АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ ЭПОНИМДІК ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ БІРЛІКТЕРДІҢ СЕМАНТИКАСЫ

Автор(лар)

  • Таубаев Ж.Т. Казахский национальный университет имени аль-Фараби

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2025.4.79.027

Кілт сөздер:

эпоним, эпонимдік фразеологиялық бірліктер, ономастика, антропоним, топоним, семантика, мәдениет, коммуникация

Аннотация

Мақалада эпонимдік фразеологиялық бірліктердің семантикасы, атап айтқанда антропоним және топоним компоненттерінен тұратын эпонимдік фразеологиялық бірліктердің семантикалық ерекшелігі қарастырылады. Топонимикалық компоненті бар эпонимдік фразеологиялық бірліктер хороним, ойконим, гидронимнен тұратын субтоптарға бөлініп, олардың семантикасы қарастырылды.

Мақаланың мақсаты таңдалған тақырып бойынша Politico Америкалық қоғамдық мерзімді басылымынан, сондай-ақ әлемге әйгілі Cambridge, Webster сөздіктерінен эпонимдік фразеологиялық бірліктерді жинақтау, зерделеу және ағылшын тіліндегі материалдардағы эпонимдік фразеологиялық бірліктердің семантикасын саралау.

Эпонимдік фразеологиялық бірліктерді зерттеу ағылшын тіліндегі мәдениетті толық түсінуге, қабылдауға ықпал ететін ерекше мәдени және әлеуметтік лингвистикалық аспектілермен сипатталады. Жұмыстың практикалық маңыздылығы жұмыс нәтижелерін ономастика, ағылшын тілінің фразеологиясы, терминология, лексикология бойынша дәрістерде қолдануға болатындығымен анықталады.

Нәтижелерді анықтау үшін дескриптивті талдау, семантикалық категориялау, контент талдау және квантитативті талдау секілді ғылыми әдістер қолданылды.

Эпонимдік фразеологиялық бірліктердің семантикасы негізінен халықтық аңыздарды, мифтерді, дінге немесе діни кітаптарға негізделген ақпаратты, Америка/Ұлыбритания халықтарының географиялық орналасуына байланысты ерекшеліктерді, әскери, лингвомәдени және прагматикалық контексттік ерекшеліктерді қамтиды.

Антропонимдерден, топонимдерден жасалған эпонимдік фразеологиялық бірліктердің жинақталған қоры оларды жүйелеуге мүмкіндік берді, семантикалық компоненттері Библиядан (Киелі кітаптан) алынған жалқы есімдер, ежелгі мифологиядан, халықтық аңыздардан алынған есімдер мен жер-су атаулары екендігі анықталды.

Берілген зерттеудің ғылыми құндылығы ғылыми мақалада эпонимдік фразеологиялық бірліктердің семантикасы алғаш рет талданып, зерттелгендігімен және эпонимдік фразеологиялық бірліктермен айналысатын болашақ ғалымдарға сөздік құрастыруға пайдалы болуы мүмкіндігімен анықталады.

Жүктеулер

Жарияланған

2025-12-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles