ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ДИСКУРСТАҒЫ МЕТАФОРА, ЭВФЕМИЗМ ЖӘНЕ РИТОРИКАЛЫҚ ФОРМУЛАЛАРДЫҢ СТИЛИСТИКАЛЫҚ-ПРАГМАТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ АУДАРМАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.1.80.027Кілт сөздер:
дипломатиялық дискурс, дипломатиялық аударма, стилистикалық құралдар, прагматикалық стратегиялар, метафора, эвфемизм, риторикалық формулаларАннотация
Мақалада дипломатиялық дискурстың коммуникативтік тиімділігін айқындайтын стилистикалық және прагматикалық құралдар қарастырылады. Зерттеу барысында негізгі назар үш маңызды стилистік құралға — метафора, эвфемизм және риторикалық формулаларға аударылды. Зерттеудің мақсаты – осы тілдік тетіктердің дипломатиялық мағыналарды қалыптастыру жолдарын, саяси ұстанымдарды жеткізу тәсілдерін және мәдениетаралық өзара түсіністі қалай қамтамасыз ететінін анықтау.
Мақала авторларының айтуынша, дипломатиялық дискурс — бұл стратегиялық коммуникацияның ерекше бір түрі, яғни ол тек ақпарат жеткізу ғана емес, белгілі бір мақсатқа — сендіру, пікірді жұмсарту және адамдарды келісімге келтіру немесе қатынасты реттеу қызметіне бағытталған қарым-қатынас формасы. Тіл ғылымында дипломатиялық дискурстағы аударма мәселелеріне арналған зерттеу еңбектер көбіне идеологиялық мазмұнға ерекше көңіл бөліп, ал мәнмәтіндегі стилистикалық және прагматикалық тәсілдер назардан тыс қалып келеді. Бұл зерттеу аталған олқылықтардың орнын толтыруға тырыса отырып, дипломатиялық дискурстағы риторикалық мәселелер мен прагматикалық шектеулердің өзара байланысын талдайды.
Зерттеу әдіснамалық тұрғыдан метафораның сыни талдауына, Браун мен Левинсонның сыпайылық және «бет-беделді сақтау» теориясына, сондай-ақ формулалық тіркестердің жиілік талдауына сүйенеді. Зерттеу материалдары ретінде ағылшын тіліндегі ресми дипломатиялық мәтіндер мен олардың қытай тіліндегі аудармалары алынды. Зерттеу барысында сапалық және шектеулі сандық талдау әдістері қолданылып, метафоралық құрылымдардың, эвфемистік жұмсартулардың, формулалық өрнектердің үлгілері зерттелді.
Зерттеу барысында қол жеткізілген нәтижелер біріккен стилистикалық-прагматикалық тәсілдің дипломатиялық дискурсты кешенді түсінуге мүмкіндік беретінін және дипломатиялық аударма мен аудармашыларды даярлауға қатысты практикалық ұсыныстар ұсынатынын көрсетеді. Сонымен қатар зерттеу дипломатиялық мәтіндерді аудару барысында аудармашының басты міндеті – түпнұсқа мәтін мен аударма мәтіндегі сәйкестікті сақтай отырып, мазмұнды мәдени үндестік пен тоналдық нақтылық тұрғысынан үйлестіру екенін көрсетеді. Автрлардың пікірінше, аудармашының бұндай ерекшеліктерді білуі - түрлі дәрежедегі саяси келіссөздердің сәтті өтуі мен жалпы дипломатиялық қатынастарды дамыту тұрғысынан өте маңызды болып табылады.





