АУДИОВИЗУАЛДЫ АУДАРМАДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ КӨРІНІСІ

Автор(лар)

  • Абдирахман A.К. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ
  • Толеубаева A.M. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті https://orcid.org/0000-0002-7852-378X

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.1.80.024

Кілт сөздер:

аудиовизуалды аударма, жасанды интеллект, цифрлық трансформация, машиналық аударма, субтитрлеу, дубляж, ұлттық бірегейлік, мәдени-спецификалық элементтер, мультимодалды коммуникация, білім беру және мамандарды даярлау

Аннотация

Медиа саласындағы цифрлық трансформацияның жеделдеуі және жасанды интеллект (ЖИ) технологияларының қарқынды енгізілуі аудиовизуалды аударма (АВА) саласын түбегейлі өзгертіп, жаңа мүмкіндіктермен қатар бірқатар сын-қатерлерді де туындатуда. Бұл мақалада Қазақстандағы АВА-ға ЖИ-ді интеграциялау қарастырылып, оның Президенттің «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» Жолдауымен байланысы талданады. Жолдауда ұлттық цифрландырудың басымдықтары, инновациялық саясаттың институционализациясы және жоғары оқу орындары мен зерттеу орталықтарының үйлестіруші рөлі атап өтілген. Зерттеудің мақсаты – Қазақстанда ЖИ кірістірілген АВА-ның мүмкіндіктері мен шектеулерін анықтау, сондай-ақ жергілікті бастамалардың ұлттық цифрландыру стратегиясына сәйкестігін бағалау.

Әдіснамалық тұрғыдан зерттеу аралас әдісті қолданады: әдебиеттерге салыстырмалы шолу, аудиовизуалды материалдар мен бағдарламалық құжаттарға контент- және дискурс-талдау, автоматтандырылған субтитрлеу мен дубляжға арналған жобалардың кейс-стадилері пайдаланылды. Талдау табиғи тілдерді өңдеу, АВА бойынша халықаралық еңбектерді, ұлттық тілдік модельдер мен сөйлеуді тану жүйелерін зерттеумен ұштастырады.

Зерттеу нәтижелері цифрландырудың қосарлы әсерін көрсетеді: бір жағынан, ЖИ аударма үдерістерінің жылдамдығын, қолжетімділігін және ауқымдылығын арттырады, екінші жағынан, қазіргі жүйелер мәдени-спецификалық мәндер мен идиомаларды, сондай-ақ вербалды емес элементтерді толық жеткізе алмайды. Бұл мәселені шешу үшін мультимодалды корпустар, мәдени тұрғыдан бейімделген алгоритмдер, этикалық стандарттар және пәнаралық мамандарды даярлау қажет. Мұндай жағдайда аудармашы редактор, куратор және сапа бақылаушысы рөлінде қайта қарастырылады.

Зерттеудің ғылыми құндылығы – саяси-стратегиялық дискурсты лингвистикалық тәжірибемен байланыстыратын пәнаралық әдістемелік негіз ұсынады. Практикалық маңыздылығы – білім беру бағдарламаларын жаңғыртуға, технологияларды енгізуге және цифрлық әрі гуманитарлық құзыреттерді біріктіре алатын мамандарды даярлауға бағытталған ұсыныстар береді. Бұл тұжырымдар Қазақстан үшін ерекше өзекті, себебі ЖИ-ды АВА-ға енгізу мәдени мұраны сақтауға және ұлттық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға ықпал етеді.

Жүктеулер

Жарияланған

2026-03-31

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles