық аспектісі адамның өзін-өзі тануын қалыптастырудағы кездесулердің рөлін ашып көрсетеді, бұл өз кезегінде адамаралық байланыстардың өткінші, бірақ өзгеріске толы табиғатын айқындайды.





