ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ «ӘКЕ» КОНЦЕПТІСІ: КОНТЕНТ ТАЛДАУ (М.ӘУЕЗОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ НЕГІЗІНДЕ)
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.2.81.028Кілт сөздер:
концепт, концептосфера, гиперконцепт, когнитивті әдебиеттану, когнитивистика, ментальдық құрылым, автордың поэтикалық әлемі, контент талдау, прозаАннотация
Мақала қазақ прозасындағы «әке» концептісін контент талдау тұрғысында зерттеуге арналған. Зерттеудің мақсаты қазақ прозасындағы «әке» концептісін талдау арқылы ұлттық дүниетаным көріністері мен авторлық концептосфераны анықтау. Гиперконцепт ретінде «әке» концептісінің қазақ прозасында сомдалуы статистикалық тұрғыда нақтылауды қажет етеді. Контент талдау әдісі зерттеу нысаны ретінде алынып отырған М.Әуезов шығармашылығындағы «әке» концептісінің семантикалық, символдық аспектілерін анықтауға мүмкіндік береді. Қаламгердің поэтикалық әлем бейнесінде концептілерді айқындаудың маңызы зор. Автордың поэтикалық әлем бейнесін концептілер құрайды. Осыған сәйкес М.Әуезов шығармасындағы «әке» концептісі контент талдау әдісімен талданып, гиперконцепт ретінде қарастырылды. Гиперконцепт – ментальды құрылымдағы бірнеше концептілердің жүйесі. Зерттеу барысында «әке» гиперконцептісіндегі концептілер жүйесі анықталды. Контент талдау нәтижесінде «әке» концептісінің негізгі категориялары айқындалып, нәтижесі берілді. Мақалада «әке» концептісінің қазақы дүниетанымдағы көрінісі мен автордың поэтикалық әлем бейнесіндегі көрінісі салыстырылды. Автордың поэтикалық әлем бейнесі көркем мәтіннің когнитивті табиғатын анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге суреткерлік шеберлігі мен танымдық әрекеті көркем мәтінде көрініс табатындықтан поэтикалық әлем бейнесі мәтіндегі концептілерді тану нәтижесінде анықталады. Осылайша М.Әуезов шығармашылығындағы «әке» концептісі қаламгердің авторлық рефлексиясы мен суреткерлік шеберлігінің ұлттық дүниетаныммен үйлесімінде танылады. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей «әке» концептісі ұлттық дүниетанымның маңызды бірлігі және авторлық дүниетанымның нәтижесі.
Зерттеудің практикалық маңызы алынған нәтижелердің когнитивті әдебиеттану, қазіргі қазақ прозасы салаларында пайда болуында. Зерттеу нәтижелері «әке» концептісін контент талдау призмасында анықтауға, талдауға және автордың поэтикалық әлем бейнесінде айқындауға мүмкіндік береді.





