ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ АДАМ ПСИХОЛОГИЯСЫ: АЯГҮЛ МАНТАЙ ӘҢГІМЕЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ

Автор(лар)

  • Мубарак Н.Е. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
  • Кенжан А. М.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2025.2.77.035

Кілт сөздер:

Көркем шығарма, әдеби талдау, әңгіме жанрын ғылыми зерделеу, тәуелсіздік кезеңі, Аягүл Мантай, көркемдік ерекшеліктер, әйел жазушылар, қазақ прозасы

Аннотация

Мақалада жоғары оқу орындарының филология бағытындағы білім беру үдерісінде кең қолданылатын, әрі әдебиеттану шеңберінде тиімділігі дәлелденген тәсілдер қарастырылады. Қазақ әдебиетіндегі, әсіресе тәуелсіздік кезеңіндегі әйел жазушылар прозасы зерттеу нысанына алынып, олардың көркемдік ізденістері мен шығармашылық ерекшеліктері зерделенеді. Проза жанрын талдау барысында әдеби үдерістегі жаңашылдықтар мен тақырыптық-мазмұндық ерекшеліктерге назар аударылады.

Қазіргі әдебиеттану негізінде әңгіме жанрын ғылыми тұрғыда талдау, жазушылардың көркемдік концепциясын айқындау көзделеді. Мақаланың мақсаты – тәуелсіздік кезеңіндегі әйел жазушылар прозасының әдеби кеңістіктегі маңызын ашып көрсету және олардың шығармалары арқылы қазіргі қазақ прозасының даму бағыттарын айқындау.

Зерттеудің ғылыми маңыздылығы – прозалық мәтіндерге талдау жасау арқылы жаңа тұжырымдар ұсыну болса, тәжірибелік мәні – зерттеу нәтижелерін әдебиеттанушылар, магистранттар мен докторанттар өз еңбектерінде пайдалана алады.

Аягүл Мантай шығармашылығындағы ерекше сипаттар мен көркемдік айшықтарды талдау арқылы қазіргі қазақ прозасының бағыт-бағдары мен жанрлық-мазмұндық өзгерістерін аңғаруға болады.

Тақырыпты ашу барысында келесі зерттеу тәсілдері қолданылды: теориялық және типологиялық талдау, тарихи-әдеби көзқарас, интерпретация. Жазушы әңгімелерін тақырыптық және көркемдік тұрғыдан саралау арқылы олардың қазақ прозасындағы орны мен маңызын айқындауға болады. Аягүл Мантай шығармалары – қазақ қоғамындағы тұрмыс пен қала өмірінің тоғысқан тұстарын бейнелейтін, автордың жеке шығармашылық ойлау жүйесі арқылы көрініс тапқан туындылар. Прозалық мәтіндердің ерекшелігі де осындай шынайылық пен көркемдік тұтастықта жатыр.Мақаланың ғылыми маңыздылығы – жазушы прозасындағы көркемдік жүйені саралау арқылы қазіргі қазақ әдебиетінің даму бағыттарына жаңа қырынан баға беруінде. Әдеби талдауға негізделген ғылыми тұжырымдар әңгіме жанрына қатысты жаңа бағыттарды анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар зерттеу нәтижелері қазіргі қазақ прозасын зерттейтін филолог-ғалымдар мен әдебиеттанушылар үшін маңызды дереккөз бола алады.

Жүктеулер

Жарияланған

2025-06-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles