ҚАЗЫҒҰРТ-ҚАРАТАУ АЙМАҚТЫҚ ӘДЕБИЕТ МЕКТЕБІ ӨКІЛДЕРІ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ФОЛЬКЛОРЛЫҚ СИПАТЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2025.4.79.039Кілт сөздер:
Оңтүстік Қазақстан ақындары, әдеби мектеп, белгілер, шығармалардың жанрлық сипаты, терме-толғау, жылау-жоқтау, айтысқа тән өзгешеліктер, теріс поэмаАннотация
Бұл мақалада Қазығұрт-Қаратау аймақтық әдеби мектебі өкілдерінің шығармашылығының фольклорлық табиғаты мәселесін зерттеу қарастырылған. Зерттеу міндеттерін орындауда жалпы ғылыми әдістер де (мониторинг, салыстыру, талдау және синтез, ғылыми абстракция) және арнайы әдістер (лексикалық талдау және жанрлық талдау) қолданылды, бұл таңдалған материалды сапалы өңдеуге мүмкіндік берді. Мақаланың мақсатына жету үшін Күнгей өңірінде қалыптасқан халықтық әдеби мұралар мен басқа өңірлер әдебиеті өкілдерінің шығармашылық жүйесінде баға беру арқылы жүзеге асқан өлкедегі әдеби мектеп өкілдерінің шығармашылық сипатын анықтадық. Патшалық Ресей тарапынан жүргізілген отаршылдық саясатқа қарсылық білдіретін әдеби мұралардағы өзіндік ерекшелік, әдет-ғұрыптағы таным таңбалармен де тығыз байланысты екені зерттеу дәлелдеді. Фольклорлық мұраның жанрлық табиғаты мен жылау мен жоқтау құбылысының себептері мен тарихына талдау жүргізіліп, олардың өткені мен бүгінгі айырмашылығын, өзіне тән белгілерін анықтауға көмектесті. Мақала мақсатына жету үшін исламның діни және діннен кейінгі кезеңдерге дейінгі ерекшеліктері ашылып, жылау мен жоқтаулардың құрылымдық, жанрлық, тақырыптық ерекшеліктері жан-жақты талданды.





