ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫ МЕН ҚЫРҒЫЗ ЕСІМДЕРІНДЕГІ ӨЗАРА ҰҚСАСТЫҚТАР

Автор(лар)

  • Курбанов А.Г. Zhanibekov univercity
  • Кажиакбарова Р.Б.
  • Арынбаева Д.Ж.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2025.3.78.013

Кілт сөздер:

түркі халықтары, қырғыз есімдері, ономастика, тарихи байланыс, антропонимия, есімдердің мағынасы, есімдер ұқсастығы, этнолингвистика

Аннотация

Бұл мақалада түркі халықтары мен қырғыз есімдеріндегі өзара ұқсастықтар қарастырылады. Түркі халықтарының антропонимиялық жүйесі ғасырлар бойы қалыптасып, этномәдени ерекшеліктерді, тарихи оқиғаларды және дүниетанымды бейнелеп келеді. Қырғыз есімдері де осы жүйенің бір бөлігі ретінде ортақ түркілік ерекшеліктерді сақтай отырып, өзіндік ұлттық сипатын да көрсетеді.

Зерттеуде түркі халықтарына ортақ есімдердің шығу тегі, мағыналық құрылымы және олардың қолданылу ерекшеліктері талданады. Сонымен қатар, қырғыз есімдерінің тарихи және мәдени факторларға байланысты қалай өзгергені зерделенеді. Мақалада түркі халықтарындағы антропонимдердің діни, мифологиялық, тарихи, табиғи-географиялық факторлармен байланысы көрсетіледі.

Зерттеу барысында салыстырмалы-тарихи әдіс пен этнолингвистикалық талдау әдістері қолданылды. Нәтижесінде түркі халықтары мен қырғыз есімдерінің арасындағы лексикалық және құрылымдық ұқсастықтар анықталып, олардың этномәдени мазмұны сипатталды. Бұл жұмыс түркітану, ономастика және этнолингвистика салаларындағы зерттеулерге үлес қосады.

Жүктеулер

Жарияланған

2025-10-01

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles