«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНДЕГІ ШӘКӘРІМГЕ ҚАТЫСТЫ МАТЕРИАЛДАР НЕГІЗІНДЕ АЛҒАШҚЫ ҚАЗАҚ ӘЛІПБИЛЕРІНЕ ШОЛУ, ЕМЛЕ ТАЛДАУЛАРЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.3.82.016Кілт сөздер:
жазу, усул-қадым, усул-жәдид, арабқаріпті графика, әліпби, норма, емле, «Қазақ» газеті, ШәкәрімАннотация
Мақала жазудағы мақсат – Шәкәрім Құдайбердіұлының шежіре кітабы туралы жазылған «Қазақ» (1913-1918) газетіндегі сын мақала, басқа да материалдар негізінде газеттегі емле ерекшеліктеріне талдау жасау. Мақалада төте жазумен жазылған мәтіндердің дұрыс оқылуына барынша көмектесу міндеті алға қойылды. Төтені дұрыс оқудың маңызы зор, яғни әріптік-дыбыстық әліпбидің, біздің жағдайымызда ескі арабграфикалы қадым жазуынан реформаланған А. Байтұрсынұлы әліпбиінің алғашқы пайдаланған кезеңіндегі, жалпыұлттық «Қазақ» газетінде қолданылуына байланысты нақты мәліметтерді жеткізу, қадым мен төтенің айырмашылықтарын тану керек. Бұл мәселелер мәтінтану үшін де, қазақ жазуының тарихын зерттеу үшін де қажетті. Әсіресе түбірлердің жазылуындағы дауысты дыбыстардың таңбаланбауының себептері айтылады, оған қосымшалардың жалғануындағы ерекшеліктер, жекелеген таңбалардың белгіленуіндегі қиындықтарды қосуға болады. Мақалада осы мәселелер жай сөзбен айтыла салмайды, мәтінтану критерийлеріне сәйкес нақты деректер арқылы көрсетіледі. Мақалада сонымен бірге қадым жазуындағы әріпасты, әріпүсті диакритикалық таңбалар мен консонанттық әліпбидің негізгі ерешелігі туралы жан-жақты түсінік беріледі. Диакритикалық таңбалар туралы, олардың түрлеріне және функциясына байланысты мақалада кеңінен сөз болып, тілдік факітілер келтірілді. Кірме сөздердің, төл сөздердің, жалқы есімдердің және ономастикалық атаулардың газетте жазылуына көңіл бөлініп, ерекшеліктері айтылды, жазудағы қиындықтары туралы екіұшты ой қалыптаспас үшін нақты мысалдар берілді. Қазақ жазуы тарихында тек усул-қадым, А. Байтұрсынұлының усул-төте жазуы ғана емес, одан бөлек, сол кезеңдегі басқа да қазақ зиялылары ұсынған, кейбірі белгілі бір дәрежеде қолданыс тапқан алғашқы жәдігер әліпбилер жөнінде мәліметтер, алғашқы әліпбилердің құрылымы туралы деректер келтірілді. Мақаланы жазу барысында қарастырылып отырған мәселеге қатысты ғылыми әдебиеттер пайдаланылды.





