АМЕРИКАЛЫҚ БАСПАСӨЗ ПРИЗМАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.2.81.003Кілт сөздер:
америкалық баспасөз, дискурсті фреймдер, ел имиджі, Қазақстан, когнитивтік лингвистика, корпустық талдау, медиадискурс, халықаралық бейне, нарративтік стратегиялар, саяси коммуникацияАннотация
Мақалада 2020-2025 жж. кезеңде халықаралық медиадискурстың трансформациясы мен геосаяси бәсекелестіктің күшеюі контексінде америкалық баспасөздегі Қазақстанның репрезентативтік ерекшеліктері қарастырылады. Америкалық БАҚ Қазақстанның жаһандық саясат жағдайында Орталық Азиядағы рөлінің, сонымен қатар, халықаралық аренадағы ел позициясының өзгеруіне ықпал еткен ішкі және сыртқы үдерістерге айрықша назар аударады. Бұл үдерістердің медиада жариялануы Қазақстанның шетелдік аудиториядағы бейнесін айқындайтын тұрақты интерпретациялық модельдерді қалыптастырады.
Зерттеу мақсаты – аталған кезең ішінде америкалық басылымдардың Қазақстан бейнесін қалыптастыруына әсер еткен басты дискурсивтік фреймдер мен нарративтік стратегияларды анықтау. Медиабейненің динамикасын, тақырыптық және бағалауыштық акценттердің ығысуын талдауға, сондай-ақ, БАҚ-тың редакциялық және идеологиялық саясатына негізделген интерпретациялық айырмашылықтарды айқындауға баса назар аударылады.
Зерттеудің әдіснамалық негізін корпустық контент-талдау, тақырыптық-дискурстық талдау және сыни лингвистика элементтері құрайды. Эмпирикалық база хронологиялық репрезентация мен тақырыптық алуан түрлілікті ескере отырып таңдалған жетекші америкалық медианың (The New York Times, CNN, Reuters, The Washington Post, Foreign Policy және т.б.) 25 жарияланымын қамтиды. Материалды өңдеу барысында AntConc бағдарламалық жасақтамасы пайдаланылып, ол жиіліктік лексемаларды, негізгі концептілер мен коллокацияларды анықтауға мүмкіндік берді.
Зерттеу нәтижесінде Қазақстанның медиапрезентациясы дағдарыстық-наразылық фреймінен реформациялық, дипломатиялық және прагматикалық пайымдау модельдеріне ауысуы арқылы сипатталатыны айқындалды. Сыни және прагматикалық интерпретациялардың қатар қолданысы жағдайында бағалауыштық теңгерім қалыптастыратын дискурсивтік амбиваленттілік анықталды. Жұмыстың ғылыми құндылығы америкалық медиадискурстағы Қазақстан туралы фреймдік құрылымды жүйелеу және оның халықаралық бейнесін қалыптастыратын тетіктерді анықтауға байланысты. Нәтижелердің практикалық құндылығы оларды медидискурстық, саяси дипломатия мен стратегиялық коммуникациялық зерттеулерде пайдалану мүмкіндігіне негізделеді.





