ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТТЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ (EMI) ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ДАЙЫНДЫҒЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2025.3.78.037Кілт сөздер:
ағылшын тілі оқыту құралы ретінде, EMI, Қазақстан, жоғары білім, оқытушылар, студенттер, қиындықтар, дайындықАннотация
Қазіргі таңдағы білім беру процесін интернационалдандырудың және жаһанданудың контекстінде ағылшын тілі оқыту құралы (EMI) ретінде бүкіл әлемде ғана емес, Қазақстан Республикасында да білім берудің барлық деңгейлерінде қолданыла бастады. Біздің зерттеуіміздің мақсаты EMI контекстінде оқытушылар мен студенттердің алдында тұрған қиындықтарды анықтау және өңірлік университеттердің осы тәсілді енгізуге және оған көшуге дайындығын анықтау болып табылады. Жұмысымызда зерттеудің сипаттамалық дизайны пайдаланылып, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің бакалавриат және магистратура студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы арасында сандық нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін сауалнама жүргізілді. Зерттеуге педагогика, филология, жаратылыстану және нақты ғылымдар салаларынан 51 студент пен 15 оқытушы қатысты. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, EMI жағдайында өңірлік университет студенттері негізінен оқуға деген ынтаның жоқтығынан, ағылшын тіліндегі мамандандырылған терминологияның көптігінен және ағылшын тілін жетік білмегендіктен қиындықтарға тап болады. EMI контекстіндегі профессорлық-оқытушылық құрамның негізгі қиындықтары қатарында студенттердің ағылшын тілін меңгеруінің төмен деңгейі және оқу материалдарын білім алушылардың тіл деңгейіне сәйкес түзету қажеттілігі, оқытушылардың ағылшын тілін меңгеру деңгейінің жеткіліксіздігі, студенттердің тілдік дағдыларын меңгеру қабілетін шектейтін ағылшын тілін үйренуге университетте бөлінген сағаттардың аздығы, оқытушылардың оқу процессін ұйымдастыруға қызығушылығының төмендігі және оның салдарынан EMI жағдайында әр түрлі үлестірмелі материалдарды және сабақтар кезінде аудио материалдар мен бейнелерді аз пайдалануы айқындалды. Өңірлік университеттің EMI контекстіне дайындығы туралы университет оқытушылары мен студенттерінің пікірлері екіге бөлінді. Зерттеу нәтижелерінің теориялық маңыздылығы EMI-ді аймақтық контексте қолдану туралы терең білім берумен және тақырып бойынша теориялық негізді нығайтудың жаңа перспективасымен байланысты. Алынған нәтижелердің тәжірибелік маңыздылығы өңірлік жоғары оқу орындарында EMI ілгерілету үшін оңтайлы білім беру саясатын әзірлеу кезінде пайдалануда көрінеді.