ҚАЗІРГІ АМЕРИКАЛЫҚ САЯСИ ДИСКУРСТАҒЫ «БАТЫР» АРХЕТИПІНІҢ КӨРІНІСІ (З. МАМДАНИДІҢ ЖЕҢІСКЕ ОРАЙ АЙТЫЛҒАН СӨЗІНІҢ МЫСАЛЫНДА)
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.2.81.015Кілт сөздер:
саяси дискурс, «батыр» архетипі, концептік метафора, концептік интеграция, метонимия, біз және бөгделер, фрейм репрезентациясы, архетиптік сценарийлерАннотация
Саяси дискурс билік қатынастарын жүзеге асыратын алаң ретінде әрекет етіп, тұлғалар мен оқиғаларға берілетін сипат пен бағаны қалыптастырып, оларды өзгертіп отырады, сондай-ақ дискурс қатысушыларына дайын мағыналар мен пікірлерлі ұсынады. Бұл ретте саяси дискурс адам психикасының терең құрылымының бір бөлігі болып табылатын, қазіргі заманнан әлдеқайда бұрын қалыптасқан архетиптерге сүйенеді. Осылайша, саяси қайраткерлер өз аудиториясымен әрекеттесудің белгілі бір векторын таңдап, бірқатар когнитивтік механизмдерді іске қосады. Аталған мақаланың мақсаты — заманауи америкалық саяси дискурстағы «батыр» архетипінің көрініс табуын анықтау. Ғылыми зерттеудің негізгі бағыты — архетиптің психологиялық құрылым бола тұра, саяси дискурстың даму векторын айқындайтын белгілі бір мазмұнмен толығатын когнитивтік құрылым екендігімен айқындалады. Зерттеудің ғылыми және практикалық маңыздылығы саяси дискурсты талдау барысында психологиялық және лингвистикалық бағыттарды біріктіретін пәнаралық тәсілде көрініс табады. Бұл тәсіл дискурстағы идеологиялық құрамдасты айқындап қана қоймай, архетип ұғымын когнитивтік лингвистика аясында қарастыруға мүмкіндік береді. Мақала шеңберіндегі зерттеу әдіснамасы саяси дискурсты талдауға негізделіп, ондағы «батыр» архетипіне қатысты фреймнің слоттары — субъект (біз), әрекет (күресу) және объект (бөгделер) арқылы репрезентацияланады. Аталған слоттар концептуалдау мен категориялау тетіктерін көрсететін концептуалдық метафоралар арқылы көрініс табады. Зерттеу барысында менталдық кеңістіктердің концептуалдық интеграциясын талдау әдісі қолданылып, метафоралардың мағыналық өрістеуі жүзеге асырылды. Зерттеу нәтижесінде К.Г. Юнг пен оның ізбасарлары сипаттаған универсалды архетиптік сценарийлерге когнитивтік құрылымдар арқылы жету механизмдері айқындалды. Бұл ретте өткелден өту және күресу метафоралары бастамалау мен дәуірлердің ауысуын білдіретін архетиптік сценарийді бейнелейді. Мақалада ұжымдық бейсаналық үдеріс пен адамның когнитивтік құрылымдары арасындағы байланысты көрсетуге талпыныс жасалады, бұл қазіргі тілтанымның антропоцентристік парадигмасы аясында өзектілікке ие.





