БІРЛІК ТУЫ ГАЗЕТІНДЕГІ ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫНЫҢ КӨРІНІСІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2025.4.79.015Кілт сөздер:
фольклортану, қазақ фольклоры, Бірлік туы газеті, мақал-мәтелдер, ғұрыптық фольклор, халық мұрасы, батырлар жыры, мерзімді басылымдар, жариялануАннотация
Бұл мақалада ХХ ғасырдың басында қазақ фольклорын мерзімді басылым беттерінде жариялау мәселесі қарастырылады. Қазақ фольклорын зерттеуде журналдар мен газеттердің алатын орны ерекше. Зерттеудің негізгі нысаны ретінде ХХ ғасырдың басында жарық көрген «Бірлік туы» газеті таңдап алынды. Мақалада «Бірлік туы» газетінде қазақ фольклорының жариялану ерекшеліктері талданады. Зерттеу нәтижесінде автор газет беттерінде кездесетін фольклор үлгілерінен мысалдар келтіреді. Сонымен қатар фольклор үлгілерін жинақтаған автор-жинаушылардың есімдері анықталды. Мақалада қазақ халқының ауыз әдебиеті мен фольклор мұрасын ғылыми тұрғыда зерттеуде мерзімді басылымдар арқылы жариялаудың маңыздылығы айқындалады.
Зерттеудің әдістемелік негізін тарихи әдіс, жалпылау, сипаттау, жүйелеу, фольклорлық материалдарды талдау, сондай-ақ этнолингвистикалық және когнитивтік тәсілдер құрайды. Бұл әдістердің үйлесімі фольклорды тек әдеби құбылыс ретінде емес, сонымен бірге қазақ халқының дүниетанымы мен мәдени кодын бейнелейтін рухани мұра ретінде түсіндіруге мүмкіндік береді. Мақалада газет беттерінде жарияланған қазақ фольклорының әртүрлі жанрлары – мақал-мәтелдер, батырлық жырлар және ғұрыптық фольклор қарастырылады. Негізгі үлес қосқан авторлар ретінде Келден, Ғайса Тоқтыбаев, Ілияс Жарменов және басқалар анықталды. Қазақ фольклорының маңызды бөлігі саналатын мақал-мәтелдерге ерекше назар аударылып, газет нөмірлерінен бірнеше мысал келтірілді. Зерттеу барысында газетте жарияланған отыз жеті мақал-мәтел, бір ғұрыптық фольклор үлгісі және бір батырлық жыр анықталды. Осы мәліметтер арқылы фольклорды жинау мен таратуға қатысқан авторлардың толық тізімі ұсынылды. Зерттеу ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының мәдени мұрасын сақтау, ұлттық сананы және ұлттық әдебиетті дамыту бағытында фольклорды жариялау мен зерттеудің маңызын дәлелдейді.





