ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ТЕРМИНОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ ҮЛГІСІ

Автор(лар)

  • Шевякова Т.В. КазНМУ им.Асфендиярова
  • Лисариди Е.К.
  • Татаренко Т.Д.
  • Кульгильдинова Т. Ә.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.1.80.035

Кілт сөздер:

модель, интерактивті технологиялар, кері байланыс, фармацевтикалық терминология, химиялық номенклатура, терминологиялық құзыреттілік, оқыту, коммуникативтік дағдылар

Аннотация

Бұл мақалада латын тілі сабақтарында фармацевтикалық терминология мен химиялық номенклатураны оқыту үдерісіне интерактивті оқыту әдістерін біріктіретін кешенді модель ұсынылады.

Зерттеудің өзектілігі болашақ фармацевттердің кәсіби даярлығының сапасына қойылатын талаптардың артуымен айқындалады, себебі латын тіліндегі фармацевтикалық терминология мен химиялық номенклатураны меңгеру кәсіби құзыреттіліктің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Цифрлық білім беру ортасының дамуы жағдайында білім алушылардың жоғары деңгейдегі қызығушылығы мен оқу материалының тиімді меңгерілуін қамтамасыз ететін оқыту әдістемелеріне деген қажеттілік артып отыр.

Мақаланың жаңашылдығы — фармацевтикалық білім беруде латын тілін оқыту үдерісіне интерактивті тәсілдерді біріктірудің кешенді моделін жасау және негіздеу. Бұл модель білім алушылардың қажеттіліктерін талдаудан бастап, оқу нәтижелерін қорытынды бағалауға дейінгі кезеңдерді қамтитын, студенттердің кәсіби дайындығын арттыруға бағытталған бірізді жүйе болып табылады.

Зерттеудің мақсаты – интерактивті технологияларды қолдану арқылы фармацевтикалық терминология мен химиялық номенклатураны оқытудың тиімділігін арттыруға бағытталған әдістемелік модельді құру және сипаттау.

Зерттеу әдістері ретінде педагогика және фармацевтикалық білім беру саласындағы ғылыми әдебиеттерді талдау, құрылымдық-функционалдық модельдеу, интерактивті технологияларды жүйелеу, сондай-ақ педагогикалық бақылау мен студенттердің оқу жетістіктерін бағалау қолданылды.

Зерттеу нәтижесінде мотивациялық блокты, тақырып пен күтілетін нәтижелерді хабарлауды, қажетті ақпаратты ұсынуды, интерактивті тапсырмаларды орындауды, қорытындылау мен кері байланысты қамтитын көпсатылы модель әзірленді. Әрбір білім алушыны оқу және зерттеу үдерісіне белсенді тартуды қамтамасыз ететін негізгі интерактивті технологиялар айқындалды. Кері байланыс модельдің маңызды құрамдас бөлігі екені анықталып, оның студенттерге оқу мақсаттарына жету жолдарын саналы түрде түсінуге, ал оқытушыға кәсіби терминологиялық құзыреттілік деңгейін объективті бағалауға мүмкіндік беретіні көрсетілді.

Зерттеудің теориялық құндылығы кәсіби бағытталған тілдік білім беру контексінде «интерактивті» ұғымының мәнін нақтылауда және интерактивті білім беру моделінің құрылымдық элементтерін негіздеуде көрінеді. Мақаланың тәжірибелік құндылығы ұсынылған модельді фармацевтикалық жоғары оқу орындарында латын тілі сабақтарын өткізу барысында қолдану мүмкіндігімен айқындалады. Бұл оқу материалының берік меңгерілуіне, коммуникативтік дағдылардың дамуына және студенттердің кәсіби даярлығының сапасын арттыруға ықпал етеді.

Жүктеулер

Жарияланған

2026-03-31

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles