М.БЕКЧУРИН ОҚУ ҚҰРАЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН СӨЗ ҚҰРАМЫ ТУРАЛЫ

Автор(лар)

  • Малбақов М. Институт языкознание имени А.Байтурсынова
  • Сейдамат А.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2025.4.79.016

Кілт сөздер:

сөздік, лексика, лексикография, тарихи лексикография, лексикографиялау, лексикология, тарихи лексикология, тіл тарихы, семантика

Аннотация

XVIII–XX ғасырлар аралығында жарық көрген орысша-қазақша, қазақша-орысша, французша-қазақша сөздіктер мен оқу құралдарын ғылыми айналымға енгізу және олардың лексикалық құрылымын зерттеу – қазақ лексикографиясының өзекті бағыттарының бірі. Сол кезеңдегі маңызды дереккөздердің бірі – XIX ғасырдың орта шенінде М. Бекчурин құрастырған «Начальное руководство…» атты оқу құралы. Бұл еңбек тарихи лексиканы зерделеуге негіз болатын құнды материал ретінде ерекшеленеді.

Ғылыми зерттеудің мақсаты – XIX ғасырдың орта шенінде М. Бекчурин құрастырған «Начальное руководство к изучению арабского, персидского и татарского языков…» атты оқу құралының жалпы құрылымын, лексикалық құрамын және ондағы қазақ, татар, башқұрт тілдеріне ортақ әрі ерекшеленетін сөздік бірліктерді ғылыми тұрғыдан талдау.

Зерттеудің негізгі бағыты – оқу құралындағы лексиканы тақырыптық-идеографиялық негізде жіктеу арқылы тілдік материалдың тарихи-құрылымдық ерекшеліктерін анықтау. Еңбектегі лексикалық жүйе арқылы XIX ғасырдағы қазақ тілінің сөздік қоры, диалектілік және кірме қабаттар, орфографиялық белгілер мен түркі тілдерінің өзара ықпалы лингвистикалық тұрғыдан сипатталады. Сондай-ақ, тарихи кезеңдегі тіл үйрету тәсілдерін зерделеу арқылы дәуірдің тілдік-мәдени кеңістігін қалпына келтіру көзделеді.

Зерттеуде лексемаларды іріктеу, семантикалық топтау, құрылымдық сипаттама жасау, салғастырмалы-тарихи, синхронды және диахронды талдау әдістері қолданылды. Бұл тәсілдер ≈4000 лексеманың құрамын саралауға мүмкіндік берді: олардың 65 %-ы түркі, 20 %-ы араб-парсы, 10 %-ы орыс, 5 %-ы өзге текті. Сонымен қатар, қазақ пен башқұрт тілдеріндегі айырмашылықтар жұлдызшамен белгіленген 300-ден астам бірлік арқылы нақты ажыратылды.

Зерттеу нәтижесінде оқу құралының әліпби → лексика → диалог құрылымының кейінгі қазақ-орыс сөздіктерінің қалыптасуына ықпал еткені анықталды. Жұлдызша арқылы берілген айырмашылықтар қазіргі көптілді сөздіктердегі маркерлік жүйенің бастапқы үлгісі ретінде танылды. Сөз басындағы «й» графемасының жиі қолданылуы XIX ғасырдағы жазу нормаларына тән құбылыс ретінде бағаланды. Сондай-ақ, 50-ден астам диалектизм мен ауызекі және кітаби тіл элементтерінің араласуы сол кезеңдегі тілдік ахуалдың күрделілігін көрсетті.

Бұл оқу құралы түркі тілдерінің ортақ лексикалық өзегін айқындап, ұлттық ерекшеліктерді көрсетуімен ерекшеленеді. Идеографиялық жүйелеу мен маркерлік тәсіл тарихи лексикография мен салыстырмалы лексикалық картография құрастыруда әдістемелік негіз ретінде маңызды. Зерттеу тарихи лексикология мен түркология саласына нақты дереккөз ұсынады.

Жүктеулер

Жарияланған

2025-12-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles