ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ РЕПРЕЗЕНТТЕЛУІ (М.ШАХАНОВ ШЫҒАРМАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ)
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.2.81.029Кілт сөздер:
құндылықтар теориясы, құндылықтар жүйесі, ұлттық құндылық, аксиология, репрезентация, лингвомәдениеттану, концепт, когнитивті лингвистикаАннотация
Мақала құндылықтар теориясының шығу тегі, даму жолы және олардың жіктеліміне арналады. Ұлттық құндылықтардың репрезентациялануы қазақ әдебиетінің сыршыл ақыны М.Шаханов шығармалары негізінде ұсынылады.
Мақалада шетел ғалымдарымен бірге отандық ғалымдардың осы бағытта жазылған монографияларына, мақалаларына шолу жасалды. Құндылықтар теориясының даму жолында философиядан бастау алатын аталмыш теория аксиология ғылымы ретінде жеке бөлініп шығып, лингвистика саласымен пәнаралық байланыс орнатылғандығы жайында баяндалады. Ұлттық құндылықтарды лингвистикада Б.С. Ерасовтың жіктеліміне сәйкес тіршілік; әлеуметтік; саяси; моральдық; діни; эстетикалық деген түрлерге бөліп қарастырамыз. Әр этнос өкілдерінің өмірлік ұстанымына, ділдік, тәрбиелік ерекшеліктерінің бағалануына қарай құндылықтар жүйесі әртүрлі болатындығы мақалада кеңінен сөз болады.
Зерттеудің мақсаты – қазақ ұлты өкілдері үшін «ар» құндылығы барлық құндылықтардың бастауында тұратындығын, М.Шаханов поэзиясындағы өлең жолдарында кездесетін «ар» концептісін құрушы ассоциативті өрістердің репрезенттелуі арқылы дәйектеу.
Мақала авторлары зерттеу нәтижесінде қазақ халқының ұлттық құндылықтарын «мал – жан – ар» үштік танымында қарастырып, Б.С.Ерасовтың классификациясына орай, «мал» ұғымын әлеуметтік категорияға, «жан» ұғымын тіршілік категориясына, «ар» ұғымын моральдық категорияға жатқызады. Сонымен бірге авторлар осы көрсетілген құндылықтар М.Шаханов шығармашылығында лексикалық, грамматикалық бірліктер және синтаксистік құрылымдар арқылы репрезенттелетініне көз жеткізді.
Зерттеудің ғылыми мaңыздылығы: мақалада келтірілген тұжырымдaр аксиология, когнитология, лингвомәдениеттану ғылым салаларын түсінуге жол ашады. Зерттеудің теoриялық қoрытындылaры тіл мен oйлaу, тіл мен cөйлеудің өзaрa қaрым-қaтынacын, ұлттық құндылықтар қызметін түcінуге үлеc қocaды.





