ЖАСТАР ТІЛІНДЕГІ ЖАҢА ҚОЛДАНЫСТАР: ДЕРИВАЦИЯЛЫҚ АСПЕКТ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.1.80.002Кілт сөздер:
сөзжасам, неономинация, окказионал сөздер, тілдік инновациялар, лингвошығармашылық қызмет, деривациялық модельдер, англицизмдер, сөз ықшамдау, контаминацияАннотация
Қазіргі кезде жастардың әлеуметтік желідегі коммуникациясы
белсенді тілдік эксперимент жүргізілетін кеңістікке айналып отыр, соның
41
Series “PHILOLOGICAL SCIENCES” Nо. 1 (80) 2026
Antonova Ye.M., Bogdanova A.A.
нәтижесінде өмірді тілде ерекше репрезентациялайтын жаңа қолданыстар
пайда болуда. Мақала жаңа қолданыстардың пайда болуына ықпал ететін
окказионалды деривация үдерістерін қарастыруға бағытталған.
Зерттеу жұмысының мақсаты – «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі
студенттердің сөйлеу тіліндегі неономинациялардың құрылымдық сипаты
мен морфологиялық ерекшеліктерін сипаттау, сондай-ақ сөзжасамның
активтенуіне ықпал ететін себептерді анықтау.
Зерттеудің негізгі әдісі ретінде тілдік деректерді тікелей бақылауға
негізделген сипаттамалық әдіс алынды. Тілдік фактілерді жинақтау үшін
әлеуметтік желілердегі комментарийлерден жаппай іріктеу әдісі қолданылды.
Сөзжасамдық талдау арқылы жас ұрпақ өкілдерінің тілінде жасалып,
тарайтын неолексемалардың деривациялық модельдері айқындалады.
Жүргізілген зерттеу окказионалды сөзжасамның активтенуі тілдің
экспрессивтілігін көрсететінін дәлелдейді. Деривацияның өнімді тәсілдері
ретінде жұрнақ жалғау, сөз біріктіру (қосарлау), ықшамдау, контаминация
және аббревиация қарастырылады.
Сөзжасам үдерісінің көрінісі ретінде ағылшын тілінен енген
кірме сөздер негізіндегі окказионалды деривация саналады. Мақалада
англицизмдердің графикалық және фонетикалық тұлғасының орыс тілінің
ықпалынан өзгеру ерекшеліктері, сондай-ақ олардың грамматикалық және
семантикалық сипаты зерттеледі; ағылшын сөздерінің орыс тіліне енуін
дәлелдейтін сөзжасамдық тізбектер мен ұялар анықталады.
Тілдік инновациялардың пайда болуының негізгі себебі ретінде
әлеуметтік желіні қолданушылардың нақты коммуникативтік жағдай
талаптарына сай тіл иелерінің лингвокреативті әлеуетін жүзеге асыруға
мүмкіндік беретін жаңа лексикалық бірліктерге деген қажеттілігі көрсетіледі.
Зерттеу қазіргі тілдегі өзгерістердің динамикасы туралы түсініктерді
жан-жақты түсіндіруге, тілдегі креативтілік механизмдер мен олардың
қазіргі орыс тілінің дамуына әсерін зерттеуге үлесін қосады. Алынған
нәтижелерді «Дериватология» пәнін оқыту тәжірибесінде пайдалануға
болады.





