КӨРКЕМ-ӘДЕБИ ДИСКУРСТАҒЫ ҚАЛА БЕЙНЕСІН ЗЕРТТЕУДІҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2025.4.79.023Кілт сөздер:
қала бейнесі, CITY/ГОРОД/ҚАЛА концептісі, көркем дискурс, когнитивті лингвистика, әдебиеттану, лингвомәдениеттану, пәнаралық тәсіл, хронотоп, мәдениеттанулық талдау, концептуалдық талдауАннотация
Мақалада тақырыптың өзектілігін анықтайтын когнитивті лингвистика теориясының заманауи бағыттары саласындағы зерттеулердің болашақтағы перспективасын анықтау аспектісінде көркем-әдеби дискурстағы қала бейнесін зерттеудің әдістері мен тәсілдеріне талдау жүргізу басты мақсат етіп алынды.
Көркем әдебиеттегі урбанистік тақырыпты зерттеуге арналған көптеген еңбектерге аналитикалық шолу жасаудың нәтижесінде негізгі тәсілдер ретінде пәнаралық, әдебиеттану, мәдениеттану, когнитивті-концептуалдық және эмпирикалық материалды талдаудың әртүрлі әдістері мен қағидаты алынды. Анықтамалық әдіснама негізінде зерттеулер жүргізу өз өнімділігін көрсеткеніне қарамастан, автордың әлемді көркем қабылдауы мен адам қызметінің әртүрлі жақтарын көрсететін әдебиеттегі қала бейнесін кешенді феномен ретінде айқындауда бұл зерттеулерге лингвистикалық аспектіге, яғни талданған мағыналарды пішімдеудегі тілдің рөлін ашып көрсетуге жеткілікті көңіл бөлінбегендігі байқалды. CITY/ГОРОД/ҚАЛА концептісін әртүрлі құрылымдық күрделі менталдық конструкт ретінде (радиалды құрылым, фрейм, гештальт, когнитивті матрица) және оның тілдік репрезентациясын, негізінен лексикалық деңгейде, қарастыратын когнитивті-концепуалдық тәсіл өзекті саналады. Алайда бұл тәсіл когнитивтік модельдер мен сызбаларды, сондай-ақ мағыналарды қалыптастырудағы сәйкес келетін тілдік механизмдерді тереңдете зерттеуді қажет етеді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы көркем шығармадағы CITY/ГОРОД/ҚАЛА концептісін тілдегі әлем мен әлем туралы білімді интерпретациялау когнитивті теория аясында, сондай-ақ М.М. Бахтиннің хронотоп теориясы шеңберінде зерттеудің қажеттілігі жөніндегі түйіндеулерден көрінеді. М.М. Бахтиннің хронотоп теориясы романның ұйымдастырушылық орталығы ретінде CITY/ГОРОД/ҚАЛА концептісінің көркем нарративтегі КЕҢІСТІК-УАҚЫТ-ОҚИҒА байланысын біріктіретін Кеңістік-Уақыт-Континуум хронотопының концептуалдық құрылымындағы кеңістік компоненті ретінде жүзеге асуын зерттеуге негіз болады.
Мақалада салыстырмалы-салғастырмалы, сыни талдау және модельдеу әдістері қолданылды.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы – хронотоп теориясы, когнитивті лингвистика, когнитивті поэтика және когнитивті стилистика негізінде интегративті зерттеу мүмкіндіктерін көрсету және нәтижелерін академиялық мақсатта қолдану болып табылады.





