КӨРКЕМ МӘТІНДЕГІ АВТОР ДАУЫСЫ МЕН НАРРАТОР БЕЙНЕСІ: ЖАҢА ӘДІСНАМАЛЫҚ ҚАДАМДАР
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.2.81.043Кілт сөздер:
көркем мәтін, автор бейнесі, нарратор, баяндау жүйесі, когнитивтік нарратология, дискурсивтік талдау, көркем шығарма, имплицитті авторАннотация
. Қазіргі әдебиеттану ғылымында көркем мәтіндегі автор дауысы мен нарратор бейнесін ажырату мәселесі маңызды теориялық және әдіснамалық бағыттардың біріне айналып отыр. Қазақ әдебиетінде, әсіресе прозалық шығармаларда, баяндау жүйесінің күрделенуі, авторлық ұстанымның тікелей емес, жанама әрі көпқабатты түрде берілуі бұл мәселені жаңа қырынан қарастыруды қажет етеді. Осы зерттеудің мақсаты – көркем мәтіндегі автор бейнесі мен нарратор тұлғасының арақатынасын анықтау, олардың көркемдік-функционалдық қызметін нақтылау және заманауи әдеби-теориялық әдіснамалар негізінде талдау жасау. Зерттеудің негізгі идеясы авторды тек биографиялық тұлға ретінде шектеуге болмайтынын, оның мәтінде имплицитті түрде, нарратор арқылы көрінетін күрделі категория екенін дәлелдеу болып табылады. Зерттеу барысында постструктуралистік бағыттағы теориялық тұжырымдар, соның ішінде деконструкция әдісі, когнитивтік нарратология және дискурсивтік талдау тәсілдері қолданылды. Бұл әдістер көркем мәтіндегі баяндау дауыстарының құрылымын, көзқарастар жүйесін және авторлық ұстанымның жасырын формаларын айқындауға мүмкіндік берді. Зерттеу нәтижесінде автор мен нарратор бейнесінің ара жігі нақтыланып, нарратордың автор идеяларын тікелей емес, жанама түрде жеткізетін дербес әрі күрделі көркем тұлға екені анықталды. Автор бейнесі бір ғана баяндау дауысына телінбейді, ол мәтін құрылымы арқылы көпқырлы сипатта көрініс табады деген қорытынды жасалды. Зерттеу қазақ әдебиеттануындағы нарратологиялық талдауларды жүйелеуге, ұғымдық-терминологиялық аппаратты нақтылауға және ұлттық прозаның стильдік, идеялық ерекшеліктерін тереңірек түсінуге үлес қосады. Зерттеу нәтижелерін жоғары оқу орындарында әдебиет теориясын оқытуда, қазақ прозасын кешенді талдауға арналған оқу-әдістемелік құралдар дайындауда, сондай-ақ мектеп пен ЖОО деңгейіндегі мәтіндік талдау тәжірибесінде тиімді қолдануға болады.





