ФИТОНИМДЕРДІҢ ЭТНОМӘДЕНИ КОДЫ: ЫРЫМ-ТЫЙЫМДАР МЕН НАНЫМ-СЕНІМ ЖҮЙЕСІНДЕГІ РӨЛІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.2.81.022Кілт сөздер:
фитонимдер, этномәдени код, ырым-тыйым, наным-сенім, қазақ мәдениеті, символдық мән, сакралды лексика, этнолингвистика, рухани танымАннотация
Мақалада қазақ халқының тілдік дүниетанымында маңызды орын алатын фитонимдердің этномәдени коды, олардың ырым-тыйымдар мен наным-сенім жүйесіндегі рөлі қарастырылады. Фитонимдер тек номинативтік мағынамен шектелмей, халықтың экологиялық, сакралдық және дүниетанымдық ұстанымдарын бейнелейтін мәдени таңбалар ретінде сараланады. Қазақ этнолингвистикасында өсімдіктерге қатысты қалыптасқан таным түрлері ұлттық болмыс пен рухани кеңістіктің ажырамас бөлігі саналады. Мақалада жусан, адыраспан, арша, тары, сексеуіл, тобылғы сияқты фитонимдерге этнолингвистикалық, семиотикалық және мәдени-когнитивтік талдау жасалып, олардың дәстүрлі танымдағы орны мен қызметі жан-жақты сипатталады. Сонымен қатар, бұл өсімдіктердің фольклордағы, мақал-мәтелдердегі және діни жоралғылардағы көріністері де зерттеледі.
Мақаланың мақсаты – фитонимдердің этномәдени кодын зерттеу арқылы олардың қазақ халқының наным-сенімдері, ырымы-тыйымдары мен мәдени дәстүрлерінде атқаратын рөлін анықтау. Сонымен қатар, фитонимдер арқылы халықтың дүниетанымын, табиғатқа, өсімдіктерге деген көзқарасын, халықтық сенімдердің қалыптасу ерекшеліктерін зерттеу.
Жұмыстың ғылыми маңыздылығы фитонимдердің этномәдени кодын зерттеу арқылы қазақ халқының дәстүрлері мен наным-сенімдерінің терең негіздерін ашып көрсету. Зерттеу әдіснамасы этнолингвистикалық, семиотикалық және мәдени-анализдік тәсілдерге негізделген. Фитонимдер жүйесі мен олардың қазақ мәдениетіндегі рөлі терең талданып, олардың символикалық мағынасы мен тілдік құрылымдағы орнына ерекше көңіл бөлінді.
Бұл әдіснамалық тәсілдер арқылы фитонимдердің этномәдени кодын анықтау, олардың ырым-тыйымдар мен наным-сенім жүйесіндегі орнын зерттеу мақсатында салыстырмалы талдау әдісі қолданылды. Сонымен қатар, дәстүрлі тіл мен мәдениет арасындағы байланысты анықтау үшін тарихи-компаративтік әдіс те пайдаланылды.Мақала нәтижелері тіл, мәдениет және таным бірлігін зерттеуге бағытталған этнолингвистикалық ізденістерді тереңдетуге негіз болады.





