ТІЛДІ МОДЕЛДЕУ: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ПЕН ТАБИҒИ ТІЛДІҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕР

Автор(лар)

  • Шенгелбай М.К. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Алкебаева Д.А.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.2.81.032

Кілт сөздер:

жасанды интеллект тілі, тіл эволюциясы, табиғи тіл, семантика, мақал-мәтелдер, этнографиялық атаулар, тілдік модель, мәдени код, морфологиялық құрылым

Аннотация

 

Цифрлану дәуірі әлемге үлкен өзгерістер әкелді. Бұл ғылым саласының дамуында елеулі екені белгілі. Лингвистика саласында да цифрландыру үдерісінің әкелген жаңалығы мол және ықпалы зор. Цифрландырудың жемісі саналатын жасанды интеллекті әлемнің, ғылымның үлкен жаңалығы ретінде танылып, бұл технологиялар жиынтығын қолдану адам өмірінің тиімділігін арттыруға бағытталды. Жасанды интеллект ұсынған мәтіндердің лингвистикалық өзгешеліктерінің түрлі тетіктерін ашу, адам интеллектісі мен жасанды интеллектінің жазу мен сөйлеудегі  ерекшеліктерін жүйелеу тіл ғылымы үшін өзекті. Жасанды интеллект дайындаған мәтіндерге ғылыми филологиялық зерттеулер мен сараптама жасау ұлттық тіл үшін өте маңызды. Адам тілі мен жасанды интеллект тілінің құрылымында едәуір айырмашылықтар бар.  Жасанды интеллектінің күнделікті өмірге, коммуникацияға тез ену үдерісі тілге де елеулі өзгерістер әкеліп жатыр. Зерттеуіміздің басты мақсаты: Тілдің моделдену сипаты мен құрылымдық айырмашылықтарды тану, семантикалық мағынаның өзгерістерін ашу. 

Бұл мақалада нейрожелілердің және тілдің даму кезеңдері, өзгеруі зерделенеді. СhatGPT дайындаған мәтіндер мен табиғи тілде жасалған мәтіндердің айырмашылықтары, ерекшеліктері сараланады. Жасанды интеллектінің  семантикалық мәнді түсіну қабілеті мен морфологиялық құрылымдарды тани алу мүмкіндігі айқындалады.  

Зерттеу барысында тіл эволюциясына қатысты, машиналық оқытуға байланысты теориялық тұжырымдар негізге алынды. Мақаланың әдіснамалық бөлімінде ғылыми пайымдаулар, салыстырулар, модельдеу, талдау әдістері қолданылды.  Зерттеу нәтижесінде семантикалық мағынаны мысалдар арқылы талдап, тілді моделдеудің шектеулері мен қиындықтары анықталып,  нейрожелілерді моделдеудегі этикалық қарама-қайшылықтардың себептері нақтыланды.

Зерттеуіміздің құндылығы ЖИ тілін зерттеп қана қоймай, ұлттық тіліміздің бояуын, ерекшелігін сақтауды цифрландыру үдерісінде басшылыққа алуды негіздедік. Жұмыстың практикалық маңыздылығы мақаланы жоғары оқу орындарында оқытылатын «Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы», «Қазіргі қазақ тілі морфологиясы» пәндеріне материал ретінде қолдануға болады.

Жүктеулер

Жарияланған

2026-07-01

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles