ҚАЗАҚ ТОПОНИМДЕРІНІҢ ЭТИМОЛОГИЯСЫ ТУРАЛЫ ЖАЗЫЛҒАН ҒЫЛЫМИ ТҰЖЫРЫМДАР: ПІКІР АЛШАҚТЫҒЫ МЕН СӘЙКЕСТІГІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.2.81.005Кілт сөздер:
топоним, этимология, қазақ топонимикасы, гидроним, орографиялық атау, халықтық этимология, семантикалық уәж, антропотопонимАннотация
Мақалада қазақ топонимдерінің этимологиясына қатысты ғылыми әдебиеттерде ұсынылған тұжырымдар жүйеленіп, олардың өзара сабақтастығы мен қайшылықтары теориялық және әдіснамалық тұрғыдан сараланады. Қазақ топонимикасы тарихи-мәдени деректерді, этникалық құрам мен көші-қон үдерістерін, табиғи-географиялық белгілерді және көне тілдік қабаттарды сақтап, көпқабатты семиотикалық жүйе құрайтыны дәлелденеді. Осы негізде жекелеген атаулардың шығу тегін түсіндіруде қалыптасқан ғылыми бағыттар талданып, баламалы этимологиялық нұсқалар салыстырылады. Зерттеудің мақсаты – әртүрлі интерпретацияларды кешенді талдау арқылы олардың ғылыми уәжділігін, фонетикалық сәйкестігін, семантикалық негізін айқындап, қазақ ономастикасындағы теориялық тұтастықты нақтылау.
Зерттеу нысаны ретінде Абыралы, Азғыр, Ақсу, Алатай, Бұқтырма, Бақанас, Аягөз, Үржар тәрізді гидронимдер мен орографиялық атаулар алынды. Талдау барысында антропонимдік, этнотопонимдік, зоотопонимдік, орографиялық және субстраттық түсіндіру үлгілері өзара салыстырылып, халықтық және ғылыми этимология арасындағы ұстанымдық айырмашылықтар айқындалады. Әдіснамалық негіз ретінде салыстырмалы-тарихи талдау, фонетикалық реконструкция, морфемдік жіктеу, семантикалық уәжділік, лингвомәдени және когнитивтік талдау тәсілдері кешенді түрде қолданылады.
Талдау нәтижесінде қазақ топонимдерінің қалыптасуында көне түркілік негіздермен қатар моңғол және араб-парсы қабаттарының ықпалы, мағыналық қабаттасу құбылысы, транстопонимизация үдерісі мен тарихи дыбыстық өзгерістердің шешуші рөл атқаратыны дәлелденеді. Бір атаудың бірнеше тарихи-семантикалық қабатты қамтуы және әр кезеңде қайта интерпретациялануы топонимдердің динамикалық табиғатын көрсетеді. Зерттеу этимологиялық пайымдарды жүйелеп, әдіснамалық айқындық енгізеді және қазақ топонимдерін кешенді талдау моделін ұсынады. Нәтижелер топонимикалық сөздіктерді жетілдіруде, ономастика курстарын жаңартуда және тарихи-лингвистикалық зерттеулерді дамытуда қолдануға негіз болады.





