ӘЗІЛ-ОСПАҚ ДИСКУРСЫНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ СИПАТЫ (ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН МАТЕРИАЛДАРЫ НЕГІЗІНДЕ)
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2025.2.77.013Кілт сөздер:
әзіл-оспақ, дискурс, лингвомәдениет, лингвомәдениеттану, лингвистика, әзіл дискурсы, тіл, коммуникацияАннотация
Бұл мақалада лингвомәдениет және концептуалдық зерттеулерге сәйкес лингвистикалық білімнің антропоцентристік парадигмасы аясында әзіл-оспақ дискурсының лингвомәдени сипаты зерттелген. Тіл мен мәдениет сабақтастығы арқылы әзіл-оспақ дискурсында көрініс табатын ұлттық таным мен құндылықтар айқындалады. Зерттеу барысында әзіл-оспақ дискурсында қолданылған тілдік және мәдени элементтер мен олардың мәдени ерекшеліктері тыңдаушының немесе оқырманның мәдени аясына тікелей әсер ететіндігі қарастырылады. Лингвистика бұл әрқашан адамдағы тіл және тілдегі адам туралы ғылым болып табылатыны тұжырымдалған.
Адам қандайда бір тілді меңгеру барысында сол тілдің мәдениетін зерттеушіге айналады. Осы тілдің мәдени ерекшеліктерін тануда, ол ұлыс (этнос) өкіліне деген түсініктің негізі, тіл мен мәдениеттің бір-бірінен ажыратылмайтындығы туралы айтуға болады. Бұл негіздемелер зерттеу объектісі тілде қалыптасқан халық мәдениетінің барлық көріністері болып табылатын лингвомәдениеттану ғылымын зерттеудің іргелі құрамдас бөліктері.
Ғылыми зерттеудің мақсаты- қазақ және ағылшын тілдеріндегі әзіл-оспақтарды саралай келе, олардың лингвомәдени сипаттамаларын анықтау және суреттеу.
Мақаланың негізгі бағыттары мен идеялары әзіл-оспақ дискурсы ұғымы туралы түсінік беру және сипаттау, қағытпа түсінігін қарастыру оның әзіл-оспақ дискурсындағы орнын анықтау, сипаттама беру.
Мақалада дискурстық-талдау, салғастырмалы зерттеу әдістері қолданылды.
Мақаланың ғылыми маңыздылығы-лингвомәдениеттану лингвистиканың ең үлкен зерттеу бағыты болып отырғандықтан, әзіл-оспақ дискурсының лингвомәдени сипатын айқындау. Әзіл-оспақ дискурсының лингвомәдени сипатын анықтау үшін дискурс мәселесіне қатысты зерттеушілердің анықтамалары мен тұжырымдамалары туралы айтылды.
Мақаланың практикалық маңызы- әзіл-оспақ дискурсы мен лингвомәдени зерттеулерде қосымша ақпарат көздері ретінде пайдалануға ұсынылады.