АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚЫТАЙ ТІЛІНДЕГІ АДАМ БЕЙНЕСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ТЕҢЕУЛЕРДІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ— СЕМАНТИКАЛЫҚ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.1.80.020Кілт сөздер:
салыстырмалы-салғастырмалы фразеология, фразалар, тақырыптық-семантикалық классификация, тұрақты тіркестер, ағылшын және қытай тілдеріндегі теңеулер, қытай тіліндегі идиомалар, лингвомәдени ерекшеліктер, адам бейнесіне байланысты теңеулерАннотация
Салыстырмалы лингвистикалық зерттеу туыстық қатынасы жоқ тілдердегі фразеологиялық жүйелердің әмбебап және мәдени спецификалық белгілерін анықтауда маңызды рөл атқарады. Осы тұрғыда мағынасы күрделі әрі көпқабатты болып келетін фразеологиялық бірліктердің бір түрі- теңеулер лингвистикалық әрі мәдени тұрғыдан терең талдауды қажет етеді. Бұл зерттеу ағылшын және қытай тілдеріндегі адам бейнесіне қатысты теңеулерді олардың рәміздік және сипаттамалық қырларына мән бере отырып қарастырады. Мұндай теңеулер адамның сыртқы белгілерін, мінез- құлқын, эмоциялық жағдайын және әлеуметтік әрекетін бейнелейді. Мысалы, ағылшын тіліндегі "as quick as lightning" теңеуі өте жылдамдықты білдірсе, қытай тіліндегі 浑身是胆 (hún shēn shì dǎn)— батылдық пен ержүректілікті сипаттайды.
Зерттеуде салыстырмалы, сипаттамалы және қарама- қарсы талдау әдістері қолданылып, адам бейнесіне қатысты теңеулердің тақырыптық- мағыналық түрлері анықталып жіктеледі. Отандық және шетелдік зерттеушілердің еңбектеріне сүйене отырып, теңеулер алты негізгі топқа бөлінді: (1) мінез- құлық және ақыл- ой қабілеттері, (2) дене жағдайы, (3) сырт келбет, (4) өмір сүру және әрекет, (5) эмоциялық күй, (6) әлеуметтік қарым- қатынас.
Зерттеу нәтижелері ағылшын және қытай тілдеріндегі адам бейнесін сипаттайтын теңеулердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетеді. Теориялық тұрғыдан алғанда, бұл жұмыс салыстырмалы лингвистика, когнитивтік семантика және мәдениеттанулық лингвистика салаларына үлес қосып, теңеулердің құрылымдық тақырыптық- мағыналық жіктемесін ұсынады.
Практикалық тұрғыдан, бұл зерттеу тіл үйренушілерге, аудармашыларға және оқытушыларға ағылшын және қытай тілдерінде теңеулерді мәдениетке сай, дұрыс қолдануға көмектеседі.





