ҰЛТТЫҚ ТАҒАМ АТАУЛАРЫНЫҢ ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ МЕН ТАНЫМДЫҚ НЕГІЗІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.1.80.009Кілт сөздер:
ұлттық тағам, тағам атаулары, этнолингвистика, когнитивтік лингвистика, мәдени концепт, метафора, метонимия, символдық мән, әлеуметтік қызмет, ұлттық бірегейлікАннотация
Бұл зерттеу қазақ халқының ұлттық тағам атауларын тек тұрмыстық лексика емес, тұтас бір ұлттың дүниетанымы, тарихи тәжірибесі мен мәдениетінің көрінісі ретінде қарастырады. Жұмыстың мақсаты – ұлттық тағам атауларының этнолингвистикалық және танымдық негіздерін анықтап, олардың тілдік санадағы және ұлттық болмысты сақтаудағы орнын айқындау. Зерттеу төрт негізгі бағыт бойынша жүргізілді: 1) тағам атауларының негізгі шикізатына негізделген атаулар; 2) дайындау немесе өңдеу тәсіліне байланысты атаулар; 3) тағамның пішіні мен түсіне қатысты атаулар; 4) тағамның әлеуметтік және ғұрыптық қызметін білдіретін атаулар. Әр топтағы атаулардың мағыналық уәждері, тарихи-мәдени астарлары мен символдық мәндері нақты мысалдар арқылы сараланды. Әдіснамалық тұрғыда сипаттамалы, этнолингвистикалық және когнитивтік талдау әдістері кешенді түрде қолданылды. Сипаттамалы әдіс атауларды жүйелеуге, этнолингвистикалық әдіс олардың мәдени мәнін ашуға, ал когнитивтік әдіс метафора мен метонимия сияқты ойлау модельдерінің рөлін көрсетуге мүмкіндік берді. Нәтижелер ұлттық тағам атауларының тек азық-түлік атауы емес, әлеуметтік қарым-қатынасты реттейтін, мәртебе мен сыйластықты айқындайтын мәдени код екенін көрсетті. Мысалы, «сыбаға», «табақ тарту» атаулары әлеуметтік мәртебе мен сыйластық нормаларын білдірсе, «қазы», «қымыз» атаулары байлық, береке, бірлік сияқты мәдени концептілермен сабақтас. «Наурыз көже» атауы халықтың космогониялық түсінігін, жаңару мен молшылыққа деген сенімін бейнелейді. Зерттеу құндылығы – ұлттық тағам атауларын тілдік дерек қана емес, ұжымдық сана мен әлеуметтік жүйенің айнасы ретінде қарастыруында. Алынған қорытындылар ғылыми тұрғыда қазақ халқының этномәдени кодын тануға, практикалық тұрғыда – ұлттық мұраны сақтау, жаңғырту және насихаттауға үлес қосады.





