Р.М. МИР-ХАЙДАРОВ ПЕН А.И. ДУНАЕНКОНЫҢ КӨРКЕМ ЖӘНЕ АВТОБИОГРАФИЯЛЫҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ МИКРОТОПОНИМДЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІ

Автор(лар)

  • Спивак-Лавров И.И. Актюбинский региональный университет имени К. Жубанова
  • Балтымова М.Р. "Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті" КеАҚ

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.1.80.018

Кілт сөздер:

микротопонимдер, кеңістікті репрезентациялау, локус, автобиографиялық проза, өңірлік компонент, Ақтөбе

Аннотация

Мақалада микротопонимдер Ақтөбе қаласының (бұрын орыс тілінде Актюбинск деп аталған) қалалық кеңістігін көркем прозада репрезентациялау құралы ретінде қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі қазіргі әдебиеттануда қала топосын бейнелеудің локальды формаларына қызығушылықтың артуымен байланысты. Зерттеу материалы ретінде Р.М. Мир-Хайдаровтың «Седовласый с розой в петлице» (1982) повесі және А.И. Дунаенконың «Спасибо, папа!.. Семейные хроники» (2021) жинағынан алынған «Россовхоз» (2018), «Как я родился» атты автобиографиялық әңгімелері алынды.

Мақаланың мақсаты – микротопонимдерді анықтау, жүйелеу және талдау, сондай-ақ олардың көркем баяндау құрылымындағы қызметтерін айқындау. Зерттеудің негізгі бағыты микротопонимдерді қала бейнесін қалыптастыруға және әлеуметтік-мәдени контексті қайта жасауға қатысатын мәтін поэтикасының элементі ретінде қарастырумен байланысты. Жұмыстың ғылыми маңыздылығы өңірлік әдебиеттегі микротопонимияның рөлін нақтылау және авторлық дискурста қалалық кеңістікті бейнелеу тәсілдері туралы түсініктерді кеңейтумен байланысты.

Зерттеудің әдіснамалық негізін сипаттамалық әдіс, талдау және синтез әдістері, контент-талдау және жіктеу элементтері, сондай-ақ көркем мәтіндерді салыстырмалы талдау құрайды. Зерттеу нәтижесінде семантикалық және функционалдық белгілер бойынша микротопонимдердің жіктемесі ұсынылады. Ол көшелер мен алаңдардың атауларын, әлеуметтік және мәдени инфрақұрылым нысандарын, сондай-ақ күнделікті қалалық тұрмыстың локустарын қамтиды.

Талдауға алынған мәтіндерде микротопонимдердің тек номинативтік емес, сонымен қатар репрезентативтік қызмет атқаратыны анықталды. Р.М. Мир-Хайдаровтың көркем прозасында олар шынайылық пен тарихи нақтылық әсерін тудырса, А.И. Дунаенконың автобиографиялық мәтіндерінде негізінен тұлғалық тұрғыдан мәнді кеңістіктер мен маршруттарды көсретеді. Қорытындыда микротопонимиялық жүйе аталған мәтіндердің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатыны және авторлардың қалалық әрі ауылдық ортаны қабылдау ерекшелігін (А.И. Дунаенко әңгімелерінде) бейнелейтіні туралы айтылады.

Зерттеудің құндылығы алынған нәтижелерді өңірлік компоненті бар әдебиетті зерделеуде қолдану мүмкіндігімен айқындалады. Жұмыстың практикалық маңызы – ұсынылған микротопонимдер жіктемесін урбанистикалық тақырыпқа байланысты әдебиеттану мен өлкетану бойынша оқу курстарында пайдалануға болатындығында.

Автор биографиясы

Спивак-Лавров И.И., Актюбинский региональный университет имени К. Жубанова

PhD, аға оқытушы

Жүктеулер

Жарияланған

2026-03-31

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles