ГЕНДЕРЛІК АСИММЕТРИЯНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ КӨРІНІСІ (2020-2025 жж. БАҚ материалы бойынша)

Автор(лар)

  • Нурмаганбетова Г.Б. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
  • Шоқым Г.Т. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті https://orcid.org/0000-0001-5243-591X

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.3.82.020%20

Кілт сөздер:

гендерлік лингвистика, гендерлік асимметрия, репрезентация, гендерлік рөлдер, лингвомәдени код, гендерлік таптаурындар, гендерлік дискурс

Аннотация

Мақалада БАҚ-тағы гендерлік асимметрияның лингвомәдени аспектісі қарастырылған. ХХІ ғасырдағы медиакеңістікте бұқаралық ақпарат құралдарындағы гендерлік асимметрия ұлттық-мәдени ерекшеліктермен сипатталады. Мақаланың негізгі нысаны – 2020-2025 жж. қазақ тілді БАҚ материалдары. Зерттеу барысында қазақ медиадискурсындағы ер мен әйел репрезентациясына талдау жүргізілді.

Зерттеудің мақсаты – медиадискурстағы гендерлік асимметрия көріністерін анықтау. Осыған сәйкес 2020-2025 жылдар аралығындағы БАҚ-та жарияланған мақалалар негізге алынып, лингвомәдени аспектісі талданды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы – гендерлік асимметрия құбылысы БАҚ материалдары негізінде талданып, тілдік қолданыстардың әлеуметтік, лингвомәдени мәні айқындалуымен байланысты. Мәдени контекстегі гендерлік асимметрия ұлттық таным мен құндылықтар жүйесінде қалыптасқан таптаурын түсініктердің жиынтығын құрайды.

БАҚ қоғамдағы қалыптасқан гендерлік стереотиптерді бейнелеуде айрықша маңызға ие. Осыған сәйкес мәдени контексте гендерлік рөлдердің дәстүрлі таным мен ұлттық құндылықтар жүйесінде анықталатынын көреміз. Ұлттық санада гендерге байланысты қалыптасқан таптаурындар  гендерлік асимметрияның негізін құрайды. Зерттеудің барысында БАҚ-тағы гендерлік асимметрияның лингвомәдени көріністері қоғамдық қатынастардағы ер мен әйел бейнесіндегі ұлттық түсініктерді көрсетті. Мақалада гендерлік рөлдердің қалыптасу, даму динамикасы және салыстырмалы көзқарастар берілген. Зерттеу нәтижелері БАҚ-та қалыптасқан ерлер мен әйелдер бейнесіндегі гендерлік асимметрияның ерекшеліктерін және оның қоғамдық пікірлердегі лингвомәдени кодтардың айқын белгілерін түсінуге ықпал етеді. Нәтижесінде ерлер бейнесі көшбасшылық, шешім қабылдау, билік, кәсіби біліктілікпен байланысты, әйелдер бейнесі эмоциялық, тұрмыстық контексте анықталады. Қазақ медиадискурсында әлі де гендерлік стереотиптердің сақталып отырғаны көрінеді. БАҚ гендерлік рөлдердің өзгеруіне, феминдік, маскулиндік үлгілердің кеңеюін көрсетеді.

Жүктеулер

Жарияланған

2026-09-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles