ҚАРАТАУ ӨҢІРІ ТОПОНИМДЕРІНІҢ СЕМИОТИКАЛЫҚ ТАБИҒАТЫ

Автор(лар)

  • Тлеубердиев Б.М. М.Әуезов атындағы ОҚУ
  • Ағабеков О.М.
  • Ибрагимов Ж.Б.
  • Бияров Б.Н.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.2.81.027

Кілт сөздер:

Қаратау өңірі, топоним, географиялық атау, семиотика, таңба, этномәдени ақпарат, дүниетаным, тарихи жады

Аннотация

Мақала аймақтық топонимиканы зерттеуге және Қаратау өңірінің жер-су атауларының семиотикалық ерекшеліктерін анықтауға бағытталған. Зерттеу барысында аймақтың географиялық атауларының қалыптасу негіздері, олардың табиғи орта, тарихи оқиғалар және халықтың дүниетанымымен байланысы талданады. Сондай-ақ топонимдердің этномәдени ақпаратты сақтаушы тілдік бірлік ретіндегі қызметі айқындалады. Зерттеу жұмысының мақсаты – Қаратау өңірі топонимдерінің семиотикалық табиғатын анықтау, олардың таңбалық жүйесін, мағыналық құрылымын ашу.

Зерттеудің негізгі идеясы – жер-су атауларын тек географиялық атаулар ретінде емес, тарихи-мәдени ақпарат пен ұлттық дүниетанымды бейнелейтін таңбалық жүйе ретінде қарастыру. Зерттеу аясында топонимдердің семиотикалық табиғаты табиғи-географиялық және этномәдени факторлармен байланыста айқындалады.

Ғылыми жаңалығы – Қаратау өңірі топонимдерін семиотикалық, тарихи-мәдени және танымдық тұрғыдан кешенді қарастыру арқылы олардың күрделі таңбалық табиғатын айқындап, қазақ топонимикасына жаңа зерттеу бағытын ұсыну.

Зерттеу барысында Қаратау өңірі топонимдерінің семиотикалық ерекшелігін анықтау мақсатында кешенді әдіснамалық тәсілдер қолданылды. Зерттеу барысында Қаратау өңірі топонимдерін жинақтау, жүйелеу, сипаттамалы әдістер, семантикалық және этимологиялық талдаулар қолданылды. Зерттеу нәтижесінде Қаратау өңірі топонимдерінің басым бөлігінің табиғи-географиялық ерекшеліктермен, этномәдени таныммен және тарихи оқиғалармен тығыз байланысты екені анықталды. Топонимдер арқылы өңір халқының дүниетанымы, тұрмыс-тіршілігі, рухани құндылықтары мен тарихи жады көрініс табатыны айқындалды. Зерттеу қорытындылары қазақ топонимикасының теориялық мәселелерін толықтыруға, тілдік деректерді жүйелеуге және семиотикалық талдаудың әдіснамалық мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді. Зерттеудің практикалық маңызы алынған тұжырымдардың лингвистика, мәдениеттану, өлкетану салаларында, сондай-ақ жоғары оқу орындарында ономастика пәндерін оқыту барысында пайдаланылуымен анықталады. Сонымен қатар зерттеу нәтижелері өңірлік жер-су атауларын жүйелеу, топонимиялық сөздіктер мен картографиялық материалдар әзірлеу, тарихи-мәдени мұраны сақтау және насихаттау ісінде қолдануға болады.

Жүктеулер

Жарияланған

2026-07-01

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles