КӨНЕ ҰЙҒЫР ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНІҢ ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ ТОПТАРЫН ӨЗАРА САЛЫСТЫРУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2025.2.77.005Кілт сөздер:
түркі тілдері;, қазақ тілі;, көне ұйғыр тілі;, лексика-семантикалық топтар;, салыстыру, мағыналық ұқсастық, тарихи сөздер, тілдік ерекшеліктеріАннотация
Мақалада туысқан көне ұйғыр және қазақ тілдерінің лексика-семантикалық топтары өзара салыстырылды. Екі тілдегі сөздердің сәйкестіктері дыбыстық және мағыналық жағынан талданды. Мақаланың мақсаты ескі ұйғыр тілінде пайданылған сөздердің қазіргі қазақ тілінде қаншалықты қолданыста екендігін анықтау, түбі бір екі тілдің лексика-семантикалық топтарын салыстыру арқылы туысқандықтарын нақтылау. Мақаланың өзектілігі бұрын-соңды қазақ тілінде ауқымды түрде қарастырылмаған көне ұйғыр және қазақ тілдерінің лексика-семантикалық топтары алғаш рет ғылыми тұрғыдан қолға алынып отыр.
Мақаланы жазу барысында келтірілген мысалдар көне ұйғыр тілінде жазылған, ойдан құрастырылған сутра ретінде танылған «Секиз Йүкмек Йарук» мәтінінен алынды. Мақалада салыстырмалы-тарихи, топтау, талдау, аудару, салыстыру әдіс-тәсілдері қолданылды. Мақаланың мақсатына жету үшін қойған міндеттері негізінде төмендегідей нәтижелерге қол жеткізілді: екі тілдегі абстрактілі ұғымды беретін сөздер, заттың сынын, санын білдіретін, іс-қимылды білдіретін, туыстық қатынас, діни наным-сенім атауларын, табиғат және адам мүшелерінің, өсімдік, жан-жануар, аң-құс атауларын білдіретін сөздер топталып, салыстырылды. Ұқсас тұстары мен өзгешеліктері талданды. Мақаланың практикалық және теориялық маңызы зор. Қазақ тілі тарихы, көне түркі тілдері пәндеріне көмекші оқу құралы ретінде қолдануға болады.