ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ІЗДЕНІСТЕРІ: ҚАНАТ ӘБІЛҚАЙЫРДЫҢ «ЖЫНДЫ» ХИКАЯТЫ НЕГІЗІНДЕ

Автор(лар)

  • Мухамадиев Д.Б. Abai Kazakh National Pedagogical University
  • Базилжан М.А.
  • Сатемирова Д.А.
  • Сыздыков С.К.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.3.82.038

Кілт сөздер:

нарратология, хронотоп, фокализация, дискурс, поэтика, нарративтік құрылым, психологиялық баяндау, көркемдік деталь, мистикалық элемент, ХХІ ғасырдағы қазақ прозасы

Аннотация

Бұл мақалада қазіргі қазақ прозасының белгілі өкілдерінің бірі Қанат Әбілқайырдың прозасы тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиетінің жаңаруүдерісіментығызбайланыстақарастырылады.Мәтінқұрылымындағы әлеуметтік-психологиялық талдау мен фрагментарлық баяндау тәсілдерінің қолданысы сараланады. Зерттеудің мақсаты – Қ.Әбілқайырдың «Жынды» хикаятындағы тақырыптық-идеялық бағдарларды, нарративтік құрылымды, психологиялық баяндауды, хронотоптық ұйымдасуды, көркемдік деталь мен мистикалық элементтердің қызметін анықтау және олардың қазіргі қазақ прозасындағы көркемдік ізденістермен сабақтастығын бағамдау. Зерттеуде герменевтикалық, нарратологиялық, дискурстық және құрылымдық-семиотикалық талдау әдістері қолданылып, олардың әрқайсысы нақты мәтіндік үзінділер арқылы тұжырымдалады. Талдау нәтижесінде «Жынды» хикаятында қорқыныш, жалғыздық, белгісіздік және өлім мотивтері кейіпкердің психологиялық әлемін ғана емес, баяндау құрылымы мен кеңістіктік ұйымдасуды да қалыптастыратыны анықталды. Нарративтік фокализация кейіпкердің субъективті қабылдауын алдыңғы қатарға шығарып, шынайылық пен елес арасындағы шекараны көмескілейді. Осы белгілер ХХІ ғасырдағы қазақ прозасына тән антропоцентристік, психологиялық және поэтикалық көркемдік ізденістердің бір көрінісі ретінде бағаланады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы – «Жынды» хикаятындағы реалистік, психологиялық және мистикалық поэтиканың өзара сабақтастығын, кейіпкер санасының фрагментарлық берілуін және көркемдік детальдардың семиотикалық жүктемесін кешенді түрде айқындауында. Нарратологиялық талдау баяндау фокусы мен субъективті қабылдаудың ұйымдасуын, герменевтикалық талдау кейіпкердің ішкі әлемі мен өмір-өлім мәселесінің астарлы мағынасын, дискурстық талдау диалог пен дыбыстық қайталаулардың қызметін, құрылымдық-семиотикалық талдау деталь мен кеңістік белгілерінің көркемдік мәнін ашуға мүмкіндік берді.

 

Зерттеу нәтижесінде «Жынды» хикаятында қорқыныш, жалғыздық, белгісіздік және өлім тақырыптары кейіпкердің психологиялық әлемін ғана емес, шығарманың баяндау құрылымы мен кеңістіктік ұйымдасуын да айқындайтыны анықталды. Реалистік әлеуметтік-психологиялық баяндау елес,Елес-қыз,белгісіздыбыстәріздімистикалықэлементтерменсабақтасып, мәтіндегі шынайылық пен субъективті елестің шекарасын көмескілейді. Бұл белгілер ХХІ ғасырдағы қазақ прозасына тән антропоцентристік және психологиялық көркемдік ізденістердің бір көрінісі ретінде бағаланады.

Жұмыстың тұжырымдарын «Қазіргі қазақ әдебиеті», «Әдебиет теориясы» тәрізді арнайы пәндерде, курстар, семинарларда, әдеби талдау, ғылыми зерттеу жұмыстарында пайдалануға болады.

Жүктеулер

Жарияланған

2026-09-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles