АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ СТЕНДАП-КОМЕДИЯДАҒЫ КОМИКАЛЫҚ ӘСЕРДІ ТУДЫРУДЫҢ ПРАГМАТИКАЛЫҚ СТРАТЕГИЯЛАРЫ (ДЭЙВ ШАППЕЛЛ МЕН ТҰРСЫНБЕК ҚАБАТОВТЫҢ ӨНЕРІ НЕГІЗІНДЕ)
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.3.82.019Кілт сөздер:
юмор, стендап-комедия, прагматикалық стратегиялар, Грайс кооперация принципі, коммуникативтік максималарды бұзу, импликатура, гипербола, иронияАннотация
Бұл мақалада Дэйв Шаппел мен Тұрсынбек Қабатовтың стендап-комедияларындағы комикалық әсерді тудырудың прагматикалық стратегиялары қарастырылады. Тақырыптың өзектілігі – юморлық дискурсты әлеуметтік, мәдени және когнитивтік үдерістерді бейнелейтін ерекше тілдік өзара әрекет түрі ретінде зерттеуге деген қызығушылықтың артуымен айқындалады. Зерттеудің мақсаты – П. Грайстың кооперация максималарын (сапа, саны, уақтылылық және айқындық) әдейі бұзу арқылы комикалық әсердің қалыптасу тетіктерін ашу. Бұл бұзушылықтар импликатураларды тудырудың және аудиторияның когнитивтік белсенділігін арттырудың негізгі механизмі ретінде қарастырылады. Эмпирикалық негіз ретінде стендап-комедиялардың бейнежазбалары алынып, олар транскрипцияланып, сапалық сипаттамалық талдаудан өтті.
Нәтижесінде Дэйв Шаппелдің гипербола, сарказм, интертекстуалды аллюзиялар мен обсцендік лексиканы жиі қолданатыны, әлеуметтік және нәсілдік қайшылықтарды айқындайтыны анықталды. Ал Тұрсынбек Қабатов сөйлеу артықшылығы, плеоназмдер, тақырыптық ауытқулар мен өзге тілдік элеметтерді қолдану арқылы тұрмыстық ирония мен мәдени жақындық атмосферасын қалыптастырады. Кооперация максималарының әдейі бұзылуы коммуникацияны бұзбай, керісінше, тыңдаушыларды интерпретация үдерісіне тарту арқылы комикалық әсерді күшейтетіні дәлелденді.
Зерттеудің ғылыми құндылығы – П. Грайстың кооперация принципінің юморлық дискурстағы әмбебаптығын және оны бұзудың ұлттық-ерекше тәсілдерін көрсетуінде, бұл комиктердің жеке стилін айқындайды. Практикалық маңызы – алынған нәтижелерді прагматика, социолингвистика және мәдениетаралық коммуникация пәндерін оқыту мен талдауда қолдануға болатындығында. Осылайша, стендап-комедия тек ойын-сауық жанрды ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік-мәдени рефлексия құралы ретінде көрініс табады.





