БІРІККЕН КОРОЛЬДІКТІҢ ГАЗЕТ ДИСКУРСЫНДАҒЫ БРИТАН ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІГІНІҢ 2025–2026 ЖЖ. ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ («SOVEREIGNTY» КОНЦЕПТІСІ НЕГІЗІНДЕ)
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.2.81.023Кілт сөздер:
британдық бірегейлік, газет дискурсы, «sovereignty» концептісі, егемендік, Brexit, постбрекзиттік дискурс, ұлттық бірегейлік, этномәдени ерекшелікАннотация
Аталған мақала 2025-2026 жылдар кезеңіндегі Ұлыбритания газет дискурсындағы британдық ұлттық бірегейліктің трансформациясын «sovereignty» концептісі негізінде зерттеуге арналған. Зерттеудің басты назарында постбрекзиттік кезеңдегі қарама-қайшы әлеуметтік-саяси және мәдени үдерістерді бейнелейтін ұлттық бірегейліктің бір мезгілде егеменді әрі дағдарыстық категория ретінде дискурстық тұрғыдан құрылу процесі қарастырылады.
Зерттеудің мақсаты – 2025-2026 жылдардағы Ұлыбритания газет дискурсындағы британдық ұлттық бірегейліктің репрезентациясы мен трансформациясының ерекшеліктерін «sovereignty» концептісі негізінде анықтау, сондай-ақ постбрекзиттік әлеуметтік-саяси шындық жағдайында қазіргі «британдықтық» бейнесін қалыптастыру үдерісіндегі оның когнитивтік-дискурстық функцияларын айқындау.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы жұмыстың медиалингвистика, лингвокогнитивтік зерттеулер және сыни дискурс-талдау салаларының дамуына қосқан үлесімен айқындалады. Зерттеу қазіргі британ медиакеңістігіндегі ұлттық бірегейлікті дискурстық тұрғыдан құрастыру механизмдері туралы түсініктерді кеңейтіп, «sovereignty» концептісінің постбрекзиттік газет дискурсындағы негізгі идеологема ретіндегі рөлін нақтылайды. Зерттеу материалдарын оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеуде, сондай-ақ британ медиадискурсы, ұлттық бірегейлік мәселелері және ағылшынтілді бұқаралық ақпарат құралдарындағы әлеуметтік-саяси үдерістердің тілдік репрезентациясына арналған болашақ ғылыми еңбектерде қолдануға болады. Алынған нәтижелер қоғамның саяси және мәдени трансформациясы жағдайындағы тіл, медиа және ұлттық сана арасындағы өзара байланысты одан әрі зерттеуге мүмкіндік береді.
Зерттеу материалы ретінде Біріккен Корольдіктің төрт еліндегі жетекші британдық газеттердің – The Guardian, The Scotsman, Wales Online және Belfast Telegraph мәтіндері алынды. Бұл басылымдарда ішкі және сыртқы тұрақсыздық жағдайындағы «британдықтықты» репрезентациялаудың тұрақты нарративтік стратегиялары айқындалады. Әдіснамалық негіз ретінде ұлттық бірегейлік бейнесін құрылымдайтын негізгі идеологемалар мен концептуалдық метафораларды анықтауға мүмкіндік беретін сыни дискурс-талдау, лингвокогнитивтік тәсіл және корпустық талдау элементтері қолданылды.
Талдау барысында қазіргі медиадискурста британдық бірегейліктің екіжақты оппозиция арқылы құрылатыны анықталды: бір жағынан, Ұлыбританияның егемендігі, тарихи сабақтастығы және саяси субъектілігі идеясы айқын көрсетілсе, екінші жағынан, фрагментация, белгісіздік және бірліктің жоғалуы метафоралары арқылы көрінетін дағдарыс дискурсы өзектілендіріледі.





