АЯҚҚА ҚАТЫСТЫ АТАУЛАРДЫҢ СИМВОЛДЫҚ ЖӘНЕ ЛИНГВОМӘДЕНИ МАҒЫНАҒА ИЕ БОЛУЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.1.80.014Кілт сөздер:
табан, балтыр, этимология, лингвомәдениет, когнитивті лингвистика, ұлттық дүниетаным, метафоралық модель, символдық мағынаАннотация
Бұл мақалада қазақ тіліндегі аяққа қатысты атаулардың, атап айтқанда, "табан" және "балтыр" сөздерінің символдық және лингвомәдени мағыналары талданады. Бұл атаулар тек анатомиялық дене бөліктерін ғана емес, сонымен қатар терең мәдени және танымдық мазмұнды да білдіреді. Зерттеуде қазақ тіліндегі дене мүшелерін білдіретін сөздердің танымдық табиғаты мен тарихи қалыптасуы тілдік деректер негізінде қарастырылып, ұлттық дүниетанымдағы орны анықталды.
Зерттеудің өзектілігі – қазақ тіл білімінде бұл сөздердің когнитивтік-концептуалдық құрылымы, семантикалық өрісі, лингвомәдени сипаты толық зерттелмеген. Сондықтан бұл зерттеу – қазақ тіліндегі антропоцентристік бағыттағы ғылыми ізденістерге қосылатын үлес.
Зерттеу мақсаты – қазақ тіліндегі аяқ бөліктері атауларын тарихи, когнитивтік және мәдени тұрғыда қарастыра отырып, олардың символдық мәні мен метафоралық қызметін анықтау. Осы арқылы тіл мен мәдениеттің өзара ықпалдасу негіздерін ашу көзделеді.
Зерттеу әдістері ретінде тарихи-салыстырмалы әдіс, когнитивтік лингвистика тәсілдері (метафоралық, прототиптік, жүйелік немесе фреймдік), сондай-ақ этимологиялық талдау қолданылды.
Негізгі нәтижелер: "табан" сөзі – тұрақтылық, еңбек, төзімділік концептілерін бейнелейтін лингвомәдени таңба ретінде сипатталды. Ал "балтыр" сөзі – шаршау, қажу, күш пен мықтылық ұғымдарымен байланыста метафоралық мәнге ие.
Қорытындысында, аяққа қатысты ағза атауларының когнитивтік моделі мен мәдени мәні қазақ тіліндегі ұлттық болмыс пен құндылықтардың көрінісі ретінде танылып, тіл мен мәдениеттің байланысын нақты көрсетті.
Зерттеу нәтижелері мен тұжырымдары қазақ тіліндегі "табан", "балтыр" концептерінің терең мәдени-символдық мазмұнға ие екенін, олардың адамның әлеуметтік, эмоционалдық және психологиялық тәжірибесін бейнелейтінін дәлелдеді. Бұл – ұлттық лексиканың когнитивтік құрылымын зерделеуде маңызды қадам.
Зерттеудің ғылыми маңыздылығы – когнитивтік семантика мен этнолингвистика тұрғысынан ұлттық концептосфераны танудағы үлесімен анықталады.
Практикалық маңызы – зерттеу нәтижелері этнолингвистика, когнитивтік және мәдени лингвистика салаларында, сондай-ақ тіл оқыту мен аударма тәжірибесінде қолдануға тиімді.





