МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДЕГІ ЖАСҚА ҚАТЫСТЫ ТІЛ: ДӘСТҮРЛІ СӨЗДЕРДІҢ ЭЙДЖИЗМГЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІН БАҒАЛАУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2025.4.79.021Кілт сөздер:
мақал-мәтелдер, эйджизм, жас, эйджистік тіл, әлеуметтік дискурс, әлеуметтік стереотиптер, тілдік бейтараптық, бағалауыштық тілАннотация
Бұл мақала қазіргі ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдерде жас ерекшелігіне байланысты кемсітушіліктің (эйджизмнің) қалай көрініс табатынын және оның сақталу механизмдерін зерттеуге арналған. Мақал-мәтелдер – ұлттың мәдени дүниетанымын бейнелейтін, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін тұрақты тілдік құрылымдар. Алайда олардың кейбірі бейсаналы түрде жасқа қатысты теріс көзқарастарды нығайтуы мүмкін. Осыған байланысты зерттеудің негізгі мақсаты – ағылшын тіліндегі жасқа қатысты 90 мақал-мәтелді талдап, олардың мазмұнында тілдік эйджизмнің бар-жоғын анықтау, жас ерекшелігіне байланысты стереотиптердің көрінісін көрсету.
Зерттеу әдіснамасы екі түрлі тәсілге негізделді. Бірінші кезеңде 38 мақал-мәтелдің семантикасы төмендегі бес академиялық жинақтағы анықтамалар арқылы талданды: The Oxford Dictionary of Proverbs, Oxford Dictionary of Phrase and Fable, Oxford Concise Dictionary of Proverbs, McGraw-Hill’s Dictionary of American Idioms and Phrasal Verbs, және Dictionary of Authentic American Proverbs. Екінші кезеңде анықтамасы жоғарыдағы академиялық жинақтарда берілмеген 52 мақал-мәтел Норман Фэрклоудың үш өлшемді дискурстық талдау үлгісі арқылы зерттелді. Бұл әдіс мәтінді құрылымдық, интерпретациялық және әлеуметтік практика тұрғысынан саралауға мүмкіндік береді.
Талдау нәтижесінде барлық мақал-мәтелдер төрт категорияға бөлінді: ашық эйджистік, жасырын эйджистік, бейтарап және анти-эйджистік. Көптеген мақал-мәтелдерде жас ерекшелігіне байланысты стереотиптердің сақталғаны анықталды. Сонымен қатар, кейбір мақал-мәтелдерде бейтарап немесе жағымды көзқарастар да байқалды.
Зерттеудің ғылыми құндылығы – тілдегі эйджизм құбылысын нақты тілдік деректер негізінде жүйелі түрде талдап қана қоймай, мақал-мәтелдер арқылы қоғамдағы жас ерекшелігіне қатысты көзқарастардың қалыптасу үдерісін лингвистикалық тұрғыда түсіндіруінде.
Практикалық маңызы – бұл зерттеу нәтижелері білім беру, тіл саясаты, медиа тіл, әлеуметтік жарнама және қоғамдық дискурс салаларында жасқа қатысты әділетті көзқарасты қалыптастыруға бағытталған нақты ұсыныстар әзірлеуге септігін тигізеді. Сондай-ақ бұл жұмыс тіл мен қоғам арасындағы өзара байланысты түсінуге және болашақ лингвистикалық зерттеулерге негіз қалауға мүмкіндік береді.





