ТІЛДІ ОҚЫТУ ДӘРІСТЕРІНДЕ ЖОБА ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ОНЫҢ ТИІМДІЛІГІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2025.2.77.028Кілт сөздер:
жобаға негізделген оқыту, жобалық модельдеу, проблемалық тәсіл, білім беру жобасы, студентке бағытталған тәсіл, мақсатты тәсіл, жобалық жұмыс, жүзеге асыруАннотация
Мақалада тілді оқыту үдерісінде жоба тәсілінің ұйымдастырылуы мен тиімділігі қарастырылады. Мақалада оның анықтамалары, негізгі сипаты, әдістемесі, жоба жұмысын дұрыс ұйымдастырудағы оқытушы мен оқушының рөлі, қалыптасатын құзыреттіліктер, оны сабақта жүзеге асырудағы мұғалімдер тәжірибесінің тиімділігі мен талдауы қарастырылған. Зерттеліп отырған мақаланың мақсаты – жоба тәсілін тиімді әдістердің бірі ретінде тілді оқытудағы мәні мен маңызын беру.
Жоба әдісін ұйымдастыру мен тиімділігін қарастырудың зерттеу сұрақтары жоба тәсілін, жоба технологиясын анықтау; сабақта жүзеге асырудағы мұғалім мен оқушылардың рөлін анықтау; белгілі бір құзыреттер мен дағдыларды дамытуда өз артықшылықтарын беру; оның коммуникативтік және коллабративтік қабілеттерін қалыптастырудағы сыныптық немесе дербес әрекет ретіндегі маңызын анықтау.
Зерттеу әдістеріне сипаттамалық, салыстырмалы, аналитикалық және прагматикалық талдау кіреді. Зерттеу мақаласы әртүрлі қазақстандық университеттердің, колледждердің және мектептердің ағылшын тілі мұғалімдерінің жобалық әдіс бойынша 10 сұхбат сұрақтарының қорытындысын талдауға арналған.
Жоба технологиясына негізделген зерттеу нәтижелері бойынша авторлар жоба әдісінің, жоба жұмысының оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын, сөйлеу дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін дамыту, тәжірибеге бағыттау, ынтымақтастыққа үйрету, өз бетімен жұмыс істеуге тиімді құрал деген қорытындыға келді. Зерттеу тақырыбының ғылыми-тәжірибелік маңызы жоба әдісінің студенттердің кәсіби құзыреттілігін дамытуда артықшылықтары басым екенін негіздеу болып отыр, дегенменде оқытушылар жобаны орындауға нақты нұсқаулар беруі, дұрыс бағалау көрсеткіштері, студенттерді қолданбалы практикалық өнімдер ұсынуға бағыттауы керек.