МЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ МЕТАФОРАНЫҢ КОГНИТИВТІК ЖӘНЕ МӘДЕНИ МОДЕЛЬДЕРДІҢ КӨРІНІСІ

Автор(лар)

  • Онгарбаева М.С. Al-Farabi KazNU
  • Таева Р.М.
  • Алимбаева А.Т.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2025.4.79.020

Кілт сөздер:

метафора, тілдік корпус, метеорологиялық лексика, артефакт метафорасы, антропоморфтық метафора, социоморфтық метафора, танымдық талдау, салыстырмалы талдау

Аннотация

Бұл мақала метафораның күрделі әрі көпқырлы табиғатын ашуға үлес қосатын дәстүрлі және заманауи ғылыми бағыттарды терең зерттейді. Метафора когнитивтік және лингвистикалық құбылыс ретінде адам қабылдауының, тілдің және түсінудің қалыптасуында негізгі рөл атқарады. Лингвистика, психология, когнитивистика және антропология сияқты түрлі салалардың ғалымдары метафораларды талдау, классификациялау және жүйелеу үшін көптеген жылдар бойы ауқымды еңбектерін сарп етті. Бұл жұмыстар тілдегі, ойлаудағы және коммуникациядағы метафораның күрделі функцияларын тереңірек түсінуге бағытталған.

Көптеген зерттеулер мен метафораны зерттеудің кең ауқымды тәсілдерін қамтитын универсалды концепцияны жасауға талпыныстарға қарамастан, бұл мақалада әртүрлі көзқарастарды біріктіретін жан-жақты теория ұсынылған. Жұмыстың практикалық маңыздылығы — метафораларды классификациялау және олардың функцияларын әртүрлі контексттерде — көркем мәтіндерде, дискурс құрылымдарында және күнделікті қатынаста — талдау арқылы осы саланың әрі қарай дамуына құнды негіз қалауы. Метафораны зерттеудегі маңызды ұғым — оның дуалистік табиғатын түсінудің негізгі құрылымы болып табылатын функционалдық-когнитивтік парадигма. Ғылыми зерттеудің мақсаты — метеорологиялық метафораны тек тілдік өрнек ретінде ғана емес, сонымен қатар адамдардың қоршаған әлемді қабылдауына, өңдеуіне және интерпретациялауына әсер ететін когнитивтік механизм ретінде қарастыру. Зерттеу әдістеріне функционалдық-когнитивтік тәсіл кіреді, онда метафора абстрактілі және нақты идеяларды байланыстыратын көпір болып табылады, күрделі немесе таныс емес ұғымдарды таныс терминдер арқылы жеткізуге мүмкіндік береді. Алынған нәтижелер мен қорытындылар метафоралардың ойлау процестерін, концептуалдық дамуды және абстрактілі идеяларды нәзік бейнелеуді қалайша көрсететінін дәлелдейді, когнитивтік домендер арасындағы ментальдық байланыстарды айқындап, адамның тәжірибесін білдіру және қалыптастыру құралы ретінде құнды рөл атқаратынын көрсетеді. 

Жүктеулер

Жарияланған

2025-12-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles