АУДАРМА СТРАТЕГИЯСЫ: ҚАЗАҚ-АҒЫЛШЫН КӨРКЕМ АУДАРМАСЫНА ҚАТЫСТЫ САЛЫСТЫРМАЛЫ ШОЛУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.1.80.026Кілт сөздер:
аударма стратегиясы, аударма процедурасы, доместикация, форенизация, көркем аударма, қазақ-ағылшын аудармасыАннотация
Аударма стратегиясы ұғымы аударматану ғылымында кеңінен қолданылады, алайда оның теориялық анықтамасы мен ауқымы әлі күнге дейін бірізді емес. Е. Найда, П. Ньюмарк, Х. Крингс және К. Сегино сияқты ғалымдар тиімді жіктемелер ұсынғанымен, олардың түрлі көзқарастары теориялық тұжырымдама жағынан түсінбеушіліктерге апарып тіреді. Мақалада «аударма стратегиясы» терминінің негізгі теориялық еңбектер мен заманауи зерттеулерде қолданылуы талданып, оның әсіресе қазақ-ағылшын көркем аудармасындағы маңыздылығы бағаланады. Зерттеу сапалық, әдеби шолу әдісіне сүйеніп, негізгі теориялық еңбектерді және И. Милевичтің «аударма стратегиясы» көбіне аннотация мен кілт сөздерде кездескенімен, негізгі мәтінде ашылмайтынын көрсеткен зерттеуін қарастырады. Талдау нәтижесінде аударма стратегиялары әртүрлі түсіндірілетіні: процедура, әдіс немесе когнитивтік үдеріс ретінде қолданылатыны анықталды. Сонымен қатар мақалада бастапқыда Ф. Шлейермахер ұсынған, кейін Л. Венути дамытқан доместикация және форенизация стратегияларының мәдени бейімделу мен бөгде элементтерді сақтаудағы рөлі қарастырылады. Автор аударма стратегияларын процедуралық, когнитивтік және коммуникативтік қырларымен жүйелі зерттеудің қажеттігін атап көрсетеді. Әдеби аудармада оқырманға қолжетімділікті және мәдени-тілдік ерекшелікті сақтау арасындағы теңгерімді ұстану маңызды деп тұжырымдайды.





