СИПАТ ДӘРЕЖЕЛЕРІНІҢ КОГНИТИВТІК ТАБИҒАТЫ: ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ФРАНЦУЗ ТІЛДЕРІНДЕГІ ТІЛДІК БЕЙНЕЛЕР

Автор(лар)

  • Бесирова Н.С. Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем тілдер Университеті
  • Жапаркұлова Қ.Ж. Казахский университет международных отношений и мировых языков имени Абылай Хана https://orcid.org/0009-0001-7251-3361
  • Жанғарбаева С.К. Казахский университет международных отношений и мировых языков имени Абылай Хана https://orcid.org/0009-0005-6166-6740
  • Әбікенова Ж.Ж. 4Казахский национальный университет имени Аль-Фараби

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.1.80.008

Кілт сөздер:

когнитивтік лингвистика, градуалдылық, белгінің дәрежесі, концептуалдық метафора, когнитивтік домендер, лингвомәдениеттану, прагматикалық-дискурстық талдау, метафоралық модельдер, мәдениетаралық коммуникация, типологиялық салыстыру

Аннотация

Ұсынылып отырған мақалада казах және француз тілдеріндегі градуалдылықтың репрезентациялау тәсілдері жан-жақты қарастырылып, бұл құбылыс тек грамматикалық-семантикалық категория ретінде ғана емес, тілдік сананың іргелі когнитивтік тетіктері мен мәдени үлгілерін бейнелейтін күрделі көпқабатты құрылым ретінде талданады. Зерттеудің өзегінде лексико-семантикалық құралдарда, тұрақты метафоралық үлгілерде, прагматикалық стратегияларда және дискурстық практикаларда көрініс табатын, белгінің дәрежесін концептуализациялаудың әмбебап және ұлттық-спецификалық тәсілдері тұр. Аталған жұмыстың өзектілігі градуалдылықтың бағалау, интенсификация және шынайылықты интерпретациялаудың базалық құралы болуына қарамастан, оның казах-француз тілдік кеңістігіндегі когнитивтік-мәдени сипаттамасы әлі толық, тұтас деңгейде сипатталмағандығымен айқындалады.

Зерттеудің мақсаты – типологиялық тұрғыдан контрастты екі тілде градуалдылықты білдіру ерекшеліктерін айқындайтын терең когнитивтік құрылымдар мен лингвомәдени сценарийлерді анықтау. Методологиялық негізі когнитивтік талдауды, концептуалдық метафора теориясын, компоненттік семантикалық талдауды және прагматикалық-дискурстық тәсілді біріктіріп, белгінің дәрежесін интерпретациялаудың көпдеңгейлі моделін қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Эмпириялық материал мазмұндық релеванттылық пен прагматикалық мәнділік критерийлері бойынша сұрыпталған көркем, публицистикалық және ауызекі мәтіндерден алынған 1260 контекстіні қамтиды.

Талдау үш деңгейде жүргізіледі: лексико-семантикалық, концептуалдық-метафоралық және мәдени-функционалдық. Зерттеу нәтижелері казах тілдік жүйесінің экспрессивтікке, гиперболаға және құндылыққа бағдарланған қабылдау түріне бейімділігін, ал француз тілінің ұстамдылық, аналитикалылық және регистрлік дифференциациямен сипатталатынын көрсетеді. Бұл айырмашылықтар шынайылық белгілерін бағалау мен интерпретациялаудың түрлі жолдарын түзетін этнолингвистикалық когнитивтік сүзгілердің әрекеті ретінде түсіндіріледі. Салыстырмалы талдау негізінде градуалдылықтың репрезентациясын тілдік формадан концептуалдық схемаға, одан әрі мәдени функцияға дейінгі өтуді бақылауға мүмкіндік беретін интегралды когнитивтік модель ұсынылады. Әмбебап когнитивтік домендер (шкала, қозғалыс, жылу, күш) айқындалып, олардың ұлттық мәдени кодтардың ықпалымен өзгеру сипаты көрсетілген.

Алынған нәтижелер когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттану, мәдениетаралық коммуникация, аударма теориясы және лингводидактика үшін маңызды теориялық әрі қолданбалы құндылыққа ие. Зерттеу градуалдылықты түрлі тілдік дәстүрлердегі мағыналарды ұйымдастыруда шешуші рөл атқаратын күрделі, көпөлшемді және мәдени мотивтелген категория ретінде түсінуді кеңейтеді.

Автор биографиясы

Жапаркұлова Қ.Ж., Казахский университет международных отношений и мировых языков имени Абылай Хана

Филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

Жүктеулер

Жарияланған

2026-03-31

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles