ӘЛ-БАРУДИДІҢ «ЛУҒАТ СӘЛӘС-СЕ ЗАБОН-УЧ ТИЛ» ЕҢБЕГІ МЕН ОНЫҢ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ ОРНЫ (ҚР ҰЛТТЫҚ КІТАПХАНАСЫНДАҒЫ НҰСҚАСЫ)

Автор(лар)

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2025.3.78.015

Кілт сөздер:

үш тіл, салғастырмалы тіл білімі, араб, парсы, түркі, қазақ тілі, тарихи грамматика, лингвистикалық термин

Аннотация

Мақалада Ғалымжан әл-Барудидің (1857–1921) «Луғат сәләс-Се забон-Уч тил» (Үш тіл) атты оқулығын салғастырмалы тіл білімінің, түркітанудың зерттеу тақырыбы ретінде қарастыру мақсат тұтылған. Зерттеудің басты идеясы – ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Түркі әлеміндегі салғастырмалы зерттеулердің жүргізілгендігін дәлелдеу. Бұл оқулықтың практикалық және ғылыми маңыздылығы салғастырмалы тіл білімі, түркітану үшін ғана емес, қазақ тілінің тарихи грамматикасын зерттеуде айқындалады. Алайда бұл тілші, лингвист ғалымдардың назарынан тыс қалған еңбек. Бұл оқулықтың көлемі аз болғанымен, тарихи құндылығы жоғары. Бұл мақалада осы оқулықтың авторы жайлы қысқаша мәлімет беріледі. Мақалада ҚР Ұлттық кітапханасының Сирек кітаптар мен қолжазбалар қорында сақталған нұсқасындағы басылған мөрлерге де талдау жасалады. Оқулықтың әр тарауына жеке-жеке тоқталып, сол тарауда келген араб, парсы және түркі тілдерінің сөздеріне, грамматикалық ережелеріне талдау жүргізіледі, кітапқа сипаттамалық шолу жасалады. Тіл біліміндегі салғастырмалы зерттеу жүргізуге болатын кітаптың тақырыптары көрсетіледі. Үш тілдің грамматикалық ережелеріне салыстыра, салғастыра зерттеу жасалады. Оқулықта алдымен күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздердің үш тілде аудармалары беріледі. Одан кейін грамматикалық ережелерді үш тілде мысалдар беріп, қысқаша түсіндіреді. Оқулықта қолданылған лингвистикалық терминдер қазақ тілінің тарихи грамматикасын зерттеуде пайдалы болады деген мақсатта олардың қазақ тіліндегі баламалары беріліп отырады. Зерттеуде салғастырмалы, салыстырмалы, диахронды әдістермен қатар сипаттау, шолу жасау, баяндау, аудару әдістері де қолданылады. Осының негізінде бұл еңбектің салғастырмалы тіл білімі үшін, түркітану үшін және қазақ тілінің тарихи грамматикасын зерттеу үшін маңыздылығын ашып көрсетеді. Зерттеу нәтижесінде ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында біздің аймақтарда тіл білімінде салғастырмалы зерттеулердің болғандығын айта аламыз.

Жүктеулер

Жарияланған

2025-10-01

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles