Т.ӘСЕМҚҰЛОВТЫҢ «АТАЙЫ» ӘҢГІМЕСІНДЕГІ ФАНТАСМАГОРИЯ ЖӘНЕ АВТОР ПОЗИЦИЯСЫНЫҢ ДЕКОНСТРУКЦИЯСЫ

Автор(лар)

  • Абдуллина А.Б. Alikhan Bokeikhan University

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.2.81.041

Кілт сөздер:

қазіргі қазақ әдебиеті, ұлттық код, бірегейлік, жанр, постмодернизм, фантасмагория, аллегория, интермәтінділік, архетип

Аннотация

Мақалада постмодернистік әдебиеттану аясында берілетін фантасмагориялық, интермәтінділік, «автор өлімі» әдістердің қолданылуы сөз болады. Алдымен психологиялық, әдебиеттану тұрғысынан теориялық негіздемесі қарастырылып, «бірегейлік», «ұлттық сана», «халықтық таным» түсініктері зерделенеді. Осы мақсатта қазіргі қазақ әдебиетіндегі аталған бағытты берік ұстанған жазушы Т.Әсемқұловтің «Атайы» әңгімесі зерттеу нысанына алынып, оның «аллегориялық әңгіме» жанрында жазылған шығармасы кеңінен талданады. Әдебиеттану тұрғысынан салыстырмалы-тарихи, символдық-архетиптік, интермәтінділік, концептуалдық, герменевтикалық талдаулар негізінде контенттік, сапалық-сандық зерттеулер жүргізіледі. Мақаладағы жанрлық трансформация, абсурдтық идея, авторлық концепция мен симуляция, «автор өлімі» ұғымдарына семиотикалық бағытта түсінік беріледі. Әңгімедегі постирония, архетип, мифореставрация, мифтік таным, аллегориялық тәсіл, этиологиялық нышан постмодерннің басты талабы ретінде алына отырып, неоромантикалық, неофантастикалық бағыттағы утопиялық мәніне сәйкес келетін идея талқыланады және ұлттық код тұрғысынан қарастырылады.

Әдебиеттегі аллегория жанры – жануарлар жайын ғана емес, жалпыадамзаттық мәселелерді астыртын жеткізудің тәсілі. Осыған сәйкес аллегориялық әңгіме жанры мақаланың теориялық және практикалық маңызын көрсетеді. Зерттеу ғылыми маңызы – қазіргі қазақ прозасындағы аллегориялық әңгіме жанрының жалпыадамзаттық, ұлттық тақырыптарды айқындалуымен байланысты. Зерттеудің практикалық маңызы – алынған нәтижелерді қазіргі қазақ әдебиеті, қазіргі қазақ прозасы туралы курстарда, ХХІ ғасырдағы әдеби үдерісті талдау мен оқытуда қолдануға арналған. Адамзаттың болмысын сатиралау фантасмагория әдісі арқылы жүзеге асқан «Атайы» әңгімесі – бірнеше құрылымда, бағытта, сипатта анықталатын аллегориялық әңгіме. Бұл мақала қазіргі қазақ әдебиеті, қазіргі қазақ прозасы саласында айтулы үлесін қосып, бүгінгі әдеби тенденциядағы құбылыстар, терминдер туралы түсініктерімізді кеңейтеді.

Жүктеулер

Жарияланған

2026-07-01

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles