СТУДЕНТТЕРДІ ТІЛДІК ОҚЫТУДАҒЫ МӘДЕНИ ЭМПАТИЯ: АНА ТІЛІНЕН ЖАҺАНДЫҚ ТІЛДЕСІМГЕ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.2.81.020Кілт сөздер:
мәдени эмпатия, тілдік оқыту, ана тілі, жаһандық қарым-қатынас, қандас, мәдениетаралық коммуникация, этномәдени ұқсастық, орыс тілін үйретуАннотация
Жаһандану жағдайында тілдік оқыту грамматика мен лексика туралы білім беру шеңберінен шығып, жаңа функцияларды да орындауға көшеді. Бұл тұрғыда мәдени эмпатияның маңызы – дүниетанымдық мағыналарды тасымалдаушы тіл арқылы өзге мәдениеттің құндылықтарын қабылдау және түсіну қабілеттері артады. Қазақстанның полиэтникалық қоғамы үшін аталмыш мәселе үлкен өзектілікке ие, өйткені тілдік оқыту мәдениетаралық қатысымға қатысты міндеттермен қатар, этномәдени бірегейлікті сақтауды да қамтиды. Зерттеудің мақсаты – ана тілінен жаһандық тілдесімге көшу құралы ретінде орыс тілін оқыту үдерісіндегі Қазақстан Республикасы ЖОО студенттерінде мәдени эмпатияны қалыптастыру ерекшеліктерін анықтау. Аталмыш мақсат мынадай міндеттерді шешуді көздейді: «мәдени эмпатия» ұғымына анықтама беру; қазақ мәдениетіндегі «қандас» («қан бойынша отандас») деген нақты концептке қатысты осындай зерттеулер жүргізілмегенін айқындай отырып, мәдени эмпатия теориясына қатысты негізгі концепцияларды анықтау; қазақстандық жоғары білім беру жағдайындағы мәдениетаралық қатысым құралы ретінде орыс тілін оқыту үдерісіндегі мәдени эмпатияның рөлін айқындау; білім алушылардың мәдени бірегейлігін қалыптастыруда осы термин қандай рөл атқаратынын талдау. Көзделген міндеттер зерттеу аясын кеңейте түседі, өйткені лингвистикалық мәселе шеңберінен шығып, «педагогикалық міндетке» ұласады. Себебі мәдени эмпатия ұғымын сипаттаумен шектелмей, оны білім беру практикасына, атап айтқанда, техникалық ЖОО студенттерін оқыту практикасына қалай енгізуге болатыны жайлы сөз қозғалады. Бұл ретте зерттеу нысаны – студенттер, ал мәдени эмпатия педагогикалық ресурс ретінде қарастырылады. Зерттеу лингводидактика, мәдениеттану және әлеуметтік лингвистика салаларын қамтитын болғандықтан пәнаралық сипатқа ие. Өйткені, интеграцияның әдістемелік қағидаттары мен шарттары лингводидактика саласында, өзге адамның мәдени кодтарды түсінуі мен эмпатиялық қабылдауы мәдениеттану саласында, эмпатияны талап ететін тілдік жағдаят пен қостілділік/көптілік контекст әлеуметтік лингвистика саласында қарастырылады. Мәдени эмпатия когнитивтік қана емес, сонымен қатар мәдениетаралық іс-қимыл үйлесімін қамтамасыз ететін құндылықтық-эмоционалдық механизм екені анықталды. «Қандас» концепті арқылы этникалық туыстық және мәдени бірлік идеясы көрініс табады. Бұл терминді оқу үдерісіне енгізу студенттерде мәдениетаралық жанашырлық дағдыларын қалыптастыруға, ана тіліне деген құрметті дамытуға және жаһандық деңгейде диалог құруға дайындық жасауға ықпал етеді.





